ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.94K subscribers
14.6K photos
1.88K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
Forwarded from UKIMET
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысын өткізді

📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен елімізге жұмыс сапарымен келген Түркия Республикасының вице-президенті Джевдет Йылмаз екіжақты келіссөздер мен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 14-ші отырысын өткізді.

Шағын құрамда тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың бүгінгі деңгейі туралы пікір алысты. Сондай-ақ Қазақстан мен Түркия президенттері, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған, деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес тауар айналымының көлемін одан әрі ұлғайту мақсатында екіжақты өзара іс-қимылдың әлеуетін аша түсу жөніндегі шаралар қаралды. Түркия президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапарына дайындыққа да ерекше назар аударылды.

Премьер-министр Түркия вице-президентін Қазақстанның жаңа Конституциясының негізгі мазмұны туралы хабардар етіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен еліміз дамудың жаңа тарихи кезеңіне аяқ басқанын атап өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік органдары басшыларының қатысуымен өткен Үкіметаралық комиссияның отырысында сауда, инвестициялар, өнеркәсіп, көлік және логистика, энергетика, цифрландыру және жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды.

«Біздің мемлекеттеріміздің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоғанның шынайы достығы жақсы дәстүрге және екіжақты қарым-қатынастардың берік іргетасына айналды.

Біздің сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарымыз қарқынды дамып келеді. Түркия – Қазақстанның бес негізгі сауда серіктесінің бірі. Елдер арасындағы тауар айналымы өткен жылы 9%-ға артты. Оның ішінде Қазақстан тауарларының экспорт көлемі 17%-дан астам өсіп, $3,9 млрд-қа жетті. Қазақстан Үкіметі сауданы әртараптандыруға, оны шикізаттан қосылған құны жоғары өнімге ауыстыруға бағытталған бірлескен жұмыс жүргізуге мүдделі»,

— деп атап өтті Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов.

«Түркия мен Қазақстан – тек дос және бауырлас мемлекеттер ғана емес, сонымен бірге ортақ тарих пен мәдениет байланыстыратын стратегиялық серіктестер. Біздің ынтымақтастығымыздың жоғары деңгейіне қол жеткізуде президенттеріміз — Режеп Тайып Ердоған мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешуші әрекеттері мен ортақ көзқарасы үлкен рөл атқарды. Үкіметаралық комиссияның бүгінгі отырысын біз алдағы уақыттардағы сауда-экономикалық қатынастарымыздың Жол картасын қалыптастыратын стратегиялық консультациялардың негізі ретінде қарастырамыз»,

— деп атап өтті Түркия Республикасының вице-президенті Джевдет Йылмаз.

Қазақстан тарапы жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру шеңберінде өнеркәсіптік платформалар мен мемлекеттік қолдау құралдарын ұсынуға дайын екендігін атап өтті. Өткен жылы экономикаға шамамен $390 млн түрік инвестициясы тартылды, небәрі 20 жыл ішінде бұл сома $6 млрд-тан асты. Бүгінде құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, металлургия, АӨК өнімдерін терең өңдеу, көлік және логистика, фармацевтика өндірісі, электрондық аспаптар және тағы да басқа салаларда жалпы сомасы $4 млрд болатын 98 инвестициялық жоба іске қосылды. Одан бөлек $3,9 млрд болатын тағы 50 жоба жүзеге асырылуда.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалы 6,4 млн тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 35%-ға артты. Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымал көлемі 4 млн тоннадан асты. Ортақ басымдық – Орта дәлізді дамыту және осы бағытта инфрақұрылымды жаңғырту, «тар» учаскелерді жою, порттық және терминалдық қуаттарды кеңейту, цифрлық шешімдерді енгізу және тарифтік саясатты үйлестіру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізу. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бұл бағыт бойынша жүк ағыны 7 жылда 5 есеге өсті, жеткізу мерзімі 13 күнге дейін қысқарды.
Forwarded from UKIMET
Агроөнеркәсіп кешенінде өткен жылы тауар айналымы 25%-дан астамға артып, $360 млн-ға жетті. Уәкілетті органдар мен Қазақстан мен Түркия бизнесі арасында агротехнология және сақтандыру саласында тәжірибе алмасу жолға қойылған. Отырыс барысында қатысушылар экспорттық ассортиментті кеңейту және қосылған құны жоғары жаңа бірлескен өнім өндірісін іске қосу арқылы тауар айналымын әртараптандырудың өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар бидай, жасымық, жемшөп және майлы дақылдар бойынша қазақстандық экспорт көлемін одан әрі ұлғайту мақсатында ветеринария және фитосанитария саласында бірлескен жұмыс қажеттігі атап өтілді.

