Kozybayev
1.66K subscribers
1.1K photos
62 videos
27 files
638 links
Бизнеске инвестиция жасаймын, жобалармен бөлісемін! Қазақстанның бірінші крипто-қауымдастығының негізін қалаушы.
Инвестиция, технология, ғылым, қаржы, политика, криптовалюта жайында, және жеке ойларымды жазамын.
Download Telegram
Kozybayev
Кеше Ресейдің Тюмень деген қаласында тұратын таныс бала жазды. Ол да Qazaqchain-ның мүшесі. Solana желісіне валидатор болғың келе ме деген ұсыныс жасады. Жобасына инвестор іздеп жүр екен. Сіздерге қызық болса реакция қалдырып кетіңіздер, сосын осында презентациясын…
Хабарландырма!
Мен Solana validator жобасына инвестор ретінде кірмеймін. Неге?

1. Мен Solana документациясын тегіс оқып шықтым, осындай қызық кеңеске тап болдым->астын сыздым.

2. Сендердің жазғандарыңды оқыдым, ойларыңызды әр жақтан қарастырып шықтым, әзірше бұл жобаның өнімділігі қазіргі жобалардан артықшылығын көрмедім.

P.S.
Мен Максты бұрыннан танимын, егер өздеріңіз барлық қауіпіне қарамастан инвестиция жасағыңыз келсе, тікелей соған хабарлассаңыз болады.

Бірнеше затты түсініп тұрғаныңыз жөн: Ол біздің елде тұрмайды, және инвест жобаға берік гарантия бермейді. Соңғысын ол өзінің презентациясында анық түрде жазып кеткен.

Ал мен болса әзірше басқа жобаларды қарастырып жатырмын, егер қызық бірдеңе болса, сіздерге хабарын айтармын 🤝
👍22⚡3🫡1🆒1
Астанаға келдім, екі күн осында боламын. Бірнеше жобаны қарап кетемін.
⚡15👍4
Алтынның бағасы өзінің максималды көрсеткішінен асты ~$2500.
Осы жылы ол 20% өсті, жылдың басынан инвесторлар негізгі мөлшерлеме түседі деп алтынның деривативтерін сатып ала бастаған.

Түсініктеме:
Негізгі мөлшер азайған кезде айналымдағы ақша массасы өсе бастайды, ол барлық тауар мен жұмыстардың қымбаттауына әсер тигізеді.

P.S.
Алтынның мысалында инвесторлардың активтерді сатып алуы немесе сатуы оқиға болмас бұрын басталатынын көрсетеді. Шу басталған кезде көбінесе ол кеш жаңалық болып есептеледі.

#қс #жаңалық
👍12❤2🆒1
Бірінші потенциалды жобаны қарастырып жатырмын - балаларға арналған массаж салоны [Реабилитация орталығы].
🔥19❤3⚡1
Дубай ресми түрде Биткоин мен криптода жалақыны төлеуге рұқсат етті.
#жаңалық #крипто
👍19🔥6⚡2
Кешкісін сыртта серуендеп қайтуға шыққанмын. Шаршап бір жерге отырып шай ішейін деп едім, қарасам барлығынан қасымда Додо пицца деген ашық тұр екен.

Ішіне кіріп қазақша сұрасам, қазақ кассир бұлданды маған. Ааа ааа деп әр сөзімді қайталатты.

- Екі шай
- Какой чай?
- Қара шай
- Какой?
- Қара
- Черный?
- Иә
- Большой, средний, маленький?
- Үлкен
- Какой?
- Үлкен
- Большой?
- Иә
- Потом?
- Чизкейк, шиеден компот
- …

Түрінен тәккапарлық сезінді, соңында көбірек қағаз майлықты сұрағанда лақтыра салды 😂

Оның басында мамбик болдым ғо
#оқиға
🤬35🤣30😱7🤮7🤝4⚡3👎3😁2
Астанадан Алматыға оралдым 😵‍💫
Үш жобадан тек бір жоба өзіме қатты ұнады. Ол жобаның мынандай артықшылықтарын көрдім: балаларға пайдалы (бөпелердің денсаулығын жақсартады), бизнес моделі түсінікті, инвестициялық потенциалы бар.

