Kozybayev
1.66K subscribers
1.1K photos
62 videos
27 files
638 links
Бизнеске инвестиция жасаймын, жобалармен бөлісемін! Қазақстанның бірінші крипто-қауымдастығының негізін қалаушы.
Инвестиция, технология, ғылым, қаржы, политика, криптовалюта жайында, және жеке ойларымды жазамын.
Download Telegram
Американдық брокердың кемшілігі.

Еске сала кетейін, менің брокерым JP Morgan.


Компьютерымды ауыстырған соң сайтқа достубым бұғатталыпты, кеше роуминг қосып бір сағат брокерыммен сөйлестім. Сенің атың оларға әріптердің ботқасы сияқты естіледі. Амангелді дегенде “What? Can you repeat”, деп тұрады 😂 еще үстінен роумингқа текке ақша кетеді, анау түсінбей әдейі уақыт созып отырғандай болады😂
#қс #оқиға
😁13❤4🤣1
Мен неге түнде ұйықтамай жатырмын. Жаңа ғана JPMorgan-мен мәселемді шештім.

Енді екінші мәселе қалды - Google.

Осы аптада дабыл қаға берді, сіздің “драйвыңыздағы орын аз”, “орынды керек емес файлдарды өшіру арқылы босатыңыз, я болмаса көбірек орын сатып алыңыз”, деп миымды жеді.

Енді дәптерде не жазылған?

Және қалай ол есеп шешім қабылдауға көмектесті?

Менде екі опция болды:

1. Бірден жылына төлеп 16% сақтап қалу;

2. Ай сайын төлеп тұру;

Математткалық модель мынаны көрсетті, ай сайын төлеп тұрсам және айлық пайыздық мөлшерлеме жыл ішінде өзгеріссіз болса, мен максимум 7.5%-7.8% сақтап қаламын. Ал бірден төлесем 16% сақтап қаламын.

Мен бірден төлеуге шештім. Әрі Ұлттық Банк соңғы айлары негізгі мөлшерлемені үзбей түсіріп жатыр, демек пайыздық қайтарым мен санағаннан да аз болуы мүмкін деген қауіп бар.

Сол үшін шешім бірден төлеу болған.
P.S.
Қате жіберілген дұрыс жауабын кейін саламын
#қс
👍17⚡1
#қс #DCA
Брокерлік шотымды ашып қарасам көп қызық заттарға тап болдым.
Мысалы портфелімдегі акциялар саны бір жыл ішінде 76% өсті.

Әр ай сайын үзбей сатып алып жатырмын.
👍29⚡1
Kozybayev
Мен неге түнде ұйықтамай жатырмын. Жаңа ғана JPMorgan-мен мәселемді шештім. Енді екінші мәселе қалды - Google. Осы аптада дабыл қаға берді, сіздің “драйвыңыздағы орын аз”, “орынды керек емес файлдарды өшіру арқылы босатыңыз, я болмаса көбірек орын сатып…
Калькуляцияда арифметикалық қате жібердім 🤦‍♂️
Калькуляция 4-ші жолдан басталады, және сол жақтан санағанда 4-ші жол қате(басынан санасаң 7ші жол). Қандай қате?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5
Қызық ақпарат:

7 күн ішінде арнада рекордты 1334 адам жойылған, 2000-ға жуық спам және алаяқтық хабарламалар бұғатталған.
🤯15❤3⚡3👍3
ЕНПФ жайында жаман сыбыстар басталған соң адамдар ол жерден ақшасын шығарып жатыр.

Шілдеде Үкімет ақшаны алуға қиындатпақшы деген сыбыстар басталған еді.
👍11❤2
Лудомания.
#ойым #оқиға #қс

Лудомания - азартты ойынға құмар адамдардың ауруы.

Неге бұл тақырыпты қозғауға құқығым бар? Өйткені маған жақын адамдардың арасында лудомандар болған.