Мұнай-газ саласында, геологиялық барлау және басқа да ірі бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы энергетикалық әріптестікті дамыту мәселелері қаралды. Түркия аумағы арқылы өтетін және қазақстандық мұнайды тасымалдайтын «Баку – Тбилиси – Джейхан» құбыры инфрақұрылымының стратегиялық маңызы атап өтілді. Энергетика, көмір және өзге де салаларда инновациялар енгізу бойынша тәжірибе алмасу екі ел арасындағы ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтереді.

Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберінде Қазақстан мен Түркия өзге елдермен бірлесіп, Киберқауіпсіздік жөніндегі кеңес пен CubeSat-12u жерсерігін әзірлеу бағытында бірлескен жұмыс жүргізуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел экономикасын цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу жөніндегі бастамаларына ерекше назар аударылды. IT-білім беру, финтех, киберқауіпсіздік және электрондық қызметтер саласындағы бірлескен жобалардың әлеуеті атап өтілді. Астана қаласында Орталық Азиядағы екі ірі суперкомпьютерлік кластер іске қосылып, Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Сонымен қатар инвесторлар мен серіктестерге қуаттар, инфрақұрылым және арнайы салық жеңілдіктері ұсынылатын «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасы жүзеге асырылуда.

Денсаулық сақтау саласында инвестициялық ынтымақтастық, ақпараттық технологиялар және академиялық тәжірибе алмасу негізгі бағыттар ретінде айқындалды. Түрік серіктестерінің қатысуымен Қазақстанда жаңа ауруханалар салу, онкологиялық инфрақұрылымды, университеттік клиникаларды дамыту және фармацевтикалық өнім өндіру бойынша жобалар жүзеге асырылуда.

Көлік, Сауда және интеграция, Энергетика, Ауыл шаруашылығы, Өнеркәсіп және құрылыс, Оқу-ағарту министрліктерінің басшылары Қазақстан тарапынан әріптестікті одан әрі нығайтуға қатысты ұсыныстар беріп, пікір білдірді. Түрік тарапынан Көлік және инфрақұрылым, Сауда, Энергетика және табиғи ресурстар, Ауыл және орман шаруашылығы, Өнеркәсіп және технологиялар, Ұлттық білім министрліктерінің басшылары қатысты.

Жиын соңында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан мен Түркия арасындағы Үкіметаралық комиссиясының 14-ші отырысының хаттамасына қол қойды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
UKIMET
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысын өткізді 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен елімізге жұмыс сапарымен…
Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов и вице-президент Турции Джевдет Йылмаз провели заседание Межправкомиссии по торгово-экономическому сотрудничеству

📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов и вице-президент Турецкой Республики Джевдет Йылмаз, прибывший с рабочим визитом в РК, провели двусторонние переговоры и 14-е заседание Межправительственной комиссии по торгово-экономическому сотрудничеству.

В узком составе состоялся обмен мнениями о текущем уровне торгово-экономического сотрудничества, а также рассмотрены меры по раскрытию потенциала двустороннего взаимодействия с целью дальнейшего наращивания объема товарооборота в соответствии с договоренностями, достигнутыми на уровне президентов Казахстана и Турции — Касым-Жомарта Токаева и Реджепа Тайипа Эрдогана. Особое внимание уделено подготовке к государственному визиту Президента Турции в Казахстан.

Руководитель казахстанского Правительства проинформировал вице-президента Турции об основном содержании новой Конституции Казахстана, подчеркнув, что под руководством Президента Касым-Жомарта Токаева наша страна вступает в новый исторический этап развития.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
UKIMET
Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов и вице-президент Турции Джевдет Йылмаз провели заседание Межправкомиссии по торгово-экономическому сотрудничеству 📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов и вице-президент Турецкой Республики Джевдет…
В заседании Межправкомиссии с участием руководителей государственных органов Казахстана и Турции рассмотрен широкий круг вопросов двустороннего сотрудничества в области торговли, инвестиций, промышленности, транспорта и логистики, энергетики, цифровизации и искусственного интеллекта, сельского хозяйства, здравоохранения, а также культурно-гуманитарного взаимодействия.