Қазір ол жобаның егжей-тегжейлерін қарастырып жатырмыз, егер барлығы ойдағыдай болса осында барлығын жазамын.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤27👍13
Қыркүйектің 23-27 аралығында Ақтөбеге бармақшымын. Шымкентке трип отмена болды, оның орнына қазан айында Қарағанды мен Бишкекке барып-қайтамын.
👍19❤3
Қандай екі жоба ұнамады:

Бірінші жоба - Ресторан.

Ең қырсық бизнестердің бірі. Операционкаға бизнесменді көміп тастайды.

Неге ұнамады?
Біріншіден - тиянақты бизнес жобаның болмағандығы.
Екіншіден - бизнес бастаймын деген адамның бұл салада тәжірибесінің аздығы. Оны мен тәжәрибенің жоқтығы деп айта аламын.

Неге жоқ деген шешімді қабылдадым?
1. Өзім студент кезімде 4 жыл әр жазы официант болып жұмыс істедім. Ішіндегі егжей-тегжейін көрдім.
2. Бірінші банкрот болған бизнесім ол кафе ашқан кезім ✊🏼
3. Статистиканы қарадым - батыс елдерінде ресторанның жұмысшылары жылына 3 рет ауысады екен. Ол не демек? Бір жылда әр позицияда 3 адам ауысады деген сөз. Адам ағыны [текучка] өте көп.
4. Операционка жағын басынан мықты етіп қою керек, барлығын санай білу керек. Жай алып сату емес, бұл кішкене комплексті бизнес. Дайын өнімнің құрамында әртүрлі ингредиент болады, калькуляцияны істей білу керек, демек операционды жағын ғана емес, тағы өнімнің экономикасын түсіне білу керек. Оны бизнес бастаймын деген адамнан танымадым/көре алмадым.

Екінші жоба - кондитерлік цех.

Үстінгі мысалға ұқсас заттарды көрдім, одан басқа өзі кондитер болғанымен (ренжімесін) қаржы жағынан сауаты аздау. Адамның өзі бизнеске ақша тартуға дайын емес.

Өте көп операциондық шығындары бар бизнестерге мұқият қараймын. Адам өзі ішінде жүріп өзі басқара алмаса, және операционканы аяқтандыра алмаса, немесе адамдармен жұмыс істей алмаса, ол бизнеске дайын емес екенін түсінемін.
#инвестпроект
🔥21👍6❤2
Kozybayev
АҚШтың инфляциясы 2.9%, жұрт ойлағаннан төменірек екен. Нарықта позитив болуы мүмкін.
Бір аптадай ештеңе жазбадым, жұмыстан бас көтере алмадым.

Мен жоқта не қызық жаңалық болды?

1. Естеріңізде ме 13 тамызда нарықта позитив болуы мүмкін деп жазғаным? Ол қандай позитив?
Кеше Джерром Пауел ата - “Уақыт келді, қыспақты азайтатын кез келді”, деп айтқан.

Ол не демек?

Инфляция өзіне кеп жатыр екен, еңбек нарығына дем керек, ол үшін негізгі мөлшерлемені азайту керек деген сөз.

Оны нарық бұрыннан күткен соң лезде реакция жасады, бәрі жасыл болып кетті.

2.Өзімнің жұмысымда жаңа белестерді алуға дайындалып жатырмын. Ол үшін маған бірнеше үлкен жоба жүргізуге мүмкүндік беріп жатыр. Ол жобалар үлкен аналитикалық, қаржылық және бизнестегі экспертизаны қажет етеді.

3. Ал Qazaq Fintech-тың кірісін алдағы екі ай ішінде тағы екі есе көтермекшімін, және эксперименталды жобаны басталғалы жатырмын.

