ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿
4.93K subscribers
14.6K photos
1.88K videos
6.61K links
ҚР Көлік министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/transport?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/kolikpress

🔘 Instagram: https://www.instagram.com/kolikpress/
Download Telegram
🔸В Астане обсудили перспективы развития кадрового потенциала автодорожной отрасли

В Астане состоялся круглый стол, посвящённый вопросам кадрового обеспечения автодорожной отрасли. В мероприятии приняли участие Заместитель председателя Комитета автомобильных дорог Анар Габдуллина, депутаты маслихата города Астаны, представители столичных высших учебных заведений, а также подведомственных организаций.

Участники встречи отметили, что развитие кадрового потенциала является одним из факторов устойчивого роста автодорожной отрасли. В этой связи особое внимание уделяется системной подготовке специалистов и укреплению взаимодействия между образовательными учреждениями и отраслевыми организациями.

На сегодняшний день в стране реализуется комплекс практических мер. В частности, открыта самостоятельная группа образовательных программ «Транспортное строительство», а также выделяются государственные образовательные гранты для подготовки специалистов дорожного профиля.

Подготовку кадров с высшим образованием для отрасли осуществляют 9 вузов страны. При этом наблюдается положительная динамика: в 2025–2026 учебном году количество поступивших по государственным образовательным грантам увеличилось в 8 раз по сравнению с предыдущим годом.

Отдельное внимание было уделено вопросам развития образовательных программ в столице. Совместно со столичными Вузами в настоящее время прорабатываются решения по открытию профильных направлений подготовки специалистов автодорожной отрасли.

В ходе данного совещания Заместитель председателя Комитета автомобильных дорог Анар Габдуллина отметила:
«Сегодня мы видим положительную динамику в подготовке кадров в отрасли. Увеличение количества образовательных грантов и рост интереса к профильным специальностям — это важный шаг вперед. В дальнейшем мы намерены продолжить активную работу с Вузами, в том числе в Астане, для расширения возможностей подготовки квалифицированных специалистов».


По итогам круглого стола участники выразили готовность к дальнейшему сотрудничеству и отметили важность объединения усилий для формирования современного и конкурентоспособного кадрового потенциала автодорожной отрасли.
❤2
ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Саласармен кездесу

Марракеш қаласында (Марокко) өткен ICAO Global Implementation Support Symposium 2026 аясында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар мен ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиеваның кездесуі өтті. Кездесуге сондай-ақ ИКАО EUR/NAT бюросының Өңірлік директоры Николас Ралло мен ҚР-ның ИКАО жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тілегенов қатысты.

Тараптар азаматтық авиацияны дамытудың өзекті мәселелерін, атап айтқанда ұшу қауіпсіздігін арттыруды, адами капиталды дамытуды, инфрақұрылымды жаңғыртуды және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады.

ИКАО Бас хатшысы Қазақстанның ИКАО халықаралық бастамаларын іске асыруға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан азаматтық авиацияда жүйелі жұмысты, күшті көшбасшылықты және жаһандық бастамаларға белсенді қатысуды ұштастыра отырып, сенімді ілгерілеу көрсетіп отыр. Сіздер тиімді дамудың үлгісін көрсетіп, сәтті тәжірибеңізді кеңінен бөлісіп жатырсыздар. Бұл өте құнды», - деп атап өтті Хуан Карлос Саласар.
Өз кезегінде С. Томпиева ИКАО-мен ынтымақтастықтың Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие екенін баса айтты.

«Аумағы жағынан әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі және теңізге тікелей шыға алмайтын дамушы ел ретінде біз азаматтық авиацияны көліктік байланыстың басты құралы ретінде ерекше бағалаймыз. Біздің басым мақсаттарымыз – ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ИКАО стандарттарына толық сәйкестік, 2050 жылға дейінгі азаматтық авиацияны дамытудың бас жоспарын (CAMP) тиімді іске асыру және Қазақстан Республикасын ИКАО Кеңесіне мүшелікке кандидат ретінде ұсыну», – деп қорытындылады Азаматтық авиация комитетінің төрағасы.

