ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
5.69K subscribers
17.8K photos
1.94K videos
5.8K links
🇰🇿 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

🇰🇿 Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan
Download Telegram
Forwarded from 
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇯Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
 
🔹Мәртебелі мейманның құрметіне резиденция алдында еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Тәжікстанның Мемлекеттік туларын желбіретіп ұшты.
 
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
 
🔹Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады.
 
🔹Содан кейін президенттер келіссөз жүргізді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Forwarded from 
🇰🇿🇹🇯В Акорде состоялась торжественная церемония встречи Президента Таджикистана Эмомали Рахмона, прибывшего в Астану с официальным визитом.
 
🔹В честь высокого гостя перед резиденцией вертолеты Сил воздушной обороны нашей страны выполнили демонстрационный полет с государственными флагами Казахстана и Таджикистана.
 
🔹Касым-Жомарт Токаев и Эмомали Рахмон представили друг другу членов официальных делегаций.
 
🔹Начальник роты почетного караула отдал приветственный рапорт, президентский оркестр исполнил гимны двух стран.
 
🔹Затем лидеры прошли в зал переговоров.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
Forwarded from 
🔹Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен келіссөз жүргізді

🇰🇿Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан көшбасшысына ілтипат білдіріп, бұл сапар екі ел арасындағы ерекше құрмет пен шынайы достықтың көрінісі екенін атап өтті.

– Бүгін біз бауырлас мемлекеттеріміздің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы жөнінде толық негізде айта аламыз. Екіжақты ынтымақтастықта қандай да бір мәселе жоқ. Көпжақты байланыстарымызды одан әрі ілгерілету мақсатында қарастырып, шешімін табуды қажет ететін жайттар бар. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашу, өзара тиімді жобаларды іске асыру және қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау тұрғысынан тек алға қарай қадам басып келеміз. Қазақтар тарихы бай, төл мәдениеті мен рухани мұрасы байтақ көне ұлт ретінде тәжік халқына құрметпен қарайды. Сіздің парасатты әрі көреген саясатыңыздың арқасында Тәжікстан көптеген салада ауқымды реформалар жүргізіп, таңғаларлық табыстарға қол жеткізді. Осы өзгерістердің нәтижесі экономиканың орнықты өсімінен, халықтың әл-ауқатының артуынан көрініс тауып отыр, – деді Қазақстан Президенті.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
Forwarded from 
🔹Глава государства провел переговоры с Президентом Таджикистана

🇰🇿Приветствуя таджикского лидера, Президент Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что его визит является проявлением особого уважения и искренней дружбы между двумя странами.

– Сегодня мы с полным основанием говорим о стратегическом партнерстве и союзничестве двух братских государств. Каких-либо проблем в нашем сотрудничестве не имеется. Есть вопросы, которые требуют рассмотрения и решения в целях дальнейшего продвижения нашего многостороннего сотрудничества. Мы смотрим только вперед с точки зрения создания новых возможностей, реализации взаимовыгодных проектов, выполнения достигнутых договоренностей. Казахский народ с искренним уважением и особой теплотой относится к таджикскому народу – древней нации с богатейшей историей, самобытной культурой и великим духовным наследием. Благодаря Вашей мудрой и дальновидной политике Таджикистан добивается впечатляющих успехов во многих сферах развития, планомерно реализуя масштабные реформы. Результаты этих преобразований находят отражение в устойчивом росте экономики, повышении благосостояния народа, – сказал Президент Казахстана.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Forwarded from 
🔹Президент: «Қазақстан ұдайы Тәжікстанның ең ірі сауда серіктестерінің үштігіне еніп отыр»

🔹Қасым-Жомарт Тоқаев барлық бағытта оң динамика көрсетіп келе жатқан қазақ-тәжік қарым-қатынасының даму деңгейін жоғары бағалады.

