Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Достыққа жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,
Өзіме - өзім мін артып...

М. Мақатаев
❤33🤔1🤯1
Адамзаттың Айтматовы атанған кемеңгер жазушының өз аузынан жазылып алынған балалық шағының естеліктері кім-кімге де қызықты екені сөзсіз. Оқиғалар шынайы, қарапайым тілмен баяндалып, оқырмандарын сағынышқа тұнған кешегі түндерге жетелейді.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Автобиографиялық естеліктер. 140 бет.

@kitapsuyer
👍2
Ақылы түгел, ойлы адамның баласы байқаса, осы адам баласының жалықпайтұғын нәрсесі бар ма екен? Тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да көңіл, аз ба, көп пе, жалығады.

Оның үшін бәрінің ғайыбын көреді, баянсызын біледі, көңілі бұрынғыдан да суи бастайды. Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бірқалыпты тұрмайды. Әрбір мақұлыққа Құдай тағала бірқалыпты тұрмақты берген жоқ. Енді көңіл қайдан бірқалыпты тұра алады?

— Хәкім Абай
👍24❤8
Позор емес!

Қымбатты ҰБТ тапсыратын балалар, достар!

Сендерді қымбатты деп тегін айтып отырған жоқпын. Сендер шынымен ата-ана үшін де, қоғам, ел үшін де, біз үшін де қымбатсыңдар!

Алда ҰБТ тапсыру. Білім алу маңызды.
Бірақ өмірде одан да маңызды, ең қымбат дүние бар, ол - Сен!

ҰБТ- дан аз балл жинау - позор емес, норма. Адамның қабілеті, қабылдауы, жалпы темпераменті әртүрлі болады. Біліп тұрып ұмытып қалатын кездер аз болмайды.

Сондықтан төмен нәтиже болса ұнжырғаларың түспесін. Бәрі алда. Мен және менің қатарластарым әлі оқып келеміз. Қай жаста да оқи беруге болады.

Эмтихан - сенің бүкіл болмысыңның бағасы емес.

Ол сенің кім екеніңді көрсететін өлшем бірлігі емес.

Ол бір белес қана. Өмірде ондай белестер көп болады.

Кез келген нәрсені қалпына келтіруге, қайта жетуге болады. Жас адам үшін ол түкке тұрғысыз нәрсе.

Мықты адам деп жолы болғышты, бірден бәріне жеткен адамды айтпайды, мықты адам деп құлап жатса да, қайта тұрып, өзін алға жетелейтін адамды айтады.

Сондықтан қандай нәтиже болса да, көңіл-күй түспесін. Шанс көп. Елде оқу орны көп, түрлі мүмкіндіктер жетеді.

Дүниедегі ең маңызды - сенің өзің екенін ұмытпа! Осы үнемі есте болсын!

Біз сендердің мықты екендеріңе сенеміз!

— Жанар Шамел
🔥42👍15❤13💔9
Көп күлгеннің айбаты кетеді. Көп қалжыңдағанның қадірі қашады. Адам нені көп істесе сонымен танылады.

Омар ибн Хаттаб (Алла разы болсын)
👍47❤14🔥2
Бір-бірімізді алыстан сағынайықшы. Адамдар жақындаған сайын бір-бірінің көңіліне қаяу түсіреді.

О. Бөкей
❤65❤‍🔥11🔥8👍3💯2
Әр қазақ: «Мен автобуста сығылып келдім» деп айта алуы керек.

Д. Исабеков
😁49👍6🔥5👏4❤1
Жер бетінде адам саны көбейіп,
Адамдықтың азайғаны не сұмдық!

*Қадір Мырза Әлі
❤50💔26👍13🔥4
Біздің өмір қолда барда қадірсіз,
Біздің өлім молдаларға күн көріс

Қуандық Түменбай
💔41😐8👍7😢4🥴3😨2❤1
Қараңғы жерде адассаң шаммен жүресің,
Өмірде адассаң кітаппен жүресің.

Сократ
💯57👍10❤2
Тілі шұрайлы, тұщымды әңгіме оқысам, жаным жадырайды. Көңілім аспандайды! Өйткені сюжеті шымыр, бас аяғы жып-жинақы, айтар ойы анық ойлы оқырманды әуезді әннің қайырмасындай шалқар сезімге бөлейді. Ал, сондай ыстық сезімге бөлеген шығармалар, арада қанша уақыт өтсе де әлсін-әлсін еске түсіп, ескі досыңдай қолын былғап өзінің тәтті биігіне ынтық қылады, сағындырады, қайта беттерін ашуыңа сыпайы түрде мәжбүрлейді..
👍19❤11🔥3
Кітап жазу — Қажылыққа бару секілді қасиетті іс. Кітап жазуға бірінші күні бекініп, екінші күні отыра салуға болмайды. Оған меніңше ішкі дайындық пен жан тазалығы керек.