Кейбіреуі бұл проблеманы бар деп айтады. Естері бар кезде -
“Маған ақшаны берме, не айтсам да сенбе”

, деп айтатын. Ал кейбіреуі бетіңе қарап ақшаны қалай ала алам деген амал ойлап отырып, өтірікті судай шашатын.

2017 жылға дейін ондай ауру түгіл лудоман деген сөздің бар екенін білмедім. Сол жылдары бизнесте бірінші қадамдарымды бастаған кездер еді, ақшаны жақсы таба бастағанмын.

Бір күні жақын араласатын досым -
“Аман, не хватает денег на оборот, закинь на пару недель $3500”

, деген еді.
“Ақшасын қайтарам, үстінен табысымның бөлігімен бөлісемін”

, деп айтқан.

Үйде ақша текке жатқан, мен еш артық ойсыз, бұрыннан танитын досыма бизнесіне көмек ретінде ақшаны бергенмін.

2 апта өткен соң, әртүрлі сылтаумен, анау болды, мынау
болды - деп, бір ай өтеді…

Бір кезде телефонмен звандап,
“Аман, я болен”

, дейді. Жағдайды түсіндіреді. Мен оның ақшасы бар отбасыдан шыққанын білгенмін. Қалай қайтарса солай қайтарсын деп өз шартымды қойдым.
Ақыр соңында оның қарызын туысқаны бөліктеп қайтарады.

Мен оның ақшаны қайтарғанына риза болдым. Бірақ оған бірден айттым -
“Дос болсақ болайық, бірақ мен саған енді қаржы жағынан ешқашан сенбеймін”

, деп айттым.

Мен онымен әлі күнге дейін араласып жүрмін. Мені трейдингке үйрет, деп сұрайтын. Ал мен болса ешқашан бұл сұрауын орындамағанмын, өйткені ондай адамдарға ол бәстің жаңа бір түрі.

Екі апта бұрын тағы да звандап, ақша сұрап тұр.
“Я проиграл все, жена хочет уйти, семья закрывая мои долги потеряла все, у меня огромный долг, сейчас даже на хлеб денег нет. Выручи по-братский? Отвечаю это я не себе, семье нужно! Ты же знаешь я верну!”

, деп жағдайын айтты.

“МЕН САҒАН СЕНБЕЙМІН. Бәрі акция мен криптада, кэш болса да саған қарызға бермеймін”

, деп жауап қайтардым.

Лудомания - емделмейтін ауру. Ештеңке жасамай ақша ұта аламын деген ой адамның басына қонған кезде, жұмыс істей алмай қалады. Басында - “Не үшін топастар секілді жұмыс істеймін? Футболды аналитика жасап ақшамды шығара аламын ғой”, деп бәсін тіге береді. Оны мен ойлап таппадым, оны маған лудомандардың өзі айтты.

Екі жыл бұрын еліміздің ең үлкен университетінің бірінің проректорымен соттастым. Лудоман болып шықты, сөзіне сеніп қалдым.

2019-да туысқаным - “у тебя даже 30к нет что ли”, деп намысыма басып ақшамды алып алған еді. Сосын тағы звандап сұрайтын.

Айтарым мынау, егер сіздерде студент балаларыңыз болса, немесе іні-қарындастарыңыз болса. Бұл нәрсеге жолатқызбаңыз. Бір рет ұтқан соң қайта салса, сосын басын шығара алмайды. Бір шіріген картоп, бір отбасының бар тапқан байлығын далаға шашады. Ақша түгіл жігіттік абырой жоғалады.

Абыройсыз жігіт адам болмайды.
❤31👍14❤‍🔥2⚡1
Қызық ақпарат: Жапонияның банкына депозитқа ақша салсаңыз сіз тек 0.1% жылдық табыс аласыз.
❤14🙊1
Қызық ақпарат:

Уоррен Баффет Федрезервтан көлемі бойынша көбірек АҚШ-тың облигацияларын қолында ұстап тұр.
Уорренның Беркшир деген компаниясында $234 млрд. трежерисі бар. Ал Федрезервте $195 млрд.-қа трежерис бар.
🤔9
Жеті жасар қызым бизнес жасау идеясымен қатты жанып тұр.

