«Ендігі жерде біз жастардың қатарына жатпаймыз. Өмірден керегін күшпен алмақ боп тағдырмен тайталасар дәрмен бізде енді жоқ. Біз қашқынбыз. Өзімізді-өзіміз тағдырдың тәлкегіне тастап қашып барамыз, өз өмірімізден өзіміз жеріп қашамыз. Біз он сегіз жаста ғана едік, осынау жарық дүниені, өмірді сүюді жаңа ғана бастағанбыз, амалсыз соған өзіміз оқ атуға мәжбүр болдық. Алғашқы жарылған снаряд тура біздің жүрегімізге тиді. Біз адамға тән ойлы іс-әрекеттен, мақсат-мүддеден, жаңашыл прогрестен қол үзіп, оқшау қалдық. Ендігі жерде біз солардың дұрыстығына сенбейміз. Біз соғысқа ғана сенеміз».
Э. М. Ремарк «Батыс майданда өзгеріс жоқ»
Аударған – Қажымұрат Сыздықов.

🔥14❤3👍1
🎓 ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР, АТА-АНАЛАР!
📣 Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы ертең, 5 тамызда сағат 12:00-де Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында жарияланады.
Сәттілік серіктеріңіз болсын!

❤21🎉4
Тілші: Ер адамның асханаға араласуы туралы не айтасыз?
Әзілхан Нұршайықов:
— Қолдан келсе, әр нәрсені істей білген жөн. "Өнерді үйрен, үйрен де жирен" деген ғой атамыз қазақ. Ал, аспаздық — үлкен өнер. Қолдан келсе, жұмысыңның жағдайы көтерсе, асханаға араласып, ас істеуге әбден болады. Бұл үй жұмысы басынан асып жататын әйелдер қауымына үлкен көмек.
Өз басым, асханаға ешқашан араласқан емеспін. Ақша ұстамаймын, азық-түлік дүкендеріне бас сұқпаймын. Базардан алты шақырым аулақ жүремін. Менің бар баратыным кітап дүкені. Кітапқа қанша ақша жұмсасам да әйелім қабақ шытқан емес. Кітапқа керек десем, ол қолындағы соңғы теңгесін береді. Осы кеше ғана 2165 теңгеге "Лермонтов энциклопедиясын" сатып алдым. Біздің бар ақшамыз асқа, дәріге, кітапқа және пәтерақыға жұмсалады.

❤49👍9🔥4
Тілші: — Баспасөз беттерінде аракідік көрініп қалып жүрген "екі әйел алу туралы" пікірге көзқарасыңыз қалай?
Әзілхан Нұршайықов:
— Көп әйел алу дегенге мүлде қарсымын. Бір еркекке бір әйел жетеді. Егер көп әйел алуға жол берілсе, Қазақстан қазақ елі емес, бұқа-текелер, айғырлар мен қошқарлар еліне айналады. Көп әйел алу әйелді қорлау, махаббатты аяққа таптау, адамгершіліктен ажырау.
Өзім осылай деп ойлаймын.