Кітаптары қалың елдің ыстық ықыласына бөленіп, оң бағасын алған, көзі тірі, жасы үлкен ағаларымыздың батасын алып бастаса тіпті керемет. Кәзіргі кейбір кітаптар инстаграмдағы посттар жиынтығына ұқсас. Майдаланып кеткен тәрізді. Кешегі оқылған кітаптар бүгін ұмыт болып жатыр. Бұл меніңше өткір ізденіс пен ішкі дайындықтың жоқтығынан.
❤23👍10👏2
Өзгелерге бере алмадым ырысты,
Керек болса, үлкендермен ұрыстым...
Менің жолым қате болсын, бәрі бір
Мен бақытты болу үшін, тырыстым!

Ұнатқанды шақырмадым, жасыттым,
Мені қойшы, мен өлеңге ғашықпын...
Өз-өзімнен жиіркеніп жүрсем де,
Сүю үшін бәрін бірдей асықтым!

Мен сенемін, барлық бірдей ырымға,
Үміт алып, өсу үшін шынында.
Ғажайыпқа сенемін мен, бір күні -
Ғажайыптан жаралғанмын бұрында!

Көргенім жоқ, анама да еркелеп,
Мені содан алды мұңдар желкелеп.
Бала болып көргенім жоқ мен бұрын -
Ақыл тісім өсіп кеткен ертерек!

Өзгелерге бере алмадым ырысты,
Керек болса, үлкендермен ұрыстым...
Менің жолым қате болсын, бәрі бір -
Мен бақытты болу үшін, тырыстым!

Алтын Бек
❤21🕊7👍5
📚 Қайдасың қасқа құлыным?
✍ Оралхан Бөкей

@kitapsuyer
👍5
Оралхан Бөкейдің өмірге келгеніне биыл сексен жыл толады екен. Небәрі 49 жыл өмір сүрген, өр Алтайдың төрінде туып, асқақ шығармаларды өмірге алып келген, қазақтың болмысымен табиғатын дүйім жұртқа танытқан ұмытылмас тұлға.

Әр шығармасында өз туған жерін, кемінде қырық рет зікір ететін үлкен жүрек пен ыстық махаббат иесі. ❤️

Сен кеткенде, меніңше қазақ әдебиетінің қабырғасы сөгіліп, бір бұрышы құлаған секілді. Сен қайтқан жазда Алтайдың төрімен көлі, ну орманы керемет жаңбырға жуыныпты.

Бұл сенің туған жеріңе деген қимастығың ба?
Әлде сені жоғалтып, қайғыдан қан жұтқан, бар жақыныңның көз жасын осылай жуып жұбатқаның ба?

Білесің бе, Ор аға! Меніңше сен өлмеген сияқтысың. Кейде Кербұғы секілденіп, кейде қар қызы секілденіп Алтайдың тауларын кезіп, мәңгі өмір сүретіндейсің...
❤25👍11💔5
Күнәңнің кешірілуіне себеп болатын бірден-бір іс — мұсылман бауырыңа қуаныш сыйлауың.

Әли ибн Әбу Талиб (Алла разы болсын)
❤50👍10🔥4🥰2
«Қырғи жолдас бола алмайды кептермен,
Себебі ол кептер етін жеп көрген.
Қой қоралас бола алмайды қасқырмен,
Қасқырдан ол көресіні көп көрген.

Көбелектер бірге ұшпайды кептермен,
Кептерлер де көбелекті жек көрген.
Мысықтармен ойнамайды тышқандар,
Ойнаймын деп омақасып текке өлген.

Тіршілікте тамақты кім жек көрген.
Қу тіршілік соныменен шектелген.
Қыбыр тауып, торғай жұтқан жыланды,
Ебін тауып, құмырсқалар бөктерген» -

Дейтін еді,
Дейтін еді қарт ақын,
(Өзгелерге кінәні көп артатын)
Оңашада шарап ішіп екеуміз,
Өзі менен шылым сұрап тартатын.

Мұқағали Мақатаев
❤38👍8🔥5
"Адамдар сенің алдыңда көпіртіп әңгіме айтып мақтанса, сен үнсіздігіңмен мақтан".

Лұқман Хәкімнің ұлына айтқан өсиеттерінен.
❤61🔥8👏8👍6