ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.93K subscribers
14.7K photos
1.89K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔷Астанада өтіп жатқан «Kaztraffic-2025» жол саласының болашағын айқындайтын ең озық технологиялар мен көшбасшыларды бір алаңға жинады.

Инновациялар, жаһандық брендтер мен жаңа стандарттар – бәрі осы көрмеде тоғысты.

➖

🔷В Астане «Kaztraffic-2025» объединил лидеров дорожной отрасли и передовые технологии.

Инновации, мировые бренды и новые стандарты – всё на одной площадке.
👍1
 🔹«Жолдар және инновациялар» халықаралық конференциясы: 20 елдің сарапшылары жол саласының стратегиялық даму бағыттарын талқылады

19 қарашада Астанада «Kaztraffic-2025» көрмесі аясында «Жолдар және инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өз жұмысын бастады. Конференция биылғы жылы саланың ең үлкен кәсіби оқиғаларының бірі ретінде жол саласының жетекші ғалымдары мен инженерлерін, мемлекеттік органдар мен салалық ұйымдардың өкілдерін біріктірген маңызды кәсіби алаңға айналды.

Конференцияны ҚР Көлік министрлігінің қолдауымен «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» (ҚазжолҒЗИ) ұйымдастырды. Министрлік тапсырмасына сәйкес, «ҚазжолҒЗИ» автожол саласына жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктерді енгізу бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде. Институт әлемдік тәжірибені зерттеп, негізгі инновацияларды талдап, оларды отандық жағдайға бейімдеудің мүмкіндіктерін бағалайды. Параллельді түрде еліміздегі жол саласының ғалымдары өздерінің әзірлемелерін жүргізіп келеді.

«Бүгін біз автожол саласының дамуына арналған бөлек бағдарламаны қалыптастырып отырмыз, онда біз көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және құрылыс саласында ең жаңа технологияларды енгізуді жоспарлап отырмыз», – деп конференцияда ҚР КМ Вице-министр Мәқсат Қалиақпаров өз сөзінде атап өтті.


Конференцияға АҚШ, Түркия, Ресей, Италия және Еуропалық одақ елдерімен қатар барлығы 20-ға жуық мемлекеттің салалық сарапшылары қатысты. Қатысушылар жол саласының құрылыс және күтіп ұстау саласындағы жаңа әзірлемелер мен әдістерді таныстырды.

Отандық және шетелдік қатысушылар жол секторын дамытудағы басты мәселелерді талқылады. Конференцияда басты назарда қауіпсіз жолдар, стандарттау мен сапа бақылауы, интеллектуалды көлік жүйелерін енгізу, саланың цифрландыруы, сондай-ақ жолдарды қысқы уақытта күтіп-ұстау сияқты саланың дамуындағы маңызды бағыттар болды. Бұл мәселелер әсіресе қатал климаттық жағдайлары бар елдер үшін аса өзекті. Конференция ғылыми шешімдер мен өндірістік тәжірибелерді біріктіріп, жол саласының ең өткір мәселелерін шешудің ортақ көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
«ҚазжолҒЗИ» өкілдері отандық әзірлемелердің бүгінгі таңда сала трансформациясының маңызды бөлігіне айналып, тәжірибеде нақты нәтижелер көрсетіп жатқанын атап өтті.

«ҚазжолҒЗИ» әзірлейтін материалдар мен технологиялар қазіргі уақытта тәжірибелік пайдалануға енгізілуде. Алынған нәтижелер олардың тиімділігін нақты жағдайда растап отыр», – дейді «ҚазжолҒЗИ» ғылымды және инновацияларды дамыту департаментінің директоры Адия Жұмағұлова.
«Қазірдің өзінде қазақстандық жол ғылыми зерттеулері, жолдарды күтіп ұстау мен жаңа объектілер құрылысында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті шешімдер ұсынып отыр. Конференцияда біз «ҚазжолҒЗИ» ғалымдары әзірлеген бірқатар отандық қоспалар мен материалдарды таныстырдық. Біз бұл технологияларды белсенді түрде енгізіп жатырмыз және алғашқы нәтижелер олардың тиімділігін нақты жағдайларда көрсетіп отыр», – деп «ҚазжолҒЗИ» ғылымды және инновацияларды дамыту департаментінің директоры Адия Жұмағұлова атап өтті.


