ҚМГ зауыттарының мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару көлемі ең жоғары тарихи межеге жетті
🗣 Шымкент қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов ҚМГ-ның негізгі мұнай өңдеу және мұнай-химия активтерінің өндірістік қызметіне қатысты жиналыс өткізді. 2025 жылдың алдын ала қорытындысы шығарылып, 2030 жылға дейінгі жоспарлар қаралды.
Жиын барысында Асхат Хасенов ҚМГ-ның мұнай өңдеу зауыттарының жоғары көрсеткіштерін атап өтті.
📊 2024 жылы өңдеу көлемі 17,45 млн тонна болса, 2025 жылы 18,16 млн тоннаны құрайды деп күтіледі. Негізгі жетістік – дизель отыны рекордтық деңгейде өндірілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6,1 млн тонна дизель отынын шығарылады деп жоспарлануда — бұл өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артық. Автомобиль бензині бойынша да оң динамика тіркелді, өсім 400 мың тоннаны құрады. Бұл ішкі нарықтағы тапшылықтың алдын алуға мүмкіндік берді.
↗️ Жеңіл мұнай өнімдерінің барлық түрі бойынша едәуір өсім тіркелді, олардың көлемі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 13,6 млн тоннаға дейін өседі (2024 жылмен салыстырғанда 1,2 млн тоннаға көп). Операциялық тиімділіктің артуына байланысты Қазақстандағы ҚМГ тобы бойынша жеңіл мұнай өнімдерін шығарудың жалпы көрсеткіші 2025 жылы 78%, ал мұнай өңдеу тереңдігі 90% деңгейінде күтіледі.
🟦 Жиын барысында әр кәсіпорынның жұмыс нәтижелері қаралды. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС сапа көрсеткіштері бойынша көш бастап келеді: 2025 жылы өңдеу 6,23 млн тоннаны құрап, жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 81,5% жетеді. Зауыт өндірістік қуатты 12 млн тоннаға кеңейту жөніндегі стратегиялық жобаға қатысты жұмысын жалғастыруда, бұл еліміздегі энергетикалық қауіпсіздіктің негізгі факторына айналмақ.
🟦 Өз кезегінде «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) 2025 жылдың қорытындысы бойынша 5,47 млн тоннаны өңдейді. Кәсіпорын жеңіл мұнай өнімдерін шығару көрсеткішін 77% деңгейіне жеткізуді көздеп отыр. АМӨЗ жоспарлы алдын алу жұмыстарын сәтті аяқтап, өндіріс процесіне цифрлық шешімдерді жан-жақты енгізіп келеді.
🟦 «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (ПМХЗ) жоспарлы алдын алу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтап, нарықты қосымша отын көлемімен қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта кәсіпорын пайдаланудың жөндеуаралық кезеңін ұлғайту жөніндегі жобаны белсенді іске асыруда. Бұл шаралар кешені өндірістің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Ол жабдықтар мен негізгі тораптарды техникалық тұрғыдан жаңартуды, шикізат ағындарының конфигурациясын өзгертуді, сондай-ақ заманауи автоматтандырылған басқару жүйелерімен жабдықтауды қамтиды. Биылғы жұмыстың қорытындысы бойынша ПМХЗ 5,76 млн тоннаны өңдеуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 74% деңгейінде болады деп күтілуде.
🟦 Жол-құрылыс саласын дамытуға «CASPI Bitum» БК» ЖШС елеулі үлес қосып келеді. Ауқымды жаңғыртудан кейін зауыт жылына 750 мың тонна битум шығаруға қауқарлы болды. Бүгінде кәсіпорын отандық компанияларды сапалы өніммен қамтамасыз етуде.
🟦 Жиынға қатысушылар мұнай-газ химиясындағы жетістіктерге ерекше назар аударды. «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) газ-химия кешені өндіріс көрсеткіштерін арттырып келеді: 2024 жылы 245,4 мың тонна өнім шығарылса, 2025 жылдың 11 айында ғана полипропилен өндіру көлемі 336,8 мың тоннаға жетті.
⚙️ Жалпы, KPI іске қосылғалы нарықтағы жағдай түбегейлі өзгерді: Қазақстанның полипропилен бойынша импортқа тәуелділігі 2022 жылғы 63%-дан жыл соңына қарай болжамды 5% дейін төмендеді. Отандық зауыттың ішкі нарықтағы үлесі 70% асты, ал полипропилен түрлері 15 маркаға дейін кеңейді, соның ішінде премиум сұрыптары бар.
📌 Жиын соңында Асхат Хасенов кәсіпорындарға үздіксіз әрі тұрақты жұмысты қамтамасыз ету және стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыруды күшейту бойынша нақты міндеттер жүктеді.
📱 ҚазМұнайГаз
Жиын барысында Асхат Хасенов ҚМГ-ның мұнай өңдеу зауыттарының жоғары көрсеткіштерін атап өтті.