Қызым лимонад сатамын деп шешті.

Анау жолы өзінің суретін 46 мыңға сатқан еді. Енді сол ақшасын осы бастамасына инвестиция жасамақшы 😂

Кішкентай кәсіпкер өсіп келеді 😂

P.S.
Көшеде мынау ыстықта қызымды күзетіп отырамын енді 💔
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍45❤9🔥7😁2🆒1
Value creation - құндылықты жасау.

Мен өз өмірімнің мағынаға толы екеніне қатты қуанамын. Әр жасаған затымда мағына және стратегиялық құндылықты қуалаймын. Кейбір стратегиялық бастамалар қазір-ақ өздерінің жемістерін беріп жатыр. Бұл деген менің тура бағытта келе жатқанымды дәлелдейді.

Алдында мен ол туралы кішкене жазып кеткен едім. Сол ойды жалғастырғым келіп тұр.

1. Qazaqchain тобына қандай құндылықты бергім келіп жүр?

Qazaqchain тобының қатысушысы және қауымдастығының мүшесі болғаннан адамдарға не пайда болады?

Funding - қаржылық қатынас, қауымдастықтың мүшелері басқа мүшелердің жобаларын масштабтауға көмектеседі. Солардың жобаларына инвестиция жасайды.

Ол инвестицияға қол жеткізу үшін бұл топта минимум бір жыл болу керек, минимум бір жиналысқа қатысу керек, топта талқыда актив болу керек. Бір жыл болып бірде-бір хат жазбаған адам есептелмейді.

Әр қатысушының статистикасы 2022 жылдан бастап жүргізіліп жатыр. Қай адам қашаннан бері топтың мүшесі болған екені оңай білуге болады.

2. Qazaqchain core - бұл жабық топта тек өзіміздің жобаларға инвестиция жасаған адамдар қосылады. Ол жерде жобалардың қай сатыда екенін және жабық жиналыстарға шақырулар жайында хабар таратамыз.

3. Мен қаржылық өнімділік туралы кітап жазып жатырмын. Онда өзімнің тәжірибемді және эксперименттерімді ашық түрде жазып жатырмын. Қашан бітіретінім әлі белгісіз. Релиз онлайн болады деп ойлаймын. Сатылым жайында әдеттегідей уайым жоқ. Уайым тек кітаптың ақпаратының сапасы жайында.

#ойым
⚡12❤6👏5🔥3
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍29❤8
Әлемдегі барлық ақшаның тек 8% физикалық түрде бар. Қалған 92% электронды ақша.

©️Wealth magazine #жаңалық
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤15🙊7👍5
Жиі адамдармен кездесіп тұрамын. Ең жиі кездесетін проблема - адамның өзі жайында айта алмауы. Осы видеода өзін-өзі презентация жасаудан жақсы кеңестер айтылған.
#ойым #кеңес
👍12🔥8❤3⚡1
Кеше Ресейдің Тюмень деген қаласында тұратын таныс бала жазды. Ол да Qazaqchain-ның мүшесі.
Solana желісіне валидатор болғың келе ме деген ұсыныс жасады. Жобасына инвестор іздеп жүр екен. Сіздерге қызық болса реакция қалдырып кетіңіздер, сосын осында презентациясын салып жіберемін.

Солана туралы видео жасап едім екі жыл бұрын, осында қарасаңдар болады.

#инвестпроект
❤34🔥3👍1👻1
Kozybayev
Стань валидатором Solana.pdf
Осы презентацияны оқып шығып ойларыңызбен бөлісіңіз.
👍7
🇺🇸 АҚШтың инфляциясы 2.9%, жұрт ойлағаннан төменірек екен. Нарықта позитив болуы мүмкін.

#жаңалық
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9
TON coin бүгін Binance Spot-қа қосылды
#жаңалық
👍15