Қазақстандық әзірлемелер қатарында ғалымдар көктайғаққа қарсы материалдар, топырақ тұрақтандырғыштар және жол жамылғыларының төзімділігін арттыруға бағытталған инновациялық қоспаларды ерекше атап өтті. Бұл шешімдер жол активтерінің қызмет ету мерзімін ұзартуға және пайдалану шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді. Технологияларды жергіліктендіру Қазақстанның салалық тәуелсіздігін нығайтып, халықаралық нарыққа отандық өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді.
👍1
🔹Международная конференция «Дороги и инновации»: эксперты из 20 стран обсудят будущее дорожной отрасли
 
19 ноября в столице стартовала Международная научно-практическая конференция «Дороги и инновации» в рамках выставки «Kaztraffic-2025». Конференция стала одним из крупнейших отраслевых событий года, объединившее ведущих ученых, инженеров, представителей госорганов и компаний дорожно-строительной отрасли.
 
Организатором конференции выступил Казахстанский дорожный научно-исследовательский институт (КаздорНИИ) при поддержке Министерства транспорта РК. По поручению ведомства, КаздорНИИ приступил к комплексной работе по внедрению новых технологий в автодорожную отрасль Казахстана. Специалисты изучают передовой мировой опыт, анализируют ключевые инновации и оценивают возможность их адаптации. Параллельно дорожные ученые страны ведут собственные разработки.
 
«Сегодня у нас формируется отдельная программа развития автодорожной отрасли, в которой мы планируем внедрять новейшие технологии в строительстве и формировании транспортного каркаса», – отметил вице-министр транспорта РК Максат Калиакпаров во время приветственного слова.

 
В этом году площадка собрала экспертов из порядка 20 государств, включая Соединенные Штаты Америки, Турцию, Россию, Италию и другие страны Евросоюза, представившие актуальные разработки и подходы в сфере строительства и содержания дорог.
 
Отечественные и иностранные участники конференции сосредоточились на ключевых вопросах, определяющих развитие дорожного сектора в ближайшие годы. В центре обсуждения оказались темы безопасных дорог, стандартизации и контроля качества, внедрения интеллектуальных транспортных систем, цифровизации отрасли, а также зимнего содержания дорог – направления, которое особенно актуально для стран с суровым климатом. Конференция стала площадкой, где научные решения и производственные практики встретились, чтобы выработать единый подход к решению наиболее острых проблем дорожного хозяйства.
 
Представители КаздорНИИ отметили, что отечественные разработки сегодня становятся важной частью трансформации отрасли и уже показывают реальные результаты на практике.
 
«Уже сегодня казахстанская дорожная наука создает конкурентоспособные решения, востребованные как в содержании дорог, так и в строительстве новых объектов. На конференции мы представили ряд отечественных добавок и материалов, разработанных учеными КаздорНИИ. Мы уже активно внедряем эти технологии, и первые результаты подтверждают их эффективность в реальных условиях эксплуатации», – подчеркнула директор департамента развития науки и инноваций КаздорНИИ Адия Жумагулова.


Среди казахстанских разработок ученые отмечают новые антигололедные материалы, стабилизаторы грунта и другие инновационные добавки, позволяющие повысить долговечность покрытий и снизить затраты на эксплуатацию дорог. По словам экспертов института, локализация технологий открывает возможность не только укрепить отраслевую независимость Казахстана, но и предложить инновационные решения на международном уровне.
 
Параллельно с конференцией прошла XXI Международная выставка «Kaztraffic-2025». В этом году выставка объединила более 200 компаний из Казахстана, Китая, Турции, Италии, Франции, Канады, Узбекистана и других государств. Мировые бренды представили новейшую дорожно-строительную технику, материалы и оборудование, включая решения, впервые продемонстрированные в Центральной Азии.
 
Международная конференция «Дороги и инновации» стала ключевым событием для отрасли, объединив профессионалов, способных определять вектор развития дорожной системы Казахстана и региона. В центре внимания оказались передовые технологии, вопросы безопасности, цифровизация и новые материалы – те направления, без которых невозможно формировать качественную и устойчивую дорожную инфраструктуру будущего. Профильное сообщество единодушно отмечает: подобные площадки укрепляют международное сотрудничество и задают высокий стандарт для дальнейшего развития дорожной отрасли страны.
 
