ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.26K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.46K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📱«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер, сала ардагерлері!

Сіздерді төл мерекеміз ‒ Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – ерекше мереке! Сіздердің қажырлы еңбектеріңізге, жоғары жауапкершіліктеріңізге және еліміздің тұрақты дамуындағы стратегиялық маңызы бар мұнай-газ саласына қосқан үлестеріңізге көрсетілген құрмет. Біз саладағы әрбір қызметкердің адал еңбегін қадірлейміз.

Отандық мұнай-газ саласының құрылғанына ғасырдан астам уақыт өтті. Сол алғашқы кезеңнің қиындығын ардагер мұнайшылар еңсерді. Олардың сара жолын жаңа буын жалғастыруда. Осы ретте ардақты ардагерлерімізге ерекше алғыс білдіремін. Сіздердің еңбек жолдарыңыз ‒ жас мамандар үшін үлгі-өнеге. Біз саланың ұлағатты ұстаздары салған дара жолды жауапкершілікпен жалғастырамыз.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында ҚазМұнайГаз ел қорын толықтыру мақсатында ауқымды геологиялық барлау бағдарламасын іске асырып жатыр. Мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, мультипликативті әсер беретін ірі мұнай-газ химиясы жобалары қолға алынды. Сондай-ақ ұлттық компания өз қызметін жүргізетін өңірлерде халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік және экологиялық жобаларды іске асыруда.

Цифрландыру және жасанды интеллект жылында ҚазМұнайГаз өндірістік тиімділікті арттыратын цифрлық шешімдерді кеңінен енгізуде.

Жалпы, барлық жетістіктердің артында біздің қызметкерлер тұр.

Ең басты құндылығымыз – адамдар. ҚазМұнайГаз компаниялар тобында мердігер ұйымдарды қоса алғанда, 80 мыңнан астам маман еңбек етіп, Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне өз үлесін қосуда.

Қадірлі мұнайшылар! Алдағы уақытта да мұнай-газ саласын өркендету жолында жұмыла қызмет ету ─ біздің ортақ мақсатымыз.

Барша мұнай-газ саласы қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға бақ-береке, жұмыстарыңызға жеміс тілеймін.


❤ ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
18❤9👍8🔥5💯3
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
✨ Ұтыс ойынымыздың нәтижесі шығып, жеңімпаздар белгілі болды!

Жеңімпаздарды құттықтаймыз:
1. Жалғас
2. Sanzhar
3. @Arysastana

Жақында сіздермен жеке чат арқылы байланысатын боламыз! 🎁

🗣Байқауға қатысқан барлық оқырманымызға алғыс білдіреміз!

***

✨ Вот и подведены итоги нашего розыгрыша, и мы рады представить победителей!

Поздравляем с выигрышем:
1. Жалғас
2. Sanzhar
3. @Arysastana

Мы свяжемся с вами через личный чат, чтобы обсудить детали получения призов! 🎁

🗣Спасибо всем за активное участие!

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4⚡2❤1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5👏2❤1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4👍2🥰1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Тарихы терең Доссор кен орнына - 115 жыл

⛽1911 жылы Доссорда алғашқы мұнай бұрқағы атқылап, Ембі кен орындарын өнеркәсіптік игеру басталды. Сонау қиын-қыстау заманда аға буын мұнайшылар еңбекке ерте араласып, қара алтынды өндіру ісінің бар ауыртпашылығын көтерді. Көліктің жоқтығынан арбамен мұнай тасып, тың кәсіпті жолға қойды. Бұл қасиетті далаға жаңа тыныс әкелді.

📇Бір ғасырдан астам уақыт ішінде доссорлық мұнайшылардың талай буыны қалыптасты. Бүгінгі жетістіктердің артында – өндірістің өркендеуіне мол үлес қосқан мыңдаған адамның маңдай тері мен еселі еңбегі жатыр.

