ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.94K subscribers
14.6K photos
1.88K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚉 Казахстан усиливает роль железных дорог в грузоперевозках и транзите
🔸️Маңғыстау вокзалының ғимараты кеңейтіліп, өткізу қабілеті артады

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұғанов Маңғыстау станциясының жаңа теміржол вокзалының құрылысымен танысты.

Жұмыс сапары аясында құрылыс алаңына инспекция жүргізілді, мердігерлік ұйым мен жауапты қызметтер өкілдерінің жобаны іске асырудың ағымдағы мәртебесі туралы баяндамалары тыңдалды.

Жоба аясында вокзал ғимаратын 764 шаршы метрден 8899 шаршы метрге дейін кеңейту көзделген. Өткізу қабілеті тәулігіне 2 800 жолаушыға дейін артады. Жаңа нысан заманауи инженерлік жүйелермен, күту аймақтарымен, сервистік инфрақұрылыммен жарақтандырылады, сондай-ақ халықтың мобильділігі төмен топтары үшін ыңғайлы жағдайлар жасалады.

Тексеру қорытындысы бойынша Нұржан Келбұғанов вокзал құрылысын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

Жобаны іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, оларға қолайлы жағдай жасауға және өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

🔸️Новый вокзал в Мангистау: увеличат площадь и пропускную способность

Председатель Комитета железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан Кельбуганов Нуржан ознакомился с ходом строительства нового железнодорожного вокзала станции Мангыстау.

В рамках рабочей поездки была проведена инспекция строительной площадки, заслушаны доклады представителей подрядной организации и ответственных служб о текущем статусе реализации проекта.

Проектом предусмотрено увеличение площади вокзала с 764 кв. м до 8 899 кв. м. Пропускная способность возрастет до 2 800 пассажиров в сутки. Новый объект будет оснащен современными инженерными системами, зонами ожидания, сервисной инфраструктурой, а также обеспечен условиями для маломобильных групп населения.

По итогам осмотра Нуржан Кельбуганов поручил обеспечить качественное и своевременное завершение строительства вокзала.

Реализация проекта позволит значительно повысить качество обслуживания пассажиров, создать комфортные условия пребывания и укрепить транспортно-логистический потенциал региона.
Халықаралық тасымалдаушыларға жаңа талаптар: кемінде 50% өзіне тиесілі жүк көліктерінің болуы
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті салалық қауымдастықтар және бизнес-қоғамдастықтармен бірлесіп халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Жиын барысында саланың өзекті және проблемалық мәселелері қаралды, оның ішінде мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінен өту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ реттеушілік әсерге талдау жүргізу аясында халықаралық тасымалдарға қатысу ережелеріне ұсынылатын өзгерістер қаралды.

Нормативтік базаны жаңарту заманауи жағдайларға бейімделуге және тасымалдаушылар қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталғаны атап өтілді. Негізгі жаңалық – тасымалдаушыда кемінде 50% өзіне тиесілі жүк көліктерінің болуы тиіс деген талаптың енгізілуі.

Сонымен қатар процестерді цифрландыру, рұқсаттарды есепке алу және тарату жүйесін жетілдіру шаралары көзделген, бұл жүйенің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылған тәсілдерді қолдады, сондай-ақ реформаларды іске асыру кезінде одан әрі диалогтың маңыздылығын атап өтті.
50% собственного автопарка: новые требования к международным автоперевозчикам в Казахстане
 
Комитет автомобильного транспорта и транспортного контроля Министерства транспорта РК совместно с отраслевыми ассоциациями и представителями бизнес-сообщества провёл совещание по вопросам совершенствования разрешительной системы международных автомобильных перевозок.

В ходе встречи рассмотрены актуальные и проблемные вопросы отрасли, включая прохождение пунктов пропуска на государственной границе. Также обсуждены предлагаемые изменения в правила допуска к международным перевозкам в рамках проведения анализа регуляторного воздействия.

