Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🛣️Алматы облысында «Ұзынағаш – Отар» автожолының соңғы учаскесі салтанатты түрде ашылып, Алматы мен Шымкент арасындағы бағыт толық төрт жолақты болды. Ұзындығы 42 км болатын қайта құру жұмыстарының аяқталуы жолдың өткізу қабілетін арттырып, сапар уақытын азайтты және аймақтарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызды, бұл еліміздің көлік инфрақұрылымын жаңғыртудағы маңызды оқиғаға айналды.
➖
🛣️В Алматинской области торжественно открыт завершающий участок автодороги «Узынагаш – Отар», благодаря чему маршрут между Алматы и Шымкентом стал полностью четырёхполосным. Завершение реконструкции протяжённостью 42 км повысило пропускную способность трассы, сократило время в пути и создало новые возможности для развития регионов, став важным событием в модернизации транспортной инфраструктуры страны.

❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаровтың Алматы облысының тұрғындарымен кездесуі
👍2
Forwarded from UKIMET
Балқаш әуежайын реконструкциялауға қайтарылған активтер есебінен 945 млн теңге бөлінді
✈️ Үкімет Мемлекет басшысының өңірлік көлік хабтарын дамыту және әуе қатынасы қауіпсіздігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Балқаш қаласының әуежайын реконструкциялауға Арнаулы мемлекеттік қордан 945 млн теңге бөлді.
📈 Нысанды реконструкциялау жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға және әуе айлағының негізгі параметрлерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Оның өткізу қабілеті 30%-дан астамға артады.
🏗 Қазіргі уақытта жұмыстардың едәуір көлемі орындалған. Атап айтқанда, әуежайдың негізгі ғимараты мен қосалқы нысандарының шатыры жөнделіп, терезелер орнатылып, кәріз жүйесі және су құбырының негізгі желісі жаңартылды. Сондай-ақ кәріз-сорғы стансасы, трансформаторлық қосалқы станса, желдету және жылыту жүйелері орнатылды.
🔸 Сонымен қатар әуежай қызметін қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте қажетті арнайы аэродром техникасын сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде аэродромдық өрт сөндіру көлігі, жылжымалы трап, шағын автобус және аэродромға арналған жанармай құю көлігі сатып алынған.
✅ Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде авиациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өту маңызды. Ол Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбеде және басқа да ірі қалалардағы жетекші әуежайларды мультимодальды хабтарға айналдыру үшін ауқымды жаңғырту жұмыстарын қамтиды. Сонымен қатар негізгі туристік аймақтарда (Қатонқарағай, Зайсан, Кендірлі) жаңа әуежайлар салу және өңірлік әуе айлақтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
➖
945 млн тенге из средств возвращенных активов выделено на реконструкцию аэропорта Балхаша
✈️ В рамках исполнения поручений Главы государства по развитию региональных транспортных хабов и повышению безопасности воздушного сообщения Правительством из Специального государственного фонда выделено 945 млн тенге на реконструкцию аэропорта города Балхаш.
📈 Реконструкция объекта позволит повысить качество обслуживания пассажиров и довести основные параметры воздушной гавани в соответствие с требованиями международных стандартов. Пропускная способность увеличится более чем на 30%.
🏗 На сегодняшний день уже выполнен значительный объем работ. Это обустройство кровли основного здания аэропорта и пристроек, монтаж окон, канализации и основной сети водопровода. Также смонтированы канализационно-насосная станция, блочная комплектно-трансформаторная подстанция, система вентиляции и отопительная система.
🔸 В настоящий момент ведутся работы по закупу первоочередной аэродромной специальной техники для обслуживания аэропорта. Уже приобретены самоходный трап, аэродромный пожарный автомобиль и топливозаправщик.
✅ Важно отметить, что в рамках реализации Послания Президента в Казахстане ведется комплексная работа по развитию авиационной инфраструктуры, которая включает масштабную модернизацию ведущих аэропортов Астаны, Алматы, Шымкента и Актобе для превращения их в мультимодальные хабы. Одновременно с этим ведется строительство новых аэропортов в ключевых туристических зонах (Катон-Карагай, Зайсан, Кендирли) и восстановление региональных воздушных гаваней.
📱 @KZgovernment

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✈️ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев ИКАО аудитінің нәтижелері туралы айтып берді: Қазақстан авиациялық қауіпсіздік стандарттарына 95,7% деңгейінде сәйкестігін көрсетті.
➖
✈️Вице-министр транспорта РК Талгат Ластаев рассказал о результатах аудита ИКАО: Казахстан на 95,7% соответствует стандартам авиационной безопасности.

