Kazakhstan Tennis Federation
✔
2.15K subscribers
2.87K photos
263 videos
365 links
Download Telegram
Заңғар Нұрланұлы – Азия чемпионы! 🇰🇿

Кореяның Вонджу қаласында өткен беделді ITF Juniors J300 турнирінде қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жеңіске жетіп, жетінші жекелей титулын иеленді. 🏆

Финалда Нұрланұлы Қытай Тайбэйінің өкілі Куан Чеу Ченді 6:2, 6:1 есебімен сенімді түрде ұтты. Бұл — Заңғардың хардтағы қатарынан екінші титулы және 11-матчтық жеңісті сериясының жалғасы.
❤16🍾1
Туған күніңмен, Бейбіт! 🥳
❤26🎉5
🇰🇿 Елена Рыбакина WTA 500 Нинбо турнирінің ширек финалында!

Екінші айналымда қазақстандық теннисші украиналық Даяна Ястремскаяны 6:4, 6:7(6), 6:3 есебімен жеңді.
❤16🔥6👏4
🇰🇿 Елена Рыбакина WTA 500 Нинбо турнирінің жартылай финалына шықты!

WTA 500 Нинбо турнирінің 1/4 финалында қазақстандық теннисші австралиялық Айла Томляновичті 6:2, 6:0 есебімен жеңді. Келесі кезеңде Рыбакина Италия өкілі Жасмин Паолинимен ойнайды.
👍16❤7🔥2
🇰🇿 Елена Рыбакина финалда!

Қазақстандық теннисші (WTA №9) Нинбодағы WTA 500 турнирінің жартылай финалында италиялық Жасмин Паолиниді (WTA №8) 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Финалда Рыбакина Диана Шнайдер мен Екатерина Александрова арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Бұл жеңіс Еленаға маусым қорытындысы бойынша WTA Финалына қатысу мүмкіндігін сақтап қалуға мүмкіндік берді — ол рейтингтегі 8-орынға көтерілді.
❤16🔥11
Happy birthday, Zarina! 🥳
❤25🔥4🍾2🐳1
🇰🇿 Елена Рыбакина – Нинбо турнирінің чемпионы!

Қазақстандық теннисші WTA 500 сериясындағы финалда ресейлік Екатерина Александрона 3:6, 6:0, 6:2 есебімен жеңіп, жекелей сындағы 10-шы WTA титулын иеленді 🏆
❤46🐳2
Perfect 10 💫

Бухарест → Нинбо. 10 титул, 1 жол 🏆
🔥23👍8❤3⚡2🏆1
🇰🇿 Александр Бублик Венадағы ATP 500 турнирін жеңіспен бастады!

Қазақстандық теннисші алғашқы матчында чилилік Алехандро Табилоны 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
🔥14👎12❤2🐳1🍾1
Қазақстан мен Түркия теннис федерациялары теннисті дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа ҚТФ президенті Болат Өтемұратов пен ТТФ президенті Шафак Мюдеррисгил қол қойды.

Келісім аясында тараптар спортшылар мен бапкерлерді дамыту, жастарды қолдау, бірлескен турнирлер өткізу, білім беру және инфрақұрылымды дамыту салаларында тәжірибе алмасады. Бұл ынтымақтастық Қазақстан мен Түркияның халықаралық теннис аренадағы ықпалын арттыруға мүмкіндік береді.

Толығырақ 🌐 ktf.kz
👍9❤6