4. Жылдың соңында бірнеше жоба менің алдымдағы борышын толықтай өтейді, ол бос қолма-қол ақша пайда болады деген сөз. Ол ақшаның текке жатпауы үшін сол қаражатты жаңа жобаға құюға әрекет жасаймын.
❤16🔥8👍2🍓1
Телеграмның негізін қалаған Павел Дуровты Францияда қамауға алды. Бұл жаңалық шыққалы TON-ың бағасы -12%-ға отырып қалды.
😱11❤3
Әлеуметтік желілерден кәдімгі детокс болып жатырмын. Бүкіл фокус отбасымда және жеке өнімділігімде.

Бос уақытымда ұйықтаймын, кайф.
Спортқа қалаған кезімде барамын, кайф.

Денсаулығымның статистикасын жүргізе бастадым: ұйқы, жүрек қағысы, қимыл, ең өнімді кезімді табуға тырысып жатырмын.

Бұрыннан бастағым келген хоббиімді бастамақшымын. Ол үшін АҚШ-тан бір затымды күтіп отырмын. Сіздерге ұнайды деп ойлаймын. #ойым #әңгіме
👍35❤5⚡2
🇫🇷Дуров €5 млн. кепіл қалдырып шығыпты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🕊9💔3
🇰🇿Ұлттық банк негізгі мөлшерлемені 14.25% өзгеріссіз қалдырды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👎3
Конституция күнін Алматыда жүрген Қостанай КТЛ түлектерімен бірге таңғы ас ішіп қарсы алдық.

Анда-санда осылай жігіттермен жиналып, пікір бөлісіп, ойын-сауық құрып отырамыз.

Арамызда үлгі тұтар мықты кәсіпкерлер және енді-енді еркектікке қадам басып жатқан жас түлектер бар.

Есте қалған қызық тақырыптар:
1. 20-30-ға дейін жасалатын қателіктер.
2. Ақыл сұрауға тоқтататын зат - эго.
3. Өміріндегі бизнес бастау үшін тартқан ең көп ақша.
4. Неге жастар тәжірибені менсінбейді және одан қашады.
5. Потенциал жинау, және потенциалды қолдану, қай кезде энергияны көп жұмсау керек, қай жерде үнемдеу керек.

#өмір
❤22👍9
Goldman Sachs 1300 адамды жұмыстан шығарды. Бұл компания $2.8 трлн. бағаланатын активтерді басқарады.
😱10
🛍Пилатес студиясына ақша салған барлық инвесторларға бірінші купон түсті ✔️ 1/12

#инвестпроект #купон #хабарландырма
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🍾17👏4🔥1
Уроборос

Активтер мен пассивтер графигі.
2024 жылдың үшінші тоқсаны әлі біткен жоқ.

Өткен жолы ұзақ мерзімді қарыздарды толықтай жабамын деп айттым, жауып тастадым.
#қс
👍15
Менің зейнетке жинап жатқан портфелім. Акциялар санын жыл сайын 2 есеге өсіруге тырысамын.
#қс
👍28
Қаржылық есеп:
#қс
2024 жылдың тамыз айында өзімнің шығындарыма 11.07% қайтарым алдым. Ол маусымға қарағанда -40.83п.п.

Осы жолы түсінікті болу үшін, әр категория қанша алып келгенін жазамын:
• Бизнеске инвестиция: 5.22%
• Кэшбек: 0.3%;
• Депозит: 0.7%
• Салық салынбайтын басқа табыстар: 4.81%

Осыдан алдынғы айдың көрсеткіштерін мынау сілтемеден көруге болады.

Статистика

2023 жыл
Қазан: 1.87%
Қараша: 1.55%
Желтоқсан: 2.7%

2024 жыл
Қаңтар: 2.17%
Ақпан :7.04%

Наурыз: 3.49%
Сәуір: 5.89%
Мамыр: 92.95%
Маусым: 4.11%
Шілде: 51.91%
Тамыз:11.07%

Оның барлығы таза қаржылай табыс. Оның ішінде реализацияланбаған табыс жоқ [қалтама таза ақша ретінде түсті деген сөз].
👍17