Кітапсүйер
16.4K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Махаббат туралы мойындау
Нұрбек Мырзабекұлы
👍9❤3👏2
Қазір мен әйел адам неге біресе жақсы, біресе жек көреді сол туралы тоқталсам. Еркектің махаббаты тұрақты. Әйелдің махаббаты эмоцияға тәуелді. Эмоция ішкі және сыртқы факторларға тәуелді. Егер бір романтикалық кино көрсе, ән тыңдаса, махаббаты еске түсуі мүмкін. Сүйген адамының ұнамайтын қылығы көбейе бастаса, “дефицит внимание” болса, сезімі азаяды. Эмоция тұрақты болса да сезімі азаяды. Сондықтан біресе жоғары, біресе төмен болып тұруы – қалыпты нәрсе. Сағаттап айтуға, том-том кітап жазуға болатын тақырыптар бұл.

—
Махаббат туралы мойындау
— Н. Мырзабекұлы
❤38👍9👏3
Сыни ойлау дегеніміз не?

Сыни ойлау дегеніміз - кез келген ақпаратқа күмәнмен қарау. Сонымен қатар белгілі бір проблеманы шешу үшін зерттеп, салыстырып, өз бетінше тұжырым жасау. Оның ерекшілігі - тәуелсіз ойлау, дербес шешім қабылдау.

Бүгінгі ақпарат заманында сыни ойлай білу өте маңызды. Себебі дәл осы қабілеттің арқасында қандай да бір мәселе бойынша өзіндік пікір қалыптастырып, шындықты жалғаннан ажыратып аласыз.

Ежелгі грек философы Сократтың айтуынша, таным негізінде күмән жатыр. Яғни сол кездің өзінде күмәндану процессін жоғары бағалаған. Себебі адам күмәндану арқылы ақпаратты зерттеуге көшеді. Осы зерттеу кезінде ақпаратты жан-жақты қарастырып, бағалайды. Кейін өзіндік пікір қалыптастырып, сыни ойлау қабілетін дамыта түседі.

Сыни ойлау қабілеті адамды:

1. Еркін ойлауға;
2. Проблемаларды зерттеп, тәуелсіз шешім қабылдауға;
3. Адамдармен қарым-қатынасын жақсартуға;
4. Ақпаратқа күмәнмен қарап, саралай білуге;
5. Көпшіліктің айтқанына ермей, өзіндік пікір қалыптастыруға үйретеді.

Абайша айтқанда:

Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды —
Әдеті надан адамның.
👍26🔥7❤3
📚 ӘЛ-УАФИ Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы

✍ Арабшадан аударған: Қ.Спатай
👍12🔥3❤1
Ұғу қиын адам жанын - білем мен,
Қабағымнан не оқисың түнерген.
Мені білгің келсе қара көзіме,
Мен жайында сұрамашы біреуден.

— Тұманбай Молдағалиев
❤58👍9👏4
Кімнің уайымы асқазанға түсетін нәрсе болса, оның құндылығы содан шығатын нәрсе болады.

Хазреті Әли (оған Алла разы болсын)
❤52👍20
Уақытын босқа жұмсайтын адамдарды, батып бара жатқан кемеде алаңсыз әңгіме дүкен құрып отырған жолаушыларға ұқсатамын.

— Ибн Әл-Жәузи
❤58👏5👍3😢3💔2
Адамдар өсіп-өнеді,
Түседі басқа -
Көнеді.
Өмірге мына барлығын
Жоғалту үшін келеді.
Байлыққа көзі тұнады,
Шыдамай сосын жұмады.
Жылайды келіп...
Жиғанын
Жоғалтып және тынады.
Жоғалту және жоғалту,
Толтырмас орнын көп алтын!
Кейбіреу тіпті алады,
Достарын түгел жоғалтып.
Қайғы-қасірет қасында,
Кейбіреу тіпті жасында.
Жоғалтып алып жүреді,
Иығындағы басын да!

Анасын іздер әр бала,
Әкесін іздер әр бала.
Жоғалтатындар адамдар,
Табатын - жалғыз жер ғана.

©Қадыр Мырза Әли
👍21❤7👨‍💻2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әр адам өз амал дәптерінің авторы
🔥29👍8👏5
Қатарласып кең даланың құсымен
Қанат қағып,
Бір-біріне ұласты ой.
Саған қайғы болғанымды түсінем,
Қуанышың болғаным да рас қой.

Бірге жүріп қиылысқан жолдармен,
Соқпағына соқпадық па өзгенің?
Аласартқан шақтарым да болғанмен,
Аз емес қой өрге тартқан кездерім.