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың және Ұйымның жаһандық бастамаларына қатысудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесудің соңында Салтанат Томпиева Хуан Карлос Саласарды Қазақстанға келуге және авиациялық қауіпсіздік саласындағы маңызды халықаралық іс-шаралардың біріне – биылғы жылдың 20–22 қазанында Қазақстанда өткізілуі жоспарланған ИКАО Авиациялық қауіпсіздік аптасының (ICAO Security Week 2026) қатысуға шақырды.

Кездесу тараптардың қауіпсіз, тұрақты және тиімді халықаралық азаматтық авиацияны қамтамасыз ету мақсатында конструктивті диалогты дамытуға және ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделілігін растады.
Встреча с Генеральным секретарем ИКАО Хуаном Карлосом Саласаром

На полях Глобального симпозиума ИКАО по поддержке внедрения (GISS-2026) в г. Марракеше (Марокко) состоялась встреча Генерального секретаря Международной организации гражданской авиации (ИКАО) Хуана Карлоса Саласара с Председателем Комитета гражданской авиации МТ РК Салтанат Томпиевой. На встрече также присутствовали Региональный директор Бюро ИКАО EUR/NAT Николас Ралло, Постоянный представитель РК в ИКАО Тимур Тлегенов.

Стороны обсудили актуальные вопросы развития гражданской авиации, включая повышение уровня безопасности полётов, развитие человеческого капитала, модернизацию инфраструктуры и расширение международного сотрудничества.

Генеральный секретарь ИКАО отметил важность вклада Казахстана в реализацию международных инициатив ИКАО.
«Казахстан демонстрирует уверенный прогресс в гражданской авиации, сочетая системную работу, сильное лидерство и активный вклад в глобальные инициативы.

Вы показываете пример эффективного развития и щедро делитесь успешным опытом. Это очень ценно», - подчеркнул Хуан Карлос Саласар.
В свою очередь С. Томпиева отметила, что сотрудничество с ИКАО имеет стратегическое значение для Казахстана.

«Как одна из крупнейших стран мира по территории и крупнейшая развивающаяся страна, не имеющая выхода к морю, мы придаем особое значение развитию гражданской авиации как ключевому инструменту транспортного сообщения. Наши приоритетные цели – это обеспечение безопасности полетов и авиационной безопасности, полное соответствие стандартам ИКАО, эффективная реализация Мастер-плана развития гражданской авиации (CAMP) до 2050 года и выдвижение кандидатуры Республики Казахстан в состав Совета ИКАО», – заключила Председатель КГА.

Стороны отметили важность дальнейшего укрепления сотрудничества, а также участие в глобальных инициативах Организации.

В завершение встречи Салтанат Томпиева пригласила Хуана Карлоса Саласара посетить Казахстан и принять участие в одном из ключевых международных событий в сфере авиационной безопасности – Недели ИКАО по авиационной безопасности 2026 года (ICAO Security Week), который планируется провести 20-22 октября текущего года в Казахстане.

Встреча подтвердила взаимную заинтересованность сторон в дальнейшем развитии конструктивного диалога и укреплении сотрудничества в целях обеспечения безопасной, устойчивой и эффективной международной гражданской авиации.
🔥1
ICAO GISS-2026 аясында Үндістанмен әуеқатынасын дамыту мәселелері талқыланды
 
Марракеш қаласында (Марокко) ИКАО-ныңенгізуді қолдау жөніндегі жаһандық симпозиумы (GISS-2026) шеңберінде ҚР Көлік министрлігіАзаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Үндістанның Халықаралық азаматтық авиация ұйымындағы (ИКАО) Тұрақты өкілі Ангшумали Растогимен кездесті. Кездесуге Қазақстан Республикасының ИКАО жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов-те қатысты.

Кездесу барысында тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуеқатынасын кеңейтуге ерекше назар аударды.