– Елдеріміздің үкіметтері уағдаластықтарды толығымен жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өткен жөн. Қабылданған шаралардың арқасында тасымалданатын тауар түрлері көбейіп, түрлі өнім көлемі артты. Теміржолмен жеткізілетін экспорт-импорт жүгі де ұлғайып келеді. Бизнес деңгейіндегі байланыстар жанданды. Бизнес-форум, арнайы сауда миссияларының қорытындысы бойынша қол жеткізілген коммерциялық уағдаластықтар жоспарлы түрде іске асырылуда. Бұл ретте елдеріміздің жыл сайынғы тауар айналымы тұрақты түрде 1 миллиард доллардан асады. Осының есебінен Қазақстан ұдайы Тәжікстанның ең ірі сауда серіктестерінің үштігіне еніп отыр, – деді Мемлекет басшысы.


🔹Президенттің айтуынша, екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстары да дәйекті түрде кеңеюде.

– Мәдениет күндері алма-кезек өткізіліп, көрнекті тұлғалардың ескерткіштері ашылды. Душанбеде Абай бюсті, Астанада Ибн Сина ескерткіші бой көтерді. Білім беру мен жастар саясаты салаларындағы ықпалдастық жоғары деңгейде. Жастар, ғалымдар мен зиялылар форумдары жиі өткізіледі. Сондықтан өзара ынтымақтастықта қол жеткізген нәтижелер үшін мақтануға да, қуануға да толық негіз бар. Бүгін өте маңызды іс-шараға – Астана қаласында Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратының ашылуына қатысамыз. Бұл бір ғимараттан ғана тұрмайды, оны кешен деуге болады. Мұның бәрі таңғалдырады әрі Тәжікстанның елімізде тұрақты түрде өкілдігі болатынын айғақтайды. Әлбетте, бұдан бауырластық байланыстарымыздың бірегей сипатын көреміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏2
Forwarded from 
🔹 Президент: «Казахстан стабильно сохраняет позицию в тройке крупнейших торговых партнеров Таджикистана»

🔹Касым-Жомарт Токаев высоко оценил уровень развития казахско-таджикских отношений, демонстрирующих положительную динамику по всем направлениям.

– Должен отметить, что правительства наших стран активно работают над полноценной реализацией всех договоренностей. Благодаря принятым мерам расширяется номенклатура товаров, растут объемы поставок различной продукции. Наблюдается рост экспортно-импортных перевозок грузов железнодорожным транспортом. Активизировались контакты на уровне бизнеса. Планомерно реализуются коммерческие договоренности, достигнутые по итогам бизнес-форумов, специальных торговых миссий. На этом фоне наш ежегодный торговый оборот устойчиво превышает 1 млрд долларов, за счет чего Казахстан стабильно сохраняет позицию в тройке крупнейших торговых партнеров Таджикистана, – сообщил Глава нашего государства.

 
🔹По словам Президента, последовательно расширяются и культурно-гуманитарные контакты двух стран.

– Проводятся перекрестные Дни культуры, открываются памятники выдающимся личностям. Открыты бюст Абая в Душанбе и памятник Ибн Сине в Астане. Высокий уровень демонстрирует взаимодействие в образовательной сфере и молодежной политике. Проходят форумы молодежи, ученых и интеллигенции. Так что у нас есть все основания гордиться и радоваться достигнутым результатам во взаимном сотрудничестве. Сегодня нам предстоит участвовать в очень важном мероприятии – это открытие нового здания Посольства Таджикистана в Астане. Это даже не одно здание, это комплекс зданий. И все это впечатляет и говорит о том, что Таджикистан будет представлен в нашей стране, можно сказать, на постоянной основе. И это, конечно же, достойнейшая характеристика наших братских взаимоотношений, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏3
Forwarded from 
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇯Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

🔹Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі салтанатты рәсімнің мәні терең әрі символикалық тұрғыдан ерекше екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, қазақ пен тәжік халықтарын ғасырлардан тамыр тартатын достық, рухани үндестік және ортақ тарихи тағдыр байланыстырады.