⚙️Доссор отандық мұнай саласының қалыптасуының символына айналды. Дәл осы жерде кәсіби дәстүрлер бастау алып, заманауи мұнай өндірісінің негізі қаланды.

✔️Бүгінгі таңда Доссордың тарихы жаңа кезеңмен сабақтасқан. Ембімұнайгаз компаниясына қарасты «Доссормұнайгаз» басқармасының өзге кеніштерінде мұнай өндіру ісі жалғасуда. Өндіріс дәстүрлері сақталып, озық технологияларды қолдануға және операциялық тиімділікті арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.

✔️Қазіргі кезде Ембімұнайгаз болашаққа сеніммен қарап, өндірісін өркендетіп отырған іргелі кәсіпорын. Әлеуметтік жауапкершілігін де өз деңгейінде орындап, Атырау облысында спорт және мәдени нысандардың, медициналық орталықтардың құрылысына, мектеп жөндеу, жол салу жұмыстарына атсалысып келеді. Сонымен қатар кадрларды даярлау, соның ішінде дуалды оқыту жобасын сәтті іске асыруда.

▶️Доссордың өткені мен бүгіні, оның мұнай саласындағы орны және ұрпақтар сабақтастығы туралы деректі фильмді назарларыңызға ұсынамыз.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6⚡3🔥2🤩2💯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Казахстанская нефть: взгляд через историю и опыт

🎙В преддверии Дня работников нефтегазового комплекса мы побеседовали с видным казахстанским ученым, доктором технических наук, ветераном нефтегазовой отрасли и Лауретом Государственной премии РК им. Аль-Фараби — Евгением Кипониевичем Огаем.

🗣Его трудовой путь начался в поселке Макат Атырауской области – колыбели отечественной нефтегазовой промышленности и продолжился на месторождениях в Мангистауской области, где рождались новые технологии, опережавшие свое время.

В интервью:
➡️О детстве Е.Огая на промыслах Эмбы, куда продукты в паводок сбрасывали с самолетов
➡️Почему он мечтал стать физиком-ядерщиком, но посвятил свою жизнь нефтянке?
➡️Какие технологии и инновации, внедренные в прошлом веке, дали результат?
➡️Чем отличаются месторождения Узень и Каражанбас?
➡️О важности геологоразведочных работ КМГ и роли нефтегазовой отрасли в экономике страны.

▶️Полное интервью можно посмотреть на нашем YouTube канале.

🔗Текстовая версия доступна на сайте КМГ.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤3🔥2
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤4⚡3🔥3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🗣Бүгін кәсіби мерекеде «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында еңбек етіп жүрген білікті мұнайшы әйелдер туралы айтпақпыз. Олар геология мен мұнай өндіруден бастап, зертханалық зерттеулерге дейінгі түрлі бағыттарда жұмыс істеп келеді.

👷‍♀️Олардың кәсіби жолы мұнай-газ саласында алынбайтын қамал жоқ екенін айқын көрсетеді. Жарқын нәтижеге жетудің жолы - табанды еңбек, терең білім және мамандыққа деген шынайы сүйіспеншілік.

«Өткен күндер қайтып келсе, қай мамандықты таңдар едіңіз?» деген сауалға кейіпкерлеріміз: «Дәл осы жолды қайта таңдар едім», — деп жауап берді.


▶️Ғұмырын еліміз үшін стратегиялық маңызы зор мұнай-газ саласына арнаған әйел мұнайшылардың тағылымды еңбек жолы бейнематериалда баяндалған.

***

🗣В День профессионального праздника мы хотим рассказать о женщинах-нефтяниках группы компаний «КазМунайГаз», которые работают в самых разных направлениях — от геологии и добычи до лабораторных исследований.

👷‍♀️Их профессиональный путь — наглядный пример того, что в нефтегазовой отрасли нет нерешаемых задач, а высокие результаты достигаются благодаря упорному труду, знаниям и любви к профессии.