Подробнее:
Официальный представитель АО «КаздорНИИ»
📱Айнаева Адина +7 778 673 78 03
👍1
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов Президент тапсырмалары аясында көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында авиациялық хабтар мен автожол саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Онда Көлік, Қаржы, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің басшылары, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының әкімдері қатысты.

✈️ Премьер-министрге 2040 жылға қарай жаһандық әуе нарығын екі есеге арттыру жөніндегі әлемдік болжамдарды ескере отырып, алдағы 3 жылға арналған Азаматтық авиацияны дамыту жоспары ұсынылды. Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ICAO) стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге баса назар аударылды. ICAO аудитінің нәтижелеріне сәйкес, биыл бұл көрсеткіш Қазақстанда 95,7%-ды құрайды, бұл 72,01%-дық әлемдік және 87,92% болатын орташа еуропалық деңгейден көп.

🛬 Жоспарға сәйкес әуежай және навигациялық инфрақұрылымды жаңғырту, халықаралық және ішкі маршруттық желіні кеңейту бойынша ауқымды жұмыс көзделген. Бұдан бөлек, халықаралық оқу орталықтарын тарта отырып, әуе кемелері паркін ұлғайту және авиация саласы үшін мамандар даярлау жүйесін күшейту жоспарлануда.

💬 Жиын барысында Астана және Алматы қалаларының әуежайлары базасында аэрохабтарды дамыту мәселелері талқыланды. Елордалық әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге дайындық жүргізілуде. Әуе айлағын жаңғырту жүк және жолаушылар терминалдарын салуды, инфрақұрылымды жаңартуды және тағы да басқаларды көздейді. Алматы әуежайын жаңғырту бойынша Horizon стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру өткізу қабілетін арттыруды қамтамасыз етеді. Терминалдарды реконструкциялау, трафикті көбейту үшін ұшу-қону жолақтарын жаңғырту жоспарлануда. Әуежай базасында жүк және техникалық кластерлер мен сервистік экожүйе құрылатын болады.

🛄 Өңірлік байланысты нығайтуға бағытталған ішкі авиамаршруттарды субсидиялау мәселелері қаралды. Жалпы, осы жылдың 10 айында жолаушылар тасымалы көлемі 6%-ға өсіп, 13 млн жолаушыдан асты.

📈 Жиынға қатысушылар азаматтық авиацияның туризмге, саудаға, өңірлік дамуға, инвестициялық тартымдылыққа және басқа да маңызды бағыттарға мультипликативтік әсерін атап өтті. Халықаралық бағалауларға сәйкес, саладағы әрбір 100 жұмыс орны экономиканың аралас секторларында 610-ға дейін қосымша жұмыс орындарын құрады.

📦 ҚР жүк әлеуетін кеңейту үшін жүк тасымалын дамыту перспективалары белгіленді.

✅ Премьер-министр Көлік министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп авиаотын жеткізудегі тиімсіз делдалдар тізбегі бойынша жұмысты күшейтуді, сондай-ақ көлік саласында ағымдағы жобаларды жүзеге асыру және жаңа жобаларды іске қосу жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

🛣 Сонымен қатар жиында Көлік министрлігінің автожол құрылысы саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі тәсілдері қаралды. Жолдардың ағымдағы жағдайына және оларды жабынының сапасын одан әрі жақсартуға арналған құралдарға назар аударылады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов провел совещание по вопросам развития транспортной отрасли в рамках поручений Президента

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросам развития авиахабов и автодорожной отрасли в рамках поручений Главы государства. Участие приняли руководители министерств транспорта, финансов, энергетики, промышленности и строительства, а также акимы городов Астаны и Алматы.

✈️ Премьер-министру был представлен План развития гражданской авиации на ближайшие 3 года с учетом мировых прогнозов по удвоению глобального авиарынка к 2040 году. Упор сделан на обеспечение высокого уровня соответствия стандартам Международной организации гражданской авиации (ICAO). Согласно результатам аудита ICAO, в т.г. данный показатель в Казахстане составляет 95,7%, что превышает мировой уровень 72, 01% и среднеевропейский 87, 92%.

