ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.26K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.46K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
KMG International Петромидия мұнай өңдеу зауытының резервуар паркін жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда

🏢Компания 2026 жылы бес резервуардың күрделі реконструкциясы мен жаңғырту іс-шараларын жүргізуде.

▪️Биыл аяқталған негізгі жобалардың бірі – дизель отынын шығару кезінде қолданылатын дистилляттарды сақтауға арналған резервуарды ауыстыру болды. Заманауи технологиялық жүйелермен және қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған жаңа резервуар бой көтерді. Осылайша, нысанның сыйымдылығы 5 мың текше метрден 6 мың текше метрге дейін өсті.

▪️Сонымен қатар бензин сақтауға арналған резервуардың сыйымдылығын 5 мың текше метрден 6 мың текше метрге дейін, ал дизель отыны мен компоненттерін сақтауға арналған екі резервуардың әрқайсысын 10 мың текше метрден 12 мың текше метрге дейін ұлғайту көзделген.

▪️Бұдан бөлек, сыйымдылығы 57 мың текше метр шикі мұнайды сақтауға арналған резервуарды жаңарту жұмыстары жүріп жатыр, бұл нысанның өндірістік процестің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызы зор.

🏗️Жобаларды іске асыру барысында қауіпсіздік мәселелеріне ерекше ден қойылған. Әр нысанның жұмыстарына 100-ге жуық маман жұмылдырылған.

✔️Жаңғырту іс-шаралары кезінде арнайы домкраттардың көмегімен құрылымдарды гидравликалық көтеру технологиясы қолданылады. Бұл әдіс резервуардың монтажын шатырдан және қабырғаның жоғарғы жақтарынан бастап жүргізуге мүмкіндік беріп, биікте орындалатын жұмыс көлемін едәуір азайтады, персоналдың қауіпсіздік деңгейін арттырады және құрылыс мерзімін оңтайландырады.

✔️Бұл жобалар кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымын дамытудың ұзақмерзімді бағдарламасы аясында қолға алынды. Зауыттың барлық резервуар паркін жаңғырту нәтижесінде шикізат пен мұнай өнімдерін сақтаудың жалпы көлемі 20% ұлғаятын болады, сондай-ақ технологиялық процестердің сенімділігі мен оларды пайдалану тиімділігі артады.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥2❤1
KMG International продолжает модернизацию резервуарного парка НПЗ Петромидия

🏢Компания в текущем году проводит капитальную реконструкцию и модернизацию пяти резервуаров.

▪️Одним из ключевых проектов, завершенных в текущем году, стала замена резервуара для хранения дистиллятов, используемых в производстве дизельного топлива. Был построен новый резервуар, оснащенный современными технологическими системами и средствами безопасности. Таким образом, емкость резервуара увеличилась с 5 тыс. до 6 тыс. куб.м.

▪️Помимо этого, предусматривается увеличение емкости резервуара для хранения бензина с 5 тыс. до 6 тыс. куб.м., а также двух резервуаров для хранения дизельного топлива и компонентов с 10 тыс. до 12 тыс. куб.м каждый.

▪️Одновременно ведется модернизация резервуара для хранения сырой нефти емкостью 57 тыс. куб.м, который играет важную роль в обеспечении стабильности производственного процесса.

🏗Особое внимание в ходе реализации проектов уделяется вопросам безопасности. На каждом объекте задействовано около 100 специалистов.

✔️При модернизации применяется технология гидравлического подъема конструкций с использованием специальных домкратов. Такая технология позволяет выполнять монтаж резервуара начиная с крыши и верхних поясов стенки, существенно сокращая объем высотных работ, повышая уровень безопасности персонала и оптимизируя сроки строительства.

✔️Проекты являются частью долгосрочной программы развития производственной инфраструктуры предприятия. В результате модернизации всего резервуарного парка завода общая емкость хранения сырья и нефтепродуктов увеличится на 20%, а также будет повышена надежность технологических процессов и эффективность их использования.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤3🔥2
ҚМГ және Samsung E&A ынтымақтастық перспективаларын қарастырды

📌Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Samsung E&A» компаниясының басшысы Хонг Намкунгпен кездесті.

🗣Тараптар мұнай өңдеу секторындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын қарастырды. Атап айтқанда, кореялық компанияның Қазақстандағы мұнай өңдеу кәсіпорындарын жаңғыртуға қатысу мүмкіндіктері талқыланды.

