Махаббат өлкесі...
1.02K subscribers
9 photos
2 videos
1 file
32 links
Тек махаббат туралы...

Ұсыныс пен пікірлер бойынша @nurlandos
Download Telegram
Қай жерде, мейлі, қай елде,
Әлемнің мәні - әйелде.
Мықтымын десең ойыңды,
Әйелге барып дәлелде.

Әйелсіз айтпан әнді мен,
Әйелмен дәмді әңгімем.
Сүйкімді болсаң шынымен,
Әйелің сүйсін алдымен.

Әйелге мәлім көп сырың,
Сүрінсең - әйел деп сүрін.
Халыққа сыйлы болмайсың,
Әйелге болсаң жексұрын.

Әйелсіз қонды бақ қашан,
Әйел деп түстік отқа сан.
Әлемнің тілін таппайсың,
Әйелдің тілін таппасаң!

Ананың сорып емшегін,
Басылған талай келсегің.
Бәдік боп өмір кешесің,
Бермесе әйел женьшенін.

Болмасын әйел назалы,
Болмасын әйел жазалы.
Кеудесін қаққан талайдың,
Әйелден болған ажалы!

Әйелден ыстық от бар ма?
Әйел деп түстік көкпарға.
Қарғағың келсе біреуді,
Әйелің өлсін деп қарға.

Әйелмен құның өлшенер,
Құдайдан кейін сол - шебер.
Бақытты сен де болмайсың,
Әйелің сорлы болса егер.

Сырыңды соған ашасың,
Шөліңді содан басасың.
Адамның күні - Әйелмен,
Әйелдер мәңгі жасасын!

Авторы: Жүрсін Ерман
🔥34👍30❤15👏5
Мен сенің көзіңдемін,
Көзіңдемін.
Талай рет мен көріп, сезінгенмін.
Еріндерің жабысып ерініме,
Айтқан сөзің есімде, сезім, демің.

Нәзік саусақ сездіріп үлбірегін,
Тоқып еді-ау, мазаббат гүл-жібегін,
Бірақ әттең, жүрегің мылқау еді –
Неге мылқау болды екен сұм жүрегің...

Авторы: Гүлнар Жандосова
❤32👍8🔥3🤔3
Өлең тулаған осынау қасық қанымда,
Жақтырмаймын беймезгіл тасып-толуды.
Үйреттің де өзіңе ғашық болуға,
Үйретпедің өзгеге ғашық болуды.

Аққанат құстай ұшырып лебіз көңілден,
Жан дүниеме бір ләззат керек дермісің?
Сүйгіздірдің де уыздай сезімдеріңмен,
Сүйгіздірмедің басқаның ерек болмысын.

Күндер зуылдап парағын ретпен қаққанда,
Аңсатады екен алыстан бауыр да неткен!
Сағындырдың да аулыңа кеткен шақтарда,
Сағындырмадың біреуді ауылға кеткен.

Нұрлы дидардан бір жанның мұратын көрем,
Деміңнен маған шұғыла тарайды керім!
Өртеп кеттің де алаулы қуатыңмен,
Өртеп кетпедің өзгенің арайлы өңін.

Жолаушы емен сен жаққа жолдан бұрылған,
Сәулесін шашып тұр бүгін айдай арманым.
Мен саған ғана байлаулы болғандығымнан,
Бір ерке қызға бағымды байлай алмадым!!!

Авторы: Олжас Қасым
👍21😱2❤1
Өтпесе түн, атпаса екен таңы да...
Мағжан

Жаным менің тастап шығып тәнімді,
Көзімді ілсем саған құстай ұшады.
Таң атқанша сенің оттай жалынды,
Ақ денеңді аймалайды, құшады.

Ал сен болсаң, сезесің бе, білмеймін,
Жымиясың қан жүгіріп бетіңе.
Бізді айырған тағдырымды тілдеймін,
Қарлығаштың құйрығындай екіге.

Содан кейін жақсы сөзді боратам,
Махаббаттың сүттей ұйып әніне.
Түні бойы бірге болып таң ата,
Жаным қайтып оралады тәніме.

Жігер құм боп, талай мәрте мұңайдым,
Асығыстау таң сімерлеп кеп қалып.
Күні бойы жүрем сосын
"Құдайдың
Күні неге батпай қойды" деп налып...

Авторы: Ілияс Мұқаев
👍27🔥7😁5❤3👏2🎉2🤯1
ҚЫЗЫЛОРДА ҚЫЗЫ

Жанымды менің жауладың,
Қаратауды бесік еткен.
Сұлуы Қызылорданың
Сырдың суын кешіп өткен.

