Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
🍃 Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәкар пенде екенін мойындауы керек. Оны мойындамайынша, ешкім мәңгі рухани азаптан арыла алмайды.

Осыны ойлағанда, маған бақыт құсы қол созым-ақ жерде тұрғандай көрінеді. Сол бақыт құсының сізге де қонуын тілеймін.

📖 Төлен Әбдік "Парасат майданы"

📚 Кітапсүйер
❤‍🔥23❤13👍9👏5🕊2⚡1😍1🐳1💘1
Қайырлы күн, құрметті көкірегі сезімге толы оқырмандар!

Бұрынғыдай ара тұра онлайн форматта кітапталқы жасауды қолға алсақ қолдайсыздар ма, қосыласыздар ма? Әлде керек емес пе? Кері жауап берсеңіздер. Бұл біз үшін өте маңызды... 👇 ✍
❤47👍24😍5🔥3❤‍🔥1
Өзің күліп жүрсең = жарты бақыт,
Анаңмен әйелің күліп жүрсе = екі бақыт..
❤76👍11🤣11💯5👏3💔3😘2⚡1🐳1🍓1💘1
Бүгін сондай күн.
Әр қайсымыз жаз мезгілімен қоштасып жатқанда, талапкерлер мен студенттер ауылдағы жайма шуақ кең ауласымен қара шаңырағын тастап, ішіндегі ақжаулықты аяулы анасын тастап, ардақты әкесімен қоштасып, қарбаласқа толы қаласына еріксіз кете барады.

Көңіл күйі қолындағы чемоданның ішінде. Енді оларды үйінің ыстық тамағымен анасының жан жылуы сағындырары сөзсіз.

Алла білім жолдарыңызды жеңілдетсін. Отбасыларыңызға тек есендікпен қуанышпен оралыңыздар. ❤️ ☺️

Бүгін сондай күн!
❤72💔13👍9🔥6⚡2🕊2❤‍🔥1💘1
Білмейтініміз көп..
👏77👍28❤‍🔥9💔8😍6❤3🕊1💯1💘1
Ол аса қамқор, ерекше мейірімді.
Ол өзінің сөздерін тек мейрімділікпен бастауды жөн көрген. Себебі пендесінің соған зәру екенін біледі. Ол туралы таңды таңға жалғап айта беруге болады. Және ол туралы айтылған әр мақтау мадақ үшін сіз тек сауапқа кенелесіз.

Сіз оның даусын ести алмайсыз, бірақ сөзін оқи аласыз. Сіз оның қолын көре алмайсыз, бірақ әсем табиғатына тамсана аласыз

Ол сізге мұқтаж емес, сіз оған мұқтажсыз. Ол сізді жақсы көреді...
❤103👍18
Басқа баратын жері болмағандықтан қасыңда жүрген адамды емес, басқа көп жер оны күтіп тұрса да, сенің ғана қасыңда қалуды таңдаған адамды шын бағала!

Өйткені ол сені мыңдаған, тіпті миллиондаған мүмкіндіктерден жоғары қойып тұр ғой.. Осындай адамың болса, есіңе салайын, сен — Бақыттысың! ❤️
❤100👍12🥰1
Мен кейде өзімді мәңгі өмір сүретін жандардың арасында жүргендей сезінемін. Бүкіл жағынан қарасам да соны байқаймын. Олардың қолдарын ақшаның байлап қойғаны сондай, олар тіпті өмір сүруді де ұмытып кеткен.

© Эрих Мария Ремарк
👍45💔8❤7❤‍🔥2
Біз жаман әрекет жасаудан қорқамыз. Өйткені оған заң бар. Ал жаман ойлаудан қорықпаймыз, өйткені ол ішімізде, сыртқа шықпаса болды деп есептейміз. Сонда жаман әрекет кайдан шығады?.. Жаман ойдан шығады... Ендеше неге өмір жайлы, адам жайлы жақсы ойлауға тырыспаймыз. Қорықсақ, жаман ойдан қорқайық.

