Тартса-дағы тағдырымның сынағы,
Бір өзіңсің – сезімімнің шырағы.
Төгіледі, бір өзіңнен, сүйіктім,
Күн құдайы – Гелиостың шуағы.
Сені күнде сан ойлауым – парыз-ды,
Сырларымды саған айтам әр ізгі.
Кейде мені қиялымда тербейсің,
Посейдонның толқындары тәрізді.
Адалдықтың сен деп білем – алыбы,
Қинай берсін, қасіреттің қалыбы.
Түнек түнде сапар шеккен біздерге,
Аполлонның түсіп тұрды жарығы.
Біздер үшін жырға толы жыл келді,
Мойра бізге тағдыр менен сыр берді.
Бар табиғат ұсынады біздерге,
Артемида өзі өсірген гүлдерді.
Фемиданың өзі жүрмек қасымда,
Сенесің бе, ертеңгі күн – жасыл бақ.
Ника құдай жеңісіммен құттықтап,
Бар әлемге даңқымызды асырмақ.
Тәтті түсті күнде көріп шынайы,
Өзің жайлы ойлай берем ұдайы.
Мәңгілікке бірге жібер біздерді,
Афродита – махаббаттың құдайы!..
Авторы: Алма Түсіпбекова
Бір өзіңсің – сезімімнің шырағы.
Төгіледі, бір өзіңнен, сүйіктім,
Күн құдайы – Гелиостың шуағы.
Сені күнде сан ойлауым – парыз-ды,
Сырларымды саған айтам әр ізгі.
Кейде мені қиялымда тербейсің,
Посейдонның толқындары тәрізді.
Адалдықтың сен деп білем – алыбы,
Қинай берсін, қасіреттің қалыбы.
Түнек түнде сапар шеккен біздерге,
Аполлонның түсіп тұрды жарығы.
Біздер үшін жырға толы жыл келді,
Мойра бізге тағдыр менен сыр берді.
Бар табиғат ұсынады біздерге,
Артемида өзі өсірген гүлдерді.
Фемиданың өзі жүрмек қасымда,
Сенесің бе, ертеңгі күн – жасыл бақ.
Ника құдай жеңісіммен құттықтап,
Бар әлемге даңқымызды асырмақ.
Тәтті түсті күнде көріп шынайы,
Өзің жайлы ойлай берем ұдайы.
Мәңгілікке бірге жібер біздерді,
Афродита – махаббаттың құдайы!..
Авторы: Алма Түсіпбекова
👍3
ЕРТЕҢ БӘРІ БАСҚАША...
«Бір өзенге екі қайтара түсе алмайсың»
Гераклит
Әлгінде соққан дауыл аласұрып,
Тыншыған, моп-момақан дала сұлық.
Шер тарқатқан әңгімең көркем досқа
Болады ертең басқа.
Бәрі өзгерер аққан су, соққан жел де,
Бір келесің əйтеуір тоқтар жерге.
Күш-қайратың кемиді берген көмек
Болады ертең бөлек.
Күтерсің-ау, асығып таңды бәлкім
Кешегі емес шыққанмен орнынан күн.
Жарық шашпас көгіңде арғымақ - АЙ
Күні ертең дәл мынадай
Қанша жерден балай бер бақытыңа
Әрбір сәттің өзгеше уақыты да.
Жанарыңа жыр болып келер жаста
Ертеңгі өлең басқа.
Жаным, сонда жүрміз біз нені күтіп,
Жейді осы ойлар күн сайын мені түтіп.
Ертең басқа, бөлек қой, бәрі өзгеше,
Келсейші тез ендеше...
Авторы: Елубай Әуезов
«Бір өзенге екі қайтара түсе алмайсың»
Гераклит
Әлгінде соққан дауыл аласұрып,
Тыншыған, моп-момақан дала сұлық.
Шер тарқатқан әңгімең көркем досқа
Болады ертең басқа.
Бәрі өзгерер аққан су, соққан жел де,
Бір келесің əйтеуір тоқтар жерге.
Күш-қайратың кемиді берген көмек
Болады ертең бөлек.
Күтерсің-ау, асығып таңды бәлкім
Кешегі емес шыққанмен орнынан күн.
Жарық шашпас көгіңде арғымақ - АЙ
Күні ертең дәл мынадай
Қанша жерден балай бер бақытыңа
Әрбір сәттің өзгеше уақыты да.
Жанарыңа жыр болып келер жаста
Ертеңгі өлең басқа.
Жаным, сонда жүрміз біз нені күтіп,
Жейді осы ойлар күн сайын мені түтіп.
Ертең басқа, бөлек қой, бәрі өзгеше,
Келсейші тез ендеше...
Авторы: Елубай Әуезов
👍2
Көздерің жүр көзімде мойыл қара,
Сен сүйді деу – жай сөздер, ойым ғана.
Махаббат – ол мойында, мойындама
Ережеге сыймайтын ойын ғана.
О, несіне жараттың ару қылып?
Зарықтырып, шөлдетіп, зәру қылып
Бірін бірі өлтіру ойыны бұл
Үнсіздікті жойқын бір қару қылып.
Ныспың бөлек мен үшін, сойың дара,
Шарт сынатын күн туар шойынға да
Кімге тағы үздігіп қарап тұрсың
Мені өлтірген көздермен мойыл қара.