Салтанат Томпиева Қазақстан мен Үндістан арасындағы қолданыстағы шарттық-құқықтық база әуе қатынасын дамыту үшін берік негіз болатынын атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Үндістан арасында Air Astana әуе компаниясы келесі бағыттар бойынша рейстер орындайды:
Алматы – Дели: аптасына 13 рейс, Алматы – Мумбаи: аптасына 3 рейс.

Сонымен қатар, қазақстандық әуе компанияларының Үндістан бағыты бойынша жаңа әуе бағыттарын ашуға, сондай-ақ қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыруға ниеттіекені атап өтілді.

«Қазақстандық әуе компаниялары ұшу географиясын кеңейтуге, соның ішінде жаңа бағыттарды ашуға және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыруға дайын. Әуеқатынасының кеңеюі елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастыққа қосымша серпін беретініне сенімдіміз», – деп атапөтті Азаматтық авиация комитетінің төрағасы.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және Қазақстан мен Үндістан арасындағы тұрақты көлік байланыстарын дамытуға өзара мүдделіек екендіктерін растады.
 
Анықтама:
         Қазақстан мен Үндістан Үкіметтері арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімге 1993 жылғы 10 қыркүйекте қол қойылып, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған. Қазақстан мен Үндістанның авиациялық билік орындары арасындағы 2015 жылғы 19 қазандағы қолданыстағы Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес, әр тараптың тағайындалған тасымалдаушылары аптасына 21-ге дейін тұрақтырейс орындай алады.
В рамках ICAO GISS-2026 обсуждены вопросы развития авиасообщения с Индией
 
В рамках Глобального симпозиума ИКАО по поддержке внедрения (GISS-2026) в г. Марракеш (Марокко) Председатель Комитета гражданской авиации МТ РК Салтанат Томпиева встретилась с Постоянным представителем Индии в Международной организации гражданской авиации (ИКАО) Ангшумали Растоги. Во встрече также принял участие Постоянный представитель Республики Казахстан в ИКАО Тимур Тлегенов.

В ходе встречи стороны обсудили текущее состояние и перспективы развития двустороннего сотрудничества в сфере гражданской авиации, уделив особое внимание расширению авиасообщения между Казахстаном и Индией.

С. Томпиева отметила, что действующая договорно-правовая база между Казахстаном и Индией создает прочную основу для развития авиасообщения.
В настоящее время между Казахстаном и Индией выполняются рейсы авиакомпании Air Astana:Алматы – Дели: 13 рейсов в неделю, Алматы –Мумбаи: 3 рейса в неделю.

Кроме того, было отмечено, что казахстанские авиакомпании имеют намерение открыть новые авиамаршруты по направлению в Индию, а также увеличение количества рейсов по дкйствубщим направлениям.

«Казахстанские авиакомпании готовы к расширению полетов, включая новые направления и увеличение частот по действующим маршрутам. Уверены, что расширение авиасообщения придаст дополнительный импульс торгово-экономическому и туристическому сотрудничеству между нашими странами», – подчеркнула Председатель Комитета гражданской авиации МТ РК.

По итогам переговоров стороны подтвердили взаимную заинтересованность в дальнейшем укреплении сотрудничества и развитии устойчивых транспортных связей между Казахстаном и Индией.
 
Справочно:
Соглашение между ПравительствамиКазахстана и Индии о воздушном сообщении подписано 10 сентября 1993 года, ратифицировано Законом Республики Казахстан 10 декабря 1998 года. Согласно действующему Меморандуму о взаимопонимании между авиационными властями Казахстана и Индии от 19 октября 2015 года назначенные перевозчики каждой стороны могут выполнять до 21 регулярного рейса в неделю.
Қазақстанда қолжетімді көлік ортасын дамыту жұмыстары жалғасуда
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мүгедектігі бар азаматтар үшін көлік инфрақұрылымы мен қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар туралы баяндады.

Жұмыс инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылуда: инфрақұрылымды дамыту, көліктің қолжетімділігін арттыру және қызмет көрсету сапасын жетілдіру.

