ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.26K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.46K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
ҚазМұнайГаз және Өзбекнефтегаз «Жарқын» геологиялық барлау жобасы бойынша келісімге қол қойды
 
🗣Бүгін Ташкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мен «Өзбекнефтегаз» АҚ (ӨНГ) арасында «Жарқын» жобасы бойынша қағидаттар туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

✍️Құжатқа ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов және ӨНГ Басқарма төрағасы Баходиржон Сидиков қол қойды.

🔎Жарқын учаскесі Маңғыстау облысында орналасқан. Бұдан бұрын ҚМГ жер қойнауын геологиялық зерттеу аясында бұл учаскеде 1 275 бойлық километр көлемінде 2D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізген болатын, оның нәтижелері бойынша перспективті құрылымдар анықталды. Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес ҚМГ мен ӨНГ әрқайсының тереңдігі 2000 м болатын 2 барлау ұңғымасын бұрғылауды жоспарлап отыр.

✔️«Жарқын» — екі елдің ұлттық мұнай-газ компанияларының геологиялық барлау саласындағы алғашқы бірлескен жобасы. Бастама Қазақстан мен Өзбекстанның энергетикалық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталып отыр. Қол қойылған келісім жоба бойынша стратегиялық серіктестіктің негізгі талаптарын айқындайды. ҚМГ мен ӨНГ жобаны 50/50 паритеттік негізде жүзеге асыруға келісті. Бұл ретте барлау кезеңін өзбек тарапы қаржыландырады.

✔️Жалпы, ҚазМұнайГаз геологиялық барлау бағытындағы жұмыстарды өз күшімен және халықаралық серіктестермен бірлесе отырып, жан-жақты дамытуда. Айта кетсек, әлемдік инвесторлар тарапынан Қазақстандағы геологиялық барлау жобаларына деген қызығушылық ҚМГ жүргізген роуд-шоудың және жер қойнауын геологиялық зерттеу аясында батыс өңірлерде жүргізілген озық сейсмикалық зерттеулердің арқасында күшейе түсті.
 
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3💯3👏2🔥1
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
ҚазМұнайГаз және Өзбекнефтегаз «Жарқын» геологиялық барлау жобасы бойынша келісімге қол қойды   🗣Бүгін Ташкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мен «Өзбекнефтегаз»…
КазМунайГаз и Узбекнефтегаз подписали соглашение по геологоразведочному проекту «Жаркын»
 
🗣Сегодня в г.Ташкент в рамках государственного визита Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Республику Узбекистан состоялось подписание Соглашения о принципах по проекту «Жаркын» между АО НК «КазМунайГаз» (КМГ) и АО «Узбекнефтегаз» (УНГ).

✍️Документ подписали председатель Правления КМГ Асхат Хасенов и председатель Правления УНГ Баходиржон Сидиков.

🔎Участок Жаркын расположен в Мангистауской области. Ранее в рамках геологического изучения недр КМГ провёл на этом участке 2D сейсморазведку в объёме 1 275 погонных км, по результатам которой выделены перспективные структуры. Согласно достигнутым договоренностям КМГ и УНГ планируют бурение 2 разведочных скважин глубиной 2000 м каждая.

✔️«Жаркын» — первый совместный проект национальных нефтегазовых компаний двух стран в геологоразведке. Инициатива направлена на укрепление энергетического сотрудничества Казахстана и Узбекистана. Подписанное соглашение определяет основные условия стратегического партнерства по проекту. КМГ и УНГ договорились об осуществлении проекта на паритетной основе 50/50, при этом финансирование периода разведки обеспечит узбекская сторона.

✔️В целом, КазМунайГаз активно развивает геологоразведку, как собственными силами, так и с привлечением международных партнеров. Отметим, что интерес со стороны мировых инвесторов к геологоразведочным проектам в Казахстане усилился благодаря проведенному КМГ роуд-шоу и опережающим сейсмическим исследованиям в западных регионах в рамках геологического изучения недр.
 
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🤝3👏2🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🧶«Тоқыма» тренд: жасанды интеллектінің көмегімен әзірленген ерекше форматтағы бейнематериалды ұсынамыз!

