Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Кітапсүйер pinned «Егер сізге бір көркем шығарманың кейіпкерімен жүздесу мүмкіндігі берілсе, кіммен тілдесер едіңіз? 👇»
Дауа_Бақыт_Беделханұлы_Ауылдан_Алматыға_кеше_келген
<unknown>
Сөзі: Бақыт Беделханұлы
Оқыған: Есенқұл Жақыпбек
❤18👍1
Күнделік жазуға қалай қарайсыз, жалпы күнделік жазасыз ба?
👍17❤5
Басқа күндерден бүгінгі Арафа күні несімен ерекшеленеді?

Бұл күнге байланысты айтылатын әз пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) хадистері өте көп. Солардың үшеуін қысқаша атап өтсек:

« Мұсылманның Арафа күні ұстаған оразасы үшін, өткен жылғы және осы жылғы (екі жылдық) кіші күнәларын кешіруді Алладан үміт етемін »

« Дұғалардың ең жақсысы Арафа күні жасалғаны»

« Бұл күні көптеген адам тозақтан шығарылады »
❤23👍5💯1
“Қиянат жасаудың мың түрi бар, ал қиянат жасамаудың түрi бiреу-ақ, ол – тек қиянат жасамау”

Сондықтан қолыңнан келсе, жасайтыныңды iзгiлiкке жаса. Ал зұлымдық сенiң әлпештеуiңдi қажет те қылмайды.

• Төлен Әбдік
🪷 Парасат майданы
🔥25👍9❤6🥴1
Қайырлы таң, құрметті оқырман! Әлем мұсылмандарының қасиетті құрбан айт мерекесі құтты болсын. Алла баршамыздың дұға тілегімізді, шалған құрбандығымызды қабыл етсін 🤲
❤40👍6🎉2
👤 Әкім Тарази
🪷 Қорқау Жұлдыз
❤4👍2
🪷 Адам адамның есінде мәңгі қалу үшін, үлкен ерліктің керегі жоқ шығар. Мәңгілікке татитын бір әрекет жетіп жатыр.

*Шерхан Мұртаза
❤37🥴3👍2
Бүгін исі қазаққа әйгілі Мұхтар Шахановтың туған күні. Ол кісі бүгін 81 ге толды.

Ал сізге Мұхтар ағамыздың қай сөзі ерекше ұнайды, қай сөзін кейде сөз арасында қолданасыз?
❤39🎉6👍4👏2💘1
Сіз қай ЖОО-нда оқығансыз немесе оқуға түскіңіз келеді?
👍10❤3🥱1🥴1
Ал Түнғатар нағыз ұстаз. Қалыпқа сыймайды ол. Өзінше жол тапқысы келеді, қателессем де, өз жолыммен қателесейін деп ойлайды, өзгелер сонысын кешірмейді.

Адамдар гүлдер тәрізді, өсімдіктер тәрізді мың-мың түрлі болғаны жақсы емес пе? "Маған ұқсамағанның бәрі — мансұқ" деген түсінік қайдан шыққан? Бірдей киініп, бірдей жүріп, бірдей ойланатын адамдар... Ылғи шөп, ылғи сабан... Бұл жігіттің жазығы — басқаларға ұқсамайтыны".

Әкім Тарази
❤17👍5🔥1🤯1🕊1
Сезімге адалмыз,
Әлі де аманбыз.
Кездейсоқ бір күні
Кездесіп қалармыз.

Біреуге сыңарсың,
Біреуге ұнарсың.
Сонда да сен мені,
Сағынған шығарсың.
❤50👍5💔5🔥1🥰1🥱1
Соңғы кезде қандай кітаптар оқып жүрсіз?
Қазақ: «Балығы жоқ көл қадірсіз, шөбі жоқ жер қадірсіз, ұяты жоқ қыз қадірсіз, жігері жоқ жігіт қадірсіз» дейді. Тұрақсыз болуы да адамның жігерсіздігінен, табансыздығынан. Сондықтан адам ең алдымен табандылықты арман етуі керек. Сонда сенің махаббатыңды да еш дүлей күш жеңе алмайды. Арамдық та, зұлымдық та. Қыз ұятын сақтаса, жігіт бір мінезділігін сақтауы махаббаттың тазалығына керек қасиет. Сөйтсең ғана махаббат та адал сақталады.

Сіз махаббат дейсіз, ал ол махаббат маған ерлі-байлы адамның бірін-бірі түсінуінде, жар төсегін таза сақтап, мезгілінде жатып, мезгілінде тұрып, күніне үш рет тату-тәтті асын ішуінде... Қалған уақыты, арманы, тілегі бәрі де алдарына қойылған мақсаттарына жұмсалуы керек. Ерлі-зайыпты адамның бірі бастауы керек, бірі қостауы керек. Міне, бұл жағынан маған Базаргүлден артық әйел жоқ. Ол менің жұбайым да, ойлаған мақсатыма жету үшін серігім де бола алады. Егер бола алмайтынын білсем, мен оған үйленбес едім.

* Ілияс Есенберлин
* Ғашықтар
❤30👍7🔥1🥴1
Меніңше, сыйлықтың ең үлкені — айнымас сыйластық. Махаббат — табиғат өзі берген құдіретті сезім. Ол әркімге де тән қасиет. Ал нағыз сыйластық кез келгеннің қолынан келмейді.

*Оралхан Бөкей
👍27😍9🥰8❤4🔥2🥴1
Сіз жақта қалай атайды?
Қарбыз әлде дарбыз? ))
😍21😁3💯3❤1🤨1
Кеше ақылды едім, әлемді өзгерткім келді,
Бүгін дана болдым, өзімді өзгерткім келді.

© Жалаладдин Руми
❤46👍7🔥3
"Адамның қадіріне жету - адамды өмірлік өкініштен сақтайтын басты қасиет. Өмірде сені жанымен жақсы көретін және себепсіз іздейтін жандарды бағала! Хабарын біл, іздеп бар! Адамдар тез алыстайды, бірақ тез жақындамайды. Бүгін іздемеген, я көңіл бөлмеген адамыңды ертең бұл әлемнен таппай да қалуың мүмкін..."

"Сыйластық - уақыт өте пісіп жетілетін сезім. Таныс адамның бəрі сыйлас бола алмайды. Уақытпен жақындап, уақытпен құрметің артып, уақытпен ол жанды қабылдайсың. Сыйластық жүрекке орныққан сəттен ол сенің  тамыры бір туысыңа айналады"

"Адам - бақ пен сордың арасында сандалған жынды көбелек. Оның сезімі, ықыласы, жүрегі - өзіне ғана керек! Сүйдің - күйдің! Ұнаттың - ол үшін емес, өзің үшін!.. Адамдар бұл күнде " сені бекер сүйдім" деуге құмар болып барады. Сүй деп, сені ол жан қыстады ма? Жоқ! Кеудеңнің қалауы сол болды. Адам біреуден бірдеңе күтпесе ғана бақытты"

© Медине Гүлгүн (Әзірбайжан ақыны)
❤24🔥3🕊2👍1