🔺Кездесуде «Samsung E&A» компаниясының мұнай өңдеу, мұнай химиясы және энергетика саласындағы ірі жобаларды іске асыру бойынша мол тәжірибесі атап өтілді. Бұл ретте ҚМГ озық технологияларды енгізу үшін бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық танытты.

🟦Келіссөз соңында тараптар негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Анықтама:
«Samsung E&A Co., Ltd.» - 1970 жылы құрылған, Samsung Group құрамына кіретін Оңтүстік Кореяның жетекші инженерлік және EPC компаниясы. Негізгі қызмет бағыттары – мұнай өңдеу мен мұнай химиясы. «Samsung E&A» 48 елде жұмыс істейді және Таяу Шығыс, Азия, Еуропа мен АҚШ-та 1000-нан астам жобаны жүзеге асырды.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5❤2👍1
КМГ и Samsung E&A рассмотрели перспективы взаимодействия

📌В Астане председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов встретился с главой компании «Samsung E&A» Хонг Намкунгом.

🗣Рассмотрены перспективы двустороннего сотрудничества в переработке. В частности, обсуждены возможности участия корейской компании в модернизации действующих нефтеперерабатывающих предприятий в Казахстане.

🔺На встрече отмечен значительный опыт «Samsung E&A» по реализации крупных проектов в сфере нефтепереработки, нефтехимии и энергетики. При этом особый интерес для КМГ представляет совместная работа в области внедрения передовых технологий.

🟦В заключение стороны выразили готовность расширять сотрудничество по ключевым направлениям.

Справочно:
«Samsung E&A Co., Ltd.», основанная в 1970 году, является ведущей южнокорейской инжиниринговой и EPC-компанией, входящей в состав Samsung Group. Основными направлениями деятельности являются нефтепереработка и нефтехимия. «Samsung E&A» присутствует в 48 странах и реализовала более 1 000 проектов в государствах Ближнего Востока, Азии, Европы и США.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👍2❤1
Силлено пиролиз қондырғысына арналған ірі габаритті жабдықтардың алғашқы партиясын жеткізуді аяқтады

🗣Бұған дейін Қазақстанға теңіз жолымен полиэтилен өндіретін Силлено зауытына арналған тоғыз бірлік ірі габаритті жабдық жеткізілген болатын. Жүк Маңғыстау облысындағы Ерсай портына, одан әрі арнайы автокөлікпен Атырау облысына тасымалданды. Ерсай портынан құрылыс алаңына дейінгі маршруттың ұзындығы 878 км құрады.

⚡️Алғашқы теңіз партиясына жалпы салмағы шамамен 12 мың тонна болатын реакторлар, сепараторлар және колонналар кірді.

✔️Жабдықты Ерсай портынан құрылыс алаңына жеткізу екі кезеңмен жүзеге асырылды. Жүктің бірінші бөлігі алаңға 2026 жылғы шілдеде, екінші бөлігі қыркүйекте жеткізілді.

✔️Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, қазіргі уақытта болашақ зауыттың құрылыс алаңында жұмыстардың келесі кезеңіне — алаңға алғашқы жеткізілген ірі габаритті жабдықты монтаждауға дайындық жүргізілуде. Оның биіктігі 101,8 м, диаметрі 7,5 м, ал салмағы шамамен 1 500 тонна. Қазақстандық «АтырауНефтеМаш» зауытында жасалған пиролиз қондырғысының фракциялау бағанасын монтаждау үшін құрылыс алаңына 4 000 тоннаға дейін жүкті көтеруге қауқарлы әлемдегі ең ірі шынжыр табанды крандардың бірі жеткізілді. Кран құрылыс алаңында құрастырылды.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7❤4👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Силлено завершило доставку первой партии крупногабаритного оборудования для установки пиролиза
 
🗣Ранее в Казахстан морским путем прибыли девять единиц крупногабаритного оборудования, предназначенного для завода Силлено по производству полиэтилена. Груз был доставлен в порт Ерсай в Мангистауской области, откуда специальным автотранспортом перевозился в Атыраускую область. Протяженность маршрута от порта Ерсай до строительной площадки составила 878 км.
 
⚡️Всего в первую морскую партию вошли реакторы, сепараторы и колонны общей массой около 12 тысяч тонн.
 
✔️Доставка оборудования из порта Ерсай на строительную площадку осуществлялась в два этапа. Первая часть груза прибыла на площадку в июле 2026 года, вторая — в сентябре.
 