Теміржол саласында жылжымалы құрамның 90%-ы, яғни 120 құрамның 99-ы көтергіш құрылғылармен және бейімделген купелермен жабдықталған. 2030 жылға қарай әрбір құрамда кемінде бір арнайы вагон қарастырылады.

Вокзалдарды жаңғырту аясында пандустар, лифтілер, көтергіш құрылғылар орнатылып, касса аймақтары мен санитарлық бөлмелер жаңартылуда. Мүгедектігі бар жолаушылар үшін теміржол билеттеріне 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған, сондай-ақ ЖСН арқылы мамандандырылған купелерге онлайн рәсімдеу мүмкіндігі қолжетімді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 580 мың жолаушы тасымалданды.

Азаматтық авиация саласында әуежайлардың қолжетімділік деңгейі артып келеді. Қазіргі таңда 10 әуежайда 13 амбулифт пайдаланылуда. Биылғы жылдың соңына дейін Шымкент, Семей, Ақтау, Орал, Талдықорған және Жезқазған қалаларындағы әуежайларды қосымша жабдықтау жоспарланып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша әуе көлігімен мүгедектігі бар 9,9 мың жолаушы тасымалданды.

Автомобиль саласында қолжетімділік талаптарына автовокзалдар мен автостанциялардың 78%-ы, сондай-ақ қалалық автобустардың 79%-ы сәйкес келеді. Инватакси жүйесі дамып келеді: автопарк 39%-ға ұлғайып, 1426 бірлікке жетті. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау қызметтерін көрсету қағидалары өзектендірілуде.

Көлік министрлігі ел аумағында азаматтардың көлік қызметтеріне тең қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, заманауи, жайлы және кедергісіз орта қалыптастыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.
 
***
 
В Казахстане продолжается развитие доступной транспортной среды
 
На заседании Правительства Республики Казахстан Министр транспорта Нурлан Сауранбаев сообщил о проводимой системной работе по обеспечению доступности транспортной инфраструктуры и услуг для лиц с инвалидностью.

Работа ведется в рамках Концепции инклюзивной политики по трем направлениям: развитие инфраструктуры, повышение доступности транспорта и совершенствование качества услуг.

В железнодорожной отрасли 90% пассажирских составов, или 99 из 120, оснащены подъемниками и адаптированными купе. К 2030 году в каждом составе будет предусмотрен как минимум один специализированный вагон. В рамках реконструкции вокзалов устанавливаются пандусы, лифты, подъемные устройства, модернизируются кассовые зоны и санитарные помещения. Для пассажиров с инвалидностью действует 50-процентная скидка на железнодорожные билеты и доступно онлайн-оформление мест в специализированные купе по ИИН. По итогам 2025 года перевезено 580 тысяч пассажиров.

В сфере гражданской авиации повышается уровень доступности аэропортов. В 10 аэропортах используются 13 амбулифтов, до конца текущего года планируется оснастить ещё 5 аэропортов (Шымкент, Семей, Актау, Орал, Талдыкорган, Жезказган). По итогам 2025 года воздушным транспортом перевезено 9,9 тысячи пассажиров с инвалидностью.

В автомобильной отрасли требованиям доступности соответствуют 78% автовокзалов и автостанций, а также 79% городских автобусов. Развивается система инватакси: автопарк увеличен на 39% и достиг 1426 единиц. Также актуализируются правила оказания услуг по перевозке лиц с инвалидностью.

Министерство транспорта продолжит последовательную работу по созданию современной, комфортной и безбарьерной среды, обеспечивая равный доступ граждан к транспортным услугам по всей стране.
✈️Армениямен әуе қатынасы қайта ашылды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер санын арттыру бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 18 сәуірінен бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Boeing 737 типті әуе кемелерімен аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен Ақтау – Ереван бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастады.

