Kozybayev
1.66K subscribers
1.1K photos
62 videos
27 files
638 links
Бизнеске инвестиция жасаймын, жобалармен бөлісемін! Қазақстанның бірінші крипто-қауымдастығының негізін қалаушы.
Инвестиция, технология, ғылым, қаржы, политика, криптовалюта жайында, және жеке ойларымды жазамын.
Download Telegram
Екі апта бұрын мен 3 млн. теңге тарту үшін хабарландырма жариялаған едім. Бұл ақша айналымдағы ақшаны екі аптаға толықтыру үшін тартылған еді.

Қорытынды:
Бизнес иесі ақшаны инвесторларға қайтарды. Үстінен 10% төледі.

Екі аптада инвесторлар өз капиталына 10% қайтарым алды, ол жылдық қайтарым есебінде 240%. Ол депозитке қарағанда ~20 есе көп көрсеткіш.
👍28❤1
47 млн. теңге тартылған соңғы инвестпроект естеріңізде ме?
Кеше біз инвесторлармен жаңа ЖШС құрдық 🎉
Заң жағынан инвесторлардың және бизнес иесінің мүддесін қорғадым, қаражат жағынан бизнес иесінің жоспарын жаптым.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥17👍6
Соңғы кезде телеграм арна мен Qazaqchain чатын жабық режимге ауыстырғым келіп жүр. Көлемнен сапаға өтудің кезі келген сияқты. Болашақта телеграм арнаны оқу немесе чатта болу тек бот арқылы қабылдайтын шығармын.

Мынандай механика жайлы ойлап жүрмін. Топқа кіргісі келетін адам мотивациялық өтініш жазады. Ол өтінішті топ мүшелері оқып, қабылдауға немесе қабылдамауға үкім шығарады.

Қандай проблемаларды бұл механикалармен шешуге болады:
1. Бұғатталып жатқан спамның көлемі күніне 300 ге дейін жетіп қалды, оның бәріне жол болмайды.
2. Телеграмда тек сапалы адамдарды жинай бастаймыз.
🔥36👍16
Digital Kazakhstan 🇰🇿

Kaspi эцп арқылы қол қойылған құжаттарды қабылдамайды екен, ол құжаттарды қабылдау үшін ЦОНға барып арнайы мөрді басып қайтадан алып баруым керек 😂
Соның өзінде заң ЭЦП арқылы қол қойылған құжат физикалық түрде қол қойылған документке тең дейді.
😁11🤡10🤔5👍1
Digital Kazakhstan 🇰🇿 жалғасы:

Бүгін мен Kaspi-ның заңшыларының талабын түсіндім. Бұл жақта менің де қателігім бар - мойындаймын, олар pdf документтегі qr кодтарды тексере алмайды екен.

Ол қолтаңбалардың (подпись) шынайы екенін дәлелдеу үшін оларға оны қалай тексеру керек болатын туралы алгоритм жіберу керек едім. Сол себепті мен барлық құжаттарды cms форматқа ауыстырып, оларға ЭЦП арқылы қойылған қолтаңбаларды қалай тексеру болатынын жазып бердім.

Әзірше олар бәрібір физикалық түрде қойылған қолтаңбаларды талап етіп тұр.

Олардың заңшыларынан жазбаша түрде рәсімделген ресми хат талап еттім. Неліктен маған шот ашалмайды деген сұраққа жауабы анық көрінуі үшін.

Сол хатпен алдымен АРФРге барамын, олар көмек бере алмаса, соттаспақшымын.

P.S.
АРФР - Агентство по регулированию финансового рынка РК;
Қолтаңба - подпись;
👍10❤9
Неге әр адамда 1CB қосымшасы болу керек?
Мысалы алдын күні кешке Freedom Superapp қосымшасында сбой кетті. Әр қолданушының телефонына көптеген хабарлындырмалар келе бастады.

Тимур Турлов өз парақшасында кешірім сұрап, сондай хабарландырма алған әр адамға ETN-дарды саламыз деді.

