ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.27K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.45K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
ҚазМұнайГаз бен Өзбекнефтегаз серіктестікті кеңейту жоспарларын қарастырды

Ташкент қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Өзбекнефтегаз» АҚ (ӨНГ) Басқарма төрағасы Баходиржон Сидиковпен кездесті.

🗣Тараптар геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық жоспарларын талқылады. Қазіргі уақытта ҚМГ және ӨНГ жұмыс тобы Қазақстандағы перспективті барлау учаскелері бойынша геологиялық-техникалық деректерді зерделеп жатыр.

✔️Кездесуде мұнай-газ химиясының әлеуеті, атап айтқанда желілік алкилбензол (ЖАБ) өндірісін құру мүмкіндігі қарастырылды.

💻Сонымен қатар ҚазМұнайГаз, Өзбекнефтегаз, SOCAR және Татнефть компаниялары арасында жасалған төртжақты меморандумды орындау аясындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік, цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы бірлескен іс-шаралар мен тәжірибе алмасу жөнінде сөз болды.

— ҚазМұнайГаз Өзбекнефтегаз компаниясымен өзара тиімді барлық бағыт бойынша серіктестікті кеңейтуге ерекше мән береді. Өзбек әріптестермен ортақ жобаларды іске асыру өңірдің энергетика саласының дамуына, мұнай-газ кешенінде озық технологияларды енгізуге және екі елдің ұлттық экономикасын нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін, — деп атап өтті А.Хасенов.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤1🔥1🤝1
КазМунайГаз и Узбекнефтегаз рассмотрели планы расширения партнерства

В г.Ташкент состоялась встреча председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» (КМГ) Асхата Хасенова с председателем Правления АО «Узбекнефтегаз» (УНГ) Баходиржоном Сидиковым.

🗣Обсуждены планы сотрудничества в геологоразведке. В настоящее время рабочая группа КМГ и УНГ изучает геолого-технические данные по перспективным разведочным участкам в Казахстане.

✔️На встрече рассмотрен потенциал в нефтегазохимии, в частности, по возможности создания производства линейного алкилбензола (ЛАБ).

💻Также речь шла о совместных мероприятиях и обмене опытом в области промышленной безопасности, цифровизации и искусственного интеллекта в рамках исполнения четырехстороннего меморандума между компаниями КазМунайГаз, Узбекнефтегаз, SOCAR и Татнефть.

— КазМунайГаз придаёт особое значение расширению партнёрства с Узбекнефтегазом по всем взаимовыгодным направлениям. Убежден, что реализация совместных проектов с узбекскими коллегами будет способствовать энергетическому развитию региона, внедрению передовых технологий в нефтегазовом комплексе и укреплению национальных экономик двух стран, — подчеркнул А.Хасенов.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍4🔥1🤝1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍86🔥3🥰1🎉1
Ұңғыма басындағы өмір — адал еңбектің бейнесі

🗣2023 жылдан бері қарашаның үшінші сенбісі — Бұрғышылар күні кәсіби мереке ретінде аталып өтуде. ҚазМұнайГаз-дың бұрғышылары мұнай-газ саласының дамуына ерекше үлес қосуда. Солардың бірі «Oil Service Сompany» ЖШС-ның 6-дәрежелі бұрғышысы Асылбек Ісенбай.

⬇️ 20 жылға жуық бұрғышы болып еңбек етіп келе жатқан Асылбек Ақылбекұлына 2019 жылы ең жоғарғы 6-дәрежелі біліктілігі берілді. Ол жыл сайын шамамен 12 ұңғыма қазуға атсалысады, ал бір ұңғыманы қазу жұмысы 25–30 күнге созылады.

— Бұрғышының жұмысы қиын әрі күрделі. Құбырларды орнату және көтеру, балғамен соғу, химиялық ерітінділерді дайындау — бәрі білектің күшін қажет етеді. Бұған қоса білім мен үнемі ізденіс керек. Бұл жерде нақты есеппен жүріп, дұрыс шешімдер қабылдау маңызды. Әрине, нәтижеге жету үшін геологтардың нұсқауымен жүреміз, — дейді ол.


🗣Оның айтуынша, бұрғылау ашық далада, күндіз-түні жүргізілетіндіктен, бригада мүшелері бір-біріне туыс адамдар сияқты болып кетеді.

— Бригадамызда 30 адам еңбек етеді. Мен жылдың жартысын осы ұжымдағы адамдармен бірге өткіземін. Ауа райына немесе басқа да жағдайларға байланысты күтпеген оқиғалар болып қалады. Сол кезде бригаданың бір-бірін қолдауы, түсінуі және олардың кәсібилігі аса маңызды, — деп толықтырды А.Ісенбай.


