Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Жазушы-драматург Роза Мұқанованың көп томдық шығармалар жинағының бірінші томына соңғы жылдары жазылған әнгімелері мен «Мәнгілік бала бейне» деген атпен сахналанған «Кызжылаған», сондай-ақ әйгілі өнер адамдарының өмірінен жазылған «Сен», «Муза» драмалық хикаяттары енгізілді. Кітап көпшілік окырманға арналған.
304 бет.
❤3👍1
Екінші томға топтастырылған үш шығарма екі бөліммен беріліп отыр. Бірінші бөлімнен автордың «Мысықтар патшалығы» және «Шатыр астындағы Мен» деп аталатын драмалық шығармаларын оқуға болады.

Ал екінші бөлімге енген шығарма XIV ғасырдың басында көне түркі тілінде ірі - туындылар қалдырған Рабғұзидың пайғамбарлар өмірінің тарихы жайындағы «Қисса-сул-әнбийя-и» хикаялар жазбасының қазақша аудармасы. Имандылыққа бет бұрған алмағайып уақытта қазақ ұлты үшін бұл мұраның орны ерекше. Әсіресе кейінгі жас ұрпақтың діни дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына тигізер ықпалы мол.

Кітап қалын окырманға арналған. Көлемі 272 бет.
🥰5👍1
Қалқам, өмір деген ұзақ сапар. Қуанышты болсаң, қалай өткеніңді білмей қаласың. Қайғылы жүрсең, қанша асықсаң да шетіне жете алмайсың. Қайғы деген жыландай ұзын келеді...
Демек, өмір сүру көбіне адамның өзіне байланысты. Сен әлі жассың, жас адамға жастық өмір жарасады. Бұл дүниеде не кездеспейді. Ұзақ жолдың қуанышы да, қайғысы да аз емес. Қайғысына қарайлай берсең, қуанышына көзің түспейді. Қалқам, қайғылануыңды қой, жұрт қатарлы өмір сүр...

Ілияс Есенберлин
❤55👍6👏6🔥5
Аққу құстар қуанышы.pdf
7.8 MB
✍ Ілияс Есенберлин
📗 Аққу құстар қуанышы
❤6👍2
✍ Фариза Оңғарсынова
📗 Дауа
👍17❤5👏1
Кейбіреулерге мақтаныш — өмірлік қажеттілік. Ол оған тұрмаса да, бірақ соны іздеуден оның өмір бойы қолы босамайды.

#Мансапшылдық

• Ілияс Есенберлин
👍24🔥7❤4
✍ Мұхтар Әуезов

Мақалалар, әңгімелер, аудармалар, пьесалар
❤9👍5
Сіз үшін «мінсіз демалыс» дегеніміз не, және оның рецепті қандай? 😍

Пікір жаза отырыңыз... 👇
❤29👍2
📚 «Жан сырым» атты шығармаға арқау болған Ілияс Есенберлиннің ойлары,өмірінің соңында айтқан нақыл сөздері және әр түрлі естеліктері.

Дайындаған: Ахмет Дүйсенбаев
Ұсынған: @kitapsuyer
👍11
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.

Істің болар қайыры,
Бастасаңыз Аллалап.
Оқымаған жүреді,
Қараңғыны қармалап.

🖋 Ыбырай Алтынсарин
👍39❤13👏3
Бірде олай ауытқып, бірде былай,
Бір байламға келе алмай жүргенім - ай.

Таулы аймақтың ауасы секілденген,
Аумалы да төкпелі күндерім - ай!
Өз - өзінен өзегім өртенгенде,
Өз - өзімнен түңіліп, жеркенгенде,
Сары ауру сарғайтқан науқастайын,
Үміт күтем бүгіннен, ертеңнен де.

Нені күтем?
He керек осы маған?
Аяқ - қолым, жанарым, басым аман.
Шаруаның баласы емес пе едім,
Күшіменен тамағын асыраған?!
Өмір деген осынау майданда бұл,
Қолбасы да, қорқақ та сайранда жүр.
Өмір менен өлімнің ортасында,
Кетер ме екем, келе алмай байламға бір!

М. Мақатаев
👍45❤15❤‍🔥2🔥2👏1
— Бір ғана тілек, бір ғана өсиет, құлыным. Басыңа әлі талай қиын-қыстау күн туады. Өнеріңді саудаға сал, бірақ өнермен саудаласпа. Өнермен саудалассаң, өнердің кәріне ұшырайсың, киесі соғады. Міне, мен бүгін күйді қайырдым. Ендігі күй сенікі.

— Таласбек Әсемқұлов
— Талтүс
👍33
Тағдырдың өткір қабағы.
Жаныңа уайым салады,
Басыңнан өткен әр бір сәт,
Өмірдің берген сабағы.
Жасаған әр бір ісіңе,
Тәңірдің барғой жауабы..
Сабыр мен Сенім біріксе,
Таусылмас өмір ғажабы!
Адал бол әр кез, адам бол,
Біткенше өмір парағы!..

— Ж. Байгутдинов
❤39👍12👏2🥰1