👍51❤15🔥3
Кешегі грант иелерінің эмоцияларына қарап шын қуандым. Бәрінен де ең күшті көрініс сол талапкерлер үшін, қасында балаша қуанып, риясыз қолдап, қуаттап отырған ата-анасы, ата-әжесі болды. Қандай керемет сәт солай емес пе?
Кәзір өзім де әке болған соң ба білмеймін, баламның әр сәтін "ұсақ-түйек" деп бөлмей, қасында болып ішкі жан дүниесімен ортақтасқым келеді. Мейлі, ол ең алғаш қалам ұстаған сәті болсын, ең алғаш сөмке арқалап, мектепке алғаш қадам басуы болсын, бәрібір. Ол қалайда әкесінің сұқ саусағынан ұстап жүріп-ақ, асқар тауының қасында екенін сезінуі тиіс. Бұл бізге қалыпты жағдай болғанымен, олар үшін өте жауапты сәт.
Біздегі "Бір сәби туса, бір түп жусан артық шығады" деген сөз дұрыс қой, бірақ өмірге саны көп сапасы жоқ балаларды алып келу де,кейін оны "бұйырғаны болады" деп жауапкершіліксіз өсіру де меніңше ата-ананың қателігі. Олардан бәлкім өзінің балалық шағын толық сезіне алмайтын, бүкіл қалауымен, өзінің пікірі бар жоқтығы білінбейтін, өзіне сенімсіз ұрпақ тарайды.
Әр ата-ана баласына жауапкершілік алып, қасында қолдаушысы бола білсе екен, сонда ғана әр бала сол ата-анасының үмітін ақтау үшін, кез келген істі тиянақты түрде істеп, жоғары нәтиже көрсетеді деп ойлаймын.
Сөз соңында тілерім: Әр сәби тек бақытты болсыншы ❤️

❤36👍15👏3🔥2🥱1
Жеті қат жердің үстінде,
Анамдай жылу болмайды,
Анамдай сұлу болмайды.
🌸 Ақжол Түменбай
Анамдай жылу болмайды,
Анамдай сұлу болмайды.
🌸 Ақжол Түменбай
❤60💔4🔥2🥰2🤣1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Белгілі Актёр Азамат Сатыбалды ағамыз, "Алдағы уақытта қандай жанрда кино көргіңіз келеді?" деген сұрақ қойыпты.
Мүмкін көркем әдебиеттегі бір шығарманы ұсынып көрейік, мысалы: Мұхтар Мағауиннің "Шақан шерісін" ал сіз қай шығарманы ұсынар едіңіз?

👍24❤5👌2🤣2
Бексұлтан Нұржекеев ағамыз мынадай қызық сұрақ қойыпты, сіздер де жауап беріп көріңіздер:
«Қарағай» — қазақтың сөзі, ал «Катон» — кімнің сөзі?

🤔13❤4🔥3
Адам баласына адам баласының бәрі - дос.
Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па?.. Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып не керек?
Тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек - ол құдайға айтарлық сөз бе?
Хәкім Абайдың (34 ші қара сөзі)

❤21👍5💯5🔥2🥰2🕊1
Бүгін оның туған күні, ой пәлі-ай!
Мына жұртым неғып жатыр тойламай? )
Мына жұртым неғып жатыр тойламай? )
👍22🎉9🔥1👏1
Бес уақыт намазын атам қаза жібермейді. Ораза кезінде ауыз бекітіп, азан шақырады. Діни мерекелерді, шама-шарқы келгенше, құрметтеп атап өтеді.
Атамның ерекше жағдайда ғана киетін киімдері бар. Олар: құлын терісімен қапталған қара сеңсең бөркі, жаңа шекпені, күмістеген жалпақ қайыс белбеуі. Жай күндері аталған үш киімнің үшеуі де төрде ағаш қазықта ілулі тұрады. Әр-әр кезде атам оларды сыртқа алып шығып, шаңын қағып, қайтадан іліп қояды.
Атам бұ дүниеден гөрі о дүниенің қамын көбірек ойлайды. «Бүгін болмаса, ертең тырайып өле қалуым заңды. Бұ дүниеде жалба-жұлба болып жүрсем де, о дүниеге жалба-жұлба болып бармаймын. Әлгі аталған бағалы киімдерді рызығым таусылып, демім біткен күні сүйегіме түскендер алсын», — дейді. Сол үшін де шаң жуытпай қорып, көзінің қарашығындай сақтайды.
Өліп жатып, өлігіне жиналған жұрттан: «Е, бейшара-ай! Бір киер бүтін киімі жоқ екен-ау!» — деген аяныш сөз естігісі келмейді.
© Бердібек Соқпақбаев