Ен даланың елігі сенсің,
Еркелеп өскен жонында.
Жетісу жақтың бөрісі менмін,
Торуылдап жатқан жолыңда.

Маңғаз да басқан, марал да ма едің,
Қаратау төсің жайлаған.
Ізің де қалды Аралда сенің,
Ойқастап жүріп ойнаған.

Қауызы әлі ашылмаған
Жауқазын гүлі даланың.
Балалығы әлі басылмаған
Аңқауым, әрі адалым.

Еңлік-Кебек естелігіндей,
Есімді алған ғашығым едің.
Ағарып атқан таңмен күлімдей,
Келеді бір күн асылым менің.

Ақ шыңындай Алатаудың
Ақ орамал тағатын кез
Ішіне еніп ақ отаудың
Мойныма қол салатын кез

Күнім де сенсің, айым да сенсің,
Перизаты боп алмалы бақтың
Қонуға сонда дайын ба екенсің?
Ақ құсы болып Алматы жақтың.

Авторы: Ерқанат Қуатбекұлы
👍27🔥10🤯5❤1
ЖАНЫМ ДЕМЕ

Жаным деме,
Жалынмын найзағайдай жарқылдаған,
Ұшқыным өртенсем де сарқылмаған.
Сезіміңді күл етіп күйреткеннен
Жүрегім мұз боп қатса артық маған.

Айым деме,
Қара аспанды түнерткен түнекпін мен,
Қай тұсқа жетерімді бұл екпінмен...
Түнегімде жаныңды адастырма,
Күншуақта, аулақта күнелт менен.

Гүлім деме,
Тікенекпін жүрегіңе қадалған,
Үмітпенен жетелеген сан арман.
Жұлып таста жанға батқан жаңқаны
Сенің жаның жадырауға жаралған.

Күнім деме,
Күйікпін мен жас жаныңды күйдірген,
Эгоистпін сүймей тұрып сүйдірген.
Сүймей тұрып менен алар ләззаттан
Азабың көп, көңіліңе түй бiрден.

Авторы: Айгүл Жұмаділ
👍35🔥6🥰2❤1
ҒАШЫҚ ЕКЕНМІН...

Сағынып сені жүрмін мен,
Ой мені мұңға жегеді.
Жарасын жанның білдім мен,
Себебі мынау, себебі -
Ғашық екенмін!..

Түсімде көрем мен сені,
Өзіңе ғана бас ұрам.
Сенімен арман – еңселі.
...Сырымның несін жасырам-
Ғашық екенмін!..

Тербелген самал желменен,
Сырымды ұқшы, тал-қайың.
Жай таба алмай сенделгем.
...Себебін саған айтайын-
Ғашық екенмін!..

Мұңлықтың күнін кештім мен,
Айрылып бұл күн төзімнен.
Емеурін күтпей ешкімнен,
Жайымды ұқшы көзімнен-
Ғашық екенмін!..

Аққулар жүзген жайменен,
Айдынды сүйгем жасымнан.
Жайымды демен, сайлы ерен,
Сырымды сенен жасырман-
Ғашық екенмін!..

Құдірет бардай бір сенде,
Асылым!
Таудай еңселі.
Жанымда менің жүрсең де,
Сағына берем мен сені.
Себебі – Ғашық екенмін!..

Авторы: Алма Түсіпбекова
❤35👍21👏7🔥5🥰4
КӨРШІНІҢ ҚЫЗЫ

Бала едік онда боз өкпе,
Шала едік әлі піспеген.
Өкініш толып өзекке,
Жүрекке әжім түспеген.

Сезімнің қылын ерте біз,
Шертіппіз келмей күйіміз.
Үйіңмен сенің, ерке қыз,
Көрші еді біздің үйіміз.

Бөліске салған артығын,
Көрші едік тұрған жарасып.
Көріспей қалсақ жарты күн,
Қалатындай-ек адасып.

Өзімнен сені жеке алып,
Көрмеппін әсте шеттеп мен.
Мектепке бірге бет алып,
Қайтушы ек бірге мектептен.

Гүліндей болсын қырлардың,
Жетпейтін көркем көп құрбың.
Көз сүзген саған ұлдардың,
Келетін мұрнын бет қылғым.

Мен үшін ғана жаралған,
Бағым деп сені білуші ем.
Сыртыңнан оқтай қадалған,
Сұқ көзден қорғап жүруші ем.

Жүруші ем бірге, жан құрбым,
Сезімді келмей кірлеткім.
Ақыры бізді тағдырдың,
Тынарын бөліп білмеппін...