«Искренняя дружба глав наших государств Касым-Жомарта Токаева и Реджепа Тайипа Эрдогана стала доброй традицией и прочным фундаментом двусторонних отношений.

Наши торгово-экономические и инвестиционные связи динамично развиваются. Турция – один из пяти основных торговых партнеров Казахстана. Товарооборот между двумя странами в прошлом году вырос на 9%. Из них экспорт казахстанских товаров увеличился более чем на 17,7%, достигнув $3,9 млрд. Правительство Казахстана заинтересовано в совместной работе по диверсификации структуры торговли с переориентацией на продукцию с высокой добавленной стоимостью»,

— подчеркнул Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов.

«Турция и Казахстан — это не только два дружественных и братских государства, но и стратегические партнеры, связанные общей историей и культурой. В достижении высокого уровня сотрудничества огромную роль сыграли решительные действия и общее видение наших президентов — Реджепа Тайипа Эрдогана и Касым-Жомарта Токаева. Сегодняшнее заседание Межправительственной комиссии мы рассматриваем в качестве базы для стратегических консультаций, формирующих Дорожную карту торгово-экономических отношений на предстоящий период»,

— отметил вице-президент Турецкой Республики Джевдет Йылмаз.

В рамках реализации новых совместных проектов казахстанской стороной отмечена готовность предоставить промышленные платформы и инструменты государственной поддержки. В прошлом году в экономику было привлечено порядка $390 млн турецких инвестиций, всего за 20 лет сумма превысила $6 млрд. На сегодня уже запущено 98 инвестиционных проектов на общую сумму $4 млрд в области строительства, легкой промышленности, металлургии, глубокой переработки продукции АПК, транспорта и логистики, производства фармпродукции, электронных приборов и др. На стадии реализации – еще 50 проектов на $3,9 млрд.

Объем грузоперевозок по железной дороге между Казахстаном и Турцией по итогам 2025 года достиг 6,4 млн тонн, что на 35% больше, чем в 2024 году. По Транскаспийскому международному транспортному маршруту перевезено свыше 4 млн тонн. Общим приоритетом является развитие Среднего коридора и совместная работа по модернизации инфраструктуры, устранению «узких» участков, расширению портовых и терминальных мощностей, внедрению цифровых решений и координации тарифной политики. В результате уже принятых мер грузопоток по маршруту за 7 лет вырос в 5 раз, сроки доставки сокращены до 13 дней.
Forwarded from UKIMET
UKIMET
В заседании Межправкомиссии с участием руководителей государственных органов Казахстана и Турции рассмотрен широкий круг вопросов двустороннего сотрудничества в области торговли, инвестиций, промышленности, транспорта и логистики, энергетики, цифровизации…
В агропромышленном комплексе товарооборот в прошлом году увеличился более чем на 25% и достиг $360 млн. Между уполномоченными органами и бизнесом Казахстана и Турции налажен обмен опытом в области агротехнологий и страхования. Участниками заседания обозначена актуальность диверсификации товарооборота с расширением экспортного ассортимента и запуском новых совместных производств продукции с высокой добавленной стоимостью. В целях дальнейшего увеличения казахстанского экспорта пшеницы, чечевицы, кормовых и масличных культур отмечена необходимость совместной работы в области ветеринарии и фитосанитарии.

Рассмотрены вопросы развития энергетического партнерства с реализацией крупных совместных проектов в нефтегазовой отрасли, геологоразведке и др. Отмечено стратегическое значение пролегающей через территорию Турции трубопроводной инфраструктуры «Баку-Тбилиси-Джейхан», через которую ведется транспортировка казахстанской нефти. Обмен опытом по внедрению инноваций в энергетической, угольной и других отраслях выведет сотрудничество между странами на качественно новый уровень.

В рамках Организации тюркских государств Казахстаном и Турцией вместе с другими странами ведется совместная работа по созданию Совета по кибербезопасности и спутника CubeSat-12U. Отдельное внимание уделено инициативам Главы государства Касым-Жомарта Токаева по цифровизации экономики РК и масштабному внедрению искусственного интеллекта. Отмечен потенциал для совместных проектов в области IT-образования, финтеха, кибербезопасности и электронных услуг. В Астане запущены два крупнейших суперкомпьютерных кластера в Центральной Азии и открыт Международный центр искусственного интеллекта Alem.ai. Реализуется проект «Долина ЦОДов», где инвесторам и партнерам предлагаются мощности, инфраструктура и специальные налоговые льготы.