© Төлен Әбдік
📚 "Біз үшеу едік"

Кітапсүйер
❤56👍17👏3
Ілияс Жансүгіров 38 жасында  (1933 жылы) Фатима Ғабитова деген қызға ғашық болып, оған үйленген соң, арада бір жыл өтіп, сүйгеніне мынадай керемет хат жазған екен:

«Мен кітап оқып жатырмын. Кітап қандай көңілді! Мазмұны қандай күшті! Тілі қандай тәтті! Қанымды, жанымды — бәрін осы кітабым билеп алған. Қолымдағы кітабымның құшағына толық кіргенмін. Қайратымды қоздырып, жігерімді көтергендей. Кітабымның аты «Фатима еді»

kitapsuyer
🔥41❤23👍10⚡4❤‍🔥3🕊3
Ең қызығы Ілияс Жансүгіров әйелі Фатимамен өмір сүрген (1933—37) жылдарда Ілиястың таланты жанартаудай атқылап, қазақ әдебиетінің інжу маржанына айналған ғажайып шығармаларын дүниеге әкеліпті.

Жастайынан армандаған жанмен табысу оның шабытына шабыт қосқан секілді. Оның шығармаларының шыңы саналатын «Құлагер» мен «Күйші» және «Исатай—Махамбет» пьесалары, әуел баста трилогия ретінде жоспарланған «Жолдастар» романының алғашқы кітабы ақынның бабы мен бағы қатар шапқан осы берекелі бес жылдың ішінде жазылыпты. Махаббаттың адам жанына беретін күші, санасына беретін сілкінісі қандай десеңші?
👍33❤14😍6🔥4⚡2🕊2
— Байлық деген немене өзі? Азап қой! Бай адам күні-түні, қысы-жазы малын ойлайды да, өзі де малға ұқсап кетеді. Мінез-құлқы малында, адамдығынан айрыла береді.

© Ғабит Мүсірепов
📖 Ұлпан
❤51👍16💯6❤‍🔥2
Кешірім сұрау үнемі сіздің қателескеніңізді немес басқа адамның дұрыс екенін білдірмейді. Бұл сіздің қарым қатынасыңыздың құндылығы өзіңіздің эгоңыздан маңыздырақ екенін білдіреді.

Эрих Мария Ремарк

Кітапсүйер 📚
👍55❤6⚡4🔥4🕊2
Кітапты қолға алып, іштей өз ойыңның жібін тоқуға кіріскен кезде, кітап өз мақсатына жеткенін сезе бастайды

Польшалық жазушы Януш Корчак

Кітапсүйер 📖
❤46👍7🕊4
Адам өзінің ауырғанын сезінсе, қалайда ол тірі. Егер ол, өзгенің жан ауруын сезінсе ол нағыз — адам.

© Француз тарихшысы Франсуа Гизо
👍62❤21🕊3🤣2
Сіздің жазылуыңызды құдды бір мереке секілді күтіп жүрген жандар барда, ауырғаныңыз да дұрыс

© Антон Чехов
❤47🥰10🤣7❤‍🔥6👍3🕊1
Адам өз ойының жемісі. Сіз өзіңізді кім деп ойлайсыз? Сәлден соң еріксіз түрде сондай кісіге айналасыз

© Махатма Ганди
👍47❤9🔥9🤨7❤‍🔥2👏1
Бақытты қандай элементтер құрайды? Олар тек екеу: сабырлы жан мен сау дене.

© Михаил Булгаков
❤49👍17⚡2🥰1
Науқасқа қайырымдылық, мейірімділік, бауырмалдық, жанашырлық кейде оған барлық дәрі-дәрмектен де маңызды.

© Федор Достоевский
❤25👍7😍5⚡1
Адам тағдыры тұрлаусыз екен! Біздің құштарлығымызды арттырып тұратын тылсым күш те әр кез құбылып тұрады! Бүгін жақсы көріп тұрғанды ертең жек көресің; ертеңгі ат-тонымызды ала қашар нәрсеге бүгін ынтық боламыз, бүгін қол жетпеген нәрседен ертеңіне қашып әлекпіз.

Міне, мен қарама-қайшылықтың құрсауында қалдым. Менің бақытсыздығым – адамдардан аластатылғаным, ұшы-қиыры жоқ теңізде жалғыз қалғандығым; маңдайыма мәңгі-бақи қасірет жазылып, тірі жандардың қатарында есепке алмай, өзім сияқты екі аяқтылармен тілдесуге зар қылған құдайдың қарғысына ұшыраған қылмыскер сияқтымын. Жаным аман қалғаннан кейін құдайдың құдіретімен өлгендер арасынан тіріліп келсем де, адам баласының жүзін көру мен үшін үлкен бақыт еді.

© Даниэль Дефо
📖 Робинзо Крузо
🥰14❤10👍3🔥2