🛬 Планом предусмотрена масштабная работа по модернизации аэропортовой и навигационной инфраструктуры, расширению международной и внутренней маршрутной сети. Кроме того, планируется увеличение парка воздушных судов и усиление системы подготовки специалистов для авиационной отрасли с привлечением международных учебных центров.

💬 В ходе совещания обсуждены вопросы развития аэрохабов на базе аэропортов городов Астаны и Алматы. Для строительства второй взлетно-посадочной полосы столичного аэропорта ведется подготовка к разработке проектно-сметной документации. Модернизация воздушной гавани предусматривает строительство грузового и пассажирского терминалов, обновление инфраструктуры и др. Реализация стратегической программы Horizon по модернизации аэропорта Алматы обеспечит увеличение пропускной способности. Планируется реконструкция терминалов, модернизация взлетно-посадочных полос для кратного увеличения трафика. На базе аэропорта будут созданы грузовой и технический кластеры и сервисная экосистема.

🛄 Рассмотрены вопросы субсидирования внутренних авиамаршрутов, направленных на укрепление региональной связанности. В целом, объем пассажироперевозок за 10 месяцев т.г. вырос на 6% и превысил 13 млн пассажиров.

📈 Участниками совещания отмечен мультипликативный эффект от гражданской авиации на туризм, торговлю, региональное развитие, инвестиционную привлекательность и другие важные направления. Согласно международным оценкам, каждые 100 рабочих мест в отрасли создают до 610 дополнительных рабочих мест в смежных секторах экономики.

📦 Для расширения грузового потенциала РК обозначены перспективы развития карго-перевозок.

✅ Премьер-министр поручил Минтранспорта совместно с АЗРК и АФМ усилить работу по цепочкам непродуктивных посредников в поставках авиатоплива, а также активизировать работу по реализации текущих и запуску новых проектов в транспортной отрасли.

🛣 Кроме того, на совещании рассмотрены подходы Министерства транспорта по реализации инфраструктурных проектов в области автодорожного строительства. Внимание уделено текущему состоянию дорог и инструментам для дальнейшего улучшения качества их покрытия.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Барлық трансшекаралық хабтар көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген – Көлік министрлігі

ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында трансшекаралық хабтардың көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілгені туралы баяндады.

Ол бүгінгі күні барлық трансшекаралық хабтар көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Атап айтқанда, «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперациясының халықаралық орталығы бойынша Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы жалғасуда,ол 2026 жылы аяқталады.

Мемлекеттік кірістер комитеті осы жылы «Атамекен» автомобиль өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын аяқтады. Өткізу пунктіне кірме автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

Еуразия трансшекаралық сауда орталығы келесі жылы пайдалануға берілетін Пойма стансасы арқылы теміржол желісіне жеткізіледі.

Жалпы ұзындығы 144 шақырым «Подстепное-Федоровка» автомобиль жолын реконструкциялау жүргізілуде, оның ішінде 72 шақырым осы жылы республикалық бюджет есебінен, қалған 72 шақырым 2026 жылы аяқталады.

Сондай-ақ 2026 жылы Тасқала автомобиль өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын бастап, 2027 жылы аяқтау жоспарлануда.

Қорғас бағытында «Алтынкөл – Жетіген» теміржол учаскесін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жоба учаскенің өткізу қабілетін 25 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстар 2026 жылы толығымен аяқталады.

Сондай-ақ жыл соңына дейін аяқталатын «Нұр жолы» автомобиль өткізу пунктінің айналма жолы орташа жөндеуден өтуде.

Каспий торабы аясында Ақтау және Құрық теңіз порттарын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жыл соңына дейін қытайлық Ляньюньган компаниясымен бірлесіп Ақтау портында контейнерлік хабтың 1-ші кезегінің құрылысы аяқталады. Жалпы, жобаны жүзеге асыру кезінде контейнерлік хабтың қуаты жылына 200 мың ЖФЭ-ге дейін жеткізілетін болады. Сондай-ақ Ақтау портында порт акваториясын тереңдету, айлақтарды жаңғырту бойынша жобалар жүзеге асырылуда.

«Құрық портында «Саржа» көпфункционалды терминалын салу жобасы жүзеге асырылуда. Каспий теңізі арқылы контейнерлік тасымалдарды ұлғайту үшін 2027 жылға дейін Әзербайжанда сыйымдылығы 700 контейнер болатын екі кеме сатып алу жоспарлануда. Сондай-ақ порттарға баратын теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған жобаларды жүзеге асыру Ақтау және Құрық порттарының өткізу қабілетін 30 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді»,

— деп толықтырды Нұрлан Сауранбаев.

