Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Мақал мәтелдердің 3 ші бөлімі:

Адам құлақтан азады, көңілден семіреді;

Темір сырын отта таны, адам сырын жоқта таны;

Халық ханға бағынғанда – бала, ашуланғанда – әке;

Көпті жылатқан көп жүрмес;

Дәрі шөптен, ақыл көптен;

Көп құмырсқа жабылса, түйені де өлтірер;

Кілемге бергісіз алаша бар, ханға бергісіз қараша бар;

Таста тамыр жоқ, Төреде бауыр жоқ;

Әмірші есірсе, әлеумет сорлайды;

Атасыз ұлдың аузы үлкен;

Атадан бала озбайды, мойыннан жаға озбайды;

Он бала бір әкеге жүк болмайды, бір әке он балаға жүк болады;

Анаңнан емген сүт үшін нағашыңды сыйла, балаң емген сүт үшін әйеліңді сыйла;

Ұлыңа ұлтарақ бол, келініңе көпшік бол;

Баланы ақырып үйретпе, ақырын үйрет;

Жұрттан Сүлеймен туады, бізден сілейген туады;

Балаға айтқан сөз – байлаусыз бұзау;

Еркенің жасы кеппес, жорғаның тері кеппес;

Қазанның қайнағанын қара, баланың ойнағанын қара;

Інінің жолы тас қару, ағаның жолы басқару;

Аға ұрар болса, іні тұрар болсын;


➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖
@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥10❤6👍6💘2
🌷 Махаббат бір аққу құс емес пе: өзі де сәнді, әні де сәнді. Дүниеде аққудан әдемі құс бар ма? Сондай-ақ махаббаттан әдемі, одан қымбат адамға сезім бар ма?

✍️ І.Есенберлин
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤23👍9🔥3
➖Мен әлемнің барлық тілінде үндемей тұра аламын.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁52❤11👍7🔥2🤯1💯1
Әйелді үнемі үйде, төрт қабырға ішінде қамап ұстау бұл "қызғаныш" емес бұл — қатігездік. Бұл — надандық. Әйелді әрқашан ері емес, бойындағы ары ұстайды.

Ал, әйелге күйеуінің әр сөзі мен ісін аңду, орынсыз айыптау — бұл да қызғаныш емес. Бұл — Ерігу. Бұл — Мақсатсыздық.

Әр (дұрыс) қызғанудың артында меніңше мейірім тұрса керек — нәпсі емес.

✍️ @ilyasgo
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤46👍9👏5
⭐️ Әскері мықты қамал алынбайды,
Реакциясы мықты канал жабылмайды.

*Телеграм мақалы 😁
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍68🤣26😁22🔥15❤5🎉4👏3💯3🤯1🕊1🆒1
📚 Хал Элродтың "Таң шапағаты" кітабы 2012 жылдан бері миллиондаған адамның таңы мен өмірі өзгеруіне ықпал етіп келеді. "Таң шапағатындағы" Life S.A.V.E.R.S әдісі арқылы жұрт мансап бастап, мақсатына жетіп, армандары орындалады.
Кітап ұлы адамдардың сөздерін арқау ете отырып, тұлғалық даму бағытында жазылған.
📖 Бет саны: 249.

➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12❤2🔥1
24 айда бөліп төлеймін деп умраға баратындардың сауабы қалай болады екен, 24 айдан кейін келмей ме екен? ))
👍18😁11
"Иеее, жігіттер!" - деді имам шәкірттеріне ақырын көз салып:

"Так что... Ақшаның бұл 5 күндік өмірде дым мәнісі жоқ екен, сондықтан оған аса құмар болмаңдар" деді де, өзінің су жаңа лексус 570 автокөлігіне отырып кетті.
🤣53😁10👍5❤3🤨2👏1
Мақал мәтелдер 4 ші бөлім:

🧠 Тебісіп жатсаң да теңің болсын;

Кемер белбеу – бел сәні, Кемел жігіт – ел сәні;

Біз де кісі болармыз, атқа кісен салармыз;

Көп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол;

Қызды жеңге, жеңгені теңге бұзады;

Әйелінен ұялған баласыз өтеді;