Авторы: Ілияс Мұқаев
👍39💩7🔥4👏3❤2🤩2
Көңіліңе наз толып,
Еркелеші алтыным.
Шаттанайық, мәз болып,
Көрмей өмір салқынын.

Бұл жалғанның асқарын
Бірге басып өтейік,
Маxаббаттың дастанын,
Келші, бірге шертейік.

Жанарыңа нұр тұнып,
Аулақ болсын күйік-мұң.
Қызғалдақтай құлпырып,
Мұңаймашы, сүйіктім.

Адастырмай сезімнен,
Ғашық оты маздасын.
Көрейін тек көзіңнен,
Қуаныштың көз жасын.

Ажырамай қолымыз,
Тіршілікте сән құрып.
бір боп өмір жолымыз,
Жан жарым бол мәңгілік.

Авторы: Алмат Ержанов
👍43❤11👎4🎉4🔥2
Сағынба дейсіз,
Сағынбау сізді мүмкін бе?
Уақыт - өледі бір күнді жалғап бір күнге.
Сағыныш деген санама жазған естелік,
Дауа бар ма екен сағыныш деген шіркінге?!
Сағынба дейсіз,
Сағынбау сізді мүмкін бе?
Көктемдей шырай жарқ еткен жұмсақ күлкіңде.
Ұмыту маған әрине қиын.
Ал сізге?...
Ұмытатындар бар шаттығын айлы бір түнде.
Сүйе алмағандар сағынуды сірә білмейді?!
Не десең о де, жылағын, жаным күл мейлі.
Ұмыт десең де ұмыта алмаймын о тоба,
Санама ақыл, жүрекке әмір жүрмейді.
Есіңе де алмай қуанышыңмен жүр мейлі,
Ғашық болмағандар ғарыштың үнін білмейді,
Күз келсін мейлі, тоңдырсын гүлін жанымның,
Ерте көктемде бүр жарып қайта көктейді.
Сізден алыстамын, таудамын, мүмкін көлдемін,
Сағыну менің - санамнан тапқан ермегім.
Адалдығымды менің жүрегіңе салып сақтап қой,
Оны айтпа маған! Жүрексіз күнім - өлгенім.
Уыздай дәмі - уылжып тұрған сағыныш,
Тіліңді берші, тілегімді берші шөлдедім!

Авторы: Ерболат Баятұлы
👏45👍32❤18🔥13🥰5👎2🤩2
YMIT

Жанарым менің қадалып саған,
Күтіп ем сонша мол үміт.
Торыңа енді оралып барам,
Бақыттан мәңгі қол үзіп.

Азаптың жүрмін жалғасын күтіп,
(Сезіп ем мұны бұрыннан).
Торыңа енді қалғасын түсіп,
Шырқырап қалды-ау шыбын жан.

Мұңменен былай тістеспеп едім,
Қайтейін, тағдыр алдаса.
Торыңа сенің түспес те едім,
Сезімім соқыр болмаса.

Жанарым менің қадалып саған,
Күтіп ем сенен мол үміт.
Торыңа енді оралып барам,
Бақыттан мүлде қол үзіп.

Авторы: Алмат Исәділ
👍25❤4🔥3
СЕНІҢ КҮЛКІҢ

Иығымнан жүк түсірген жүз батпан,
Көз жасымды құрғатқан.
Сәлем алып келген маған нұр-бақтан –
СЕНІҢ КҮЛКІҢ!

Арманыма ақ қанатын қақтырған,
Тылсым сырлы бір сезімге тап қылған,
Үмітімнің шырағданын жақтырған –
СЕНІҢ КҮЛКІҢ!

Қабағыма тұрған сәтте мұң қатып,
Тұңғиыққа баратқанда шым батып,
Табындырған, бір сәт қана тыңдатып –
СЕНІҢ КҮЛКІҢ!

Ойға батып, үнсіз жүрген кезімде,
Жан бітірген мына сырлы сезімге,
Мені үйреткен қиындыққа төзуге –
СЕНІҢ КҮЛКІҢ!

О, махаббат!
Бізге ғажап сый неткен?!
Қаталдықтың қақпасын кеп күйреткен,
Сор артында бақ тұрарын үйреткен –
СЕНІҢ КҮЛКІҢ!

Сен бар кезде гүлге оранар жер демде,
Сен болмасаң күй кешемін шерменде,
Күліп келші, жаным, маған келгенде!..
СЕНІҢ КҮЛКІҢ...