«Өзенмұнайгаз» АҚ

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤5🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❄️ Ақ ұлпаға оранған Қаламқас
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3🤝2
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🔥4❤3😍2
⚡️Өткен аптаның басты оқиғалары — #KMGapta топтамасында

➡️ Биылғы он ай ішінде Алтай мен Алатау танкерлері 2,5 млн тоннадан астам мұнай тасымалдады;

➡️ ҚМГ мен LanzaJet Қазақстанда тұрақты авиаотын өндіру жөніндегі жобаны одан әрі іске асыру барысын талқылады;

➡️ Еңбек адамы: Ерғали Қойшығұлов — «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның cкважиналарға қызмет көрсету басқармасында жанар-жағармай аппаратының слесарі;

➡️ ҚазМұнайГаз және Транснефть алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады;

➡️ Айбол Бижанов «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС бас директоры болып тағайындалды;

➡️ Жетібай кен орнында слесарь мен операторларға арналған жаңа үй-жайлар салынды;

➡️ Жарқын болашақ: Ана тілін ұлықтау жастардың арманы;

➡️ «Кендірлі» теңіз суын тұщыту зауыты өндірістік қуатына шықты;

➡️ ҚазМұнайГаз бен Өзбекнефтегаз серіктестікті кеңейту жоспарларын қарастырды;

➡️ Ұңғыма басындағы өмір — адал еңбектің бейнесі;

➡️ Қара алтын өндірісі бұрғылау алаңынан басталады;

➡️ ҚазМұнайГаз және Өзбекнефтегаз желілік алкилбензол өндіру жөніндегі жобаны жүзеге асыру туралы негіздемелік келісімге қол қойды;

➡️ ҚазМұнайГаз және Өзбекнефтегаз «Жарқын» геологиялық барлау жобасы бойынша келісімге қол қойды;

➡️ «Тоқыма» тренд: «Өзенмұнайгаз» АҚ;

➡️ Ақ ұлпаға оранған Қаламқас — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ;

➡️ «Тоқыма» тренд: «Қаражанбасмұнай» АҚ.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
⚡️Ключевые события недели — в подборке #KMGapta

➡️ За десять месяцев 2025 года танкеры Алтай и Алатау перевезли более 2,5 млн тонн нефти;

➡️ КМГ и LanzaJet обсудили дальнейшую реализацию проекта по производству устойчивого авиатоплива в Казахстане;

➡️ Геологический банк: ценность кернохранилищ;

➡️ КазМунайГаз и Транснефть обсудили вопросы дальнейшего сотрудничества;

➡️ Айбол Бижанов назначен генеральным директором ТОО «КМГ-Кумколь»;

➡️ На месторождении Жетыбай построены современные слесарные и операторские помещения;

➡️ Опреснительный завод морской воды Кендерли вышел на производственную мощность;

➡️ КазМунайГаз и Узбекнефтегаз рассмотрели планы расширения партнерства;

➡️ КазМунайГаз и Узбекнефтегаз подписали Рамочное соглашение о реализации проекта по производству линейного алкилбензола;

➡️ КазМунайГаз и Узбекнефтегаз подписали соглашение по геологоразведочному проекту «Жаркын».

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚМГ басшысы Эстонияның іскерлік топтар өкілдерімен ынтымақтастық әлеуетін талқылады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Tallinna Masinatehas OÜ» компаниясының бас директоры Вадим Мартыновпен кездесті.

🗣Тараптар ынтымақтастық перспективаларын, соның ішінде Қазақстан аумағында өндірісті локализациялау мәселелерін талқылады.

🔜А.Хасенов атап өткендей, елімізде жергілікті қамтуды ұлғайту және тауарларды оқшаулау — ҚМГ-ның стратегиялық міндеттерінің бірі. Бұл ретте компания үшін мұнай-газ саласына арналған сапалы жабдықтарды отандық кәсіпорындарда өндірумен қатар, озық технологияларды енгізу, мамандарды даярлау және сервистік құзыреттерді дамыту да аса маңызды.