Авторы: Танакөз Толқынқызы
Сен сүйді деу – жай сөздер, ойым ғана.
Махаббат – ол мойында, мойындама
Ережеге сыймайтын ойын ғана.
О, несіне жараттың ару қылып?
Зарықтырып, шөлдетіп, зәру қылып
Бірін бірі өлтіру ойыны бұл
Үнсіздікті жойқын бір қару қылып.
Ныспың бөлек мен үшін, сойың дара,
Шарт сынатын күн туар шойынға да
Кімге тағы үздігіп қарап тұрсың
Мені өлтірген көздермен мойыл қара.
Авторы: Танакөз Толқынқызы
Сезім нұры жауғанда себелектеп,
Ермен мұңға мас болған ебелектеп.
Қызыл гүлдің жабысып қауызына,
Қонса жалғыз қоңырқай көбелек кеп...
Ол менмін ғой,
Әлдене керек еткен.
Жетім көлшік бөленіп шұрылға сан,
Маңғаз тірлік айтқанда жырын масаң.
Бозала таң атқанда бозторғай кеп,
Терезеңе қонақтап шырылдаса,
Ол менмін ғой...
Қайтейін ұғынбасаң.
Тырналарын түн бойы тыраулатқан,
Мұңлы әуенге тұншығып мұнарлы аспан.
Қара жолдың үстінде қайғы құшып,
Жапырақты көрсең сен құлап жатқан...
Ол менмін ғой,
Сені ойлап жылап жатқан!
Қыңыр боран қымсынбай қыңсыласа,
Қыңсыласа,
Бір сәтке тыншымаса.
Сенің алма жүзіңді аяз келіп
Ақырын шымшыласа...
Ол менмін ғой сүюге құштарланған,
Жүрегіңнен бір күні бүршік атам...
Авторы: Тоқтарәлі Таңжарық
Ермен мұңға мас болған ебелектеп.
Қызыл гүлдің жабысып қауызына,
Қонса жалғыз қоңырқай көбелек кеп...
Ол менмін ғой,
Әлдене керек еткен.
Жетім көлшік бөленіп шұрылға сан,
Маңғаз тірлік айтқанда жырын масаң.
Бозала таң атқанда бозторғай кеп,
Терезеңе қонақтап шырылдаса,
Ол менмін ғой...
Қайтейін ұғынбасаң.
Тырналарын түн бойы тыраулатқан,
Мұңлы әуенге тұншығып мұнарлы аспан.
Қара жолдың үстінде қайғы құшып,
Жапырақты көрсең сен құлап жатқан...
Ол менмін ғой,
Сені ойлап жылап жатқан!
Қыңыр боран қымсынбай қыңсыласа,
Қыңсыласа,
Бір сәтке тыншымаса.
Сенің алма жүзіңді аяз келіп
Ақырын шымшыласа...
Ол менмін ғой сүюге құштарланған,
Жүрегіңнен бір күні бүршік атам...
Авторы: Тоқтарәлі Таңжарық
❤1👍1
Мен Сізді жақсы көрем, жасырмаймын,
Жарқ еткен бұлтты күні жасындаймын!
Өзіммен өзім жүріп өртенемін,
Иә, мен осындаймын!
Жақсы көру үшін де керек сенім,
Сенімге мен де сөзбен көмекші едім.
Сіз де мені сүйесіз, сеземін ғой,
Иә, мен ерекшемін!
Жалыныма жылынам жасқаса мұң,
Қайғымен де қабарған достасамын.
Сүйе берем сүйегім қурағанша,
Иә, мен басқашамын!
Авторы: Асылзат Арыстанбек
Жарқ еткен бұлтты күні жасындаймын!
Өзіммен өзім жүріп өртенемін,
Иә, мен осындаймын!
Жақсы көру үшін де керек сенім,
Сенімге мен де сөзбен көмекші едім.
Сіз де мені сүйесіз, сеземін ғой,
Иә, мен ерекшемін!
Жалыныма жылынам жасқаса мұң,
Қайғымен де қабарған достасамын.
Сүйе берем сүйегім қурағанша,
Иә, мен басқашамын!
Авторы: Асылзат Арыстанбек
👍2
ЖАЗҒЫ АЛМА
(көрші қыз туралы хикая)
Ақын болсам сен шығардың атымды,
Саған беру керек қалам ақымды.
Көрші ауылдан, Көкөзектен салушы ем
Көрші үйдегі қызға жазған хатымды.
Авторы жоқ сол хаттардан кешегі
Құпия бір сырлы сезім еседі.
Саған арнап бес шақырым алыстан
Хат таситын Атағұлдың есегі.
Өзің де бір сияқты едің жазғы алма,
Саған арнап сол хаттарды жазғанда
Авторы жоқ сол хаттардың авторы
Екендігін Серікбайдың шешегі
Қайдан білсін Атағұлдың есегі.
О, қара есек, маңдай соры бес елі
Көкбел асып, асып талай жота, қыр
Суды кешіп, толқындары алысқан
Ыңыранып, ыңқылдап,
Кесіп өтіп қоғалы сай, қамыстан,
Арқасында ағаш аяқ Атағұл
Тұяқтары бір-біріне тиіп кетіп сыртылдап
Келеді әні, пошташының есегі,
Ғашық ұлдың хатын тасып алыстан
Табады әлі біз тұратын,
Қыз тұратын көшені.