– Біздің өңіріміз әлемге көрнекті ойшылдар, ғалымдар, шайырлар мен ағартушылардың тұтас шоғырын сыйлады. Олардың мұрасы жекелеген елдер мен халықтардың ауқымынан асып, кең таралды. Ислам қайта өрлеу дәуірінің ең көрнекті тұлғаларының бірі – Қожа Ахмет Ясауи. Қазақ халқы ұлы ғұлама әрі ағартушы есімін ертеден ерекше қастер тұтады, киелі санайды. Сонымен қатар Қожа Ахмет Ясауи мұрасы – бүкіл өркениетке және әрине, ғасырлар бойы ортақ рухани дәстүрлері қалыптасқан Орталық Азия халықтарына тиесілі қазына, – деді Қазақстан Президенті.


🔹Мемлекет басшысы ұлы ойшылдың ілімі адамгершілік, әділет, мейірім және гуманизм идеяларына тұнып тұрғанын атап өтті.

– Бұл ілім шын мәнінде дүниетанымымызды, болмысымызды, өмір салтымызды қалыптастырды, жүздеген жылдар бойы адамдарды біріктіріп, олардың жақсылық пен жасампаздыққа деген сенімін арттырды. Ясауи танымы заманынан озық еді. Сондықтан бүгінге дейін ғибратты ғұмыр жолын нұсқайтын өзіндік бір рухани-адамгершілік бағдар қызметін атқарып келеді. Өзіңізге мәлім, құрметті Эмомали Шарипович, қолға алған реформалардың нәтижесінде қоғамымыз жан-жақты жаңғыруда. Жаңа қоғамдық этика қалыптастыру осы сан алуан жұмыстың ішінде ерекше орын алады. Қожа Ахмет Ясауи дәріптеген биік адамгершілік мұраттар, сондай-ақ әділет, еңбекқорлық, тазалық, патриотизм қағидаттары елімізде қоғамдық сананың ажырамас бөлігіне айналды. Ясауи мұрасына айрықша мән бере отырып, биыл ұлы ойшыл, ғұлама, ағартушы тұлғаның құрметіне жаңа мемлекеттік марапат белгілеуді ұсындым, – деді Президент.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏3
Forwarded from 
🇰🇿🇹🇯Глава государства наградил Президента Таджикистана Эмомали Рахмона орденом Qoja Ahmet Yasaui
 
🔹В своем выступлении Касым-Жомарт Токаев отметил, что сегодняшняя торжественная церемония наполнена глубоким смыслом и особым символизмом. По его словам, казахский и таджикский народы связывают многовековые узы дружбы, духовная близость, общность исторических судеб.

– Наш регион дал миру целую плеяду выдающихся мыслителей, ученых, поэтов и просветителей, наследие которых вышло далеко за пределы отдельных стран и народов. Одной из наиболее ярких фигур блистательной эпохи исламского ренессанса является Ходжа Ахмет Яссауи. Имя великого поэта и просветителя для нас, казахов, имеет особое значение и в нашей исторической памяти, по сути, является священным понятием. Вместе с тем наследие Ходжи Ахмета Яссауи принадлежит всей цивилизации и, конечно, народам Центральной Азии, где веками формировались и развивались общие духовные традиции, – сказал Президент Казахстана.


🔹Глава государства подчеркнул, что учение великого философа-мыслителя буквально пронизано идеями нравственности, справедливости, милосердия, гуманизма.

– Это учение фактически сформировало наше мировоззрение, менталитет, образ жизни, оно на протяжении многих столетий объединяло людей, укрепляло веру в добро и созидание. Воззрения Яссауи опередили свое время и поэтому по сей день выполняют роль своего рода нравственного компаса, указывающего путь к праведной жизни. Как Вам известно, уважаемый Эмомали Шарипович, наше общество в результате реформ вовлечено в процесс всесторонней трансформации. И формирование новой общественной этики занимает в этой многогранной работе особое место. Высокие моральные ценности, включая справедливость, трудолюбие, добропорядочность, патриотизм, находящиеся в центре учения Ходжи Ахмета Яссауи, становятся неотъемлемой частью общественного сознания нашей страны. Придавая исключительное значение наследию Яссауи, мною было предложено учредить в честь великого ученого-философа, просветителя и наставника новую государственную награду, – заметил Касым-Жомарт Токаев.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3
🔹Қазақстанда қоғамдық әдеп мәселелері бойынша медиа сарапшыларды даярлау жалғасып жатыр

📍ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты «Sarapshy» медиажобасының екінші тәжірибелік оқу модулін өткізді.