Отмечено, что обновление нормативной базы направлено на адаптацию к современным условиям и повышение прозрачности деятельности перевозчиков. Ключевым нововведением является введение требования о наличии у перевозчика не менее 50% собственных грузовых транспортных средств.

Кроме того, предусмотрены меры по цифровизации процессов, совершенствованию учета и распределения разрешений, что позволит повысить прозрачность системы.

По итогам совещания участники поддержали предложенные подходы и подчеркнули важность продолжения диалога при реализации реформ.
❤2
🔹Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша транзит соңғы бес жылда үш есеге өсті
 
Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұганов теңіз инфрақұрылымы мен сауда флотын дамыту жобаларының іске асырылу барысымен танысты.

Сапар барысында ол теңіз терминалдарын аралап, кеме қатынасы компанияларының басшыларымен кездесті. Кездесуде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске-асыру мәселелері талқыланды.

Бүгінгі таңда Ақтау портында контейнерлік хабпен кемелер қозғалысын басқару жүйесін (КҚБЖ) салу, Құрық портында айлақ акваториясын тереңдету және №1 айлақты жаңғырту, сондай-ақ портта жол бойы сервистік инфрақұрылым құру жобалары аяқталды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Ақтау порты акваториясын тереңдету және Құрық портындағы «Ерсай» терминалын, «Ерсай» контейнерлік терминалын салу, Құрық портындағы №2, 4 және 5 айлақтарды жаңғырту, буксирлер сатып алу, сондай-ақ цифрлық шешімдерді енгізіп, оларды ТХКБ-ның бірыңғай цифрлық ортасына интеграциялау жоспарланып отыр.

Аталған жобаларды іске асыру порт инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыруға және Қазақстанның Транскаспий бағыты бойынша негізгі транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы, соңғы бес жылда ТХКБ бойынша транзиттік тасымал көлемі үш есеге артты. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 300 мың контейнерге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

***

🔹Транзит по ТМТМ вырос втрое за последние пять лет

В рамках рабочей поездки в Мангистаускую область председатель Комитета железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта РК Нуржан Кельбуганов ознакомился с ходом реализации проектов по развитию морской инфраструктуры и торгового флота.

В ходе поездки он посетил морские терминалы и провёл встречи с руководством судоходных компаний. Обсуждены стратегические задачи по развитию Транскаспийского международного транспортного маршрута (ТМТМ).

На сегодняшний день завершены проекты по строительству контейнерного хаба и системы управления движением судов (СУДС) в порту Актау, дноуглублению акватории и модернизации причала №1 в порту Курык, а также созданию придорожного сервиса в порту.

До конца текущего года планируется завершить дноуглубление акватории порта Актау и терминала «Ерсай» в порту Курык, строительство контейнерного терминала «Ерсай», модернизацию причалов №2, 4 и 5 порта Курык, приобретение буксиров, а также внедрение цифровых решений с их интеграцией в единую цифровую среду ТМТМ.

Реализация указанных проектов позволит повысить пропускную способность портовой инфраструктуры и укрепить позиции Казахстана как ключевого транзитного хаба на Транскаспийском маршруте.

В целом за последние пять лет объём транзитных перевозок по ТМТМ увеличился в три раза. К 2030 году планируется довести этот показатель до 300 тыс. контейнеров.
❤1
Қазақстан мен Қытай  ғалымдары автожолдарға арналған халықаралық стандарттарды әзірлеу және жаңа технологияларды енгізу бағытында ынтымақтастықты күшейтуде

