ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.94K subscribers
14.6K photos
1.88K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
🏫В Жамбылской области после реконструкции открыт железнодорожный вокзал станции Шу

В Жамбылской области завершена реконструкция железнодорожного вокзала станции Шу, построенного в 1989 году. Обновление объекта проведено в рамках масштабной программы по реконструкции и модернизации 124 железнодорожных вокзалов по всей стране, реализуемой по поручению Главы государства.

В ходе реконструкции полностью обновлено пятиэтажное здание вокзала общей площадью 8 141 кв. м. Проведены работы по обновлению фасада и кровли, внутренних помещений и инженерных систем, благоустройству перрона и прилегающей территории.

Особое внимание уделено современному архитектурному облику и качеству отделочных материалов. Фасад облицован травертином, цоколь отделан гранитной плиткой казахстанского производства. Установлены современные окна и алюминиевые витражи «теплой» стоечно-ригельной системы с энергосберегающими стеклопакетами отечественного производства.

Внутренние помещения вокзала оборудованы с учетом современных требований к безопасности и комфорту пассажиров. При отделке использованы современные негорючие материалы, установлены реечные потолки со звукоизоляцией, применены износостойкие напольные покрытия.

Вокзал станции Шу относится к I классу. Среднесуточный пассажиропоток составляет около 1 591 человека. Через станцию проходят 48 пассажирских поездов, обеспечивающих железнодорожное сообщение Шу с крупнейшими городами Казахстана — Алматы, Астаной, Семей, Мангистау, Актобе, Шымкентом, Туркестаном, Таразом, Оралом, Атырау, Костанаем, Кокшетау, Курорт-Боровым, Кызылордой, Петропавловском и Сарыагашем. Кроме того, железнодорожное сообщение связывает Шу с городами России, Кыргызстана и Узбекистана.

Реконструкция вокзала позволила обновить пассажирскую инфраструктуру, повысить уровень комфорта и создать более современные условия для обслуживания жителей и гостей региона. Обновленный вокзал станет важной частью транспортной инфраструктуры города Шу и будет способствовать дальнейшему развитию пассажирских перевозок.

#заңментәртіп #законипорядок
🏫Көкшетауда қайта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылды

Көкшетау қаласында ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін теміржол вокзалының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов, мердігер ұйымның өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов жолаушылар теміржол инфрақұрылымын жаңартудың және жолаушылар үшін заманауи жағдайлар жасаудың маңыздылығын атап өтті.

«Вокзал ғимараты 1981 жылы пайдалануға беріліп, ұзақ уақыт бойы күрделі жөндеуден өтпеген. Бүгінде ауқымды жаңғырту жұмыстарының арқасында вокзал өзінің тарихи маңызын сақтай отырып, жаңа келбетке ие болды. Жаңғыртудың басты нәтижесі – барлық жолаушыларға, оның ішінде қарт адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға қолайлы әріқауіпсіз жағдай жасау», –

деп атап өтті ЖәнібекТайжанов.

Жоба аясында жертөле және техникалық қабаттары бар вокзалдың үш қабатты ғимараты қайта жаңғыртылды. Оның аумағы 9 007 шаршы метрден 9 345 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Ғимараттың қасбеті, ішкі бөлмелері және инженерлік жүйелер жаңғыртылып, іргелес аумақ абаттандырылды.

Вокзалдағы жайлылық пен қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында эскалатор мен тік көтергіш орнатылып, жиһаздар мен қажетті жабдықтар жаңартылды. Қасбет заманауи фиброцементті панельдермен қапталса, ал ішкі бөлмелерде ұзақ мерзімді, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай және оңай жуылатын материалдар қолданылды.

Қауіпсіздік пен қолжетімділік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Төрт лифтімен жабдықталған заманауи конкорстық өткел салынды, жаңа эвакуациялық жолдар ұйымдастырылып, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес есіктер орнатылды.

«Ақмола облысында бағдарлама аясында 16 теміржол вокзалы жаңғыртылды. Осы ауқымды жұмысты жүзеге асыруға үлес қосқан барлық қызметкерлерге ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, шеберліктеріңіз жәнеүйлесімді жұмыстарыңыздың арқасында жаңартылған вокзалдарды ашып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік туып отыр»,

— деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

Көкшетау вокзалы I санатқа жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 1 800 адамды құрайды. Станция арқылы Көкшетауды Петропавл, Бурабай курорттық аймағы, Қостанай, Алматы, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Орал, Ақтөбе, Атырау, Шу, Түркістан, Шымкент және Тараз қалаларымен, сондай-ақ Қырғызстан мен Ресей қалаларымен байланыстыратын 32 жолаушылар пойызы өтеді.