Кітапсүйер
16.4K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
✍ Стив Харви
📚 Поступай как женщина
Думай как мужчина
👍7
📚 Әлемдік жазушылар мен кітаптар туралы ақпарат:

• Агата Кристи – әлемдегі ең атақты жазушы. Оның детективті романдары 100-ден астам тілге аударылған. Жалпы Агата 60 детективті роман, 6 психологиялық роман (Мэри Уэстмакотт немесе Вестмакотт деген бүркеніш атпен), 19 әңгімелер жинағы мен 16 пьесаны жарыққа шығарған. Кітаптарының жалпы тиражы 4 миллиардтан астам.
• Қазіргі таңда жалпы оқырман қатарына 45 жастан асқан егде кісілер жатады. Олар кітаптың 50 пайызынан көбін оқиды.
• Бүгінгі күнге дейін ең көп шығарма жазған ақын – Лопе де Вега. Испаниялық драматург өз өмірінің соңына дейін 1800 пьеса жазған.
• Әйелдер жігіттерден гөрі кітапты жақсы сатып алады. Олардың үлесі – 68 %.
• Аты әлемге танымал тұлғалардың жазылған өмірбаяндары бойынша да әлемдік рекордшылар бар. Мысалы, Уинстон Черчилдің өмірбаяны ең ұзақ жазылған, көлемді туынды болып саналады. Ол 22 томнан тұрады.
• Кітапқа жаны құмар адамдар бір аптада кемінде 7 сағат уақытын кітап оқумен өткізеді.
• Италиялық Рио Козелли әлемдегі ең зеріктіргіш кітаптар топтамасын жинайды. Қазір оның қолында 10 000 том кітап бар. Бір италиялық ақын өзінің шығармасын Козеллидің кітаптар топтамасының арасынан көріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған екен.
• Ең қымбат кітапты француз жазушысы Жозеф Форе жазған. Оның аты – «Апокалипсис». Құны – 100 миллион франк. Ол «Париж заманауи өнер" мұражайында қойылған.
• Ең ұзын кітап – «Ғажап». Оның толық ұзындығы – 1856 метр. Ол папирус қағазына жазылып, оралған. Кітаптың авторлары – Кастелло (Италия) қаласындағы оқу орталығының 400 оқушысы. Туынды 11 әңгімеден тұрады.
• Әлемдегі ең атақты кітап – «Соғыс және бейбітшілік», Лев Толстой. Роман Джордж Оруэлдың «1984», Джеймс Джойстың «Улисс», Владимир Набоковтың «Лолита» және Уильим Фолкнердың «Шу мен құмарлық» секілді шығармаларын басып озған.


Жазба ұнаса, достарыңызбен бөлісе отырыңыз ☺️

@kitapsuyer
@kitapsuyerchat
❤31👍7🔥3
Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз ол – Оқу! Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман!

— Міржақып Дулатұлы
🔥31❤13🫡6👍3👏2
✍ Тахауи Ахтанов
📚 Шырағың сөнбесін
❤19🔥2👍1
КІТАПТАРДЫ ЖҮКТЕУ/АШУ:

📱Андройд бойынша: ReadEra

📱Айфон бойынша: ibooks «Книги»
👍8
Кітапсүйер pinned «КІТАПТАРДЫ ЖҮКТЕУ/АШУ: 📱Андройд бойынша: ReadEra 📱Айфон бойынша: ibooks «Книги»»
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Өміріңді өзгерткің келе ме?

Дереккөз: Ескендір Бестай
🔥20❤5👍5
Асыл сөздер тізбегі...🌸

— Адамдар өз шамасын асыра жоғары не тым төмен бағалайды. Кемелдікке жетпейтіні содан;

— Адамдар өзін емес өзгені сынауға жаттыққан. Араздықтың туатыны осыдан;

— Адамдардың қабілеті өзгенің жетістігін емес кемшілігін көруге жетілген. Алауыздықтың шығатыны содан;

— Адамдар істе мүмкіндік іздеуден гөрі сылтау іздеуге шебер. Табысқа жетпейтіні содан;

— Адамдарда қызығу сезімінен қызғану сезімі басым. Бақталастықтың өршуі содан;