Қара есекті күтуші едік сіз бен біз
Қатар шығып есік алды үйден біз.
Қара жолға көзді талай сүзгенбіз,
Біртүрлі боп жүруші еді хат алса
Өз ойының тұнығында жүзген қыз.
Жақсы әйелге жазған ауыр, тағдырдан
Қаша алмады-ау жазғы алмадай сол бір жан,
(Жақсы әйелді жамандар бар қор қылған)
Саған осы кездестім де былтыр мен
Саған қарап жымидым да бір сырмен
Кітабыма қолтаңбамды қалдырғам.
Өзгерген жоқ әлі күнге қолтаңбам,
Жыр жазамын тұрып алып сар таңнан.
Қолтаңбама қарап қойып
Аң-таң жан...
Қағып қойып кете бердің арқамнан.
Көндің тағдыр маңдайыңа жазғанға,
Маңдай сорың болып шықты бес елі
«Әттең, сонда атымды атап жазғанда...»
Деген бір ой көкейімді теседі.
...Байқұс сол бір ерте түскен жазғы алма,
Байқұс сол бір Атағұлдың есегі.
Авторы: Есенқұл Жақыпбеков
(көрші қыз туралы хикая)
Ақын болсам сен шығардың атымды,
Саған беру керек қалам ақымды.
Көрші ауылдан, Көкөзектен салушы ем
Көрші үйдегі қызға жазған хатымды.
Авторы жоқ сол хаттардан кешегі
Құпия бір сырлы сезім еседі.
Саған арнап бес шақырым алыстан
Хат таситын Атағұлдың есегі.
Өзің де бір сияқты едің жазғы алма,
Саған арнап сол хаттарды жазғанда
Авторы жоқ сол хаттардың авторы
Екендігін Серікбайдың шешегі
Қайдан білсін Атағұлдың есегі.
О, қара есек, маңдай соры бес елі
Көкбел асып, асып талай жота, қыр
Суды кешіп, толқындары алысқан
Ыңыранып, ыңқылдап,
Кесіп өтіп қоғалы сай, қамыстан,
Арқасында ағаш аяқ Атағұл
Тұяқтары бір-біріне тиіп кетіп сыртылдап
Келеді әні, пошташының есегі,
Ғашық ұлдың хатын тасып алыстан
Табады әлі біз тұратын,
Қыз тұратын көшені.
Қара есекті күтуші едік сіз бен біз
Қатар шығып есік алды үйден біз.
Қара жолға көзді талай сүзгенбіз,
Біртүрлі боп жүруші еді хат алса
Өз ойының тұнығында жүзген қыз.
Жақсы әйелге жазған ауыр, тағдырдан
Қаша алмады-ау жазғы алмадай сол бір жан,
(Жақсы әйелді жамандар бар қор қылған)
Саған осы кездестім де былтыр мен
Саған қарап жымидым да бір сырмен
Кітабыма қолтаңбамды қалдырғам.
Өзгерген жоқ әлі күнге қолтаңбам,
Жыр жазамын тұрып алып сар таңнан.
Қолтаңбама қарап қойып
Аң-таң жан...
Қағып қойып кете бердің арқамнан.
Көндің тағдыр маңдайыңа жазғанға,
Маңдай сорың болып шықты бес елі
«Әттең, сонда атымды атап жазғанда...»
Деген бір ой көкейімді теседі.
...Байқұс сол бір ерте түскен жазғы алма,
Байқұс сол бір Атағұлдың есегі.
Авторы: Есенқұл Жақыпбеков
❤1👍1
Түн.
Тыныштық.
Жаңақоныс.
Ақтөбе.
Жүрегімнің жұмыр етін қақ бөле.
Жалғыз сұрақ мазалайды үздіксіз,
Адамды ұзақ күттіреді бақ неге?
⠀
Жанарыма сағыныштан толды жас,
Жанымды да жаншитыны сол біраз.
Жек көрмеген күндер үшін мен сені,
Кейде өзімді жек көргенмін, ол да рас.
⠀
Мазалайтын, жазалайтын сол бір ой,
Сабылтатын, сарылтатын сол бір ой.
Ой дегеннің түбі жоқ ау шамасы,
Егер болса, жетер кезім болды ғой.
⠀
Сен Зарлық боп, мен Мұңлық боп күн кешіп,
Сенің зарың мендік мұңға үндесіп.
Біз бір күні кездесіп қап кездейсоқ,
Қалсақ екен аяқ асты тілдесіп.
⠀
Қажытады басқа бақыт қонбаса,
Қайтер еді қиналғанда қолдаса...
Жетім көңіл, сынық сезім мендегі,
Кейде жүрек сыздайтыны болмаса...
Таңсық емес ол да аса.
⠀
Күту, аңсау... таңда, түсте, кеште де,
Қараң қалғыр, тағы түсті еске не?
Мұң - тым ыстық. Мен не істесем болады?
Түн.
Тыныштық.
Жаңақоныс... ештеңе.
Авторы: Ақілгек Мырзабай
Тыныштық.
Жаңақоныс.
Ақтөбе.
Жүрегімнің жұмыр етін қақ бөле.
Жалғыз сұрақ мазалайды үздіксіз,
Адамды ұзақ күттіреді бақ неге?
⠀
Жанарыма сағыныштан толды жас,
Жанымды да жаншитыны сол біраз.