Менің Freedomдағы жабылған кредитымның кредиттік тарихы өзгерді. Жабықтан, 570 мың қарыз бар деп жазылып тұр. Мен сол бетте 1CB арқылы арыз жаздым.
👍16❤2
Кеше Kaspi маркетплейсінің өз категориясында ең үлкен сатушысының бірі маған хабарласты. Инвестиция тартпақшы. 10-20 млн.

Ең үлкен екенін қайдан білдім? Kaspi ол жайында ролик шығарған.

Бізге инвесторлар ретінде қызық ақпаратты сұрастырдым.
1. Орташа айналым;
2. Орташа маржа;
3. Юнит экономикасы;
4. Бухгалтерлік документтер;
5. Банк шотынан толық мәліметтер.

Маған инвестиция жайында жазам деудің алдында осы мәліметті дайындауға сұраймын.


Ал біздің тараптан инвестор ретінде қандай шартпен жұмыс жасайтынымызды айтып кеттім.
Егер сіздерге бұл жоба қызық болса, реакцияларыңызды аямаңыздар!
👍59🔥34🤝2
Жеке жобаларға инвестиция жасаған кезде мен жобаға емес, инвестиция тартып жатқан адамға ең көп мән беремін.

Жоба қаншалықты мықты болса да, егер адам әлсіз болса, ол 100% фейл деуге болады.

“Әлсіз деген не?”
Менде ең жиі кездестірген әлсіздер рейтингі бар:

1. Қарызын қайтара алмайтындар. Ондай адамдар тартылған инвестицияға - “ол біреудің аманаты және маған артылған үлкен сенім!”, деп қарамайды. Олар ақшаны алып, қайтарған кезде қайтаруға қатты қиналады. Ол ақшаны өзінің ақшасын беріп тұрғандай көреді. Ол қасиетті бір екі рет сөйлескеннен байқамайсың, тек қоршаған адамдар немесе онымен жұмыс істеген адамдар арқылы біле аласың.

2. Риск бар, бас жоқ. Ондай адамдар - “Ең бастысы бастау, ары қарай алып кетем! Менде капитал жоқ қой просто, егер капиталым болғанда, мен любой затты көтере аламын!”, дейтін қапшықтар. Ондай адамдар мониторинг дегенді жасамайды, тақырыпты алдын ала зерттемейді.

3. Өзі дым түсінбейтін салада, немесе ол салада бір де бір күн тәжірибесі жоқ адамдардың бастамасы. Бұл қателік менен мыңдаған жылдарға ескі әңгіме.

Жоба болашақ бастаманың жетістікке жетуінің тек 15%, қалғаны ол тартып тұрған адам. Ол адамның абыройы мықты болса, тәжірибесі бастамасына лайық болса - сенім артуға болады.

#ойым
👍24⚡4
Мен тек өзіме қатты ұнайтын заттарды жасап жүрмін. Бүкіл жасап жатқан заттар мен үшін балалық шаттық сезімін тудыратын ойын.

Кішкентай кезімде Қостанай облысындағы Арқалық деген жерде тұрған заманда, көршіміздің балаларында қолдан жасалған кранға қатты қызыққан едім. Ол толығымен қолдан жасалған еді, ағаш пен жіптен. Рычагтары темір спицалардан жасалған 🔥 сол спицаларды айналдырғанда кран құм көтеріп, керек жеріңе төгетін.

Қанша сағат отырып сол кранмен құм қазбалап отырмасам да, құмарым еш қанбайтын еді.

Сол кездері есімде, әр механизм қалай жасалғанын біліп тапқым келді.

Дәл сондай сезімді мен қазіргі жасап жатқан әр салада сезінемін. Жұмысымда Нобель лауреаттарының формулаларын қолдансам, олар қалай жұмыс істейді екен? Немесе, жобаларымда PnL-ды арттыру үшін мына тәсілді қолдансам, қандай эффект болады екен?
Деп әртүрлі гипотезаларды іске асыруға тырысамын.

