Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Сізді бір күн болмаса бір күні міндетті түрде сіз қалай барсыз, солай қабылдайтын адам табылады. Оған күмәніңіз болмасын. Ол сіздің түр әлпетіңізді де, киген киіміңізді де сынамайды. Сізден тек артықшылық көріп тұрады, болды.

"Жақсы көрем" деген сөздің өзі негізі адамның тек жақсы жақтарын ғана көруге дайын адамның айтатын сөзі ғой. Әйтпесе идеялды адамды бәрі жақсы көрмей ме? Өз болмысыңыздан қашпаңыз/ұялмаңыз. Әр адамның өзіне бұйыратын жары бар. Және мынаны есіңізден шығармаңыз, кейбір бақытқа кешіккен де жарасады. 😉

©Кітапсүйер |
❤62🥰8👍7💘3❤‍🔥2💔2🕊1
«Ажырасу — тек бір-бірін көзбен сүйгендерге ғана тән нәрсе, бір-бірін жүрекпен сүйгендерде ажырасу деген жоқ»

© Хәзіреті Мәуләна

📚 Кітапсүйер
👍54❤14🔥5💘5❤‍🔥3💯2😐2👏1🤩1💔1
Сізді сүйетін адам — жарты әлемге сізді сүйетіндігін жар салып айтқан адам емес, ол жәй ғана сіздің шайға неше қасық шекер салып ішетініңізді білетін адам.

© Түрік жазушысы Рашад Нури Гюнтекин

📚 Кітапсүйер |
❤65👍11🥰6😍3❤‍🔥2💘2⚡1🤩1🏆1💔1🍓1
📚 Қалаңыздағы кітап дүкендерінде көбіне қай баспаның кітаптарын жиі байқайсыз? Қай баспаның мұқабасы, жазу үлгісі ерекше ұнайды?
👍11❤‍🔥3✍2🕊2😍2
Неге екенін білмеймін, мен  әйелдер туралы, олардың  жаратылыс-табиғатындағы  мәңгілік мазасыздық жайында  көбірек толғанамын. Кейде менің  әйелді түнгі бөлмеде маздап  жанып тұрған шыраққа теңегім  келеді. Олай дейтінім, шырақ  бүкіл бөлмеге сәуле шашып, нұр  таратады. Соның жарығымен үй  ішінің күндізгі тіршілігі жалғасып, шаруасы істеліп, реттеліп жатады. Сағат сайын шырақтың майы азайып, бойы аласара  береді. Ең соңғы тамшы майы  сарқылып, білтесі біткеннен  кейін, «ал, маған разы болыңдар»  дегендей, кеудеден ақтық рет дем шығарғандай бір дір етеді де,  шырақ сөнеді. Ол жан-жағына үздіксіз жарық шашып, қараңғылықты қуалаумен бар өмірін өткереді де, мәңгі өшеді.

Байқап, барлап қарасақ, әйелдің де өмірі  осыған ұқсайтын сияқты. Бойжетті, босаға өзгертіп, басынан қыз дәурені кеткеннен кейін ол қызметке тұрады, жұмысқа орналасады. Біраздан кейін балалы-шағалы болады.  Одан соң қызмет, күйеу және баланың ғана қамын ойлап, бар жанын соларға салып, дедектейді де жүреді. Көпшілік  еркектер түз шаруасы, кеңсе қызметінен келгеннен кейін, жығылып қалмау үшін дөңгелек үстелді жағалаған жас баладай болып,  диванды төңіректейді. Мен мұны  ауылдан да көп көрдім, қаладан  да байқадым. Ал әйел оған мүлде қабақ шытпайды, балаларының бетінен бір-бір иіскеп алып, үй ішін күміс күлкіге толтырып,  жайраңдап, жарқылдап жүре береді. Мен осының бәрі әйел жүрегіндегі шексіз махаббатқа байланысты-ау  деп  ойлаймын.  Меніңше, әйел махаббаты -  ең  күшті махаббат.

© Әзілхан Нұршайықов
📖 Махаббат, қызық мол жылдар

📚 Кітапсүйер
❤58👍11❤‍🔥8💘3⚡1👏1🕊1🐳1
Адам әрқашан өзгенің ақылына мұқтаж бола бермейді. Кейде оны қолдайтын қол, тыңдайтын құлақ және түсінетін жүрек те керек. ❤️

🇸🇪 Шведтің әйгілі жазушысы:
Селма Лагерлёф

📚 Кітапсүйер |
❤62👍5👏5🔥3😢1
Адамның сөзі іс-әрекетімен сәйкес келсе ғана құнды болып есептеледі.

Оскар Уайлд

📚 Кітапсүйер |
❤41👏11👍5💯3😁1
Егер сіз бір адамды алдаған болсаңыз — бұл оның ақымақтығын білдірмейді.
Бұл сіздің оның сеніміне лайықсыз екеніңізді білдіреді.

© Америкалық жазушы Чарльз Буковски

📚 Кітапсүйер
👍52❤9💯8👏2👌1
Қу дүниені қуғанда ынталымыз,
Құлшылыққа бітпейді сылтауымыз.
Намазда қаза болған бабалардың,
Намазы қаза болған ұрпағымыз.


© Жандарбек Бұлғақов
💔51👍20❤8😢4🕊2⚡1🐳1
Ең жаман сезім - Үмітсіздік. Ол реніштен де, қызғаныштан да, тіпті жек көруден де жаман. Себебі, әр бір сезімнен кейін жүректе бірдеңе қалады, бірақ үмітсіздіктің соңында ештеңе де болмайды..