В сфере здравоохранения ключевыми направлениями являются инвестиционное сотрудничество, обмен информационными технологиями и академическим опытом. С участием турецких партнеров в Казахстане реализуются проекты по строительству новых больниц, развитию онкологической инфраструктуры, университетских клиник и производства фармацевтической продукции.

С предложениями и комментариями касательно дальнейшего укрепления партнерства с казахстанской стороны выступили руководители министерств транспорта, торговли и интеграции, энергетики, сельского хозяйства, промышленности и строительства, просвещения. С турецкой стороны – руководители министерств транспорта и инфраструктуры, торговли, энергетики и природных ресурсов, сельского и лесного хозяйства, промышленности и технологий, национального образования.

По итогам заседания сторонами подписан протокол 14-го заседания казахстанско-турецкой Межправительственной комиссии по торгово-экономическому сотрудничеству.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандағы ақылы автожолдардың экономикалық тиімділігі мен дамуы

Қазақстанның автомобиль жолдарында ақылы жүйенің енгізілуі қаржыландырудың тұрақты моделін қалыптастырып, көлік инфрақұрылымының сапасын арттыра отырып, автожол саласының дамуына елеулі ықпал етуде. Бүгінгі таңда елімізде жалпы ұзындығы шамамен 4,9 мың шақырымды құрайтын 26 ақылы учаске жұмыс істейді және олардың саны артып, негізгі республикалық тасжолдарды қамтуда. Ақылы жүйе мемлекеттік бюджетке толық тәуелділіктен өзін-өзі қаржыландыру принципіне көшуге мүмкіндік беретін маңызды экономикалық құралға айналды.

Қаржылық көрсеткіштер тұрақты өсімді көрсетуде: 2025 жылдың қорытындысы бойынша ақылы учаскелерден түскен табыс шамамен 86 млрд теңгені құрады (2024 жылғы көрсеткіш – 48 млрд теңге), ал жүріп өткен көліктер саны 70 миллионнан асты. Салыстыру үшін айтсақ, 2023 жылы ақылы жолдардан 32 млрд теңгеден азырақ қаражат жиналған болатын.
Бұл ретте барлық түсімдер тек жолдарды күтіп ұстауға, ағымдағы және орташа жөндеуге, жаңа техника сатып алуға, сондай-ақ ақылы автомобиль жолдарын басқаруға ғана бағытталады. Осылайша, аталған шараларды қаржыландыру қаражаты жалпы салық төлеушілер есебінен емес, автожол инфрақұрылымын тікелей пайдаланушылар есебінен жүзеге асырылады.

Жүйенің практикалық тиімділігін соңғы жылдардағы нәтижелер растайды. 2024 жылы жиналған 48 млрд теңге жол инфрақұрылымының үздіксіз жұмыс істеуін, оның ішінде ақылы учаскелерді күтіп ұстауды және төлем алу жүйесінің қызметін қамтамасыз етті. Сонымен қатар күрделі салымдарға, оның ішінде 680 бірлік арнайы техника сатып алуға мүмкіндік берген. Жыл ішінде жол-пайдалану жұмыстарының ауқымды көлемі орындалды: 43 мың м²-ден астам аумақта шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 17,6 мың км жол белгілері сызылды, 29 мыңға жуық сигналдық бағандар орнатылды, жол белгілері монтаждалып, барьерлік қоршаулар жөнделді.

2025 жылы жұмыс көлемі артты. 86 млрд теңге көлемдегі түсімдер есебінен ақылы учаскелерді күтіп ұстауға және жөндеуге, төлем алу жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуге және техниканы жаңартуға қаражат бағытталды. 89 трактор сатып алынды, сондай-ақ тағы 504 бірлік техниканы жеткізу жоспарланған. Есепті кезеңде 61,4 мың м² аумақта шұңқырлы жөндеу жүргізілді, 19,6 мың км жол белгілері сызылды, 4 мыңнан астам жол белгілері орнатылды және 31,6 мың метр қоршаулар жөнделді.