✔️Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық маңызды бағыт бойынша өзара тиімді серіктестікті нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Анықтама:
«Tallinna Masinatehas OÜ»
(Таллин машина жасау зауыты) 1865 жылы негізі қаланған. Бүгінде Балтық елдері аймағындағы ауаны салқындату аппараттарының ең ірі өндірушісі болып саналады. Компанияның түрлі жылу алмасу жүйелері мен басқа жабдықтарды әзірлеу мен жасау саласында мол тәжірибесі бар.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🤝2⚡1
Глава КМГ обсудил потенциал сотрудничества с представителями деловых кругов Эстонии

Председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» (КМГ) Асхат Хасенов встретился с генеральным директором «Tallinna Masinatehas OÜ» Вадимом Мартыновым.

🗣Обсуждены перспективы сотрудничества, в том числе вопросы локализации производства на территории Казахстана.

🔜Как отметил А.Хасенов, увеличение местного содержания и локализация товаров на территории нашей страны являются стратегической задачей КМГ. При этом для компании важен не только выпуск качественного оборудования для нефтегазового сектора на отечественных предприятиях, но и внедрение передовых технологий, обучение специалистов, развитие сервисных компетенций.

✔️По итогам встречи стороны выразили готовность к укреплению взаимовыгодного сотрудничества по всем важным направлениям.

Справочно:
«Tallinna Masinatehas OÜ»
(Таллинский машиностроительный завод), основанный в 1865 году, на сегодня является крупнейшим производителем аппаратов воздушного охлаждения в Балтийском регионе. Компания обладает широкими компетенциями в разработке и производстве различного теплообменного и иного оборудования.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🤝3❤2🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҚазМұнайГаз Маңғыстау облысындағы мұғалімдерді дамыту жобасына қолдау көрсетті

↗️«Daryn Joly» қайырымдылық жобасы Жаңаөзендегі педагогтердің біліктілігін және кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған. Биыл қазан айынан бастап 176 мұғалім сегіз пән бойынша оқудан өтіп жатыр. Әр пәннен 22 ұстаз таңдалды.

🗣Жоба осы оқу жылы бойы жалғасып, офлайн мен онлайн форматтарында өтеді. Іс-шара аясында мұғалімдер кәсіби және әдістемелік дағдыларын жетілдіріп, тәжірибе алмасуға және өз мектептеріндегі оқу үдерісіне жаңа тәсілдерді енгізуге мүмкіндік алады.

💻Бағдарлама заманауи педагогикалық әдістерді, цифрлық технологияларды қолдану және инновациялық оқыту тәсілдерін қамтиды. Педагогтерді оқытуға халықаралық сертификаттары бар мамандар тартылды.

📚Сонымен қатар жобаға «Отпан» бастамасы бойынша іріктелген үш тірек мектеп те кірді. Бұл білім ордалары кәсіби даму мен тәжірибе алмасу алаңына айналады.

✔️Жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорымен серіктесе отырып, жүзеге асырылуда.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥4❤2
При поддержке КМГ запущена масштабная программа развития учителей «Daryn Joly» в Мангистауской области

↗️Благотворительный проект «Daryn Joly» направлен на повышение квалификации и развитие профессионального уровня педагогов Жанаозена. С октября текущего года 176 преподавателей города начали обучение по восьми предметным направлениям — по 22 учителя на каждое направление.

🗣Проект рассчитан на весь учебный год и включает как офлайн, так и онлайн-модули. В ходе обучения педагоги получат возможность развить профессиональные и методические навыки, обменяться опытом и внедрить современные практики в образовательный процесс своих школ.

💻Программы включают современные подходы к преподаванию, развитие педагогического мышления, использование цифровых технологий и внедрение инновационных методик обучения. В качестве тренеров привлечены эксперты с международной сертификацией.

📚В проект также включены три опорные школы, отобранные по инициативе «Отпан», которые станут площадками для профессионального роста учителей региона и обмена опытом.

✔️Проект реализуется при поддержке АО НК «КазМунайГаз», АО «Озенмунайгаз», акимата города Жанаозен в партнерстве с Международным общественным фондом «Білім-Инновация».