Сонымен қатар, ведомство басшысының мәліметінше, Жаңаөзен қаласын Түркіменстанмен байланыстыратын автомобиль жолдарына күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі – 2026 жыл.

Халықаралық сауда-логистикалық кешен (Жамбыл облысы, Қырғызстанмен шекарада) «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің бойында орналасқан. Қарасу – Масаншы – Сарытөбе автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ол 2026 жылы аяқталады.

Қарасу – Ақтілек автомобиль өткізу пунктін жаңғырту келесі жылы басталады. Осы жоба барысында инвестордың қаражаты есебінен Шу өзені арқылы өтетін тағы бір көпір салу мәселесі пысықталуда.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
UKIMET
Барлық трансшекаралық хабтар көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген – Көлік министрлігі ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында трансшекаралық хабтардың көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілгені туралы баяндады. Ол бүгінгі күні барлық трансшекаралық…
Все трансграничные хабы обеспечены транспортной инфраструктурой – Минтранспорта

Министр транспорта РК Нурлан Сауранбаев на заседании Правительства доложил об обеспеченности трансграничных хабов транспортной инфраструктурой.

Он отметил, что на сегодняшний день все трансграничные хабы обеспечены транспортной инфраструктурой.

В частности, по международному центру промышленной кооперации «Центральная Азия» продолжается строительство новой железнодорожной линии Дарбаза – Мактаарал, которая будет завершена в 2026 г. Проект соединяет Мактааральский район с магистральной железнодорожной сетью мощностью 20 млн тонн в год.

Комитетом государственных доходов в текущем году завершены работы по модернизации автомобильного пункта пропуска «Атамекен». Завершены работы по среднему ремонту подъездной автомобильной дороги к пункту пропуска.

Центр трансграничной торговли Евразия подводится к железнодорожной сети через станцию Пойма, которая в следующем году введется в эксплуатацию.

Ведется реконструкция автомобильной дороги «Подстепное-Федоровка», общей протяженностью 144 км. Из них 72 км будут завершены за счет республиканского бюджета в текущем году, остальные 72 км в 2026 г.

В 2026 г. планируется начать работы по модернизации автомобильного пункта пропуска Таскала с завершением в 2027 г.

В направлении Хоргоса проводится модернизация железнодорожного участка «Алтынколь – Жетыген». Проект позволит увеличить пропускную способность участка до 25 млн тонн. Работы будут полностью завершены в 2026 г.

Также проходит средний ремонт объездной дороги автомобильного пункта пропуска «Нур жолы», который завершится до конца года.

В рамках Каспийского узла полным ходом идет работа по модернизации морских портов Актау и Курык.

До конца года будет завершено строительство 1-ой очереди контейнерного хаба в порту Актау совместно с китайской компанией Ляньюньган. В целом при реализации проекта мощности контейнерного хаба будут доведены до 200 тыс. ДФЭ в год. Также в порту Актау реализуются проекты по дноуглублению акватории порта, модернизации причалов.

«В порту Курык реализуется проект строительства многофункционального терминала «Саржа». Для увеличения контейнерных перевозок через Каспийское море до 2027 г. планируется закупить в Азербайджане два судна вместимостью 700 контейнеров. Также ведется работа по увеличению пропускной способности железнодорожной линии, идущей к портам. Реализация указанных проектов позволит увеличить пропускную способность портов Актау и Курык до 30 млн тонн»,

— добавил Нурлан Сауранбаев.

Кроме того, по данным ведомства, проводится капитальный и средний ремонт автомобильных дорог, соединяющих город Жанаозен с Туркменистаном. Срок окончания – 2026 г.

Международный транспортно-логистический комплекс (Жамбылская область, на границе с Кыргызстаном) расположен вдоль коридора «Западная Европа – Западный Китай». Ведется средний ремонт автомобильной дороги Карасу-Масанчи-Сарытобе, который будет завершен в 2026 г.