Қатарласып кең даланың құсымен,
Қанат қағып,
Бір-біріне ұласты ой.
Маған бақыт екеніңді түсінем,
Бірақ азап бергенің де рас қой.

Бірге жүріп қиылысқан жолдармен,
Соқпағына соқпадық па өзгенің?
Асқақтатқан шақтарың да болғанмен,
Жоқ емес қой аямаған кездерің ...

Болашақты жүрдік солай қарсы алып,
Ойдан гөрі сезімге еріп көбірек.
Сен қуантсаң, қуаныппын жар салып,
Сен жылатсаң, жылаппын мен еңіреп.

Сен болған соң, мазамды алын тұрасың.
Қалдым талай күмән деген тұманда.
Сен болмасаң, мойындаймын расын,
Қиын болар еді өмірім бұдан да.


«Қысты түн»
— Күләш Ахметова
❤17👍6🔥2🕊1
Bauyrzhan Aliuly x Jazbalar Jinagy x 2022.pdf
4.6 MB
✍ Бауыржан Әлиұлы
📚 Жазбалар жинағы
👍7❤2
Ауыздан шыққан анттың бәрі орындалса адам адам емес, баяғыда-ақ періште болған болар еді.

— Бердібек Соқпақбаев


#пенделік
👍43❤11💔7🕊2
Қашанғы бұлай өтеміз,
Қашықтап жүріп екеуіміз!
Анамыз тасқа жерік боп,
Тас болып түстік пе екенбіз!?

Мен көнсем кейде, сен көнбей,
Сен көнсең кейде, мен көнбей;
Түнереміз де жүреміз,
Әкеміз бүгін өлгендей.

Өтеміз бе өйстіп, үндемей?!
Өтті ғой бәрі, өтті ғой...
Өтінем сенен, кекті жой.
Қосылмас рельстердің де,
Қосылар шағы жетті ғой...

Мұқағали Мақатаев
👍35❤13💔6🕊4🔥2
Ақын-жазушының бетін қауым алдында барлық шығармасы ашпайды. Бір-ақ шығармасы ашады. Даниэль Дефо екі жүз қырық тоғыз кітап жазған деседі. Бірақ «Робинзон Крузоға» дейін оны кім білген? «Ақын өліміне» шейін екі жүзден астам өлең жазған Лермонтовты кім таныған?

Сол Даниэль Дефоңыз да, Лермонтовыңыз да, Достоевскийіңіз де, Бальзагыңыз да аяғы аспаннан салбырап түспеген. Олар да сәби болған, бала болған; күлген, жылаған.
Бірақ олар мәдениетті ортада ерте оянып, ерте ұшқан. Табиғи дарынын далаға жібермеген.


— Тәкен Әлімқұлов
👍22❤3🎉2
Асылы, әрбір адамның өмірінде шырғалаңы көп романтика да, драма да жетіп жатады. Біз соған бойлай, байыптай білмейміз. Біреудің көкірегінде булыққан сезімді айнытпай айтып бере алмаймыз. Не асырып жібереміз, не кем түсіреміз. Екеуі де жалғандыққа әкеліп соғады.

— Тәкен Әлімқұлов
🔥27👍8❤3
Жаным-ау менің жағама таққан тұмарсың,
Жалғанда жалғыз жабығып жүрген шығарсың?
💔
💔56❤‍🔥7❤4🔥2🥰2
Біреу, жаңа болсаң да, тоздың дейді.
Біреу, қалып тұрса да, оздым дейді.
Шыдай алмай осыған шыға келсең,
Шыда!
Шыда!
Төзген жөн!
Төзгін! – дейді.

Біреу, тыныш тұрсаң да, қоздың дейді.
Қарашығын
Ағы бұл көздің дейді.
Шыдай алмай осыған шыға келсең,
Шыда!
Шыда!
Төзген жөн!
Төзгін! – дейді.

Төзер едің,
Ойбай-ау!
Еңіретіп,
Алтынды мыс,
Мысыңды темір етіп,
Орманды шоқ,
Шоғыңды көмір етіп,
Өмір өтіп кетпей ме,
Өмір өтіп?

ҚАДЫР МЫРЗА ƏЛІ
❤35👍9🔥3
Иә, адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады екен. Тіршіліктің оны-мұны шаруа қамымен күйбеңдеп, басың қатып жүргенде, бір күні сарқылып бітіп қалғанын білмей де, байқамай да қалады екенсің!

Бердібек Соқпақбаев
🔥33❤7👍7