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6❤3👍3
🗂Тарихи дерек

🟦1899 жылы қарашада Атырау облысындағы Қарашүңгіл кен орнында Қазақстанда алғашқы мұнай алынды. №7 ұңғымадан 42 метрлік тереңдіктен мұнай бұрқағы атқылаған.

🟦Тарихи деректерге жүгінсек, мұнайды Каспий теңізінің жағалауына дейін түйемен тасымалдап, әрі қарай кемелерге тиеген.

🟦Алынған нәтижеден кейін бұл аймақта жерасты қойнауын терең зерттеу жұмыстары жүргізіле басталды. Соның жемісі ретінде 1911 жылы Доссор кен орнында мұнай табылды. Оның сапасы жоғары болғаны соншалық, ол жөнінде дүниежүзі хабардар болды. Елімізде «қара алтынды» өнеркәсіптік жолмен өндіру ісі басталды.

⬇️ Сонымен қатар 1932 жылы Ембі мұнайшылары алғаш рет 2500-2800 метрлік өте терең бұрғылауды игерді.

Фотосуретте Қарашүңгіл кен орнындағы ескерткіш.

#ҚазақМұнайыныңТарихы

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤2🔥2
🗂Историческая дата

🟦В ноябре 1899 года была добыта первая нефть в Казахстане на месторождении Карашунгул в Атырауской области. Из скважины №7 с глубины 42 метров начала фонтанировать нефть.

🟦Согласно историческим данным, нефть перевозилась на верблюдах до побережья Каспийского моря, где ее перегружали на корабли.

🟦После полученного результата в данной местности начались более расширенные исследования подземных недр. Как итог, в 1911 году на месторождении Доссор обнаружили нефть, качество которой было таким высоким, что о ней заговорили во всем мире. В стране началась промышленная добыча «черного золота».

⬇️ Также стоит отметить, что в 1932 году нефтяники Эмбы впервые освоили сверхглубокое бурение — 2500-2800 метров.

Фотография нефтепромысла Доссор, 1935 год.

#ИсторияКазахскойНефти

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥5❤3
ҚМГ басшысы Грузияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Леван Диасамидземен кездесу өткізді.

🗣Тараптар Қазақстан мен Грузия арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын қарастырды.

📌Кездесуде «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (БМТ) қызметіне ерекше назар аударылды. Ол мұнай, мұнай өнімдерін және құрғақ жүктерді ауыстырып тиеу және сақтаумен айналысады. Терминал ҚМГ еншілес компаниясы — «ҚазТрансОйл» АҚ құрылымына кіреді.

🟦Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Батуми теңіз порты арқылы жүкті аудару көлемі 6,1 млн тоннаны (2024 жылдың осындай кезеңінде — 5,5 млн тонна) құрады. Атап айтқанда:
➢ құрғақ жүктер — 1,4 млн тоннадан аса;
➢ паром жүктері — шамамен 0,3 млн тонна;
➢ контейнерлік жүк — 2,8 млн тонна;
➢ құйылмалы мұнай өнімдері — 1,5 млн тонна.

🗣ҚМГ басшысы Батуми мұнай терминалы Қазақстанның транзиттік бағыттарын кеңейтуде және Грузиямен ынтымақтастықты нығайтуда маңызы зор екенін атап өтті. БНТ-ны дамыту біздің еліміз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады және халықаралық энергетика нарығындағы позициясын күшейтеді.

✔️Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤2🔥1
Глава КМГ встретился с послом Грузии в Казахстане

В Астане состоялась встреча председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» (КМГ) Асхата Хасенова с Чрезвычайным и Полномочным послом Грузии в Казахстане Леваном Диасамидзе.

🗣На встрече стороны рассмотрели текущие вопросы и перспективы сотрудничества между Казахстаном и Грузией в нефтегазовой отрасли.

📌Особое внимание было уделено деятельности ООО «Батумский нефтяной терминал» (БНТ), который занимается перевалкой и хранением нефти, нефтепродуктов и сухих грузов. Терминал входит в структуру дочерней компании КМГ — АО «КазТрансОйл».