Авторы: Алма Түсіпбекова
👍29❤5
Сен мына - жанарымның ішіндесің,
Жанардың білесің ғой кішірмесін.
Ішіне жанарыңның сақта меңі,
Біреулер көлеңкесін түсірмесін!
Сен менің - мына тылсым кеудемдесің,
Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін.
Кеудеңе - зынданыңа салып сақта,
Біреулер көкпар қылып өңгермесін!
Сен мына - тілімдесің, үнімдесің,
Білесің ғой, тілімнің бүлінбесін.
Сен мені үніңе қос, тіліңе тұт,
Үнім өшіп, үшкір тіл тілінбесін!
Сен мына - менің алып басымдасың,
Білесің, ешкім де оны басынбасын.
Сен мені өз басыңмен бірге қорға,
Біреулер зұлымдығын асырмасын!
Сен - менің миымдасың!
Білесің, миым жатқа бұйырмасын..
Миыңның бір жеріне жасыр мені,
Қиылсын өмір солай... Қиылғасын!..
Алдынан терезеңнің жүріп өттім,
Сен мені байқадың ба, құдіреттім?
Тұрдың ба терезеңнің ар жағында?
Теңселіп, тұтқан пердең діріл етті.
Heгe өртенді?
Жүрегім неге өртенді?!
Нелер келіп, басыма нелер төнді...
Балконыңнан қол былғап, қарсы алушы ең,
Heгe менен жасырдың көлеңкеңді?
Қайран көктем,
Қайран гүл, қайран жазым!
Сарқылған ба, шынымен сайран - назың?
Айныдың ба, шайлығып шалқарыңнан?
Айдынымда қанатын жайған қазым.
Көзің қайда көшеден мені іздеген,
Сөзің қайда жанымыз егіз деген?
... Терезеңнің алдына келіп тұрмын,
Көгершіндей,
Қысты күн... жем іздеген...

Авторы: Мұқағали Мақатаев
❤42👍27🔥8
Бәлкім, менің болмысым бөлек шығар?!
Ал, сен қалай ойлайсың, зерек шынар?!
Бар-жоғыңды өмірде білу үшін
Әлдекімді сағыну керек шығар?!

Сыр сақтауға үндемей терек шыдар,
Жан іздедім жанымды ерекше ұғар.
Біз жолықтық. Маңдайға жазғаны – сол.
Өлең байғұс жай ғана себеп шығар.

Көңіліңде бір бейне көлбеңдесе,
Өлең, шіркін, сөйлейді өлген кеше.
Сағынышты мен ойлап тапқан жоқпын
Сенем оны ғарыштан келген десе.

Сүюдің де бар болар заңдылығы.
Еркелесем, оятам таң күдігін.
Бал қылығым сор болды... кешір жырдың
Ешбір заңға бағынбас әңгүдігін.

Жан табылмай өмірде сұңғақ одан,
Қиялымды ақ бұлтқа бұлғап алам.
Алабұртып өмірден өту үшін
Көңіліңде жүрсін бір жұмбақ адам.

Авторы: Танагөз Толқынқызы
👍45❤27🔥6👎1🤔1
Мен ол кезде мас едім, білесің бе,
Мас болсам да бәрі де тұр есімде.
Сезім атты шараптың ұрып буы,
Шамам болмай нәпсімен күресуге.

Көйлегіңнің ағытып түймелерін,
Ақ тамақтан күйдіріп сүйген едім.
Ары қарай белгілі өзіңе де,
Еркімізді бір тылсым билегенін.

Қой — демедің, қой — деуге кеш еді ме,
Құлап кеттік махаббат төсегіне.
Бетіңде мұң тұрса да, ең бастысы-
Өкінбедің ертесі кешегіңе.

Кешірсем де бастан сан кештер ерек,
Әлгі түндей кешпегем еш керемет.
Сол әсел түн жадымда түнеп қалған,
Ал, сен болсаң сұрайсың "есте ме?" -деп.

Авторы: Дәурен Айманбет
👍66❤22👎11🔥2🤔2🤯1
СҮЮ ДЕГЕН ОСЫ БОЛАР СІРӘ ДА


Мұз боп қатқан жүрегімді еріттім, Айтшы маған менің мұным күнә ма?
Мені өзің, сені, жаным, мен ұқтым,
Сүю деген осы болар сірә да.

Сабырым да жанға жақпай, бeзінді,
Сенімім тұр бір құралып, бір сынып,
Жеткізе алмай мендік іңкәр сезімді,
Өз деміме өзім қалам тұншығып.

