Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Ешқашан ешқандай ешкімге,
Жамандық тілеген емеспін.
Сондықтан бұл жалған бес күнде,
Тілдеуге хақы жоқ мені ешкім!

Өзімде жоқты мен басқада,
Болсыншы дейтұғын халықпын.
Басымда жалғыз бір баспана,
Ол дағы мүлкі әзір банктің.

Ғайбат деп білемін тілдесең,
Аттаған емеспін жіп ала.
Кеткені есте жоқ кімге есем,
Кетсе есең, мархабат, кінәла!

Періште емеспін, пендемін,
Татқаным бар еді күнәдан.
Қиянат жасасам - өлгенім,
Жақсылық жасасам - қуанам.

Кінәлап жатса егер білместер,
Шығарғын есебін теріске.
Жойылсын әлемде күндестер,
Жасасын адамдар-періште!

Ешқашан... ешқандай... ешкімге...

Дәурен Айманбетов
❤23👍11🔥2
Ал адам.... адам өмірі жалғаса бермек. Туған топырағына терең тамыр тартқан халық жаңғырады, жаңарады, бірақ жоғалмайды. Өйткені ол... ол — төрт аяқтылар кауымы емес. Өзі де, ізі де сақталуға тиіс. Тасқа қашалған мың жарым жылдық көне ескерткіште айтылғандай, Анамыз — Қара Жер, Атамыз — Көк Аспан, Кісі ұғлы, яғни мына Біз — осы екеуінің ортасында, алғашқы Күн шапағымен бірге жаралыппыз. Бұл — мәңгіден келеміз, мәңгі жасаймыз деген сөз. Осыған сенейік. Тек... суыра соққан меңіреу құм, қылтанақсыз тақыр, тамшы сусыз шөл... — адам баласы аласталған өлі аймақтардың барлығы да бір заманда нулы, дулы, жасыл жазира болыпты деседі. Осыны ұмытпайық.

— Шақан шері
— Мұхтар Мағауин
❤23👍7
ЖАЗУ

Дүниедегі ең ғажайып сәт –
ақ жаңбыр астында қалған арудың
тоңазығанда туған
қаймақ еріндерінің дірілі;
балауыз шам жарығымен серттескен
ғашықтардың күбірі;
кекілді шалқайта тараған
керімсал сәттердің
ессіз естеліктерінің сорабы.
Кенет...
кірпігің сілкініп,
осы ойлардан бола
орыныңнан мың тұрып,
қара түн пердесін қақ тіліп,
қағаз бетінде
жорғалай жөнелген
қалам сыбдырынан артық мына дүниеде
қандай ғажайып пен мұғжиза
болуы мүмкін?!

Ықылас Ожайұлы
🔥22👍7❤3✍1
Ал сіз Tik tok әлеуметтік желісіне тыйым салуды қолдайсыз ба? 👇
👏128👍41😍10💔4😢3🤩3😁1
Рамазан — Мейірім айы ❤️
❤70👍7💯2
Бір данагөй кісі: «Адам үшін ең күшті дәрі ол — махаббат пен қамқорлық» депті. Сонда қасындағы кісі: «Ол көмектеспесе ше?» деп сұрапты. Сонда әлгі данагөй: «Онда сол дәрінің мөлшерін көбейтіңіз» деген екен.

Ғұмырыңыз махаббат пен қамқорлыққа толы болсын, құрметті оқырман! ❤️
❤41🥰7👍6
Еліміз өкінішке орай ажырасудан әлемдік тізімде екінші орынға көтеріліпті. Оның себебі өте көп екені бәріне белгілі. Бірақ, соның ішінде ең өзектісі қандай деп ойлайсыз? Неге кәзір психологтар көбейсе де, ажырасушылар саны азаймай тұр?
😢12
…
Жастығында жоқшылық, жетіспеушілік көріп, не нәрсеге де “мұны жасасам үйдегілерге зиян емес пе?”, “бұл жаққа барсам үйдегілер қиналып қалмай ма?” деген түсінікпен өскен бала үлкейгенде өзін екінші орынға қоятын, біреу үшін үнемі күйіп-пісіп жүретін, біреудің көңіліне қараудан жалықпайтын, ішкі ойын (біреуді жеккөріп тұрса да…) ашық білдіруді ұят санайтын, ұнамаған дүниесінен, адамынан шорт кесіп, бас тартып кете салмайтын, барға да, жоққа да бір “ракурста” қарайтын, ренжіткен адамын кешіре салатын, жағдайы келіп тұрса да қымбат затты өзіне қимайтын (одан да жақындарыма жаратайын), біреудің қуанғанынан, шаттанғанынан жаны рахат табатын, үнемі-үнемі өз бақытына кешігіңкіреп жететін адам болып қалыптасады екен… Көбі.