✔️Как мы ранее сообщали, на строительной площадке будущего завода ведется подготовка к следующему этапу работ — монтажу ранее прибывшего крупногабаритного оборудования высотой 101,8 м, диаметром 7,5 м и массой около 1 500 тонн. Для монтажа фракционной колонны установки пиролиза, изготовленной на казахстанском заводе «АтырауНефтеМаш», на строительную площадку доставлен один из крупнейших в мире гусеничных кранов максимальной грузоподъемностью 4 000 тонн. Сборка крана выполнена непосредственно на площадке.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍5🔥5
«ҚазТрансОйл» «Өзен – Атырау – Самара» мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау тиімділігін арттырды

🗣ҚМГ-ның еншілес ұйымы – «ҚазТрансОйл» АҚ «Өзен – Атырау – Самара» мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау тиімділігін арттырды.

🎺 Бірнеше жыл бойы компания «Жетібай - Өзен - Атырау» учаскесінде келіп түсетін шикізаттың физика-химиялық және реологиялық қасиеттерін ескере отырып, мұнай қабылдау үдерісін оңтайландыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізді. Бұл өңдеу және тасымалдау үшін оңтайлы сипаттамалары бар мұнай қоспасын алуға мүмкіндік ашты.

▪️Қазіргі уақытта жаңа тәсіл өз нәтижесін берді. Атырау мұнай өңдеу зауытына жөнелтілетін мұнайдың сапасы айтарлықтай жақсарды: 20°C температурадағы тығыздығы 860-тан 850 кг/м³-ге дейін төмендеді, ал күкірт мөлшері 0,6%-дан 0,2%-ға дейін азайды. Келіп түсетін шикізат сапасының жақсаруы зауыттың технологиялық жабдықтарының тұрақты жұмыс істеуіне және өндірілетін мұнай өнімдерінің тауарлық сипаттамаларының жақсаруына ықпал етті.

▪️«Атырау – Самара» экспорттық бағытында мұнай қоспасының қату температурасын жоғалтуы +20°C-тан −3°C-қа дейін төмендеді. Бұл тасымалдау сенімділігін едәуір нығайтып, мұнай құбырының ықтимал тоқтап қалуы кезіндегі тәуекелдерді жоюға және мұнайды қыздыру қажеттілігін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.

✔️Мұнай қоспасының құрамын оңтайландыру мұнайды қыздыру үшін пайдаланылатын табиғи газ шығыны да айтарлықтай қысқарды. 2022–2025 жылдары үнемделген газ көлемі 34,573 млн м³ құрады, ал жалпы қаржылық тиімділік 800 млн теңгеден асты.

✔️Қолға алынған технологиялық шешімдер жеткізілетін шикізаттың сапасын арттыруға, оны тасымалдау жағдайларын оңтайландыруға, экспорттық бағыттың тұрақтылығын нығайтуға және шығындарды азайтуға мүмкіндік берді. «ҚазТрансОйл» тиімді мұнай тасымалдау инфрақұрылымын дамытуға бағытталған технологияларды жетілдіру жұмыстарын жалғастырады.

⚙️Айта кетейік, бұған дейін «Өзен – Атырау – Самара» мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау үнемі жоғары температураны ұстап тұруды талап ететін. Мәселен, Маңғыстау мұнайы құрамындағы күкірт мөлшерінің төмендігімен ерекшеленеді, алайда оның қату температурасын жоғалтуы +30°C-қа дейін жетеді. Ал Бозашы мұнайы тұтқырлығының жоғарылығымен және аққыштығын жоғалту температурасының −21°C дейін төмен болуымен сипатталады. Мұнай құбырының бүкіл бойында қажетті температуралық режимді сақтау сенімді әрі тұрақты тасымалдауды қамтамасыз етудің маңызды талабы болды.

Анықтама:
«Өзен – Атырау – Самара» мұнай құбыры – еліміздің батыс өңіріндегі кен орындарынан өндірілген мұнайды отандық мұнай өңдеу зауыттарына, сондай-ақ одан әрі әлемдік нарықтарға шығатын экспорттық бағыттар бойынша тасымалдауды қамтамасыз ететін Қазақстанның негізгі магистральдық мұнай құбырларының бірі. Ол 1978 жылы пайдалануға берілді. Мұнай құбырының Қазақстан аумағындағы бөлігінің ұзындығы 1238 шақырымды құрайды.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🔥3❤2
КазТрансОйл повысил эффективность транспортировки нефти по нефтепроводу «Узень – Атырау – Самара»
 
🗣Дочерняя организация КМГ – АО «КазТрансОйл» повысило эффективность транспортировки нефти по нефтепроводу «Узень – Атырау – Самара».
 