Жек көрмеген күндер үшін мен сені,
Кейде өзімді жек көргенмін, ол да рас.
⠀
Мазалайтын, жазалайтын сол бір ой,
Сабылтатын, сарылтатын сол бір ой.
Ой дегеннің түбі жоқ ау шамасы,
Егер болса, жетер кезім болды ғой.
⠀
Сен Зарлық боп, мен Мұңлық боп күн кешіп,
Сенің зарың мендік мұңға үндесіп.
Біз бір күні кездесіп қап кездейсоқ,
Қалсақ екен аяқ асты тілдесіп.
⠀
Қажытады басқа бақыт қонбаса,
Қайтер еді қиналғанда қолдаса...
Жетім көңіл, сынық сезім мендегі,
Кейде жүрек сыздайтыны болмаса...
Таңсық емес ол да аса.
⠀
Күту, аңсау... таңда, түсте, кеште де,
Қараң қалғыр, тағы түсті еске не?
Мұң - тым ыстық. Мен не істесем болады?
Түн.
Тыныштық.
Жаңақоныс... ештеңе.
Авторы: Ақілгек Мырзабай
❤1👍1
Ойпырым-ай,
Жанып барам , жанып барам!
Жанарыма құлайды Жарық -ғалам!
Бүгінгідей өзіңді аңсадым ба,
Дəл осындай сағыныш жолықпаған.
Апыр-ай...
Ұшып келем, ұшып келем,
Толқын. ..толқын бұлттарды кешіп келем...
Мен осы қалпымменен бақыттымын,
Ешкімге өкпелемей, өшікпеген.
Жалған сөзден, жаурадым жерідім-мың,
сəулесін қондырып кет көрігімнің.
Тұла бойың түгелдей жүрекке ұқсап,
Лүпілдейсің ұшында ерінімнің!
Тыныштық та сезеді, көреді екен,
Жүрегімнің ең əсем, əлемі екен...
Сөйледім бе, жоқ, əлде үндемедім,
Оқып тұрдым əйтеуір, əдемі өлең...
Дертіме табылған бір дауа -сынды,
Қарашыққа жасырдым жаңа-сырды...
Екеуміз тым ақылды, тым сезімтал,
Бұл неткен ғажап ғұмыр, жарасымды!
Авторы: Динара Мәлік.
Жанып барам , жанып барам!
Жанарыма құлайды Жарық -ғалам!
Бүгінгідей өзіңді аңсадым ба,
Дəл осындай сағыныш жолықпаған.
Апыр-ай...
Ұшып келем, ұшып келем,
Толқын. ..толқын бұлттарды кешіп келем...
Мен осы қалпымменен бақыттымын,
Ешкімге өкпелемей, өшікпеген.
Жалған сөзден, жаурадым жерідім-мың,
сəулесін қондырып кет көрігімнің.
Тұла бойың түгелдей жүрекке ұқсап,
Лүпілдейсің ұшында ерінімнің!
Тыныштық та сезеді, көреді екен,
Жүрегімнің ең əсем, əлемі екен...
Сөйледім бе, жоқ, əлде үндемедім,
Оқып тұрдым əйтеуір, əдемі өлең...
Дертіме табылған бір дауа -сынды,
Қарашыққа жасырдым жаңа-сырды...
Екеуміз тым ақылды, тым сезімтал,
Бұл неткен ғажап ғұмыр, жарасымды!
Авторы: Динара Мәлік.
👍1
КЕРЕКСІҢ
Сөзіңмен жаз дертімді, емде мені,
Сені қалап тұр көңіл көк дөнені.
Бақытым болмадың деп кінәлама,
Бақытты ете алмайды бөгде мені.
Жаны нәзік көрініп алғашқыда,
Бөгде мені түсіне алсам сірә.
Сезімімді секемшіл еткенімен,
Жүрегімді алмайды алмастыра.
Сендей сүйе алмайды бөгде мені,
Арды биік ұстайсың, төрде өлеңді.
Көзді арбаған сұлулар түкке тұрмас,
Өміріме өзіңсің - ең керегі.
Авторы: Айдар Сейдазым
Сөзіңмен жаз дертімді, емде мені,
Сені қалап тұр көңіл көк дөнені.
Бақытым болмадың деп кінәлама,
Бақытты ете алмайды бөгде мені.
Жаны нәзік көрініп алғашқыда,
Бөгде мені түсіне алсам сірә.
Сезімімді секемшіл еткенімен,
Жүрегімді алмайды алмастыра.
Сендей сүйе алмайды бөгде мені,
Арды биік ұстайсың, төрде өлеңді.
Көзді арбаған сұлулар түкке тұрмас,
Өміріме өзіңсің - ең керегі.
Авторы: Айдар Сейдазым
👍3❤1
Меніңше, әйел деген бала сынды,
Сүйеді жан-жағымен санасуды.
Битке өкпелеп шубасын отқа жағып,
Бұртиып отырғаны жарасымды.
Баладай еркелейді, назданады,
Жайнайды жаным десең жаз жанары.
Айды алып бермей-ақ қой аспандағы,
Аялап, айым десең мәз болады.
Алдасаң бала құсап алданады,
Ойнасаң бала құсап шамданады.
Таң қалатын нәрсеге таң қалмайды,
Таң қалмайтын нәрсеге таң қалады.