Модернизация автомобильного пункта пропуска Карасу – Актилек начнется в следующем году. В ходе данного проекта прорабатывается вопрос строительства еще одного моста через реку Шу за счет средств инвестора.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Ақтаудағы контейнерлік хаб құрылысы: Көлік министрлігі 2026 жылдың І тоқсанында жұмыс нәтижелері туралы баяндайды

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты ведомствоға Президенттің транзиттік және логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде жүзеге асырылып жатқан Ақтау портында контейнерлік хаб құрылысының барысын бақылауды тапсырды.

«Көлік министрлігі Ақтау портында контейнерлік хаб құрылысының жобасын ерекше бақылауға алып, 2026 жылдың І тоқсанының соңына дейін жұмыс нәтижелері туралы баяндасын»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

➖

Строительство контейнерного хаба в Актау: Минтранспорта предоставит отчет в первом квартале 2026 года


На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов поручил ответственному ведомству проконтролировать ход строительства контейнерного хаба в порту Актау, который реализуется в рамках поручений Президента по развитию транзитной и логистической инфраструктуры.

«Министерству транспорта взять на особый контроль реализацию проекта по строительству контейнерного хаба в порту Актау и доложить о результатах работы к концу 1 квартала 2026 г.»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1🤩1
Forwarded from UKIMET
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда кең ауқымдағы автожол стратегиясы әзірленуде

ҚР көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның көлік-транзиттік дәліздерді одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлары туралы айтты.


Оның айтуынша, өткізу пункттерінде тасымалдаушыларға ыңғайлы болу үшін транзиттік жүктерді кедендік ресімдеуде «жасыл» дәліз енгізу жоспарлануда, бұл рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. Осы жұмыс аясында барлық өткізу пункттері жаңғыртудан өтуде.

«Автожолдарды салу бойынша бағыттарды анықтауға келетін болсақ, бүгінде біз транзиттік тасымалдардың айтарлықтай өскенін байқаймыз. Жыл сайын орта есеппен 30-35%-ға артып отыр. Осы қарқынды үздіксіз жалғастыру мақсатында 2030, 2035 және 2040 жылдарға дейін кезең-кезеңімен есептелген кең ауқымдағы автожол стратегиясын әзірлеудеміз. Қазір бірінші кезекте дамыту қажет ең перспективалы көлік-транзиттік бағдарларды анықтау үшін жұмыстар жүргізілуде.

Біздің транзиттік мүмкіндіктерімізді жүзеге асыратын көлік қаңқасы қалыптастырылмақ. Жұмыс халықаралық консультанттың қатысуымен жүргізілуде. Толық бекітілген соң құжат көпшілік назарына ұсынылады»,

— деп атап өтті Мақсат Қалиақпаров.

Оның айтуынша, қолданыстағы автожолдар транзиттік тасымалдардың қажеттіліктерін толығымен жаба алады, алайда бұл жұмыстар келешекте қажет болып қалатыны ескеріліп жүргізілуде.

Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойында автожол салу жоспарлануда. Қазір оның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Сондай-ақ өткізу қабілетін арттыра түсу үшін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізін кеңейту көзделген. Жоба көршілес мемлекеттермен олардың аумағындағы «тар тұстарды» болдырмау үшін үйлестіре жүзеге асырылады. Барлық жұмыс бірыңғай стратегиялық тәсіл шеңберінде жүргізілмек.

➖

Масштабную автодорожную стратегию разрабатывают в Казахстане

Вице-министр транспорта РК Максат Калиакпаров на пресс-конференции по итогам заседания Правительства рассказал о планах ведомства по дальнейшему развитию транспортно-транзитных коридоров.

По его словам, для удобства перевозчиков на пунктах пропуска планируется введение «зеленого» коридора для таможенного оформления транзитных грузов – это позволит существенно упростить процедуры. В рамках этой работы все пункты пропуска проходят модернизацию.

«Что касается определения направлений по строительству автодорог, сегодня мы наблюдаем значительный рост транзитных перевозок – в среднем на 30–35% ежегодно. Для обеспечения их бесперебойности мы разрабатываем масштабную автодорожную стратегию, рассчитанную поэтапно до 2030, 2035 и 2040 годов. Сейчас идет работа по определению наиболее перспективных транзитно-транспортных маршрутов, которые необходимо развивать в первую очередь.

Будет сформирован транспортный каркас, обеспечивающий наши транзитные возможности. Работа ведется при участии международного консультанта. После утверждения документ будет представлен»,

— отметил Максат Калиакпаров.