Ақылы жүйені енгізу саладағы жүйелі өзгерістерге әкелді. Жолдарды күтіп ұстаудың тұрақты қаржыландырылуы қамтамасыз етілді, бұл олардың сапасы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Негізінен реконструкциядан өткен, жылдамдық, өткізу қабілеті және қызмет көрсету деңгейі бойынша заманауи талаптарға сай келетін жолдар ақылы болады. Бұл жылдам жүретін көлік дәліздерін дамытуға және елдің транзиттік әлеуетін арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар мемлекеттік бюджетке түсетін жүктеме азаяды, бұл бюджет қаражатын жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қайта бөлуге мүмкіндік береді, сондай-ақ саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Бұл ретте Қазақстандағы ақылы автомобиль жолдарындағы тарифтер деңгейі шетелдік елдермен салыстырғанда төмен деңгейде қалып отыр.

Жүйені жетілдірудің қосымша элементі ретінде ақауы бар деп танылған учаскелерде төлем алуды тоқтатуды қарастыратын норма енгізілді. Белгіленген талаптарға сай еместігі анықталған жағдайда, ақаулар толық жойылғанға дейін жол жүру үшін ақы алынбайды. Бұл оператордың жауапкершілігін арттырады және пайдаланушылар үшін әділ қағида орнатады.

Пайдаланушылар үшін төлеудің қосымша ыңғайлы және экономикалық тиімді тетіктері қарастырылған. Атап айтқанда, жергілікті автокөліктер үшін ақылы жолдарды жүйелі пайдаланған кезде шығынды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретін айлық және жылдық абонементтер бар. Сонымен қатар, алдын ала төлеу жүйесі посттөлемге қарағанда төмен тарифтерді көздейді. Халық үшін жол ақысын төлеу мерзімі бір айға дейін ұзартылды, бұл жүргізушілерге есептеулерді уақытылы өтеуге көбірек уақыт береді.
Жалпы алғанда, ақылы жолдар жүйесі автожол саласын дамытудың экономикалық тұрғыдан орнықты моделін қалыптастырады, мұнда пайдаланушылар инфрақұрылымды нақты пайдаланғаны үшін ақы төлейді, ал алынған қаражат оны күтіп ұстауға және дамытуға бағытталады.

Тарифтердің қолжетімділігін сақтай отырып, ақылы учаскелер желісін кеңейту бұл тетікті ұлттық көлік желісінің сапасы мен тиімділігін арттырудың басты факторларының біріне айналдырады.
Экономическая эффективность и развитие платных автодорог Казахстана

Введение системы платности на автомобильных дорогах Казахстана оказывает существенное влияние на развитие автодорожной отрасли, формируя устойчивую модель финансирования и повышая качество транспортной инфраструктуры. На сегодняшний день в стране функционирует около 26 платных участков общей протяженностью порядка 4,9 тыс. километров, и их число продолжает расти, охватывая ключевые и интенсивные республиканские трассы. Платность стала важным экономическим инструментом, позволяющим перейти от полной зависимости от государственного бюджета к принципу самофинансирования.

Финансовые показатели демонстрируют устойчивый рост. По итогам 2025 года доходы от платных участков составили порядка 86 млрд тенге против порядка 48 млрд тенге годом ранее, а количество проездов превысило 70 млн. Для сравнения в 2023 году было собрано менее 32 млрд тенге.

 При этом все поступления направляются исключительно на содержание, текущий и средний ремонт, закуп новой техники, а также управление платными автомобильными дорогами. Таким образом, финансирование их эксплуатации осуществляется не за счет налогоплательщиков в целом, а за счет пользователей, непосредственно пользующихся автодорожной инфраструктурой.

Практическая эффективность системы подтверждается результатами последних лет. В 2024 году собранные 48 млрд тенге позволили обеспечить бесперебойное функционирование дорожной инфраструктуры, включая содержание платных участков и работу системы взимания платы, а также направить средства на капитальные вложения, в том числе закуп 680 единиц специализированной техники. В течение года выполнен значительный объем дорожно-эксплуатационных работ: проведен ямочный ремонт на площади более 43 тыс. м², нанесена дорожная разметка протяженностью 17,6 тыс. км, установлено около 29 тыс. сигнальных столбиков, смонтированы дорожные знаки и отремонтированы барьерные ограждения.