Ажары да, базары үйдің өзі,
Сыйлық сұрай салатын сыйлы кезі.
Жүрегіңді баурайды кей қылығы,
Жүйкеңді жұқартады кей мінезі.
Авторы: Қайнар Алагөзов.
Сүйеді жан-жағымен санасуды.
Битке өкпелеп шубасын отқа жағып,
Бұртиып отырғаны жарасымды.
Баладай еркелейді, назданады,
Жайнайды жаным десең жаз жанары.
Айды алып бермей-ақ қой аспандағы,
Аялап, айым десең мәз болады.
Алдасаң бала құсап алданады,
Ойнасаң бала құсап шамданады.
Таң қалатын нәрсеге таң қалмайды,
Таң қалмайтын нәрсеге таң қалады.
Ажары да, базары үйдің өзі,
Сыйлық сұрай салатын сыйлы кезі.
Жүрегіңді баурайды кей қылығы,
Жүйкеңді жұқартады кей мінезі.
Авторы: Қайнар Алагөзов.
👍2
Көктемдей күлімдесең,
Көзіңнен көлді көрем.
Сыңғырлы үніңде әсем,
Тұнып тұр мөлдір өлең.
Шашың – түн, қабағың – күн,
(Әсерлеп керегі не?!)
Тұңғиық жанарыңның,
Шым баттым тереңіне.
Ынтықпын, сынық хәлім,
Еліттің мені мүлде.
Бал татқан қылықтарың,
Еріді ерінімде.
Тәңірдің өзі құйған,
Бола ма мүсінде мін?!
Сүйемін, сөзіме илан,
Жайымды түсін менің!
Бағыңа Өзге бір күн,
Ие боп алса, не етем?
...Ішінде көздеріңнің
Тұтқын боп қалсам екен.
Авторы: Қуат Адис
Көзіңнен көлді көрем.
Сыңғырлы үніңде әсем,
Тұнып тұр мөлдір өлең.
Шашың – түн, қабағың – күн,
(Әсерлеп керегі не?!)
Тұңғиық жанарыңның,
Шым баттым тереңіне.
Ынтықпын, сынық хәлім,
Еліттің мені мүлде.
Бал татқан қылықтарың,
Еріді ерінімде.
Тәңірдің өзі құйған,
Бола ма мүсінде мін?!
Сүйемін, сөзіме илан,
Жайымды түсін менің!
Бағыңа Өзге бір күн,
Ие боп алса, не етем?
...Ішінде көздеріңнің
Тұтқын боп қалсам екен.
Авторы: Қуат Адис
ИЫҚТАҒЫ АЯҚ
Жалын да шарпып, өртеніп
Не пәле іске ой кеткен.
Өтті ғой нелер еркелік
Бозбала болып бойжеткен.
Өзіне артса ер сенім
Ертеңгі күнге нанталап.
Алдаушы едім мен сені
Өтемін деп те «арқалап».
«Тұрмысың болар жеңілден
Тойлайсың ылғи тойды да»
«Өтесің» деуші ем өмірден
«Аяғыңды салып мойныма»
Көрген де, баққан ермегім
Сезімдер әбден піскенше.
Мен қандай уәде бермедім
Уысыма келіп түскенше.
Боларсың маған сенген көп
Соны ойлап бүгін қоямын.
Арқалап әлі көргем жоқ
Иығымда бірақ аяғың.
Авторы: Елубай Әуезов
Жалын да шарпып, өртеніп
Не пәле іске ой кеткен.
Өтті ғой нелер еркелік
Бозбала болып бойжеткен.
Өзіне артса ер сенім
Ертеңгі күнге нанталап.
Алдаушы едім мен сені
Өтемін деп те «арқалап».
«Тұрмысың болар жеңілден
Тойлайсың ылғи тойды да»
«Өтесің» деуші ем өмірден
«Аяғыңды салып мойныма»
Көрген де, баққан ермегім
Сезімдер әбден піскенше.
Мен қандай уәде бермедім
Уысыма келіп түскенше.
Боларсың маған сенген көп
Соны ойлап бүгін қоямын.
Арқалап әлі көргем жоқ
Иығымда бірақ аяғың.
Авторы: Елубай Әуезов
Соңғы хат
Мен өзiңдi сағынғаным соншалық,
Қиялыммен сен тұратын мекенге,
Жатам ылғи жол салып.
Кейде қатты ойда ұйықтап кетем де,
Саған тиiс сезiмiмдi жүремiн,
Бiлдiрумен бөтенге.
Сосын бар ғой, аңсайтыным соншалық,
Қолдарыңды қолыма алып түсiмде,
Жатам сүйiп, тамсанып.
Айырылып сенен қалмас үшiн бе,
Елесiңдi қысам қатты қойныма,
Сиқырлы әлем iшiнде.
Қиял-түсiм, арман-мүсiн, ақ құсым,
Негiзiнде сен жайында түс көру,
Және, ойлау - тәттi iciм;
Түс көрумен түн ұйқыны үш бөлу;
Шалдықтырып айкезбелiк дертiне,
Сағыныштан iшкен у.
Түсiмдесiң. Болмасаң да өңiмде,
Осы жазып отырған хат нешiншi?
Әй, жүзінші кемiнде.
Осы жазып отырған хат - шешушi,
Жырым болсын саған жазған ең соңғы.
