"Қазақ әйелінің маңдайына тағдыр тек қана қорлықты жазып па?
© Кейіпкер Лима
© Кейіпкер Лима
❤15😢5🤔3💔3👍2
"Арасанбай — рухани мүгедек, рухани кемтар, басы бар, аяғы бар, қолы бар. Бірақ Арасанбайдың қарапайым адамға ұқсастығы тауықтың аққуға ұқсастығы тәрізді. Аққу ұша алады, ал тауық қанаты бола тұра, күркесінен көң шұқиды. Екеуінің де аты құс!"
© Кейіпкер Лима
© Кейіпкер Лима
👍15😁3❤2
Ормановтың бұларға жақпайтын бар қылығы — өзінше ойлана білетіндігі. Өз бағдары бар, өз талантына сенетіндігі, бар жазығы сол, басқаларға ұқсамаған! Жағына білмегені, жарамсақтана білмегені, осылардың өздерімен бірге жүрсе, бірге ішсе, қатынасып, жең ұшынан жалғасып, ағайын, жегжат болып жүрсе, жүз жерден арсыз болсын, мың жерден ұятсыз болсын, бұлар оған кешірер еді. Бұлар оны түсінер еді. Өздеріне ұнамады – сондықтан оның көзін жойды. Жабылып жойды...
📚 Қорқау жұлдыз
✍ Әкім Тарази
📚 Қорқау жұлдыз
✍ Әкім Тарази
😢12❤5👍5
ЖАЗУШЫ ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ КҮНДЕЛІГІНЕН:
Қызық, қалада миллиондаған халқы бар қалада тұрған кезіңде туған жерің, тіпті өз үйің — өлең төсегің, үйелменің, аты-жөн, ата-тегің барын ұмытасың. Оны қойшы, аспанда ай мен күн барын сезбейсің.
***
Тағы бір қызығы, қала адамдары бір-бірімен тығыз тұрған сайын аралары суып, бөтенси бермек. Меніңше, бәрімізді "шаҺар" деп аталар үлкен (алып) машина қорабына салып алып, қасапханаға (қараңғы көрге) әкетіп бара жатқандай қорқынышты.
***
Қаладағы қазақтар тамырынан жұлынып әкеліп отырғызған ағаш секілді, қанша мәпелеп суарғаныңмен, өз топырағын аңсап, сарғая бермек. Немесе басқа ағаштың қалпына түсіп, өз болмысын, өз тегін жоғалтып алмақ.

🔥27👍17❤14💔4🥰2
Бір топ үйрек бір көлді тастап, дүр етіп көтеріліп екінші көлге қарай ұшып барады дейді. Жолай сұңқар кезігіп:
- Қайда бет алдыңдар?- деп сұрайды. Үйректер:
- Құрысын, мына көл сасып кетті, ана көл таза, соған барамыз - деседі. Сонда Сұңқар:
- Мына көтендерің аман болса оны да сасытасыңдар - деген екен...
Облыстан облысқа, министрліктен министрлікке түк бітірмей көшіп-қонып жүрген біреулерді көрсем, ылғи да осы әпсана есіме түседі...
// Рахымжан Отарбаев

🤣76👍29❤8🔥7😁6
***
Үстелде сурет жатыр күлімдеген,
Күлімдеген, еш жерге ілінбеген...
Бір сөз бар сағынатын жүрегіңіз,
Бір мұң бар жаныңызды тілімдеген.
Сағынып бұрынғыдай келмегені,
бәлкім, ол... өзіне-өзі сенбегені?
Сіз неге түн ішінде жыладыңыз?!
Гүл неге өліп қалды бөлмедегі?!
Сіз неге жыладыңыз түн ішінде?
Ымм... мүмкін, өліп қалған гүл үшін бе?!
Сағынып күту керек махаббатты,
Гүлді де күту керек тірісінде...
// Б. Қарағызұлы

❤35🔥15👍11🕊4🥰2
Қайырлы күн, құрметті оқырмандар! Назарларыңызға Шархан Қазығұл ағамыздың "Күлпет" романынан үзінділер ұсынғым келеді. Роман мұқабасы жұмсақ, бет саны 191.
Ұнаса лайк басып, достарыңыбен бөлісе отырыңыздар 📖
Ұнаса лайк басып, достарыңыбен бөлісе отырыңыздар 📖
👍8❤4🔥3
"Қазіргі адамдардың атақ-даңққа құштар болып алғанын жүз шақырымнан байқаймын. Дегенмен бұл құбылысты сен тоқтата алмайсың. Кез келген қоғамда құлап жатқан адамның өзі бір артықшылығымен ерекшеленгісі келіп тұрады."
👍14🔥4❤3
"Ой бірлігі көңіл бірлігінен туындайды.
Адамды адам тыңдаудан қалған қоғамда өмір сүріп жатырмыз."
Адамды адам тыңдаудан қалған қоғамда өмір сүріп жатырмыз."
👍14❤5🔥2
"Ұсақ-түйек арасынан ең басты нәрсені көре білу таланты пенде біткеннің бәрінің маңдайына бұйыра бермейді. Әр құбылыстың рационалды дәнін таба білгеннен асқан көрегендік жоқ. "
👍10❤4🔥3
"Меніңше, бақыт адамға өзінің кім екенін сезінген кезде келеді.
Мынау тылсым жаратылысты, қала берді, жұмбағы көп адамды зерттей білмеу — босқа өмір сүргенмен бірдей."
Мынау тылсым жаратылысты, қала берді, жұмбағы көп адамды зерттей білмеу — босқа өмір сүргенмен бірдей."
❤25👍7🔥3
"Адамдардың жеке дамуына кедергі келтіретін бір жаман әдет — өмірінде бірінші рет естіп тұрған нәрсені бұрыннан білетін кісі сияқты ыңғай танытып тұратынында. Дәлірек айтсам, бұған дейін білмегенімізді сұрауға құлшынбайтынымыз былай тұрсын, соны қазір ғана білгенімізді мойындауға арланамыз.
Бізге осы дерттен тезірек арылу керек."
Бізге осы дерттен тезірек арылу керек."
❤21👍12🔥3
"Көп адамның трагедиясы — өмірден ләззат ала білмеуінде.
Ондай адамдар өмір бойы қызмет қуады. Атақты болу үшін арпалысып өтеді. Айналып келгенде осының бәрі ләззаттан бұрын жанталас екенін кеш ұғады.
Басқалардан ерекше көрінгісі келетін олар өмірін өзінің рухани дамуына емес, қоғамда өзгелерден биік тұруға арнағанын да кейін барып түсінетіні өкінішті. Жалған намыс деген осы шығар."

👍19❤3🔥2