Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Өзгелерге бере алмадым ырысты,
Керек болса, үлкендермен ұрыстым...
Менің жолым қате болсын, бәрі бір
Мен бақытты болу үшін, тырыстым!

Ұнатқанды шақырмадым, жасыттым,
Мені қойшы, мен өлеңге ғашықпын...
Өз-өзімнен жиіркеніп жүрсем де,
Сүю үшін бәрін бірдей асықтым!

Мен сенемін, барлық бірдей ырымға,
Үміт алып, өсу үшін шынында.
Ғажайыпқа сенемін мен, бір күні -
Ғажайыптан жаралғанмын бұрында!

Көргенім жоқ, анама да еркелеп,
Мені содан алды мұңдар желкелеп.
Бала болып көргенім жоқ мен бұрын -
Ақыл тісім өсіп кеткен ертерек!

Өзгелерге бере алмадым ырысты,
Керек болса, үлкендермен ұрыстым...
Менің жолым қате болсын, бәрі бір -
Мен бақытты болу үшін, тырыстым!

Алтын Бек
❤21🕊7👍5
📚 Қайдасың қасқа құлыным?
✍ Оралхан Бөкей

@kitapsuyer
👍5
Оралхан Бөкейдің өмірге келгеніне биыл сексен жыл толады екен. Небәрі 49 жыл өмір сүрген, өр Алтайдың төрінде туып, асқақ шығармаларды өмірге алып келген, қазақтың болмысымен табиғатын дүйім жұртқа танытқан ұмытылмас тұлға.

Әр шығармасында өз туған жерін, кемінде қырық рет зікір ететін үлкен жүрек пен ыстық махаббат иесі. ❤️

Сен кеткенде, меніңше қазақ әдебиетінің қабырғасы сөгіліп, бір бұрышы құлаған секілді. Сен қайтқан жазда Алтайдың төрімен көлі, ну орманы керемет жаңбырға жуыныпты.

Бұл сенің туған жеріңе деген қимастығың ба?
Әлде сені жоғалтып, қайғыдан қан жұтқан, бар жақыныңның көз жасын осылай жуып жұбатқаның ба?

Білесің бе, Ор аға! Меніңше сен өлмеген сияқтысың. Кейде Кербұғы секілденіп, кейде қар қызы секілденіп Алтайдың тауларын кезіп, мәңгі өмір сүретіндейсің...
❤25👍11💔5
Күнәңнің кешірілуіне себеп болатын бірден-бір іс — мұсылман бауырыңа қуаныш сыйлауың.

Әли ибн Әбу Талиб (Алла разы болсын)
❤50👍10🔥4🥰2
«Қырғи жолдас бола алмайды кептермен,
Себебі ол кептер етін жеп көрген.
Қой қоралас бола алмайды қасқырмен,
Қасқырдан ол көресіні көп көрген.

Көбелектер бірге ұшпайды кептермен,
Кептерлер де көбелекті жек көрген.
Мысықтармен ойнамайды тышқандар,
Ойнаймын деп омақасып текке өлген.

Тіршілікте тамақты кім жек көрген.
Қу тіршілік соныменен шектелген.
Қыбыр тауып, торғай жұтқан жыланды,
Ебін тауып, құмырсқалар бөктерген» -

Дейтін еді,
Дейтін еді қарт ақын,
(Өзгелерге кінәні көп артатын)
Оңашада шарап ішіп екеуміз,
Өзі менен шылым сұрап тартатын.

Мұқағали Мақатаев
❤38👍8🔥5
"Адамдар сенің алдыңда көпіртіп әңгіме айтып мақтанса, сен үнсіздігіңмен мақтан".

Лұқман Хәкімнің ұлына айтқан өсиеттерінен.
❤61🔥8👏8👍6
Түсініксіз адамдар.!

Күтіп алса барар ем қиыр мекен,
Құлазып тұр көңілім, күйім бөтен.
Жаныңды ешкім келіп түсінбесе,
Қиын екен..

