ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.93K subscribers
14.7K photos
1.89K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
🔹Абай облысында «Бахты – Аягөз» теміржол жобасының іске асырылу барысы тексерілді
 
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың транспорттық-транзиттік әлеуетті арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында 2025 жылғы 21 шілдеден бастап Қазақстан – Қытай шекарасындағы үшінші шекаралық теміржол өткелінің құрылысы басталды.

ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Нұрлан Ұранхаев, ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұғанов, сондай-ақ тапсырыс беруші – «ҚТЖ» ҰК» АҚ, бас мердігер China Harbour Engineering Company Ltd және жергілікті атқарушы орган өкілдері құрылыс-монтаж жұмыстарының барысымен танысты.

Жұмыстар жалпы ұзындығы 42 км болатын учаскелерде жүргізілуде. Құрылыс алаңында 120 бірлік техника мен 272 жұмысшы еңбек етуде.

Қазу және жер төсемін көтеру жұмыстары атқарылуда. Орындалған жер жұмыстарының жалпы көлемі – 517 972 м³.

Сонымен қатар төрт вахталық қалашықтың құрылысы, ғимараттардың іргетасын орнату және жоспарлау, қоршаулар мен инженерлік желілерді орнату, кірме жолдарды салу, әкімшілік-тұрмыстық кешендердің қаңқасын құрастыру жұмыстары жүргізілуде.

Жобалау-іздестіру жұмыстары да қолға алынған. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді 2026 жылдың I тоқсанының соңына дейін аяқтап, 2026 жылғы 6 сәуірге дейін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарланған.

Қысқы кезеңде негізгі назар жобалық-сметалық құжаттаманы аяқтау, бөлімдерді әзірлеу және материалдарды мемлекеттік сараптамаға тапсыру, сондай-ақ жергілікті мердігер ұйымдарды айқындау бойынша тендерлік рәсімдерді жүргізуге аударылады.

Шарт талаптарына сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталу мерзімі – 2027 жылғы 31 желтоқсан.

«Бахты – Аягөз» жобасының іске қосылуы Қазақстан – Қытай бағытындағы өткізу қабілетін арттырып, қолданыстағы өткізу бекеттеріне түсетін жүктемені төмендетуге және экспорттық-импорттық әрі транзиттік тасымалдардың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

«Бахты – Аягөз» теміржол жобасының іске асырылуы Үкіметтің ерекше бақылауында.
❤5
🔹В области Абай проверили ход строительства железнодорожной линии «Бахты -Аягоз»
 
В рамках исполнения поручения Президента Касым-Жомарта Токаева по повышению транспортно-транзитного потенциала Казахстана с 21 июля 2025 года начато строительство третьего пограничного железнодорожного перехода на казахстанско-китайской границе.

Советник Премьер-Министра РК Нурлан Уранхаев совместно с председателем Комитета железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта РК Нуржаном Кельбугановым, а также представителями заказчика — АО «НК «ҚТЖ», генеральной подрядной компании China Harbour Engineering Company Ltd и местного исполнительного органа — ознакомились с ходом строительно-монтажных работ.

Работы ведутся на участках общей протяжённостью 42 км. На строительной площадке задействовано 120 единиц техники и 272 работников.

Выполняются работы по разработке выемки и возведению земляного полотна. Общий объём выполненных земляных масс составляет 517 972 м³.

Параллельно осуществляется строительство четырех вахтовых городков, ведётся планировка и устройство фундаментов зданий, возведение ограждений, подведение инженерных сетей ВК, устройство подъездных дорог, сборка каркаса административно-бытовых комплексов.

Также проводятся проектно-изыскательские работы. Завершение разработки проектной документации запланировано на конец I квартала 2026 года с получением положительного заключения государственной экспертизы до 6 апреля 2026 года.

В зимний период основной акцент будет сделан на завершении ПСД, подготовке разделов и подаче материалов на государственную экспертизу, а также проведении тендерных процедур по выбору местных подрядных организаций.

Срок завершения строительно-монтажных работ согласно условиям Договора — 31 декабря 2027 года.

Запуск проекта «Бахты – Аягоз» обеспечит увеличение пропускной способности на казахстанско-китайском направлении, снизит нагрузку на действующие переходы и повысит устойчивость экспортно-импортных и транзитных перевозок.

Реализация железнодорожного проекта «Бахты– Аягоз» находится на особом контроле Правительства.
❤3👍3