Спустя десятилетия, отвечая на риторический вопрос «Если бы можно было вернуть время назад, какую профессию вы бы выбрали?», наши героини признаются: «Повторили бы сначала».


▶️Предлагаем вашему вниманию истории женщин-нефтяников, посвятивших свою жизнь лишь одной, но очень важной для страны отрасли - нефтегазовому сектору.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6🔥6👏3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▶️Өндіріс. Еңбек. Жауапкершілік.

📇Бүгін ҚазМұнайГаз компаниялар тобында мыңдаған адам күнделікті еңбегімен отандық мұнай-газ саласының дамуына өз үлесін қосып келеді.

✔️Әр жетістіктің артында маңдай тер, айқын мақсат пен үлкен жауапкершілік жатыр.

✔️Мұнайды өндіру, тасымалдау және өңдеу – бір-бірімен сабақтас үш бағыт. Өндірістік тізбектің жұмысы ешқашан тоқтаған емес.

🎬Сіздердің назарларыңызға мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай түсірілген шағын фильмді ұсынамыз.

***

▶️Производство. Труд. Ответственность.

📇Сегодня тысячи сотрудников группы компаний «КазМунайГаз» своим ежедневным трудом вносят вклад в развитие отечественного нефтегазового сектора.

✔️За каждым достижением стоят упорный труд, четкая цель и большая ответственность.

✔️Добыча, транспортировка и переработка нефти — три взаимосвязанных направления. Бесперебойная работа этой производственной цепочки продолжается непрерывно.

🎬Предлагаем вашему вниманию мини-фильм, посвященный Дню работников нефтегазового комплекса.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5👏3🏆2❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ГСК құрылысында қауіпсіздіктің жаңа деңгейіне қол жеткізілді

🏗️Газ сепарациялау кешенінің құрылыс алаңында еңбекті қорғау саласындағы маңызды көрсеткіш — өндірістік жарақатсыз және жұмыс уақытын жоғалтусыз (LTI) 2 млн адам-сағат тіркеліп, қолданыстағы HSE жүйесінің тиімділігі дәлелденді.

🟦Бұл — кең ауқымды құрылыс жұмыстары басталған сәттен бері жобаның барлық қатысушысы, яғни KMG PetroChem қызметкерлері, мердігер және қосалқы мердігер ұйымдардың жоғары қауіпсіздік мәдениеті мен үйлесімді жұмысының нәтижесі.

🟦Бүгінде алаңда 2 800-ден астам маман еңбек етеді, олардың 77% — Атырау облысының тұрғындары.

✔️Қауіпсіздік мәселесі Қазақстандағы ең ірі газ-химия жобаларының бірін жүзеге асырудың барлық кезеңінде KMG PetroChem үшін басты басымдық болып қала береді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥8👍4❤3
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
ГСК құрылысында қауіпсіздіктің жаңа деңгейіне қол жеткізілді 🏗️Газ сепарациялау кешенінің құрылыс алаңында еңбекті қорғау саласындағы маңызды көрсеткіш — өндірістік жарақатсыз және жұмыс уақытын жоғалтусыз (LTI) 2 млн адам-сағат тіркеліп, қолданыстағы HSE…
На строительстве ГСК достигнут новый рубеж безопасности

🏗️На строительной площадке Газосепарационного комплекса зафиксирован важный показатель в области охраны труда — 2 млн человеко-часов без производственных травм с потерей рабочего времени (LTI), что подтверждает эффективность действующей системы HSE.

🟦Это результат высокого уровня культуры безопасности, общей дисциплины и слаженной работы всех участников проекта — сотрудников KMG PetroChem, подрядных и субподрядных организаций с момента начала полномасштабного строительства.

🟦Сегодня на площадке трудятся свыше 2 800 специалистов, более 77% из которых — жители Атырауской области.

✔️Отметим, что безопасность остается безусловным приоритетом для KMG PetroChem на всех этапах реализации одного из крупнейших газохимических проектов Казахстана.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥8❤5👍2