Жобаға қоғамдық даму, әлеуметтік қатынастар, мәдениет және ақпарат салаларында тәжірибесі бар 25 маман қатысып жатыр.

Жоба бойынша әділдік, ізгілік, сенім, сыйластық пен жауапкершілікке негізделген жаңа қоғамдық әдепті орнықтыруға басымдық беріледі. Аталған құндылықтар елдегі келісімді нығайтып, Қазақстанның орнықты дамуына ықпал етеді.

Екінші модульде сарапшылардың қоғам алдындағы және құқықтық жауапкершілігі сөз болды. Қатысушылар ақпараттың шынайылығын қамтамасыз ету, заң талаптарын сақтау, кәсіби білікке сай пікір білдіру және аудиториямен байланыс орнату мәселелерін талқылады.

Жобаның негізгі мақсаты – сарапшылардың білігін арттыру, қоғамдық үдерістерді терең талдау, зерттеу нәтижелерін көпшілікке түсінікті жеткізетін кәсіби орта қалыптастыру.

🔹В Казахстане продолжается обучение медиаэкспертов по вопросам общественной этики

📍Казахстанский институт общественного развития при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан провел второй практический модуль медиапроекта «Sarapshy».

Проект объединил 25 участников – исследователей, аналитиков и практиков с опытом работы в сферах общественного развития, социальных отношений, культуры и коммуникаций.

Особое внимание в рамках проекта уделяется формированию новой общественной этики, основанной на принципах справедливости, гуманизма, взаимного доверия, уважения и ответственности. Эти ценности имеют важное значение для укрепления общественного согласия и устойчивого развития страны.

Второй практический модуль был посвящен вопросам публичной и правовой ответственности экспертов. Участники обсудили достоверность распространяемой информации, соблюдение законодательства, профессиональную компетентность и принципы взаимодействия с аудиторией.

Основная цель инициативы – развитие экспертного потенциала и формирование профессионального сообщества, способного компетентно анализировать общественные процессы и представлять результаты исследований широкой аудитории.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤1
🔵Мемлекет басшысы Сауытбек Абдрахмановты мерейтойымен құттықтады

📌Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы, журналист, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сауытбек Абдрахмановты мерейтойымен құттықтады.

Мемлекет басшысының құттықтау хатын мерейтой иесіне ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев табыстады.

Құттықтауда Президент Сауытбек Абдрахмановтың отандық журналистика мен әдебиетті дамытуға, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге қосқан елеулі үлесін атап өтті.

«Саналы ғұмырыңызды ұлттық рухани құндылығымыздың кең қанат жаюына арнап келесіз. Қазақ баспасөзінің қара шаңырағы – «Егемен Қазақстан» газетінің беделін арттыруға, отандық медиа саласының жаңа белеске көтерілуіне қосқан үлесіңіз мол. Сіз саяси-әкімшілік қызметтерді абыройлы атқарып, қоғам дамуындағы іргелі істердің бел ортасында жүрдіңіз», – делінген құттықтауда.


Мемлекет басшысы мерейтой иесіне мықты денсаулық, отбасына амандық, ұзақ та жемісті ғұмыр тіледі.

🔵Глава государства поздравил Сауытбека Абдрахманова с юбилеем

📌Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев поздравил писателя, журналиста, лауреата Государственной премии, заслуженного деятеля Казахстана Сауытбека Абдрахманова с юбилеем.
Поздравительное послание Главы государства юбиляру вручил министр культуры и информации РК Арман Кырыкбаев.

В поздравлении Президент отметил значительный вклад Сауытбека Абдрахманова в развитие отечественной журналистики и литературы, сохранение и популяризацию национальных духовных ценностей.

«Вы посвятили свою жизнь широкому распространению национальных духовных ценностей. Велик Ваш вклад в укрепление авторитета газеты «Егемен Қазақстан», занимающей особое место в истории казахской печати, и развитие отечественной медиасферы. Вы с честью занимали политические и административные должности, находились в центре важных для развития общества дел», – говорится в поздравлении.


