Kazakhstan Tennis Federation
✔
2.15K subscribers
2.87K photos
263 videos
365 links
Download Telegram
🇰🇿📸

#BJKC

———
Beeline Janymda. Стабильно мобильная поддержка в спорте и в сети
❤16🥰2
Елена Рыбакина Шэньчжэньде өтетін Билли Джин Кинг кубогының ширек финалы алдындағы дайындық жайлы ойымен бөлісті:

«Дайындық ойдағыдай өтіп жатыр. АҚШ – әлемдегі ең мықты құрамалардың бірі, бірақ бізде де мүмкіндік бар. Үздік нәтиже көрсетуге тырысамыз».

Толығырақ 🌐 ktf.kz

———

Елена Рыбакина поделилась мыслями о подготовке к четвертьфиналу Кубка Билли Джин Кинг в Шэньчжэне:

«Подготовка проходит успешно. США — одна из сильнейших команд мира, но у нас тоже есть шансы. Постараемся показать лучший результат».

Подробнее 🌐 ktf.kz

#BillieJeanKingCup #BJKCup

———
Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау
❤7👏1
🇰🇿 Қазақстан құрамасы Сингапурда өткен турнирде бесінші орын алды

Сингапурда ATF 12U Team Competition – Supported by KTF финалдық кезеңі мәресіне жетті. 12 жасқа дейінгі қазақстандық ұлдар мен қыздар командалық жарыста лайықты өнер көрсетіп, жалпы есепте 5-орынға ие болды.

Ел намысын қорғаған жас теннисшілер: Сырымжан Барлыков, Амирхан Қуанышбеков, Евгений Щетников, Мария Гуля, Влада Дегтярь және Мартина Курбатова.

Жас спортшылар соңына дейін күресіп, мінез бен нағыз командалық рух танытты. Бұл нәтиже – болашақ жеңістердің берік іргетасы.

Бүгінгі бесінші орын – ертеңгі бірінші орынға бастайтын қадам. Қазақстан сіздермен мақтанады! 💪🎾
❤9🐳1
🇰🇿 KAZ 0️⃣:1️⃣ USA 🇺🇸

Юлия Путинцева ауыр әрі тартысты кездесуде Эмма Наварроға жол берді — 5:7, 6:2, 6:7(6).
#BJKCup

———
Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау
😭13❤8😢2
Елена Рыбакина есепті теңестірді! 🔥

🇰🇿 KAZ 1️⃣:1️⃣ USA 🇺🇸

Енді бәрі шешуші жұптық кездесуде анықталады: Данилина/Құламбаева 🆚 Баптист/Таунсенд.

#BJKCup

———
Beeline Janymda. Стабильно мобильная поддержка в спорте и в сети
❤32
🇰🇿 Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының 2025 финалдық кезенің ширек финалда аяқтады.

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева жұптық кездесуде 2:6, 6:7 (1:7) есебімен қарсыласқа жол берді.

———
Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау
😭8❤6
🇰🇿 Қазақстандық теннисшілер Қытайда сәтті өнер көрсетуде

Александр Бублик Ханчжоу қаласындағы ATP 250 турнирін екінші айналымнан бастап, америкалық Александр Вукичті 6:7, 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Сонымен қатар, Александр Шевченко Чэнду қаласында ATP 250 турнирінің екінші айналымнда француз Джованни Мпетчи Перриканы 6:7 (2:7), 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына шықты.
❤11💩5🍾2
🇰🇿 Шевченко мен Бублик – Қытайдағы АТР турнирлерінің жартылай финалында! 🎾

Қазақстандық Александр Бублик (№19) Ханчжоудағы турнирде Далибор Сврчинаны 🇨🇿 6:1, 6:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Енді ол қытайлық У Ибинмен кездеседі.

Александр Шевченко (№96) да Чэнду турнирінде жартылай финалға өтті. Ол Таро Даниэльді 🇯🇵 7:6, 3:6, 6:2 есебімен ұтты. Келесі қарсыласы – әлемнің 9-ракеткасы Лоренцо Музетти.
❤13🔥3💩3👏1🐳1🍾1
🇰🇿 Александр Бублик Ханчжоудағы ATP 250 турнирінің финалына шықты 🎾

Әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик жартылай финалда қытайлық У Ибинді (№196) 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағатқа созылды. Бублик 17 эйс жасап, үш қос қате жіберді және 5 брейк-пойнттің үшеуін тиімді пайдаланды.

