Kazakhstan Tennis Federation
✔
2.15K subscribers
2.87K photos
263 videos
365 links
Download Telegram
Perfect 10 💫

Бухарест → Нинбо. 10 титул, 1 жол 🏆
🔥23👍8❤3⚡2🏆1
🇰🇿 Александр Бублик Венадағы ATP 500 турнирін жеңіспен бастады!

Қазақстандық теннисші алғашқы матчында чилилік Алехандро Табилоны 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
🔥14👎12❤2🐳1🍾1
Қазақстан мен Түркия теннис федерациялары теннисті дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа ҚТФ президенті Болат Өтемұратов пен ТТФ президенті Шафак Мюдеррисгил қол қойды.

Келісім аясында тараптар спортшылар мен бапкерлерді дамыту, жастарды қолдау, бірлескен турнирлер өткізу, білім беру және инфрақұрылымды дамыту салаларында тәжірибе алмасады. Бұл ынтымақтастық Қазақстан мен Түркияның халықаралық теннис аренадағы ықпалын арттыруға мүмкіндік береді.

Толығырақ 🌐 ktf.kz
👍9❤6
🇰🇿 Елена Рыбакина Токио турнирінің ширек финалына шықты!

Қазақстандық теннисші WTA 500 Toray Pan Pacific Open жарысының екінші айналымында канадалық Лейла Фернандесті 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Келесі айналымда Рыбакина тағы бір канадалық спортшы — Виктория Мбокомен кездеседі 🔜
❤22👏2
🇰🇿 Александр Бублик Вена турнирінің ширек финалында!

Қазақстандық теннисші аргентиналық Франсиско Серундолоны 6:4, 6:2 есебімен жеңіп, ATP 500 Вена турнирінің 1/4 финалына жолдама алды.
❤15👎4👏2🐳1
🇰🇿 Елена Рыбакина үшінші жыл қатарынан WTA Finals турниріне жолдама алды!

Бүгін Токио қаласында өткен WTA 500 турнирінің ширек финалында қазақстандық теннисші Виктория Мбоконы (Канада) 6:3, 7:6(4) есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты және маусымның басты турниріне қатысуға жолдама алды.

Маусым қорытындысы бойынша Елена WTA Finals турнирінің соңғы, сегізінші қатысушысы атанды. Жарыс қараша айының басында Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді.
❤36🍾3
Қазақстан теннис федерациясы баршаңызды Республика күнімен құттықтайды! 🇰🇿

Еліміз өркендеп, халқымыздың мерейі үстем болсын! Отбасыңызға бейбіт өмір, береке мен бірлік тілейміз!
❤7
🇰🇿 Анна Данилина Токио турнирінің финалында!

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге жұптық сында WTA 500 турнирінің финалына шықты.
Жартылай финалда олар жапониялық Сюко Аояма мен испаниялық Кристина Букшаны 6:2, 6:3 есебімен жеңді.
❤18🍾1
🇰🇿 Александр Бублик Париждегі Мастерс турнирін жеңіспен бастады!

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда аустралиялық Алексей Попыринді 6:4, 6:3 есебімен жеңіп, келесі айналымға жолдама алды.
❤18👍3🤮1
🇰🇿 Александр Бублик Париждегі Мастерстің үшінші айналымына шықты!

Қазақстандық теннисші Корентен Мутені 6:3, 7:5 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.

Бұл Сашаның маусымдағы 46-шы жеңісі 💪
👍14❤7🍾2🔥1👏1👌1
🇰🇿 Александр Бублик Париждегі Мастерс турнирінін ширек финалында!

Қазақстандық теннисші әлемнің 4-ракеткасы Тейлор Фрицті 7:6(5), 6:2 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына шықты🔥
❤24🔥6🤮3👍2👏1🍾1