©️ Эрих Мария Ремарк

📚 Кітапсүйер
👍29❤15🕊2💔2
Жалпы осы қыздарымыздың, қарындастарымыздың мектепке хиджаб (жамылғы,орамал) киіп баруы туралы не ойлайсыздар?
❤28🙊6🍓2👍1🕊1🏆1💘1
Әрқашан жақсы көңіл-күй болған үйге, бақыт та әрқашан келіп тұрады.

Лев Толстой

📚 Кітапсүйер
👍40❤8🕊3🍓2🏆1💘1
Байыбына барып сөйлеп, байыбына барып іс қылған салауаттылық əркімнің талайына бұйырмаған. Əркім өзіне-өзі ұстаз, өзіне-өзі төреші болғаны абзал. Дүниені түзеткің келсе, əуелі өзің түзел. Баршамыз пайымдауға тиісті бір-ақ ақиқат бар: əркім өзін-өзі тəрбиелемей, қоғам түзелмейді.

© Ақселеу Сейдімбек

📚 Кітапсүйер
👍40❤8🕊3🥰1🏆1🍓1💘1
Жұмыстан қайтып келе жатырсың. Тіке барып, тіке қайтасың. Ештеңе қызық емес, ақша табуың қажет. Өмір туралы көп ойланасың. Бәрінен шаршағансың, бәріне қолыңды бір-ақ сілтеп басқа қалаға кеткің келеді, бірақ "тұрмыс" деген ұлы күш сені өзінің қатал сызығынан сыртқа қарай тырп еткізбей ұстауда. Осының бәрі күнде қайталана береді. Бір қызығы ішің астан кестен болып жатса да, ешкімге ештеңе айта алмайсың, сыр бермейсің, сырттай күлімсіреп жүре бересің. Себебі, өзгеге сыр айту қиын. Мүмкін ол — сенің айтқан сырыңнан қару жасап алып, өз оғыңмен өзіңді атар? Сонда қайтпексің? Абзалы үндемеу!
❤68👍17💔16❤‍🔥2💘2🔥1🏆1🍓1
Баласы әкесінен көп кітап оқымаған ұлт дами алмайды..


📚 Кітапсүйер
❤46👍11👏5💯5🕊2🆒2⚡1
Еңбегінің нәтижесін бірден көргісі келетін адам етікші болуы керек.

Альберт Эйнштейн

📚 Кітапсүйер
❤46👍23👏3💘1
💡 Адамды физикалық емдеу үшін ұйықтату керек, ал рухани емдеу үшін ояту керек.

✍ Лев Толстой

📚 Кітапсүйер
👍44❤15🔥5👏4🍓1
– Ұстаз, мен кітап оқыдым, бірақ ол кітаптан ешнәрсе есімде қалмады.
— Ұстазы: «Мына құрманы жеңіз!»
— Шәкірті: Ал жедім...
— Ұстазы: Жаңа ғана жеген құрмаға тойдыңыз ба?
— Шәкірті: Жоқ...
– Сіз оған тойған жоқсыз, бірақ бұл құрма сіздің денеңізге тарады: ол ішіңізге, етіңізге, сүйегіңізге, теріңізге, тырнақтарыңызға және тіпті ең кішкентай жасушаларыңызға дейін еніп кетті...

Кітап оқу да сол сияқты. Ол кейде пайдасын білдірмей тигізеді, сондықтан үнемі есте қалмайды.

📚 Кітапсүйер
❤61👍18😍4⚡3❤‍🔥2👏2💘2🔥1🥰1🕊1🐳1
✍ Халед Хоссейни
«Батпырауық қуған бала»

📚 Мен ата-анамның жүзін ұмыттым. Бұл жаман ба? Осы сәтте төс қалтамда тұрған ата-анамның суреті есіме түсіп, Сохробқа бердім. Ол суретке ұзақ қарап отырды да, сәлден соң оның мөлдір көзінен еріксіз көз жасы аға бастады...

«Ауғанстанда бала көп, бірақ балалық шақ жоқ»

📝 Халид Хоссейни 1965 жылы Кабулда ауған дипломатының отбасында дүниеге келген. 1980 жылы оның отбасы Америка Құрама Штаттарына көшті. Мұнда ол медицина факультетіне оқуға түседі. Оның «Батпырауық қуған бала» атты алғашқы романы АҚШ-та жаңа ғасырдың бестселлеріне айналды. Бұл шығарма әлемнің қырықтан астам тілінде 10 миллион данамен жарық көрді. Голливуд режиссерлері осы кітап бойынша фильм түсірді.

📚 @kitapsuyer
👍22❤‍🔥6💘3❤1🔥1👏1💔1
🇩🇪 Атақты неміс жазушысы Иоганн Вольфганг Гетенің қанатты сөздері:

• Адам болу оңай іс емес. Тек ерік-жігері мықты адам ғана адамдықтың шыңына жете алады.

• Даналық дегеніміз — шындық.

• Болашағына сенбейтін адам өлікпен тең.

• Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат.

• Адам жақсылыққа өз еркімен бет бұрса ғана нәтиже шығара алады.

• Айналаңа деген қызығушылығың азайса, есте сақтау қабілетің де нашарлайды.

• Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді.

• Өз-өзін тани алған адам ғана еркіндікке бой ұра алады.

• Әркім өзі түсінгенін ғана естиді.

• Ақылы тар адам өз пікірін өзгеге таңуға бейім болады.

• Алғашқы ілгекті дұрыс қадамаған адам, қалған ілгектерді де ретімен қадай алмайды.

• Адам өз ойы арқылы өз мінезін қалыптастырады.

• Қолдана білмесең, бойыңдағы білім құр босқа, пайдасыз шіри береді.

✔️ Айтпақшы бұ кісінің бүгін туған күні

📚
Кітапсүйер
👍30❤16👌4💘2⚡1🤩1