❤27👍11😢5
Жаз да өтті, сұлу салған ән сыңайлы,
“Қош” деуге қалай енді жан шыдайды?!
Жаңбыр иісі... тамыздың тоңғақ түні
Жапырақтың көзінен тамшылайды.
Ауық-ауық тұр, міне, себелеп түн,
Себелекті келгендей өлең еткім,
Жаңбыр иісі... ашылған терезеден
Әнін шырқап қоямын көбелектің.
Әр тамшысын бір-бірлеп санап түннің,
Тезірек таң атқанын қалап тұрмын.
Көңілімде мұң да жоқ, шаттық та жоқ,
Терезеден ешқайда қарап тұрмын...
Ерлан Жүніс
“Қош” деуге қалай енді жан шыдайды?!
Жаңбыр иісі... тамыздың тоңғақ түні
Жапырақтың көзінен тамшылайды.
Ауық-ауық тұр, міне, себелеп түн,
Себелекті келгендей өлең еткім,
Жаңбыр иісі... ашылған терезеден
Әнін шырқап қоямын көбелектің.
Әр тамшысын бір-бірлеп санап түннің,
Тезірек таң атқанын қалап тұрмын.
Көңілімде мұң да жоқ, шаттық та жоқ,
Терезеден ешқайда қарап тұрмын...
Ерлан Жүніс
❤25👍6🔥1
Менің қазір
Айғайлап тұрып ән айтқым келді,
Азайтқым келді жан мұңын.
Қатігезсің деп тағы айтқым келді,
Таскерең бірақ тағдырым.
⠀
Ағыл да тегіл жылағым келді,
Жұбатпасыншы тек ешкім.
Шыдай да шыдай шыдамым кемді,
Мен сонша мықты емеспін!
⠀
Сыр айтқым келді бейтаныс жанға,
Кей таныстан да дұрыс деп.
Кетсем ғой деймін кейде алыстарға,
Амал жоқ мұнда жұмыс көп.
⠀
Көз жасы кермек таңдайда қалып,
Жағдайға да анық көнгенмін.
Жалғыздан жалғыз айғайлап алып,
Үнсіз жүруді жөн көрдім!
© Нұртас Тұрғанбек
Айғайлап тұрып ән айтқым келді,
Азайтқым келді жан мұңын.
Қатігезсің деп тағы айтқым келді,
Таскерең бірақ тағдырым.
⠀
Ағыл да тегіл жылағым келді,
Жұбатпасыншы тек ешкім.
Шыдай да шыдай шыдамым кемді,
Мен сонша мықты емеспін!
⠀
Сыр айтқым келді бейтаныс жанға,
Кей таныстан да дұрыс деп.
Кетсем ғой деймін кейде алыстарға,
Амал жоқ мұнда жұмыс көп.
⠀
Көз жасы кермек таңдайда қалып,
Жағдайға да анық көнгенмін.
Жалғыздан жалғыз айғайлап алып,
Үнсіз жүруді жөн көрдім!
© Нұртас Тұрғанбек
❤27💔8👍5🔥4⚡1🕊1😍1🆒1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👍15😍11🔥4❤3⚡1❤🔥1🥰1👏1😢1🕊1
Ешқашан ешкімге ештеңе түсіндірудің қажеті жоқ. Тыңдағысы келмейтін адам тыңдамайды және сенбейді, ал саған сеніп, түсінген адамға түсіндірудің қажеті жоқ.
Омар Хайям
📚 Кітапсүйер
Омар Хайям
📚 Кітапсүйер
❤42👍9🔥3💔3❤🔥2👏2🕊2🤩1💯1
✍🏻 Адамның ақыл-ойы мен моральдық дамуы қаншалықты жоғары болса, өмір оған соншалықты рахат сыйлайды.
А.П.Чехов
📚 Кітапсүйер
А.П.Чехов
📚 Кітапсүйер
❤🔥19❤13🔥4⚡2👍1🥰1👏1😢1🐳1💯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👍24❤🔥6❤4💯4⚡1🔥1🕊1😍1🤣1