Глава государства пожелал юбиляру крепкого здоровья, семейного благополучия и дальнейших плодотворных лет жизни.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8
🔹Бурабай ауданында «Shabyt Fantasy» шығармашылық үйі ашылды

📍Ақмола облысының Бурабай ауданында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Shabyt Fantasy» шығармашылық үйі ашылды. Кешен балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытуға және сауықтыру демалысына бағытталған.

Іс-шараның ашылуы рәсіміне ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқармасының төрағасы Ләззат Шыңғысбаева, университет ректоры Ғалым Ахмедьяров, шығармашылық қауым өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Айбек Сыдықов өз сөзінде жас ұрпақтың талантын танып, қабілетін шыңдауға қолайлы жағдай жасаудың маңызы туралы айтты.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау, дарынды балалардың қабілетін шыңдау және олардың шығармашылық әлеуетін қолдаудың маңыздылығын атап өткен. Әр баланың бойындағы талантты дер кезінде танып, оны шыңдауға жағдай жасау – бәрімізге ортақ міндет. «Shabyt Fantasy» осы мақсатқа қызмет етіп, жас өрендердің арман-талабын қолдайтын, өнерге деген құштарлығын арттыратын ортаға айналады деп сенемін», – деді вице-министр.


Көпшілік салтанатты ашылу рәсімі барысында кешеннің тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ станокты кескіндеме мен сценография бойынша «Қиял самғау» шеберлік сабағы өтті. Университеттің жас орындаушылары мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт өтті.

Шығармашылық үйі Қатаркөл көлінің маңында орналасқан. Жалпы аумағы 4,7 мың шаршы метрден асатын кешенге 91 бөлмелі төрт тұрғын корпус және екі қабатты клуб-асхана ғимараты кіреді. Кешен бір мезгілде 305 адамды қабылдай алады. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен кешен аумағында спорт алаңдары салынды.

Шығармашылық үйі жыл бойы жұмыс істейді. Мұнда шеберлік сабақтары, дайындық жұмыстары, оқу-жаттығу жиындары, концерттер, байқаулар, фестивальдер мен оқу курстарын өткізу жоспарланған.

🔹В Бурабайском районе открылся Дом творчества «Shabyt Fantasy»

📍В Бурабайском районе Акмолинской области состоялось открытие Дома творчества «Shabyt Fantasy» Казахского национального университета искусств имени Куляш Байсеитовой. Комплекс предназначен для творческого развития, обучения и оздоровительного отдыха детей и молодежи.

В церемонии приняли участие вице-министр культуры и информации РК Айбек Сыдыков, председатель правления общественного фонда «Қазақстан халқына» Ляззат Чинкисбаева, ректор университета Галым Ахмедьяров, представители творческого сообщества, преподаватели и студенты.

В своем выступлении Айбек Сыдыков отметил важность создания условий для раскрытия талантов подрастающего поколения.

«В своем Послании Глава государства подчеркнул важность всестороннего развития подрастающего поколения, совершенствования способностей одаренных детей и поддержки их творческого потенциала. Своевременно распознать талант каждого ребенка и создать условия для его развития является нашей общей задачей. Уверен, что «Shabyt Fantasy» станет пространством, которое поможет юным талантам воплотить свои мечты и укрепит их интерес к искусству», отметил вице-министр.


Гости ознакомились с инфраструктурой комплекса. В рамках открытия прошли мастер-класс по станковой живописи и сценографии «Қиял самғау», а также концерт молодых исполнителей и творческих коллективов университета.

Отметим, Дом творчества расположен в районе озера Катарколь. Комплекс площадью свыше 4,7 тыс. квадратных метров включает четыре жилых корпуса на 91 комнату и двухэтажное здание клуба-столовой. Он рассчитан на одновременное размещение 305 человек. При поддержке фонда «Қазақстан халқына» на территории построены спортивные площадки.

Комплекс будет работать круглогодично. Здесь планируется проводить мастер-классы, репетиции, учебно-тренировочные сборы, концерты, конкурсы, фестивали и образовательные интенсивы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👍1