Отбасымның қаржылық менеджментінде үлкен корпорациялар қолданатын қаржы құралдарын қолданған кезде үлкен ләззат аламын.

Қазіргі өмір маған құмға ұқсайды. Ол құмды күрекпен қазған мен үшін қызықсыз. Шабыт тауып, қолдан кран жасап, жібін байлап қазғым келеді. Қазған кезде, шаттанып, сол кранның рычагын айналдырғым келеді. Сол сезім бар болғанша мен әлі өмірді сезетінімді білем.

#ойым
🔥35❤8👍6⚡2
Бюджет жүргізу

Бюджет деген сөзді жиі еститін шығарсыздар, бірақ оның қаншалықты маңызды екенін көбісі мән бере қоймайды.

Бюджет деген зат тек мемлекеттік қаржы саясатында ғана емес, сонымен қоса бизнесте және отбасылық қаржы операцияларын түгендеуде үлкен рөл атқарады.

Бюджеттің ең қарапайым түсініктемесі ол шектеу [предел,ограничение].

Отбасылық бюджетте оны қалай қолдануға болады?

Қарапайым мысал келтіріп көрейін:

Бір адам бар делік, оның мынандай шығын категориялары бар: {азық түлік, транспорт, ресторан, пәтер}.
Ол адам әр категорияға белгілі бюджет қоя алады.

Азық-түлік ~ 100к
Транспорт ~5к
Ресторан ~100к
Пәтер~270к
———————
Бюджет: 475к

Бұл бюджет арқылы ол осы категориялардағы көрсеткіштерді асырмауға тырысады. Және бюджет арқылы болашақты жоспарлау оңай болады.

Егер ол кісі айына 500к тапса, демек айына 25к тенге жинай алады деген сөз.

#қс
❤10👍4
Мынау менің кейбір шығын категорияларымның кішігірім скрины.

Жасыл болып толмай тұрса, бюджеттен аспай жатырмын деген сөз.

Сары немесе қызыл болып толып тұрса, бюджетке жақындап қалдым немесе аса бастадым дегенді білдіреді.

Азық-түлік бюджеттеу жағынан ең қиын категория. Оны бюджеттеуде өзім үшін ыңғайлы болуы үшін мен азық-түлікті бірнеше категорияға бөлдім.

Ет және балықты бөлек категтрияларға шығардым.
Ал азық-түлікке қалғанын сала беремін.

Етті қалай бюджеттеуге болады. Еркектің күндік ет жеу нормасы 0.15кг, әйелдердің күндік нормасы 0.13кг, балалар мен қариялар 0.1кг, бөпелер 0.05кг.

Егер сіздің отбасыңызда 1 еркек, 1 әйел, 1 бала, 1 қария, 1 бөпе болса:

Еттің күндік нормасы: 0.15+0.13+0.1+0.1+0.05= 0.53кг
Сиыр еті орта есеппен 3500тг/кг.
3500*0.53=1855тг/күн;
1855*30=55,650тг/айына.

Тек мысал ретінде келтірілген.
#қс
👍24❤3🆒1
Kozybayev
SMART ANALYTICS-2.pdf
Кеше маған Қазақстандық қосымша құрастырушылар хабарласқан еді. Smart analytics деген қосымшаны telegram mini apps технологиясында жасап жатыр екен.

Керек инвестиция $25,000
Мен біздің шарттарды жібердім, оларға келмейді екен.

Презентацияны осында жібердім.
❤6👍1
Smart analytics-тың скрины, бірақ мен оны телеграмнан таба алмадым.
❤3
👍7🔥4❤3
Бүгін Нобел лауреаты жазған кітапты бастадым. Ол кісі 2002 жылы мінез-құлық экономикасын сипаттаған еңбегі үшін Нобель марапатын алды. Адамның психологиясынан байқаған заттардың экономикалық құбылыстарға әсерін сипаттап өткен.

Даниэль Канеман - 1934 жылы 5-ші наурызда Израильдің Тель Авив қаласында туылған. 2024 жылы 27 наурызда, 90 жасында, дүниеден өткен.
❤16⚡2