Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
• Адам не үшін кейде өзіне аяулы болған кітаптарды өзгелерден қызғанады?

Меніңше ол екінші адамның сол кітапты өз деңгейінде қадірлей алмайтындай көргендіктен. Кейде расымен сенің бүкіл болмысыңды, жан сырыңды қамтыған 300 беттік кітапты біреуге ұсынсаң — ол оның 3 бетін де оқымай, жауып қоя салуы мүмкін.

Сол үшін кей кітапты автор тек біз үшін жазғандай секілденіп, оны осылай құнсызданудан қорғаймыз. Аялаймыз. Қызғанамыз...


📚 Кітапсүйер
❤34👍14❤‍🔥5🔥2🕊2😍2🥰1🤩1🐳1
Менің әкем көбіне өтірік айтады. Жаны құлазып, көңілі мұңайып тұрса да ол: "Шүкір менде бәрі жақсы" деп күлімдейді. Бір қызығы есейген сайын мен де оған ұқсап барамын...

— Шүкір, менде де бәрі жақсы )
❤41💔16🤣6😁5👍4🤔2❤‍🔥1🔥1🎉1
Адамды көзінше айыптау жақсы емес, бұл оның көңіліне тиеді, оны сыртынан айыптау да жақсы емес себебі, сіз оны өсектеген боласыз.
Ең абзалы — адамнан жамандық іздемей, оны байқамай, айыпты өз бойыңнан іздеп, өзгені емес, өзіңді түзетуге тырысу.

Лев Толстой

📒 Кітапсүйер
👍49❤11❤‍🔥2🔥2👏2⚡1💯1🤨1😴1
Табысқа жетудің үш ережесі:

• Басқалардан көбірек білу;
• Басқалардан көбірек жұмыс істеу;
• Басқалардан азырақ күту.


©Уильям Шекспир

📙 Кітапсүйер
👍37❤10👏4❤‍🔥2😍2🔥1😁1🐳1
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында бір жиналыста Ғабит Мүсірепов былай деді:
– Соңғы он жылда əдебиетті екіге бөлу əрекеті шықты: шалдар, жастар деген. Əдебиет — орман. Қайыңы да, емені де бар. Жел тұрса, құлайтыны да бар. Содан бері де ширек ғасырдан астам уақыт өтті. «Шалдар», «жастар» деп əдебиетті екіге бөлу өрши түскен сыңайлы. Бірақ өмірдің өзі көрсетіп келе жатқандай, əдебиет жас таңдамайтынын дəлелдеп келеді. Сол Ғабит Мүсіреповтің өзі сексеннен асқанда «Ұлпанды», «Жат қолындағыны» жазды. Тахауи Ахтанов алпысқа таянғанда «Антты», «Шырағың сөнбесінді», Əбдіжəміл Нұрпейісов «Соңғы парыз» романын тəмəмдады.
Əдебиетке «шалдар», «жастар» деп шекара қою қолайсыз болар. Əдебиет арбасына екеуі де жегіледі.

Бөліп-жару — бір кем дүние.

© Шерхан Мұртаза

📙 Кітапсүйер
🔥13👍10❤5❤‍🔥2👏2💯2⚡1🎉1🕊1😐1🆒1
Жағдайға, уақыт пен мекенге қарамастан, шын мәнінде өзі қандай болса, сол қалпында қалатын адамдар қашанда құрметке лайықты.

© Михаил Лермонтов

📙 Кітапсүйер
❤31💯4✍2🐳2⚡1🕊1🆒1
📖 Кітап оқу бөлек те, ал сіз оқыған кітапты — оқыған адаммен сұхбаттасу одан да бөлек қой...

🌸 Кітапсүйер
❤48👍15👏4🐳3😁2💔2
Қазақтың балалары қуанғанда айтатын "Алақай" сөзінің түп тамыры немен ұштасатынын білесіз бе?

Ол, Алланың алпыс үшінші көркем ісміндегі "Аллаh әл-Хай" сөзімен байланысты сөз екен.

Оның мағынасы: "الحَىُّ"
Ол — Тірі. Ол мәңгі өмір сүреді, мәңгі болды және мәңгі болады. Оның тірі болуының басы да, соңы да жоқ.

Сонда бұл сөздің өзі де зікір болып тұр ғой )

📖 Кітапсүйер
❤61👍12🥰3❤‍🔥2⚡2😍2🐳1💯1🆒1
Елестетіп көрдіңіз бе? Екі аптадан кейін күз келеді, күз..🍂

Жаз мезгілі секілденіп өтіп жатқан өмір-ай!..
❤22😢7👍3🕊3🎉1💔1🤗1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍4😍4⚡1❤‍🔥1🕊1
Бір адаммен жақынырақ танысқыңыз келсе, одан: "Үйіңізде кіші болса да кітап сөреңіз бар ма?", деп сұраңыз. Егер ол "Жоқ" десе, онымен әрі қарай сөйлесу бекер деген сөз.