Бұған қоса, 2026 жылдың 20 сәуірінен бастап армениялық «SHIRAK AVIA» әуе компаниясы Астана – Ереван бағыты бойынша аптасына 1 рет (дүйсенбі күндері) жиілігімен тұрақты рейстерді іске қосты. Рейстер Boeing 737 типті әуе кемелерімен орындалады.

Жаңа әуе рейстерінің ашылуы Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

➖

✈️Возобновляется авиасообщение с Арменией

Министерством транспорта Республики Казахстан на постоянной основе ведется работа по расширению географии полетов и увеличению количества рейсов по действующим маршрутам.

Так, с 18 апреля текущего года казахстанская авиакомпания «SCAT» приступила к выполнению регулярных рейсов по маршруту Актау – Ереван с частотой 2 раза в неделю (по вторникам и субботам) на воздушных судах типа Boeing 737.

Кроме того, с 20 апреля 2026 года армянская авиакомпания «SHIRAK AVIA» запустила регулярные рейсы по маршруту Астана – Ереван с частотой 1 раз в неделю (по понедельникам). Рейсы будут выполняться на воздушных судах типа Boeing 737.

Ожидается, что открытие новых авиарейсов будет способствовать дальнейшему развитию торгово-экономического, делового и туристического сотрудничества между Республикой Казахстан и Республикой Армения.
🖥️Жүк тасымалын цифрландыру: 3,5 тоннадан асатын тасымалдар үшін құжаттарды КҚББЖ жүйесінде міндетті тіркеу енгізіледі
 
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі 2026 жылғы 1 маусымнан бастап жол парақтары мен тауар-көлік жүкқұжаттарын міндетті түрде Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде (КҚББЖ) тіркеу енгізілетінін хабарлайды.

Бұл талап салмағы 3,5 тоннадан асатын автокөлік құралдарымен жүк тасымалдарын жүзеге асыратын нарық қатысушыларына қолданылады. Аталған санаттағы тасымалдар бойынша барлық жол парақтары мен тауар-көлік жүкқұжаттары жүйеде тіркелуі тиіс.

Аталған норма Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына 2020 жылы енгізілген. Кейіннен бизнеске қолайлы жағдай жасау және жүйені техникалық тұрғыдан жетілдіру мақсатында оны қолдану міндетті емес сипатта болды.

Құжаттарды жүйеде тіркеу тасымалдауды ресімдеу үдерістерін оңайлатуға, қағаз құжат айналымын азайтуға және құжаттарға электрондық форматта қолжетімділіктіқамтамасыз етуге бағытталған.

Естеріңізге сала кетеміз, құжаттарды ресімдемеу, оларды тіркемеу немесе жалған мәліметтер енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571-1-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Анықтама: КҚББЖ — тасымалдаушылар мен мемлекеттік органдар арасында көлік құжаттарын тіркеуге, сақтауға және алмасуға арналған ақпараттық жүйе. Тіркелу esutd.gov.kz порталында қолжетімді.

***

🖥️
Цифровизация перевозок: для грузоперевозок свыше 3,5 тонны вводится обязательная регистрация документов в ЕСУТД
 
Министерство транспорта Республики Казахстан сообщает, что с 1 июня 2026 года вводится обязательная регистрация путевых листов и товарно-транспортных накладных в Единой системе управления транспортными документами (ЕСУТД).

Требование распространяется на участников рынка, осуществляющих грузовые автомобильные перевозки транспортными средствами массой свыше 3,5 тонны. Для таких перевозок все путевые листы и товарно-транспортные накладные должны быть зарегистрированы в системе.

Указанная норма была внесена в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 546 в 2020 году. В дальнейшем для создания благоприятных условий для бизнеса и проведения технических доработок системы ее применение носило необязательный характер.

Регистрация документов в системе направлена на упрощение процессов оформления перевозок, снижение объема бумажного документооборота и обеспечение удобного доступа к документам в электронном формате.

Напоминаем, что за отсутствие оформления документов, их нерегистрацию либо внесение недостоверных сведений предусмотрена административная ответственность в соответствии с пунктом 1 статьи 571-1 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях.