Сүріп кеткен өмірімде өткен бір,
Жақын болған ең қимас бір жандайсың.
Айта алмаған лебізімді мөп-мөлдір
жанарымнан оқып неге алмайсың?

Авторы: Айгүл Жұмаділ
👍49❤8🔥4🤯1
Сүйеді деп ойлауға жасқанар да ем,
Таныстар да ол жайлы ойламаған.
Бірақ сүйем дейтұғын басқалармен
Бақытты бола қою қайда маған?

Өзін өзі ұстау да кісіге сын,
Көздеріңді қадайсың отты, үмітті.
Алыс жүріп жанымды түсінесің,
Мен үшін соның өзі жеткілікті.

Біреу арбар сөзімен, күлкісімен,
Жақтырмайсың сен ерсі көп қылықты.
Алдымен мені іздейсің жұрт ішінен
Ал маған соның өзі жеткілікті.

Үндемейсің,
кеудеңде жанады арман,
Мені ақтайсың жадыңда болмай бір қыз.
Байқайсың ба, өсектен, жалалардан
Бірімізді біріміз қорғаймыз біз.

Мазалайсың ойымда тұрасың да,
Сенің әрбір қылығың ерекше ұнар.
...Бұл нәзік сезім жайлы, расында,
Айтпай-ақ қоюымыз керек шығар?

Авторы: Күләш Ахметова
👍45❤23🤔7🔥2
«Ләйләң қайда?» - деді маған күліп күн,
«Ләйләң қайда?» - деді маған күліп түн.
Дүниенің көріп жүрген күллі елін
Көрдім маған күннің қатты күлгенін.
Қатты күлді, әйелдерше күлді кеп:
«Сені тосып жүре ме ол, - деп, - үлбіреп?!»
Құшағы бар аялайтын аялы,
Түн мүсіркеп, түн кеп мені аяды.
Аяды кеп, аялады күлмеді,
Қоңыр үнмен жұбатты кеп түн мені:
«Мәңгі түнге жеткеніңше уақыт көп,
Күлкілі боп жүрісің де бақыт», - деп.
Аямайтын күн болып кел – бәрібір,
Аялайтын түн болып кел – бәрібір.
Сені, Ләйлә, қара көзді киелім,
Қайыспастан қара жерше сүйемін.

Авторы: Жұматай Жақыпбаев
👍21❤13🤯1
Көзіңде мөлдір мұң, уайым бар,
Саған бұл қайғыны берген кім?
Бақытты болуға дайындал,
Сендегі тағдырға мен келдім!

Сөзімді айтылған ұғарсың,
Жырларым жүрекке жөнелді.
Жылаудан шаршаған шығарсың,
Дәл олай шаршатпан мен енді.

Үміттің алауы сөнбеді,
Үрейдің желкенін түсіргем.
Кешірші: тағдырға сендегі,
Кешігіп келгенім үшін мен!

Жолыңа алаңдап тұрамын,
Жүзіңді көрем деп шырайлы.
Мендегі сезімнің құрамын:
Сыйластық, сағыныш құрайды.

Қолымнан жібермей ұсташы,
Өзіңе кетіп тұр ойым дәл.
Мендіксің енді сен, қысқасы:
Бақытты болуға дайындал!

Авторы: Жандарбек Жұман
👍41❤33🔥3🤔2
КҮЗГІ ХАТ...

Сенесіз бе?
Сағындым,
Сізді көрмей…
Үмітіммен күй кештім үздігердей.
Сізді әйтеуір жаныма жақын тұтам,
Бәлкім, жақсы көрерсіз күзді мендей?!

Мен білмеймін.
Сезімді кештік нендей?
Бірақ бізге бір бақыт кеш біткендей,
Сағынуға, сүюге бола ма екен,
ҮНІН, ӨЗІН... Адамның естіп… Көрмей…

Мүмкін, сізді көрдім мен…
Бірақ қашан?
(Болған іске болды әсте кінә артпасам)
…Жаныңызда жүргендей сезінемін,
Жаныңыздан не болам, жырақтасам?

Білесіз бе,
Сіз сирек хат жазасыз?
Содан менде жиілеп сәт мазасыз,
Ауыр ойдан қаламын арыла алмай,
…Ал сіз ше?
Тап-тазасыз!

...Бүгін жаңбыр.
Мейлі, аспан төксін жасын,
Жалғыздықтай жалғанда жоқ сырласым.
Неге екенін білмеймін,
Сіз дегенде,
Кешірімшіл әйтеуір кекшіл басым.

Авторы: Қалқаман Сарин
👍27❤17🤔1