Финалда қазақстандық теннисші француз Валентен Ройемен кездеседі.
❤20💩2🐳2🔥1
🇰🇿 Саша – Ханчжоу чемпионы! 🏆

Екі сетке созылған тартысты финалда Александр Бублик финалда француз Валентен Руайені 7:6(4), 7:6(4) есебімен жеңіп, маусымдағы төртінші титулына қол жеткізді! 👏

Биыл Бублик Галле, Гштаад және Кицбюэль турнирлерінде топ жарған еді.
🔥35❤4💩3👏1
🇰🇿 Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады!

Екінші айналымда қазақстандық теннисші америкалық Кэти Макнэллиді 7:5, 4:6, 6:3 есебімен ұтты.

3-ші айналымда Рыбакина Ева Лиспен 🇩🇪 кездеседі 🔜
👏12❤8
🇰🇿 Анна Данилина – China Open турнирінің 1/8 финалында!

Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге Магда Линнет пен Клара Таусонды 6:4, 6:2 есебімен жеңді.
❤4🍾1
🇰🇿 Иван Пономарёв – Айзкраукледегі ITF J30 турнирінің чемпионы!

22–26 қыркүйек аралығында Латвияның Айзкраукле қаласында өткен ITF J30 сериясындағы жасөспірімдер турнирінде қазақстандық теннисші Иван Пономарёв жүлделі нәтиже көрсетті.

Жұптық сында Иван литвалық Марк Гриазутин Тверскиймен бірге чемпион атанды. Финалда олар жергілікті дуэт — Александровас/Бандзевисиусты 1:6, 6:4, 10:5 есебімен жеңді.

Бұл Иван Пономарёвтың ITF Juniors турындағы жұптық сындағы екінші титулы. Жас спортшының тұрақты өсуі оның кәсіби теннисте үлкен мүмкіндіктерге ие екенін дәлелдейді.
❤6👍3🍾1
🇰🇿 Заңғар Нұрланұлы Кореядағы J200 турнирінің чемпионы атанды! 🏆

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors жарысында қазақстандық теннисші финалда жергілікті спортшы Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, турнирді бірде-бір сет жоғалтпай аяқтады.

Бұл — Заңғардың ITF Juniors турындағы жеке сындағы алтыншы титулы. 👏

Келесі аптада ол Вонджуда өтетін J300 турнирінде өнер көрсетеді.
❤14👏2🍾2
🇰🇿 Елена Рыбакина Ухандағы WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды!

Wuhan Open турнирінің екінші айналымында Қазақстандық теннисші румыниялық Жаклин Кристианды 6:4, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді.
❤23🐳2
🇰🇿 Елена Рыбакина Ухань турнирінің ширек финалында!

Қазақстандық теннисші Линда Носкованы 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, келесі кезеңде Арина Соболенкомен кездеседі 🔜
❤20🔥2🍾2
🇰🇿 Заңғар Нұрланұлы – Азия чемпионатының финалында!

Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласында өтіп жатқан ITF Juniors J300 турнирінде (бейресми Азия чемпионаты U18) қазақстандық теннисші финалға жолдама алды.

Жартылай финалда әлемнің 23-ракеткасы саналатын Заңғар Нұрланұлы Гонконг спортшысы Николас Ченгті 6:3, 6:1 есебімен сенімді жеңді. Бұл – оның хардтағы қатарынан 10-жеңісі. 🔥

Финалда Заңғар ертең, 12 қазанда, Кал Томпсон (Гонконг) мен Куан Чеу Ченнің арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
❤14
🇰🇿 Анна Данилина – Уханьдағы WTA 1000 турнирінің финалында!

Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы беделді турнирдің финалына жолдама алды.

Жартылай финалда қазақстан-серб дуэті венгриялық Фанни Столлар мен германиялық Лаура Зигемунд жұбын 6:1, 4:6, 11:9 есебімен жеңді.
🔥12❤2