📚 Кітапсүйер
👏28👍7❤6💯6❤‍🔥2🔥2🤣2⚡1🤔1🕊1🐳1
Меніңше: Егер бір адамның досы аз болса немесе тіпті мүлдем болмаса — онда ол адамның өмірлік тәжірибесі бар деген сөз.

Ал, кәзіргі кейбір "менің роднойларым көп" деп жүрген кісілер, сол "роднойларын" әлі дұрыс танымай жүр.

© Кітапсүйер
👍51❤18🤣9⚡3🆒3🔥2🕊2❤‍🔥1🐳1
✍🏻 Армандарыңызды келеке ететін адамдардан аулақ болыңыз. Ондай төмен саналы адамдар әрқашан солай жасайды, ал ұлы адамдар үнемі сіздің де керемет жетістікке жететініңізге сенеді. Әрі соны сезінуіңізге мүмкіндік беретін жолды табуға көмектеседі.

© Марк Твен

📙 Кітапсүйер |
👍37❤13⚡3👏3❤‍🔥1🕊1🐳1
Шындық пен өтіріктің арақашықтығы қандай білесіз бе?
— Бір дюйм ғана.
— Неге?
Өйткені құлақтан көзге дейінгі арақашықтық бір дюйм ғана. Өз көзіммен көргенім рас. Бірақ өз құлағыммен естігенім өтірік.

© Расул Ғамзатов

📖 Кітапсүйер |
👍33❤7👏3💯3💔2⚡1🆒1
🛎 Осман империясының дәуірінде көше есіктеріне екі түрлі қоңырау ілініпті. Бірі үлкен, екіншісі кіші. Кіші қоңыраумен есік қағылса, оны әйел кісі қаққаны белгілі болады екен де, оны ашуға үйден тек әйел кісі шығады екен. Ал, егер үлкен қоңырау қағылса, есік алдындағы ер адам деген сөз, онымен тек үйдегі ер кісі шығып сөйлескен екен.

💐 Тағы да бір мынадай қызықты деректі қараңыз, Науқасы бар үйдің есігіне қызыл гүл шоғы ілініп тұратын болыпты. Бұны көріп өтіп бара жатқан сатушылар мен қала қонақтары ішінде науқас адамның бар екенін бірден түсініп, сол маңнан бәсең дауыспен ақырын өткен екен.

Сондай жаугершілік заманда адамдар осылай бір-бірін сөзсіз түсініпті. Меніңше бұл олардың кең жүректі және нағыз әдепті үммет болғанының белгісі.

📙 Кітапсүйер |
👏44👍22❤17😍3💔2🕊1
Кейбір адамның ойлау деңгейі соншалықты төмен, тіпті ол адамның сөздік қорында боқтық пен лас сөздерден басқа дым жоқ. Және бір қызығы — ондай адамдар сенің үндемей тұрғаныңды өзінің жетістігі деп санайды.
👍72❤14🔥6❤‍🔥3👏2💯2😢1🐳1💔1😎1
☺️
👍28😍8😁7❤2🤗2💘2❤‍🔥1⚡1
Намаз + оқитын адам = Намазхан!
Кітап + оқитын адам = Кітапхан!

Осындай хандар көбейе берсе екен ☺️

📙 Кітапсүйер
👍74❤17🤣8❤‍🔥4🔥3🕊3
Егер сіз Алла мен оның елшісі Мұхаммедке (ﷺ) иман келтірген мұсылман болсаңыз, егер сіз ақырет күнінің бар екендігіне шын сенген жан болсаңыз — онда сіз өз көзіңізді әр нәрсеге есепсіз қарау беруден тыйыңыз. Бұндай иманы бар жүрек — әр түрлі қызылды жасылды қоқыстардан қорғануға мұқтаж.

Өйткені жүрек губка тәрізді нәрсе. Оны неге салсаңыз соны сығасыз. Ал көз, сол жүрекке ақпарат таситын ең жылдам ағза.

Оны түрлі азғындықтан қызғаныңыз. Егер әлемде ең нұрлы көз болса, сол сіздің көзіңіз болсыншы. Сіз соған лайықсыз. ❤

🌸 Кітапсүйер |
❤66👍13❤‍🔥4💔3⚡1🔥1👌1🕊1💯1🤣1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Балалар ата-анасын таңдай алмайды. Әр сәбидің балалық шағы көңілді өтуі тиіс.

📚 Кітапсүйер |
👍25💯5❤‍🔥4💔3💘2❤1🔥1🤔1