21–22 сәуір аралығында Астана және Алматы қалаларында «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» (ҚазжолҒЗИ) акционерлік қоғамының Қытай Халық Республикасының ғылыми және технологиялық ұйымдарының өкілдерімен бірқатар жұмыс кездесулері өтті.
Атап айтқанда, ҚХР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары ғылыми-зерттеу институтының (RIOH) делегациясымен келіссөздер жүргізіліп, оның барысында тараптар жол саласында International Organization for Standardization (ISO) шеңберінде халықаралық стандарттарды бірлесіп әзірлеуге қатысу мәселелерін талқылады. Бұл ретте заманауи технологияларды, сапа талаптарын және автомобиль жолдарын пайдаланудың нақты жағдайларын ескеретін келісілген тәсілдерді қалыптастыру туралы сөз болды.
Сонымен қатар, Central Fortune Creation Technology Group Co., Ltd (ҚХР) компаниясының өкілдерімен кездесу өтіп, оның аясында жол құрылысына технологияларды енгізу перспективалары талқыланды. Жол-құрылыс материалдарын қолдану, оларды Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімдеу, сондай-ақ технологиялық ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары жеке қарастырылды. Сонымен бірге «Алматы – Шелек – Қорғас» автожолындағы бірлескен апробациялық учаскенің аралық нәтижелері талқыланды. Аталған учаскеде тозуға төзімді асфальт қабаты (GT-8) қолданылған. Қазіргі уақытта осы учаскеде пайдалану көрсеткіштеріне мониторинг жүргізілуде.
Қытайлық серіктестермен кездесулер барысында жаңа материалдарды қолдану мәселелері, оларды сынау және енгізу тәсілдері, сондай-ақ автомобиль жолдарының бүкіл өмірлік циклінің бойында олардың жұмысын бақылау қарастырылды. Инновациялық шешімдерді енгізу тетіктері, оның ішінде пилоттық жобалар мен сынақ полигондарын пайдалану, сондай-ақ саланы цифрландыру, материалдар мен технологиялар бойынша деректер базасын қалыптастыру және интеллектуалды көлік жүйелерін енгізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, инфрақұрылымға қатысты мәселелер, соның ішінде көпірлерді тексерудің заманауи әдістері, цифрлық технологиялар мен мониторинг жүйелерін қолдану, сондай-ақ оларды жөндеу және қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі шешімдер қозғалды.
Ынтымақтастық жоғары көлік жүктемесін, климаттық ерекшеліктерді және Қазақстанның халықаралық көлік дәліздеріндегі рөлін ескере отырып, жол саласын дамытудың заманауи тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі уақытта өзара іс-қимылдың төрт басым бағыты пысықталуда: жол қозғалысы қауіпсіздігін бағалау, халықаралық автомобиль тасымалдарын дамытуға жәрдемдесу, интеллектуалды көлік жүйелерін дамыту, сондай-ақ жол саласындағы жасыл және төмен көміртекті бастамаларды іске асыру. Ынтымақтастық форматтары ретінде үкіметаралық жобаларды бірлесіп ілгерілету, жаңа технологиялар мен материалдарды енгізе отырып ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ өзара сапарлар, сараптамалық семинарлар және салалық іс-шаралар арқылы тәжірибе алмасу қарастырылуда.
 
Анықтама үшін:
ҚХР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары ғылыми-зерттеу институты (RIOH) - 1956 жылы құрылған және автомобиль жолдары мен көлік саласындағы Қытайдың жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдарының бірі болып табылады. Институт ҚХР Көлік министрлігінің жүйесіне кіреді және ғылыми зерттеулер жүргізуден бастап технологияларды әзірлеуге, стандарттарды дайындау мен қайта қарауға, саланы ғылыми-техникалық сүйемелдеуге және кадрлар даярлауға дейінгі кең ауқымды міндеттерді жүзеге асырады.
Central Fortune Creation Technology Group Co., Ltd - заманауи жол-құрылыс материалдары мен технологияларын әзірлеу, өндіру және енгізуге маманданған қытайлық жоғары технологиялық компания. Компания жоғары сапалы асфальттық байланыстырғыштар мен ультражұқа жол жабындары саласындағы жетекші ұйымдардың бірі болып табылады. Оңтүстік Қытай технологиялық университеті мен жеке капиталдың қатысуымен құрылған бұл кәсіпорын ғылыми-инновациялық әлеуеті жоғары ҚХР ұлттық жоғары технологиялық компанияларының қатарына жатады.