Он добавил, что существующие автодороги в целом покрывают потребности транзитных перевозок, однако ведется работа на перспективу.

В частности, планируется строительство автодороги вдоль Транскаспийского международного транспортного маршрута – сейчас разрабатывается ТЭО проекта. Также предусмотрено расширение транспортного коридора «Западная Европа – Западный Китай» для увеличения его пропускной способности. Реализация проекта будет синхронизирована с соседними государствами, чтобы избежать «узких мест» на их территории. Вся работа ведется в рамках единого стратегического подхода.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
🔹Көлік министрлігінде Еуропалық инвестициялық банк делегациясымен кездесу өтті

Көлік министрлігінде Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Еуропалық инвестициялық банк (ЕИБ) делегациясымен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы бастамаларды талқылау және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындау болды.

Келіссөздер барысында тараптар автомобиль жолдары саласында іске асырылып жатқан және перспективалық жобаларды қарастырды.

ЕИБ өкілдері бірлескен бастамалардың оң қарқынын атап өтіп, жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді қарастыруға дайын екендерін жеткізді.

Теміржол секторының болашақ жобаларына да ерекше назар аударылды. Аталған жобалар өткізу қабілетін арттыруға, транзиттік әлеуетті дамытуға және логистикалық бағыттарды жетілдіруге бағытталды. Сонымен қатар су көлігін дамытуға қатысты жоспарлар талқыланып, оның ішінде порт инфрақұрылымын жаңғырту және ішкі су жолдарының тиімділігін арттыру мәселелері қамтылды.

Тараптар әріптестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның орнықты және бәсекеге қабілетті көлік жүйесін дамытуға ықпал ететін кешенді шешімдер әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

➖

🔹В Министерстве транспорта состоялась встреча с делегацией Европейского инвестиционного банка

В стенах Министерства транспорта состоялась встреча Вице-министра транспорта РК Талгата Ластаева с делегацией Европейского инвестиционного банка (ЕИБ).

Целью встречи стало обсуждение текущих инициатив и определение новых направлений сотрудничества в сфере развития транспортной инфраструктуры.

В ходе переговоров стороны обсудили реализуемые и перспективные проекты в области автомобильных дорог.

Представители ЕИБ отметили положительную динамику реализации совместных инициатив и выразили готовность рассматривать новые инвестиционные возможности.

Отдельное внимание было уделено перспективным проектам железнодорожного сектора, направленным на повышение пропускной способности, развитие транзитного потенциала и улучшение логистических маршрутов. Также обсуждались планы по развитию водного транспорта, включая модернизацию портовой инфраструктуры и повышение эффективности внутренних водных путей.

Стороны подчеркнули важность укрепления партнёрства и договорились продолжить работу над формированием комплексных решений, которые будут способствовать развитию устойчивой и конкурентоспособной транспортной системы Казахстана.
❤3
Forwarded from UKIMET
Қазақстан мен Өзбекстан жаңа авиамаршруттар мен Жібек жолы бойынша бірлескен турлар ашады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасын орындау аясында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туризм және көлік байланыстарын дамыту жөніндегі жұмыстар күшейтілді.

Көлік министрлігі тарапынан үш жаңа әуе бағыты іске қосылады. Осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап SCAT әуекомпаниясы Түркістан – Бұхара, Түркістан – Үргеніш (Хиуа) және Түркістан – Самарқанд бағыттары бойынша тұрақты ұшады. Рейстер әр бағыт бойынша аптасына үш рет орындалады. Билеттер сатуға шығарылды, ұшу құны – бір бағытқа 40 мың теңге.

Бастапқы кезеңде әуе қатынастары тұрақты жолаушылар ағынын қалыптастыру үшін субсидияланатын болады. Маршруттардың ашылуы туризмді дамытуға және Ұлы Жібек жолы қалаларын ілгерілетуге, сондай-ақ өңірлердің көлік байланысын күшейтуге және шетелдік туристер ағынын ынталандыруға бағытталған.

Сонымен қатар Туризм және спорт министрлігі Орталық Азияның Жібек жолы бойынша ортақ маршруттың жаңа тұжырымдамасын әзірледі. Оған аймақтағы негізгі қалалар: Алматы, Шымкент, Түркістан, Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа кірді, сондай-ақ ортақ тарихи мұра мен табиғи ресурстар енгізілді.