— Адамдар мені күтіп қалмасын деуден өзім күтіп қалмайын дегіш. Тәкәппарлықтың басы осыдан;

— Адамдар өзінің орнын емес өзгенін орнын көздегіш. Өкініштен арылмайтыны,өстескіш келетіні содан;

— Адамдар өзге туралы білуге емес өзі туралы айтуға құмар. Өзара түсінісудің кем болатыны осыдан:

— Адамдар салдарды себептен демейді кенеттен дейді. Күдіктің басталатыны осыдан;

— Адамдар құрметті сыйластықтан емес атақтан келеді деп сенген. Даңққұмарлықтың асқынуы осыдан;

— Адамдар өз бағасын өзімен емес алған сыйлықпен өлшегіш. Атаққұмарлықтың өршуі осыдан;

— Адамдар асылды құпиядан емес жариядан іздегіш. Қадірдің қашуы осыдан;

— Адамдар көңілмен сезетін дүниеге емес көзбен көретін дүниеге құмар. Дүниеқұмарлықтың меңдейтіні содан;

— Адамдар бақи дүниеден гөрі фәни дүниені ойлағыш. Өткенді аңсай беретіні содан.
👍28🔥3👏3
Көбіне әйгілі ақын, жазушы Серік Қалиев ағамыз бақилық болды. Қасиетті Рамазан айынан кейін, шәууал айының 6 күндік оразасын ұстаған соң, жол апатына түсіпті. Жаназасы да жұма күнімен сәйкестеніпті. Тараздағы мешіттерден көріп тұрушы едім. Жасы үлкен болса да, сондай жайдарлы жүзімен кішірейіп тұрушы еді. Жаныңыз жәннатта болуын тілейміз ақын аға 😢 🤲
😢48💔11👍1🤝1
Ағамыздың осы екі өлеңі есімде ерекше сақталып қалыпты, сіздің де есіңізде шығар?
"Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді", деген осы шығар?!
👍28❤5🕊1
✍ Кәмел Жүністегі
📚 Соңғы Абыз

Қарымды қаламгер Кәмел Жүністегінің шығармашылығымен оқырмандар кеңінен таныс. Оның қаламынан шыққан "Дос көңілі", "Көне хикая", "Көксеу" атты кітаптарын, "Құба белдер" трилогиясын және "Көксеңгірдің тасында" повестер мен әңгімелер жинағын жұртшылық жылы қабылдаған болатын. Жазушының "Соңғы абыз" романы әдебитіміздегі зар заман деп аталған әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі - Шортанбай ақын өмірі мен сол тұстағы қазақ елінің жай-күйін көрсетуге арналған. Жырау өмірін жан-жақты зерттеген жазушы өз романында сол кезеңдегі қазақ ауылдарының тұрмыс-тіршілігін, ел ішінің жай-жағдайын, заман тынысын айқын танытуға тырысады.
Роман тілі тартымды, шұрайлы.

Көлемі 409 бет
👍13❤5
Абу Һурайра (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі ‎ (ﷺ) былай дейді:

«Бес уақыт намаз өз арасындағы, екінші жұма алдыңғы жұма арасындағы және келесі Рамазан алдынғы Рамазан арасындағы күнәларды өшіріп отырады, тек үлкен күнәлардан алыстаса болғаны».

Муслим (233).

*Жұма күніңіз берекелі өтсін 🤲
👍25❤7🕊4
Бақаның бағын бергенше, сұңқардың сорын берсін. Бақа қанша бақытты болса да, шалшық көлден шықпайды. Сұңқар қанша сорлы болса да, биікте, көкте самғайды.

*Б. Момышұлы
🔥42👍5❤4👏4
Біздің мәжілістерімізде (отырыстарымызда) әйелдер мен жеген тамақтарың туралы сөз қозғаудан аулақ болыңдар. Расында, мен өзінің жыныс мүшесі мен қарны туралы айта беретін еркектерді жек көремін!».

*Ислам ғұламасы Имам Ахнаф ибн Койс
👍25🔥5👏3❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Рахымжан Отарбаев ағамыздың сұхбатынан керемет үзінді. Міндетті түрде көріңіз ✔️
👍21❤5🔥5👏3