🟦По итогам 10 месяцев текущего года объём перевалки грузов через Батумский морской порт составил 6,1 млн тонн (за аналогичный период 2024 года - 5,5 млн тонн), из них:
➢ сухие грузы — более 1,4 млн тонн;
➢ паромный груз — порядка 0,3 млн тонн;
➢ контейнерный груз — 2,8 млн тонн;
➢ нефтеналивные грузы — 1,5 млн тонн.

🗣Глава КМГ подчеркнул, что Батумский нефтяной терминал играет ключевую роль в расширении транзитных маршрутов Казахстана и укреплении сотрудничества с Грузией. Развитие БНТ открывает новые возможности для нашей страны и усиливает ее позиции на международном энергетическом рынке.

✔️По итогам встречи стороны договорились продолжить совместную работу по укреплению стратегического партнёрства.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤2🔥1👏1
Атырауда ҚМГ компаниялар тобының жұмысшы мамандықтары арасында «KMG Skills» конкурсы басталды

🗣Атырау қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «KMG Skills» кәсіби шеберлік чемпионаты ашылды.

📇«KMG Skills» 18-21 қараша аралығында өтеді. Оған ҚМГ-ның 19 еншілес және тәуелді ұйымдарынан 100-ге жуық адам қатысады.

🟦Жарысқа 12 мамандық иелері, атап айтқанда мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор; ұңғымаларды зерттеу операторы, мұнайды дайындау жөніндегі оператор, технологиялық жабдықты жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі слесарь, электр-газбен дәнекерлеуші, электр-монтер, химиялық талдау зертханашысы, технологиялық қондырғылар операторы, компрессорлық қондырғылардың машинисі, технологиялық сорғылардың машинисі, токарь, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі слесарь сынға түседі.

🟦Бірінші кезеңде жұмысшылар өз кәсіптері бойынша практикалық тапсырмаларды орындаса, ал екінші және үшінші кезеңде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын анықтау және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша біліктіліктерін көрсететін болады.

🟦Конкурс «Ембімұнайгаз» АҚ («Жайықмұнайгаз» МГӨБ оқу-жаттығу полигоны), «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС өндірістік алаңдарында және «APEC Training Center» ЖШС оқу орталығының базасында өтеді.

📌Айта кетейік, ҚМГ жұмысшы мамандардың беделін арттыруға ерекше мән беріп келеді. «KMG Skills» байқауы қызметкерлердің кәсіби деңгейін шыңдап қана қоймай, жас мамандарды ынталандыруға және өндірістегі еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3👍2❤11
В Атырау стартовал конкурс «KMG Skills» среди рабочих профессий группы компаний КМГ

🗣Сегодня в Атырау состоялось торжественное открытие чемпионата по профессиональным навыкам «KMG Skills», организованного в целях популяризации рабочих профессий и повышения профессионального мастерства сотрудников группы компаний АО НК «КазМунайГаз».

📇«KMG Skills» пройдет в рамках «Года рабочих профессий» с 18 по 21 ноября текущего года и объединит порядка 100 участников из 19 дочерних и зависимых организаций КМГ.

🟦Соревнования пройдут по 12 профессиям — операторы по добыче нефти и газа, по исследованию скважин, по подготовке нефти, оператор технологических установок, лаборант химического анализа, электромонтер, электрогазосварщик, слесарь по контрольно-измерительным приборам и автоматике, слесарь по ремонту и обслуживанию технологического оборудования, машинисты компрессорных и технологических установок, а также токарь.

🟦Участники продемонстрируют профессиональные навыки и компетенции в рамках трех этапов: практического выполнения заданий по профессии, выявлению нарушений требований пожарной безопасности и оказанию первой медицинской помощи.

🟦Конкурсные задания пройдут на производственных площадках АО «Эмбамунайгаз» (НГДУ «Жайыкмунайгаз»), ТОО «Атырауский нефтеперерабатывающий завод» и на базе учебного центра ТОО «APEC Training Center».

📌Отметим, что КМГ уделяет особое внимание повышению престижа рабочих профессий. Конкурс «KMG Skills» не только способствует укреплению профессионального уровня сотрудников, но и мотивирует молодых специалистов, а также повышает производительность труда на производстве.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8🔥3👍22