— Биылғы 11 айда зауыттарымыз ең жоғары межеге жетті — 16,6 млн тонна мұнай өңделді. МӨЗ ұжымдарының жұмыла жұмыс істеуінің арқасында өңдеу көлемін ұлғайтып қана қоймай, жеңіл мұнай өнімдерінің шығару деңгейін едәуір арттырдық. Нәтижесінде елімізді қажетті отын көлемімен қамтамасыз еттік, — деді ҚМГ басшысы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1🔥3 2👍1💯1
Заводы КМГ достигли исторического максимума переработки нефти и производства нефтепродуктов
🗣 В Шымкенте председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» (КМГ) Асхат Хасенов провел кустовое совещание по вопросам производственной деятельности ключевых нефтеперерабатывающих и нефтехимических активов КМГ. Подведены предварительные итоги 2025 года и рассмотрены планы до 2030 года.
Открывая совещание, Асхат Хасенов отметил высокие показатели НПЗ КМГ.
📊 Если в 2024 году объем переработки составлял 17,45 млн тонн, то в 2025 году прогнозируется 18,16 млн тонн. Ключевым достижением стало рекордное производство дизельного топлива. По итогам 2025 года планируется произвести 6,1 млн тонн дизтоплива — это на 800 тыс. тонн больше, чем годом ранее. Положительная динамика зафиксирована и по автомобильным бензинам, где прирост составил 400 тыс. тонн. Такое увеличение позволило не допустить дефицита на внутреннем рынке.
↗️ Существенное увеличение зафиксировано по всем видам светлых нефтепродуктов, объем которых по итогам 2025 года вырастет до 13,6 млн тонн (на 1,2 млн тонн больше, чем в 2024 году). Благодаря повышению операционной эффективности общий показатель выхода светлых нефтепродуктов по группе за 2025 год ожидается на уровне 78%, а глубина переработки нефти – 90%.
🟦 В ходе совещания были рассмотрены результаты каждого предприятия. ТОО «ПетроКазахстан Ойл Продактс» демонстрирует лидерство по качественным показателям: за 2025 год переработка составит 6,23 млн тонн нефти, выход светлых нефтепродуктов — 81,5%. Завод продолжает работу над стратегическим проектом расширения мощностей до 12 млн тонн, что станет ключевым фактором энергобезопасности страны.
🟦 В свою очередь, ТОО «Атырауский нефтеперерабатывающий завод» (АНПЗ) по итогам 2025 года переработает 5,47 млн тонн. Предприятие прогнозирует достижение показателя выхода светлых нефтепродуктов на уровне 77%. АНПЗ успешно завершил планово-предупредительные работы (ППР) и продолжает активно внедрять цифровые решения в производственный процесс.
🟦 ТОО «Павлодарский нефтехимический завод» (ПНХЗ) досрочно завершил ППР, обеспечив рынок дополнительными объемами топлива. В настоящее время предприятие перешло в активную фазу проекта по увеличению межремонтного периода эксплуатации. Этот комплекс мер направлен на повышение надежности и эффективности производства. Он включает техническое перевооружение оборудования и ключевых узлов, изменение конфигурации сырьевых потоков, а также оснащение современными автоматизированными системами управления. По итогам текущего года ПНХЗ планирует переработать 5,76 млн тонн, а выход светлых нефтепродуктов ожидается на уровне 74%.
🟦 Значимый вклад в развитие дорожно-строительной отрасли вносит ТОО «СП «Caspi Bitum», которое после масштабной модернизации вышло на мощность 750 тыс. тонн битума в год. Сегодня предприятие обеспечивает отечественные компании качественным продуктом.
🟦 Отдельное внимание участники совещания уделили достижениям в нефтегазохимии. Газохимический комплекс ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) наращивает показатели производства: если за весь 2024 год было выпущено 245,4 тыс. тонн продукции, то только за 11 месяцев 2025 года объем производства полипропилена достиг 336,8 тыс. тонн.
⚙️ В целом, запуск KPI кардинально изменил рынок: импортозависимость Казахстана по полипропилену снизилась с 63% в 2022 году до прогнозных 5% к концу этого года. Доля отечественного завода на внутреннем рынке превысила 70%, а ассортимент расширился до 15 марок, включая премиальные виды полипропилена.
📌 В завершение Асхат Хасенов поставил перед предприятиями задачи по обеспечению бесперебойной и стабильной работы и усилению реализации стратегических инвестиционных проектов.
📱 ҚазМұнайГаз
Открывая совещание, Асхат Хасенов отметил высокие показатели НПЗ КМГ.
— За 11 месяцев текущего года наши заводы вышли на исторический максимум переработки — 16,6 млн тонн нефти. Благодаря слаженной работе коллективов НПЗ мы не просто нарастили объемы, но и существенно повысили выход светлых нефтепродуктов, обеспечив страну необходимым объемом топлива, — подчеркнул глава КМГ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2👍6 4❤3💯1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1👍4🔥3❤1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1👍3🔥3❤2