...Кеш, жүрегiм, кешiршi!
Авторы: Дәурен Айманбетов
Мен өзiңдi сағынғаным соншалық,
Қиялыммен сен тұратын мекенге,
Жатам ылғи жол салып.
Кейде қатты ойда ұйықтап кетем де,
Саған тиiс сезiмiмдi жүремiн,
Бiлдiрумен бөтенге.
Сосын бар ғой, аңсайтыным соншалық,
Қолдарыңды қолыма алып түсiмде,
Жатам сүйiп, тамсанып.
Айырылып сенен қалмас үшiн бе,
Елесiңдi қысам қатты қойныма,
Сиқырлы әлем iшiнде.
Қиял-түсiм, арман-мүсiн, ақ құсым,
Негiзiнде сен жайында түс көру,
Және, ойлау - тәттi iciм;
Түс көрумен түн ұйқыны үш бөлу;
Шалдықтырып айкезбелiк дертiне,
Сағыныштан iшкен у.
Түсiмдесiң. Болмасаң да өңiмде,
Осы жазып отырған хат нешiншi?
Әй, жүзінші кемiнде.
Осы жазып отырған хат - шешушi,
Жырым болсын саған жазған ең соңғы.
...Кеш, жүрегiм, кешiршi!
Авторы: Дәурен Айманбетов
👍4
ӨКПЕМ ЖОҚ...
Не жетсін ол сәтке өртенген
Дегбірден айрылған бар сана.
Өбісіп жатқаным еркеммен
Ғұмырды созды екен қаншаға.
Нұр шашып жадырар көкте Күн
Ажал кеп салғанша тұзақты.
Езіліп, егіліп кеткенім
Ғұмырды қаншаға ұзартты.
Ендігі тірліктің алды мұң
Қанша бір ұзартып соз үнді.
Тәрк етіп қызықтың барлығын
Ғұмырым қаншаға созылды.
Былайғы өмірің жансебіл
Басында тым тәуір басталып.
Ілгері кетті екен қанша жыл
Жүректің соғысы жақсарып.
Сақталар ет солай ысталсын
Ештеңе болмайды тектен-тек.
Өмірім ұзарсын, қысқарсын
Өткенге қылаудай өкпем жоқ.
Авторы: Елубай Әуезов
Не жетсін ол сәтке өртенген
Дегбірден айрылған бар сана.
Өбісіп жатқаным еркеммен
Ғұмырды созды екен қаншаға.
Нұр шашып жадырар көкте Күн
Ажал кеп салғанша тұзақты.
Езіліп, егіліп кеткенім
Ғұмырды қаншаға ұзартты.
Ендігі тірліктің алды мұң
Қанша бір ұзартып соз үнді.
Тәрк етіп қызықтың барлығын
Ғұмырым қаншаға созылды.
Былайғы өмірің жансебіл
Басында тым тәуір басталып.
Ілгері кетті екен қанша жыл
Жүректің соғысы жақсарып.
Сақталар ет солай ысталсын
Ештеңе болмайды тектен-тек.
Өмірім ұзарсын, қысқарсын
Өткенге қылаудай өкпем жоқ.
Авторы: Елубай Әуезов
❤1
Тұншығады қала зілдей тұманнан,
Ұмсынады үзік сәуле мұнардан.
Қою түннің арасынан қол созған,
Маған қарай бір арман...
Көзінде оның бір ғажайып әлем бар,
Сөзінде оның сан сиқырлы өлең бар.
Болмысында балалық бар бейкүнә,
Дүниедей және аңғал.
Нұрға малып періштенің қанатын,
Жыр жазса да жеткізе алмас бар ақын.
Ол күлгенде ұйқысынан оянар,
Қалғып кеткен қара түн.
Ол – жұмбақ арал, жан баласы бармаған,
Ол жайлы тек аққу салар арман ән.
Ол назданса – күлімдейді көк жүзі,
Ал, мұңайса – түнереді бар ғалам.
Күллі әлемдік тартылыстың тәртібі:
Күнді сүйдім Оны сүю арқылы.
Жаралайды жазылмастай жаныңды,
Жалт қараған жанарының жарқылы.
...Арамызды жалғыз аяқ жол бөлді,
Бұлбұл-арман қапас кеуде-торда өлді.
Тұманды өмір арасында Мен қалдым,
Тұманданған тағдырына Ол көнді.
Авторы: Қуат Адис
Ұмсынады үзік сәуле мұнардан.
Қою түннің арасынан қол созған,
Маған қарай бір арман...
Көзінде оның бір ғажайып әлем бар,
Сөзінде оның сан сиқырлы өлең бар.
Болмысында балалық бар бейкүнә,
Дүниедей және аңғал.
Нұрға малып періштенің қанатын,
Жыр жазса да жеткізе алмас бар ақын.
Ол күлгенде ұйқысынан оянар,
Қалғып кеткен қара түн.
Ол – жұмбақ арал, жан баласы бармаған,
Ол жайлы тек аққу салар арман ән.
Ол назданса – күлімдейді көк жүзі,
Ал, мұңайса – түнереді бар ғалам.
Күллі әлемдік тартылыстың тәртібі:
Күнді сүйдім Оны сүю арқылы.
Жаралайды жазылмастай жаныңды,
Жалт қараған жанарының жарқылы.