Самарқандқа алғашқы тур kompastour операторымен бірлесіп іске қосылды. Қазір басқа туристік компаниялармен жаңа турларды ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

2026 жылы екі елдің туристік ресурстарын біріктіру мақсатында Қазақстан мен Өзбекстанның туристік әлеуетін бірлесіп ілгерілету жоспарлануда.

➖

Казахстан и Узбекистан открывают новые авиамаршруты и совместные туры по Шелковому пути

В рамках исполнения поручения Премьер-министра Республики Казахстан Олжаса Бектенова усилена работа по развитию туризма и транспортных связей между Казахстаном и Узбекистаном.


По линии Министерства транспорта запускаются три новых авиамаршрута. С 1 декабря текущего года авиакомпания SCAT будет совершать регулярные полеты по направлениям Туркестан – Бухара, Туркестан – Ургенч (Хива) и Туркестан – Самарканд. Рейсы будут выполняться три раза в неделю по каждому направлению. Продажа билетов открыта, стоимость перелета составляет 40 тыс. тенге в одну сторону.

На первоначальном этапе полеты будут субсидироваться для формирования устойчивого пассажиропотока. Открытие маршрутов нацелено на развитие туризма и продвижение городов Великого шелкового пути, а также для усиления транспортной связности регионов и стимулирования притока зарубежных туристов.

Кроме того, Министерством туризма и спорта разработана новая концепция общего маршрута по Шелковому пути Центральной Азии. В него вошли ключевые города региона: Алматы, Шымкент, Туркестан, Ташкент, Самарканд, Бухара и Хива, а также включено общее историческое наследие и природные ресурсы.

Первый тур в Самарканд уже запущен совместно с оператором kompastour. Сейчас ведутся переговоры с другими туристскими компаниями по формированию новых туров.

В 2026 году планируется рассмотреть совместное продвижение туристского потенциала Казахстана и Узбекистана с целью объединения туристских ресурсов двух стран.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹Ташкентте Транскаспий көлік дәлізі мен байланысты дамыту жөніндегі Инвесторлар форумы өтті
 
Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев бастаған қазақстандық делегация Транскаспий көлік дәлізі мен байланысты дамыту жөніндегі Инвесторлар форумына қатысты.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Форум жұмысына Еуропалық одақтың комиссарлары, еуропалық қаржы институттарының өкілдері, сондай-ақ Орта дәліз бойында орналасқан елдердің көлік министрлері қатысты.

Форум аясында Орталық Азия, Еуропалық одақ, Оңтүстік Кавказ және Қара теңіз аймағы елдерінің көлік министрлерінің кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасы Көлік министрі панельдік сессияда және министрлер кездесуінде баяндама жасап, ЕО-ның «GlobalGateway» бастамасы аясындағы ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтті. Сондай-ақ ТХКБ бойынша үкіметаралық келісім жобасын әзірлеу арқылы институционалдық базаны қабылдаудың маңыздылығы айтылды.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар Транскаспий көлік дәлізін дамыту шеңберінде аймақтар арасындағы серіктестікті кеңейтуге деген ортақ ұстанымды атап өтті.

➖

🔹В Ташкенте состоялся Форум инвесторов по Транскаспийскому транспортному коридору и связанности
 
Казахстанская делегация во главе с Министром транспорта Республики Казахстан Нурланом Сауранбаевым приняла участие в Форуме инвесторов по Транскаспийскому транспортному коридору и взаимосвязанности.

Мероприятие прошло на высоком уровне. В его работе приняли участие комиссары Европейского союза, представители европейских финансовых институтов, а также министры транспорта расположенных вдоль Среднего коридора.

На полях Форума состоялась встреча министров транспорта Центральной Азии, Европейского союза, Южного Кавказа и Черноморского региона.

Министр транспорта РК выступил с докладом на панельной сессии и встрече министров транспорта, где отметил положительную сдвиги сотрудничества в рамках инициативы ЕС «Global Gateway». Были озвучены инициативы о необходимости принятия институциональной базы через подготовку межправительственного соглашения по ТМТМ.

По итогам мероприятия участники Форума отметили общую приверженность расширению партнерства между регионами в рамках развития Транскаспийского коридора.