Справочно:
ЕСУТД — информационная система, предназначенная для регистрации, хранения и обмена транспортными документами между перевозчиками и государственными органами. Регистрация доступна на портале:
esutd.gov.kz.
🔹Орта дәліз: Қазақстан мен Италия жеткізу тізбегін нығайтады
 
Ағымдағы жылғы 21 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің өкілдері Italy–Kazakhstan Supply Chain Forum 2026 халықаралық форумы аясында өткен «Орта дәлізді дамыту» тақырыбындағы панельдік сессияға қатысты.

Талқылау барысында мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ итальяндық және халықаралық бизнес өкілдерінің қатысуымен Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (Middle Corridor) дамыту мәселелері қаралды.

Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы байланысты қамтамасыз ете отырып, Еуразиядағы негізгі көлік-логистикалық хаб ретіндегі рөлін жүйелі түрде нығайтып келе жатқаны атап өтілді. Бұл өз кезегінде транзиттік және экспорттық тасымалдаудың өсуіне жағдай жасайды.

Сонымен қатар, Middle Corridor өзінің тұрақтылығын дәлелдегені айтылды. Қазіргі кезеңде негізгі назар тасымалдардың жылдамдығын және экономикалық тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Осыған байланысты жұмыс дәліздің барлық элементтерін үйлестіруге, атап айтқанда инфрақұрылымды дамытуға, процестерді цифрландыруға және маршрут бойындағы «тар жерлерді» жоюға бағытталған.

Итальяндық тараптың ынтымақтастықты кеңейтуге, оның ішінде маршрут бойындағы инфрақұрылымды дамыту, логистикалық қызметтер және көлік кооперациясы жобаларына қатысуға жоғары қызығушылық танытып отырғаны ерекше атап өтілді.

Қабылданып жатқан шаралар халықаралық серіктестердің қатысуы үшін қолайлы инвестициялық орта қалыптастыруға бағытталғаны айтылды. Қазақстан көлік саласына ұзақ мерзімді инвестициялар үшін тұрақты әрі ашық жағдайларды қамтамасыз етеді.

Осындай кешенді тәсіл маршрутты жай транзиттік бағыттан жаһандық нарық үшін тұрақты әрі бәсекеге қабілетті логистикалық өнімге айналдыруға мүмкіндік береді.


***

🔹Казахстан и Италия усиливают сотрудничество в развитии Среднего коридора и устойчивых цепочек поставок
 
21 апреля т.г. в городе Астана представителями Министерства транспорта РК принято участие в международном форуме Italy–Kazakhstan Supply Chain Forum 2026 в рамках панельной сессии «Развитие Среднего коридора».

В ходе обсуждения с участием представителей государственных органов, международных организаций, а также итальянского и международного бизнеса рассмотрены ключевые вопросы развития Транскаспийского международного транспортного маршрута (Middle Corridor).

Отмечено, что Казахстан последовательно укрепляет свою роль ключевого транспортно-логистического хаба Евразии, обеспечивая связанность между Европой и Азией и создавая условия для роста транзитных и экспортных потоков.

При этом отмечено, что Middle Corridor доказал свою устойчивость. В фокусе – дальнейшее повышение скорости и экономической привлекательности перевозок.

В этой связи работа сосредоточена на синхронизации всех элементов коридора: развитии инфраструктуры, цифровизации процессов и устранении «узких мест» на маршруте.

Отдельно подчеркнута заинтересованность итальянской стороны в расширении сотрудничества, включая участие в проектах по развитию инфраструктуры, логистических сервисов и транспортной кооперации вдоль маршрута.

Отмечено, что реализуемые меры формируют благоприятную инвестиционную среду для участия международных партнеров. Казахстан обеспечивает стабильные и прозрачные условия для долгосрочных инвестиций в транспортную отрасль.

Именно такой комплексный подход позволяет превратить маршрут из транзитной опции в устойчивый и конкурентный логистический продукт для глобального рынка.