✅Асылбек бұрғылау саласының әрбір тетігін жақсы білетін тәжірибелі мамандардың бірі ғана емес, 5 бала тәрбиелеп отырған ардақты әке.

Біз әрбір қызметкердің адал еңбегін қадірлейміз, олардың маңдай терін мақтан етеміз.

#ЖұмысшыМамандықтарЖылы

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4👍3👏3❤1
💫Қара алтын өндірісі бұрғылау алаңынан басталады
 
Бұрғылау — мұнай өндіру ісінің ең маңызды әрі бастапқы кезеңі. Онсыз жаңа кен орнын ашу, бар қорды толық пайдалану, өндіріс тұрақтылығын сақтау мүмкін емес.

🗣Бұрғышылар күніне орай ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны — «Қаражанбасмұнай» АҚ Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу департаментіне қарасты бұрғылау бригадасының ұжымын таныстырамыз.

👷‍♂️ Бұл бригада құрамында 12 адам бар. Олар жылына тереңдігі 500 метрге дейінгі 40-тан астам жаңа ұңғыма қазады. Геологтар зерттеуінің нәтижесінде белгіленген орында бұрғышылар тік, еңіс және зерттеу ұңғымаларын қазу жұмысын 5-7 күн ішінде орындайды.

⬇️ Бұрғылау — күндіз-түні үздіксіз жүретін процесс. Сондықтан мамандар қыстың аязы мен жаздың аптабына қарамастан еңбек етеді. Бір вахтада екі бригада күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы қажырлы, шыдамды, жауапты, бастысы қауіпсіздік техникасын мұқият сақтап, өз қызметін адал атқарып келе жатқан жұмысшылар.

▪️Солардың бірі Ғалымжан Көптілеуов — бұрғылау ісіне өмірінің 23 жылын арнаған маман. Өндірісте мол тәжірибе жинаған жұмысшы соңғы 5 жыл көлемінде бригада шебері қызметін атқарып келеді.

▪️Бұрғылауға 33 жыл бұрын бет бұрған Андрей Бобровский соңғы 23 жыл көлемінде Қаражанбаста табан аудармай жұмыс істеп келеді. Келер жылы зейнет демалысына шығатын бұрғышы мәртебелі мамандығын — мақтаныш санайды.

▪️Бұрғылау барысында барлық операцияға қатысатын бұрғышының бірінші көмекшісі — Амандық Ермағанбетов жұмыстың сапалы, уақытылы жүруін бақылайды.

▪️Әлімжан Көбесеитов пен Қайрат Тәңірбергенов еңбек жолын ұңғымаларды күрделі жөндеуден бастаған. Қазір олар бұрғылау бригадасы құрамында 5-дәрежелі көмекші қызметін атқарады.

▪️Аға буынның ақылын тыңдап, шыңдалып келе жатқандар қатарында 4-дәрежелі бұрғышының көмекшілері Асылбек Бақытжанов пен Асылбек Сатыбалдиев, 3-дәрежелі көмекшілер Алаш Павиз бен Азамат Тілешов бар. Олар жаңа ұңғыма қазу кезінде механикалық жұмыстарды атқарады.

▪️Бригадада аталған мамандардан бөлек, маңызды қызмет атқаратын басқа жұмысшылар бар. Олар — машинист, дәнекерлеуші, слесарь-жөндеушілер.

☝Өндірісті өрге өрлетуге сүбелі үлес қосып жүрген ұжым туралы толығырақ ҚМГ сайтынан оқи аласыздар.
 
 📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎉3🔥2👏2💯2👍1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бірлескен жобаларды іске қосу рәсіміне қатысты

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев видео байланыс арқылы Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен жобаларын іске қосу рәсіміне қатысты.

✔️Тараптар өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында жалпы құны 1,2 миллиард доллар болатын 7 жоба әзірлеген.

✔️Мемлекеттер басшылары символикалық түймені басып, бірнеше жобаны бастап берді.

✔️Атап айтқанда, Сырдария және Түркістан облыстарында «Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығы, Ташкентте «Tenge Bank» бас кеңсесі қызметіне кірісті. Сондай-ақ Ташкент облысында көпбейінді логистика орталығының, Жаңа Ташкентте «Астана» тұрғын үй орамының, Қашқадария облысында алкилбензол өндіретін мұнай-газ химиясы кешенінің, Жаңа Ташкентте «Астана» қонақ үйінің, ал елордамызда «Ташкент» қонақ үйінің құрылысы басталды.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3👍2❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿Президенты Казахстана и Узбекистана приняли участие в церемонии запуска совместных проектов

✔️Президент Касым-Жомарт Токаев и Президент Шавкат Мирзиёев в режиме видеоконференцсвязи приняли участие в церемонии запуска совместных проектов Казахстана и Узбекистана.