🎺 В течение нескольких лет компания вела комплексную работу по оптимизации приема нефти на участке «Жетыбай – Узень – Атырау» с учетом физико-химических и реологических свойств поступающего сырья. Это позволило получить нефтесмесь с оптимальными характеристиками для переработки и транспортировки.
 
▪️Новый подход уже дал результат. Качество нефти, поступающей на Атырауский НПЗ, заметно улучшилось: плотность при 20°C снизилась с 860 до 850 кг/м³, а содержание серы сократилось с 0,6% до 0,2%. Улучшение качества поступающего сырья способствовало более стабильной работе технологического оборудования НПЗ и улучшению товарных характеристик выпускаемых нефтепродуктов.
 
▪️На экспортном направлении «Атырау – Самара» температура потери текучести нефтесмеси уменьшилась с +20°C до −3°C. Это существенно повысило надежность транспортировки, исключило риски при возможных остановках нефтепровода и позволило значительно сократить потребность в подогреве нефти.
 
✔️Оптимизация состава нефтесмеси позволила также значительно сократить расход природного газа, используемого для подогрева нефти. За 2022–2025 годы экономия газа составила 34,573 млн м³, а совокупный финансовый эффект превысил 800 млн тенге.
 
✔️Реализованные технологические решения позволили повысить качество поставляемого сырья, оптимизировать условия его транспортировки, укрепить устойчивость экспортного маршрута и снизить затраты. КазТрансОйл продолжит работу по совершенствованию технологий по развитию эффективной нефтетранспортной инфраструктуры.
 
⚙️Отметим, что ранее транспортировка нефти по нефтепроводу «Узень – Атырау – Самара» требовала постоянного поддержания высокой температуры. Так, мангышлакская нефть характеризуется низким содержанием серы, но имеет высокую температуру потери текучести до +30°C, тогда как нефть Бузачи отличается высокой вязкостью и температурой потери текучести до −21°C. Поддержание необходимого температурного режима на всем протяжении нефтепровода являлось важным условием обеспечения надежной и стабильной транспортировки.

Справочно:
Нефтепровод «Узень – Атырау – Самара» — один из ключевых магистральных нефтепроводов Казахстана, обеспечивающий транспортировку нефти с месторождений западного региона страны для поставок на отечественные нефтеперерабатывающие заводы, а также в экспортных направлениях с дальнейшим выходом на мировые рынки. Он был введен в эксплуатацию в 1978 году. Протяженность его казахстанского участка составляет 1238 километров.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🔥3⚡2
Қазақтеңізкөлікфлоты компаниясының бағдарламасы бойынша болашақ теңізшілердің екінші легі оқуын бастады

🚢 Қазақтеңізкөлікфлоты (ҚТКФ, ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы) ҚБТУ жанындағы Қазақстан теңіз академиясымен бірлесіп, отандық теңіз саласына мамандар даярлауға бағытталған білім беру бағдарламасының екінші легіне қатысушыларды іріктеуді аяқтады.

📚Болашақ он теңізші оқуына кірісті. Төрт жыл бойы курсанттар сауда кемелерінде жұмыс істеу үшін қажетті халықаралық стандарттар мен кәсіби дағдыларды меңгереді.

▪️Бағдарлама «кеме жүргізу» және «кеме механикасы» бағыттары бойынша кадрлар даярлауға арналған. Білім беру гранты оқу ақысын, жатақхана және шәкіртақы төлемдерін толық қамтиды. Сонымен қатар келешекте ҚТКФ кемелеріне жұмысқа орналастыру мүмкіндігі де қарастырылған.

▪️Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу конкурстық негізде өткізілді. Мектеп түлектері тест тапсырып, мотивациялық хат ұсынды және олармен сұхбат жүргізілді. Оқу ағылшын тілінде өтеді, сондықтан ағылшын тілін білу — міндетті талап болды.

✔️Жоба қазақстандық теңіз мамандарының жаңа буынын даярлауға және ұлттық сауда флотының кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3🔥3👍2