Сосын… жаны жараланғыш. Біреуге “сен кінәлісің!” деудің орнына “жарайды, болды, қоя салайықшы осыны” дейтін, біреу жылы сөйлесе, біреуден титтей мейірім көрсе қайтарғанша асығатын, әйтеуір бір тынымсыз күй кешіп жүретін бір адам)

Ол болмысты әлемнің психологтары да жабылып өзгерте алмайтындай…
Өйткені, ол өзі психолог, өзі өміролог :)

Жүрегі бар адамдар жасасын 🌸

*Әлия Құдайбергенова
❤49👍11🤷‍♂1💯1
✍ Мұхтар Шаханов

📚 Таңдамалы өлеңдер, әндер, балладалар
❤13
✍ Мұхтар Шаханов
📚 Эверестке шығу
👍15
Жәнібек Кәрменов ағамыз бір сөзінде:

"Адам боп келдім өмірге,
Адам боп кету тілегім,
Бәріне соны тіледім!"
- деген екен.

Сіздіңше осы жердегі "Адам болу" сөзінің анықтамасы қандай?

Ол ұлтқа, дінге, руға, мекенге, жынысқа тәуелді ме? Пікіріңізді бөлісе отырыңыз
..
❤17
Жүрегім, нені сезесің


Жүрегім, нені сезесің,
Сенен басқа жан жоқ па?
Дүниені, көңілім, кезесің,
Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!

Сезгеніңді сездіріп,
Жете алмадың ортаққа.
Тірі жаннан бездіріп,
Апарасың қай жаққа?
Ортақтық, тыныштық достық қой,
Оның қадірін кім білер?
Әркімге-ақ тілеу қостық қой,
Бәрі — алдамшы саудагер.

Халықтың аты керек қой
Я мақтауға, боқтауға.
Құбылға бәрі зерек қой,
Бәрі жайсыз тоқтауға.

Досты қайдан табасың,
Кеңесерге адам жоқ.
Әрлі-берлі шабасың,
Жалғыздықтан жаман жоқ.

Ақыл айтсаң біреуге
Ішің еріп, егіліп,
Ұялмас ақы тілеуге,
Бермесең қалар түңілііп.

Ақы беріп тындатқан
Сөз көкейге қонар ма?
Құлағын сатқан тәңірі атқан
Оңдырар ма, оңар ма?

Күйесің, жүрек, күйесің,
Күйгеніңнен не пайда?
Дүниеде нені сүйесің,
Өмір қайда, дос қайда?

Хәкім Абай
👍15❤8👏1🐳1
Заман ақыр жастары


Заман ақыр жастары,
Қосылмас ешбір бастары.
Біріне бірі қастыққа
Қойнына тыққан тастары.

Саудасы – ар мен иманы,
Қайрат жоқ бойын тыйғалы.
Еңбекпен етті ауыртпай,
Құр тілменен жиғаны.

Өнімсіз іске шеп-шебер,
Майданға түспей несі өнер?
Сиырша тойса мас болып,
Өреге келіп сүйкенер.

Күлмеңдеп келер көздері,
Қалжыңбас келер өздері.
Кекектеп секек етем деп,
Шошқа туар сөздері.

*Ибраһим Құнанбайұлы
👍28❤3🔥1🥰1
Сенімен жолығар күн — Мен үшін қадір түні!

Оралхан Бөкей
❤38❤‍🔥9🔥6👍2🥰1