🛣️«Жол инфрақұрылымына арналған құрылыс жабдықтары мен сервистік индустрия көрмесі»
2025 жылғы 19–21 қараша аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында ҚР Көлік министрлігінің қолдауымен «Kaztraffic-2025» ХХІ Халықаралық көрмесі өтеді. Аталған іс-шара – ТМД кеңістігіндегі жол құрылысы мен инфрақұрылымын дамытуға арналған ең ірі және беделді салалық көрме.
Биыл көрмеге Қазақстан, Қытай, Түркия, Италия, Франция, Канада, Өзбекстан және басқа да елдерден 300-ден астам компания қатысады. Іс-шара барысында әлемге әйгілі жол-құрылыс техникасы, материалдары мен жабдықтарын өндіруші жетекші компаниялар өздерінің соңғы жетістіктері мен инновациялық шешімдерін, сондай-ақ келешегі зор үлгілерін ұсынатын болады.
Көрменің басты ерекшелігі – салалық ғылыми бағыттағы жетістіктерге басымдық берілуі. Әлемнің жетекші ғылыми-білім беру орталықтары өздерінің кешенді экспозицияларын ұсынып, келушілер мен қатысушыларды жаңа зерттеу нәтижелері және инновациялық әзірлемелермен таныстырады.
«Kaztraffic-2025» көрмесі аясында қазақстандық ғалымдар мен инженерлер әзірлеген инновациялық жобалар алғаш рет көпшілік назарына ұсынылады. Олардың бір бөлігі сынақ кезеңінен өтуде, ал кейбірі келер жылы өндірістік қолданысқа енгізіледі деп жоспарлануда. Бұл бастама – отандық жол-құрылыс саласының мамандары үшін ерекше маңызды бағыт, өйткені ұсынылып отырған технологиялар мен шешімдер жақын болашақта саланың ажырамас бөлігіне айналмақ.
«Kaztraffic-2025» алаңы әзірлеушілермен тікелей пікір алмасуға, инновациялық жаңалықтар туралы ашық диалог форматында толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа әдістер мен технологияларды уақытылы енгізуге жол ашары сөзсіз.
«Kaztraffic-2025» көрмесі аясында Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты мен Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы өздерінің жаңа әзірлемелері мен заманауи шешімдерін ұсынады.
• Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты келесі жобаларды таныстырады:
• жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай деректер базасы;
• көпір құрылыстарының пайдаланылуын басқару жүйесі;
• елді мекендердің көше-жол желісін ұйымдастыру және басқару жүйесі;
• Қазақстан Республикасының жол саласы мамандарының бірыңғай базасы;
• Сондай-ақ жаңа стандарттар мен нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу туралы мәліметтер.
Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы келесі цифрлық шешімдерді ұсынатын болады:
• жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптауды цифрландыру жүйесі;
• жол-құрылыс материалдарының сынамаларын анонимді таңбалау жүйесі;
• орташа жөндеу жобаларының техникалық құжаттамасын қабылдау және сараптауға арналған электрондық платформа;
• жол ақауларын автоматты тану жүйесі;
• жолшы мамандарды оқытуға арналған виртуалды тренажер;
• орташа жөндеу жобалары бойынша атқарушы құжаттаманы бақылаудың ақпараттық жүйесі.
«Астана Тазалық» коммуналдық кәсіпорны көрме аясында әлемдік экологиялық стандарттарға сай келетін жаңа буындағы техника үлгілерін ұсынады. Аталған техника тәулік бойы адам қатысуынсыз, толықтай автоматтандырылған режимде көше тазалау жұмыстарын орындауға мүмкіндік береді.
Көрмеде ұсынылатын барлық телематикалық және цифрлық шешімдер жасанды интеллект алгоритмдеріне негізделген. Олар өндірістік үдерістерді оңтайландыруға, адами фактордың ықпалын азайтуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған.
Көрмеге бизнес өкілдері мен ғалымдардан бөлек, түрлі елдердің мемлекеттік жол әкімшіліктері, салалық одақтары мен қауымдастықтарының жоғары лауазымды өкілдері қатысады. Олардың мүдделері көлік-логистикалық және инвестициялық сипаттағы ірі халықаралық жобаларға бағытталған. Олардың басты назарында – ірі халықаралық көлік-логистикалық және инвестициялық жобаларды дамыту мен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері.
«Kaztraffic-2025» халықаралық көрмесі – тек кәсіби мамандардың бас қосатын алаңы ғана емес. Бұл – әртүрлі аудиторияға арналған қызықты көрме бағдарламалары мен бірегей техника үлгілерінің нақты жұмыс жағдайындағы көріністерін қамтитын ірі салалық оқиға.

Бұл – әлемнің түкпір-түкпірінен келген жол саласы мамандарының басын қосатын маңызды алаң, сондай-ақ жастар үшін болашағы зор саланы танып-білуге, өз орнын табуға және кәсіби тұрғыда дамуына ерекше мүмкіндік.
Көрме барлық ниет білдірушілерге ашық және тегін түрде өткізіледі. Қатысу үшін ұйымдастырушының ресми сайтында алдын ала тіркеліп, электронды қонақ билетін рәсімдеу қажет.
19 қараша күні сағат 9:00-де тіркелген әрбір қатысушыға толық шығармашылық еркіндік беріледі: Көрмедегі кез келген оқиға мен нысанды еркін түрде фото-бейнематериалдарға түсіріп, сұхбат алып, өз материалдарын қалаған платформасында жариялай алады. Ешқандай шектеу жоқ – тек мүмкіндіктер әлемі!
«Kaztraffic-2025» ХХІ Халықаралық көрмесінің өтетін орны мен уақыты
📅 19–21 қараша 2025 жыл
📍 EXPO Халықаралық көрме орталығы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1
Салтанатты ашылу рәсімі – 19 қараша, сағат 10:00.
Сіздерді «Kaztraffic-2025» ХХІ Халықаралық көрмесіне қатысуға шақырамыз.
Жол саласының жаңа жетістіктерін бірге тамашалап, жаңа көкжиектерге жол ашайық!
Аккредитация төмендегі сілтеме арқылы жүргізіледі:
«Kaztraffic-2025»