...Арамызды жалғыз аяқ жол бөлді,
Бұлбұл-арман қапас кеуде-торда өлді.
Тұманды өмір арасында Мен қалдым,
Тұманданған тағдырына Ол көнді.
Авторы: Қуат Адис
Бүгін тағы...
тыныштықта шеткері,
Көп отырдым...
көңіл күйім жоқ тегі.
Көшелер де, өзгермеді да сол қалпы,
Біздің жақтан сіз алыстап кеткелі...
Сіз екенсіз...
назарыма іліккен,
Жібімейтін жүрегімді жібіткен!
Енді қалай күн кешуге болады?
қайыры жоқ үмітпен...
Бозторғайлар...
боз аспанда тынымсыз,
Ұшпайды екен олар бірі бірінсіз.
Неге біздер бола алмаймыз құс құрлы,
Жалғыздықтың өткереміз күнін біз..
Халім осы...
тағдырынан асқан кім?
Ақындықты тұмар қылып таққанмын...
Біреулердің мейіріміне бөленіп,
Ал біреудің қаһарынан жасқандым...
Күйбең- күйбең тірлігіме ашындым!
Бәрін ішке тағы бүгіп жасырдым...
Бір жұмыспен жүрген кейіп танытып,
Адамдардың арасына қосылдым...
Авторы: Майра Кенжебекова
тыныштықта шеткері,
Көп отырдым...
көңіл күйім жоқ тегі.
Көшелер де, өзгермеді да сол қалпы,
Біздің жақтан сіз алыстап кеткелі...
Сіз екенсіз...
назарыма іліккен,
Жібімейтін жүрегімді жібіткен!
Енді қалай күн кешуге болады?
қайыры жоқ үмітпен...
Бозторғайлар...
боз аспанда тынымсыз,
Ұшпайды екен олар бірі бірінсіз.
Неге біздер бола алмаймыз құс құрлы,
Жалғыздықтың өткереміз күнін біз..
Халім осы...
тағдырынан асқан кім?
Ақындықты тұмар қылып таққанмын...
Біреулердің мейіріміне бөленіп,
Ал біреудің қаһарынан жасқандым...
Күйбең- күйбең тірлігіме ашындым!
Бәрін ішке тағы бүгіп жасырдым...
Бір жұмыспен жүрген кейіп танытып,
Адамдардың арасына қосылдым...
Авторы: Майра Кенжебекова
👍1
Жүрегімде жалқы-ғұмыр адасып,
Отырады ертеңіне бал ашып.
Ал, таңертең басқаша боп оянып,
Жанындағы жармен кетер жарасып.
Тағдырынан тілегенін тапты кім,
Мен шығармын баса алмаған аптығын...
Тіршілікке құс көзімен қарасам,
Бақытсыздық жер бетінде жоқ бүгін...
Бала даусын, дала үнсіз тыңдамақ,
Аққаладан аппақ өмір жүр қалап
Бойжеткен тұр ән салғандай әдемі,
Ақ жүзінен ақ ұлпа қар сырғанап!
Жас-жұбайлар бірін іштей аймалап,
Жақын қалған Жаңа-жылды тойламақ.
Бара жатыр қол ұстасып өмірмен,
Бойларынан қылдай күнә тайғанап...
Бірін-бірі естімейді ешкім де,
(Беу -дүние жарқын жаққа көштің бе?)
Сөкпеңдерші, төкпеңдерші мұң-қайғы,
Бәрі еркелеп жүр ғой мынау "бес күнге"!
Уақытымды жырмен ғана шегертем,
Алып Күн-ау, арманыңды төк ертең!
Құс көзімен, қыс кейпімен тіл қаттым,
Бірі қалмай сені сүйсін таңертең!
Авторы: Динара Мәлікова
Отырады ертеңіне бал ашып.
Ал, таңертең басқаша боп оянып,
Жанындағы жармен кетер жарасып.
Тағдырынан тілегенін тапты кім,
Мен шығармын баса алмаған аптығын...
Тіршілікке құс көзімен қарасам,
Бақытсыздық жер бетінде жоқ бүгін...
Бала даусын, дала үнсіз тыңдамақ,
Аққаладан аппақ өмір жүр қалап
Бойжеткен тұр ән салғандай әдемі,
Ақ жүзінен ақ ұлпа қар сырғанап!
Жас-жұбайлар бірін іштей аймалап,
Жақын қалған Жаңа-жылды тойламақ.
Бара жатыр қол ұстасып өмірмен,
Бойларынан қылдай күнә тайғанап...
Бірін-бірі естімейді ешкім де,
(Беу -дүние жарқын жаққа көштің бе?)
Сөкпеңдерші, төкпеңдерші мұң-қайғы,
Бәрі еркелеп жүр ғой мынау "бес күнге"!
Уақытымды жырмен ғана шегертем,
Алып Күн-ау, арманыңды төк ертең!
Құс көзімен, қыс кейпімен тіл қаттым,
Бірі қалмай сені сүйсін таңертең!
Авторы: Динара Мәлікова
Сен жалынсың
Сен жалынсың, жалында күнә бар ма?
Бір қарауға шыдармын шыдағанға.
Жарқыным-ау, жалынды сүймек тұрмақ,
Жақындауға қиын ғой тірі адамға.
Домалайды-ай дүние доптай болып.