✔️К запуску было подготовлено 7 проектов на общую сумму 1,2 млрд долларов в сферах промышленности, строительства, нефтегазохимии, финансов, логистики и туризма.

✔️Нажав символическую кнопку, главы государств дали старт деятельности Международного центра промышленной кооперации «Центральная Азия» в Сырдарьинской и Туркестанской областях, головного офиса «Tenge Bank» в Ташкенте, началу строительства многопрофильного центра логистики в Ташкентской области, жилого квартала «Астана» в Новом Ташкенте, нефтегазохимического комплекса по производству линейного алкилбензола в Кашкадарьинской области, гостиничного комплекса «Астана» в Новом Ташкенте, а также гостиничного комплекса «Ташкент» в столице Казахстана.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3👍2❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥3❤1
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бірлескен жобаларды іске қосу рәсіміне қатысты ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев видео байланыс арқылы Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен жобаларын іске қосу рәсіміне қатысты. ✔️Тараптар өнеркәсіп, құрылыс…
ҚазМұнайГаз және Өзбекнефтегаз желілік алкилбензол өндіру жөніндегі жобаны жүзеге асыру туралы негіздемелік келісімге қол қойды
 
🗣Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Өзбекнефтегаз» АҚ арасында «Желілік алкилбензол өндіретін мұнай-газ химиясы кешенінің құрылысы» (ЖАБ) жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы негіздемелік келісімге қол қою рәсімі өтті.

📌Құжат тараптардың инвестициялық жобаны жүзеге асыруды бірлесіп зерттеуге қатысты уағдаластықтарын бекітті. Қол қойылған келісім жобалау кезеңін бастап, барлық қажетті есептеулерді жүргізуге мүмкіндік береді.

🏭Мұнай-газ химиясы кешені болжам бойынша жылына 50 мың тоннаға дейін өнім шығаратын болады. Желілік алкилбензол — тұрмыстық химия және синтетикалық жуғыш заттар өндірісіне қажетті негізгі шикізат.

🟦Тараптар түпкілікті инвестициялық шешімді жобалау жұмыстары аяқталған соң, оның қорытындысы бойынша қабылдайды.

🟦Жалпы, Негіздемелік келісім Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту үшін маңызды қадам болды. Сондай-ақ мұнай-газ химиясы саласындағы серіктестіктің стратегиялық бағытын айқындайды.

✔️Жобаны іске асыру Қазақстан мен Өзбекстанның ішкі нарық қажетін қамтамасыз етеді, химия өнеркәсібі үшін шикізат импортына тәуелділікті азайтады және өңдеу секторы мен тұрмыстық химия саласындағы жаңа өндірістердің дамуын ынталандырады.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥42👍1🤝1
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
ҚазМұнайГаз және Өзбекнефтегаз желілік алкилбензол өндіру жөніндегі жобаны жүзеге асыру туралы негіздемелік келісімге қол қойды   🗣Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Өзбекнефтегаз» АҚ…
КазМунайГаз и Узбекнефтегаз подписали Рамочное соглашение о реализации проекта по производству линейного алкилбензола
 
🗣В рамках государственного визита Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева в Узбекистан состоялось подписание Рамочного соглашения о совместной реализации проекта «Строительство нефтегазохимического комплекса по производству линейного алкилбензола» (ЛАБ) между АО НК «КазМунайГаз» и АО «Узбекнефтегаз».

📌Документ закрепил договорённости сторон о совместном изучении реализации инвестиционного проекта. Подписанное соглашение позволит начать стадию проектирования и проведения всех необходимых расчетов.

🏭Предполагаемая мощность нефтегазохимического комплекса составит до 50 тыс. тонн продукции в год. Линейный алкилбензол является основным базовым сырьем для производства синтетических моющих средств и бытовой химии.

🟦Окончательное инвестиционное решение Стороны будут принимать по результатам завершения проектных работ.

🟦В целом, Рамочное соглашение стало важным шагом в расширении промышленной кооперации между Казахстаном и Узбекистаном и отражает стратегический характер партнёрства в сфере нефтегазохимии.

✔️Реализация проекта обеспечит внутреннюю потребность Казахстана и Узбекистана, снизит зависимость от импорта сырья для химической промышленности и стимулирует развитие перерабатывающего сектора и новых производств в области бытовой химии.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥44👍2🤝2