Білмесе де шамасын, күшін мейлі,
Біреулер аспандайды кішірмейді.
Таңқаламын, адамдар неге осы.?
Бір - бірін түсінбейді.

Ақылды адам ешқашан ұрыспайды,
Өзінің қателігін дұрыстайды.
Ақымақтар “түсіну” былай тұрсын,
Түсінуге де тырыспайды..

Өз ойын тек күдікпен шектегендер,
Оларға мүсе қарап, кет демеңдер.!
Өмірде ең бақытсыз адамдар ғой,
Түсінуге шамасы жетпегендер.

Көп айта бермейтін ем мұңымды аса,
Қайтем енді жүрегім шырылдаса.
Қандай жаман, жаныңды жаттан гөрі,
Жаныңдағы жақының ұғынбаса.

Сенімсіздің болмайды ісі құтты,
Ақылсыздың болмайды күші мықты.
Меніңде түсінбейтін бір нәрсем бар,
Кім қалай, түсінеді “Түсінікті”.?

Автор: Дархан Дәулет

#поэзия
❤35👍16😴2
Күншілдік – өзгенің мықтылығы мен өзіңнің әлсіздігіңді түсінуден туындаған құбылыс.

Бауыржан Момышұлы
👍35🔥11❤3
Қазақ әдебиетінде сіз үшін ең аяулы, ең сүйкімді үш ақын жазушыны айтыңызшы? ☺️👇
❤20👍1🔥1
Сіз үшін ең аяулы, ең сүйкімді үш шығарманы атаңызшы? 👇
❤10
Мола басындағы жыр...
 
Керек емес, мені мүлдем көрмеңдер,
Жолым түзу болмаса егер ермеңдер.
Менің кеудем - естеліктер моласы,
Бір кездері сүйген жандар жерленген.
 
Санам аман, естелігі өлмеген,
Жаныма бір тыныштығын бермеген.
Менің миым - естеліктер киносы,
Ол киноны ешкім әлі көрмеген.
 
Не көрсекте бір көрерміз елменен,
Қонағым бар әлі үйіме келмеген.
Менің көзім - бейне таспа, көп кадр
Көбі бірақ, сол кадрге сенбеген.
 
Ешбір жанды күткенім жоқ гүл беріп,
Оны қазір сүйген жарым жүр көріп.
Менің кеудем - естеліктер моласы,
Аят оқып кетіңдерші бір келіп!

©️ Алтын Бек
👍21❤7
— Бердібек Соқпақбаев
— Қайдасың Гауhар?
👍14
Түнімен намаз оқып, күні бойы ораза ұстасаң да, тіліңе еге болмасаң қияметте сауапсыз қаласың.

Омар ибн Абдул-Азиз (Алла рахымына алсын)
❤57👍17
АВСТРАЛИЯДА_НЕҢ_БАР_ЕДІ_ҚҰЛЫНЫМ!.epub
96 KB
📚 Австралияда нең бар еді құлыным?
✍ Тұрсынбек Әлиұлы

Алыстан Астана көрінді….
Осылайша 4 жыл 8 ай дегенде әлемді айналып шыққан тұңғыш қазақ ретінде елге келдім. Алты құрлықта, төрт мұхитта болыппын!
Жан ұшырып үйге жеттім, есік қақтым. Жүрегім дүрс-дүрс етеді. Сақал-шашым өскен. Өзім ап-арықпын. Мені танымай да қоюы мүмкін-ау деп ойлап қоямын. Әйелім ашты есікті. Ол мені көргенде ес-түссіз құлап түсті.
Кейіннен білгенім, менен баяғыда-ақ күдерлерін үзіп, жаназамды оқып, денемді жер қойнына «тапсырып» қойыпты.
❤15👍6
👍8❤3
Егер сізге бір көркем шығарманың кейіпкерімен жүздесу мүмкіндігі берілсе, кіммен тілдесер едіңіз? 👇
❤10