Ері жоқ әйел – ескегі жоқ қайық, әйелі жоқ еркек – ауыздығы жоқ ат;

Екі әйелдің басы қосылса, үшінші әйелдің соры;

Үлкен үйге не керек, кіші үйге де сол керек;

Сұлу алған жолдасынан айрылар;

Сыланайын десем байдан қорқам, сыланбайын десем тоқалдан қорқам;

Отты жастығың өтпей отау тік;

Құданың тайын алғың келсе, құлынды биесін сұра;

Қонақ алдымен қабағыңа қарайды, содан кейін табағыңа қарайды;

Қонағыңның алдында мысығыңа «пыш» деме;

Заманың қандай болса, бөркіңді солай ки;

Қыз құшпаған ер арманда, қызғалдақ жемеген қозы арманда;

Бұхарада боқ шоқыған ала қарға мұнда келіп жылқышы болыпты;

Күшті қауіпті емес, кекшіл қауіпті;

Екі қылыш бір қынапқа сыймас;

Бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірер;

Жолбарыстың артында тері, батырдың артында елі қалар;

Шөлдің қамысы болмас, жаманның намысы болмас;

Үлкен пышақ ұялғаннан өтеді;

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18❤9👏1
Ол Астанадан бизнес ашып оны дұрыс жүргізуді үйренді, кейін сомалётпен ұшып, парашютпен секіріп түсуді үйренді, кейін су астында балық секілді ұзааақ жүзуді үйренді де, бірақ, сол пашамайт адам болуды ұмытып кетті.
🤣51👍6💔4🆒3❤2🥰1🤨1
— "Бәрі жақсы болады әлі"- деді күйеуі ақырын жымиып.

— "Ой, сорлы ау! Дәл осылай айтып жүргеніңе он жылдан асты ғой жалмауыз! - деді әйелі жақтырмай.
🤣45🔥3👍2❤1👏1😁1💯1
Тамақтан, қимылда, ұйықта.pdf
1.2 MB
📖 Бұл кітапта қарапайым, қауіпсіз әрі тәжірибе жүзінде жеңіл түрде іске асырылатын бірнеше идея ұсынылады, бір қарағанда күрделі көрінетін мәселелерді шешудің жеңіл нұсқалары айтылады, тамақтану, ұйықтау және күнделікті қимыл-қозғалысты бірлестіре отырып, өмір сүру ережелерін жеңілдетуге таптырмайтын кеңестер ұсынылады.

✍️ Том Рат
📚 Тамақтан, қимылда, ұйықта

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18❤5
— Интернеттің арқасында қағаз кітаптардың қажеті жоқ!

— Лифт қаншалықты ыңғайлы болса да, қасынан баспалдақ салыну ешқашан ұмытылған емес.

🍀🍀🍀🍀🍀🍀🍀🍀🍀🍀🍀

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍61❤17😍6👏4🔥2
✅ Мұхаммед Әлидің осы сөздерін, мәңгі есте сақтауға болады :

Егер сізде ақша болмаса, бәрі сіздің отбасыңыздың тамағы себепті кетіп жатқан болса, сіз кедей емессіз.

Тек мықты адам ғана отбасын асырау үшін кез келген жұмысқа дайын болады.

Шынайы күш - сіздің алғаныңыздан кейін емес, сіз жақсы көретін адамдарыңыз үшін беруге дайын болғаннан кейін ғана келеді.

#жігіттергемотивация

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤53👍11❤‍🔥2🥰2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бұл да бір ғажайып әлем 🕊
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤47👍10❤‍🔥7🕊3
Франц Кафка, Фридрих Ницше, Э. Ремарк, Л. Толстой, Р. Киосаки, А. Новоий, Достоевскийлерді оқып келіп, өзіміздің қазақ классиктерімізді оқығанда құдды бір көрші аталарды тыңдап келіп, кейін өз атамызды тыңдағандай күй кешесің.

Өзгелердің атасы жақсы ғой әрине — бірақ өз атаңа кім жетсін ?! ☺️ 📚 🇰🇿

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥰29❤17👍9👏3🔥2
— "Адамзаттың бәрін сүй"

© Абай

— "Тек мені ғана сүй"

© Айгүл
🤣68😁9❤5👍5