Еш бір теңің, сен жүрсің, жоқтай болып.
Түңілдірмей көзіме көрінші ылғи,
Түнгі тауда көрінген оттай болып.
Сен жалынсың, жалында күнә бар ма?
Қарттық та бір келеді тірі адамға.
Жаутаң-жаутаң қарарсың сен де бір күн,
Жастығыңның жалауы құлағанда.
Авторы: Есенқұл Жақыпбеков
Сен жалынсың, жалында күнә бар ма?
Бір қарауға шыдармын шыдағанға.
Жарқыным-ау, жалынды сүймек тұрмақ,
Жақындауға қиын ғой тірі адамға.
Домалайды-ай дүние доптай болып.
Еш бір теңің, сен жүрсің, жоқтай болып.
Түңілдірмей көзіме көрінші ылғи,
Түнгі тауда көрінген оттай болып.
Сен жалынсың, жалында күнә бар ма?
Қарттық та бір келеді тірі адамға.
Жаутаң-жаутаң қарарсың сен де бір күн,
Жастығыңның жалауы құлағанда.
Авторы: Есенқұл Жақыпбеков
ХАБАРЛАСПАШЫ
(кешкі десерт)
Талай еркекті бұзыпты ұрғашы,
Жалаңаш тәннің қызық сұлбасы.
Аршыған әппақ жұмыртқадай боп
Моншадан шығып қызықтырмашы.
Тоқтармын мен де ентігіп барып,
Сезімнің күйін келтіріп ғаріп.
Мұндай сәтіңде хабарласпашы
Қоярсын мені өлтіріп барып.
Қарекет етем әліме қарай
Таңдай қаққанмын тәніңе талай.
Қалқашым оған қысылмай-ақ қой
Екеуміз емес бәрі де солай.
Қолым жетпесе томсарам, сұлық,
Өзекті өртеп аңсаған қылық.
Білесің мендік қиялды жүйрік
Хабарласпашы моншадан шығып.
Авторы: Елубай Әуезов
(кешкі десерт)
Талай еркекті бұзыпты ұрғашы,
Жалаңаш тәннің қызық сұлбасы.
Аршыған әппақ жұмыртқадай боп
Моншадан шығып қызықтырмашы.
Тоқтармын мен де ентігіп барып,
Сезімнің күйін келтіріп ғаріп.
Мұндай сәтіңде хабарласпашы
Қоярсын мені өлтіріп барып.
Қарекет етем әліме қарай
Таңдай қаққанмын тәніңе талай.
Қалқашым оған қысылмай-ақ қой
Екеуміз емес бәрі де солай.
Қолым жетпесе томсарам, сұлық,
Өзекті өртеп аңсаған қылық.
Білесің мендік қиялды жүйрік
Хабарласпашы моншадан шығып.
Авторы: Елубай Әуезов
👍2
«Махаббат жоқ, - дейді біреу , - атымен»,
Асыл сезім атаулыдан түңіліп.
«Ақымақтар – біреуге көз жасымен, -
Ғашық болып жүретіндер бүлініп».
Мына сөзбен батар күнәң тым кесек,
Дәлелі жоқ пікіріңе қарсымын.
Махаббаттың жоқ екені шын десек,
Өлең-жыр да болмас еді, жарқыным.
Поэзия бар ғой бірақ өмірде,
Қуат берген таза көңіл жандарға
Қырандардың көз алдынан көрінбе,
Қаһарына ұшырарсың, паң қарға.
Ғашық жанның сезімі ғой алғаусыз,
Бейне балғын оқырманның талғамы.
Жеңілтек жыр көбейді рас, ол даусыз,
Махаббатты жеңілдетіп алғалы.
Заман мынау, асыл сезім еленбей,
Құны да оның арзандауға тақалды-ақ.
Оқырманын таба алмаған өлеңдей,
Кейбіреуге қона алмайды махаббат.
Сөйте тұра махаббат бар, бар мәңгі,
Дүниенің ұстап тұрған тұтқасын.
Жаны нәзік, көкірегі арманды
Адам ұғар, надан мейлі ұқпасын.
Авторы: Қайырбек Шағыр
Асыл сезім атаулыдан түңіліп.
«Ақымақтар – біреуге көз жасымен, -
Ғашық болып жүретіндер бүлініп».
Мына сөзбен батар күнәң тым кесек,
Дәлелі жоқ пікіріңе қарсымын.
Махаббаттың жоқ екені шын десек,
Өлең-жыр да болмас еді, жарқыным.
Поэзия бар ғой бірақ өмірде,
Қуат берген таза көңіл жандарға
Қырандардың көз алдынан көрінбе,
Қаһарына ұшырарсың, паң қарға.
Ғашық жанның сезімі ғой алғаусыз,
Бейне балғын оқырманның талғамы.
Жеңілтек жыр көбейді рас, ол даусыз,
Махаббатты жеңілдетіп алғалы.
Заман мынау, асыл сезім еленбей,
Құны да оның арзандауға тақалды-ақ.
Оқырманын таба алмаған өлеңдей,
Кейбіреуге қона алмайды махаббат.
Сөйте тұра махаббат бар, бар мәңгі,
Дүниенің ұстап тұрған тұтқасын.
Жаны нәзік, көкірегі арманды
Адам ұғар, надан мейлі ұқпасын.
Авторы: Қайырбек Шағыр