В 2025 году объем работ был увеличен. При сборах на уровне 86 млрд тенге средства направлены на содержание и ремонт платных участков, обеспечение функционирования системы взимания платы и обновление техники. Закуплено 89 тракторов, а также запланирована поставка еще 504 единиц техники. За отчетный период выполнен ямочный ремонт на площади 61,4 тыс. м², нанесено 19,6 тыс. км дорожной разметки, установлено более 4 тыс дорожных знака и отремонтировано 31,6 тыс. погонных метров ограждений.
Внедрение платности уже привело к системным изменениям в отрасли.

Обеспечено стабильное финансирование содержания дорог, что напрямую отражается на их качестве и безопасности. Платными становятся преимущественно  прошедшие реконструкцию дороги, соответствующие современным требованиям по скорости, пропускной способности и уровню сервиса. Это способствует развитию скоростных транспортных коридоров и повышению транзитного потенциала страны. Одновременно снижается нагрузка на государственный бюджет, что позволяет перераспределять бюджетные средства на реализацию новых инфраструктурных проектов, а также повышается инвестиционная привлекательность отрасли.

При этом уровень тарифов на платных автомобильных дорогах Казахстана остается ниже  по сравнению с зарубежными странами.
Дополнительным элементом совершенствования системы стала норма, предусматривающая отмену взимания платы на участках, признанных дефектными. В случае выявления несоответствий установленным требованиям оплата за проезд временно не взимается до полного устранения дефектов, что повышает ответственность Оператора и реализует принцип справедливости для пользователей.

Для пользователей предусмотрены дополнительные удобные и экономически выгодные механизмы оплаты. В частности, для местных автомобилей действуют месячные и годовые абонементы, позволяющие существенно снизить затраты при регулярном использовании платных дорог. Кроме того, система предоплаты предусматривает более низкие тарифы по сравнению с постоплатой. Для  населения увеличен срок оплаты за проезд до одного месяца, что дает водителям больше времени для своевременного погашения начислений.
В целом система платных дорог формирует экономически устойчивую модель развития автодорожной отрасли, при которой пользователи оплачивают фактическое использование инфраструктуры, а полученные средства направляются на её содержание и развитие.

Расширение сети платных участков при сохранении доступности тарифов делает этот механизм одним из ключевых факторов повышения качества и эффективности национальной транспортной сети.
Forwarded from UKIMET
Вашингтонда «Қарағанды – Жезқазған» автожолының жобасы бойынша келісімге қол қойылды

📍 Қазақстандық делегацияның Вашингтонға ресми сапары барысында Дүниежүзілік банктің штаб-пәтерінде «Қарағанды-Жезқазған» автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды.


Келісім «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасында жасалды.

Жоба көлік инфрақұрылымын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және өңірлердің байланысын жақсартуға арналған. Жаңа жол жүру уақытын едәуір қысқартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және Орталық Қазақстанның дамуына қосымша серпін береді.

Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер соңғы сатысында тұр. Жолдың ұзындығы – 457 шақырым. Қарыз сомасы – 650 млрд теңге. Биыл автожолды жобалау жұмыстары және құрылысы бастау алады.

Жоба сонымен қатар логистиканы дамытуға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from UKIMET
UKIMET
Вашингтонда «Қарағанды – Жезқазған» автожолының жобасы бойынша келісімге қол қойылды 📍 Қазақстандық делегацияның Вашингтонға ресми сапары барысында Дүниежүзілік банктің штаб-пәтерінде «Қарағанды-Жезқазған» автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге…
В Вашингтоне подписано соглашение по проекту автодороги «Караганда – Жезказган»

📍 Во время визита казахстанской делегации в Вашингтон в штаб-квартире Всемирного банка подписано соглашение о финансировании строительства автодороги «Караганда – Жезказган».

Соглашение заключено между АО «НК «КазАвтоЖол», Международный банк реконструкции и развития и Азиатский банк инфраструктурных инвестиций.

Проект направлен на развитие транспортной инфраструктуры, повышение транзитного потенциала и улучшение связности регионов. Ожидается, что новая дорога позволит заметно сократить время в пути, повысить безопасность движения и даст дополнительный импульс развитию Центрального Казахстана.

В настоящее время конкурсные процедуры находятся на завершающей стадии. Протяженность дороги составит 457 км, сумма займа – 650 млрд тенге. В этом году начнется проектирование и строительство автодороги.

Проект также позволит развить логистику, повысить инвестиционную привлекательность региона и создать новые рабочие места.

Старт работ ожидается в ближайшее время.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2