Otpannews.kz
1.03K subscribers
25K photos
2.4K videos
28 files
27.3K links
Download Telegram
Сот төрелігін жетілдіру - уақыт талабы

Судья ретінде Конституциядағы сот жүйесіне қатысты соңғы өзгерістерді елімізде құқықтық мемлекет негіздерін одан әрі нығайтуға бағытталған стратегиялық маңызды қадам деп бағалаймын. Сот билігінің түпкілікті мұраты – азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін мүлтіксіз қорғау, қоғамда әлеуметтік әділдік қағидатын орнықтыру және заң үстемдігін айнытпай сақтау.

otpannews.kz
Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш: Абырой – ортақ, қала – жалғыз

OTPANNEWS.KZ. - 6 қазан күні Ақтау қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясы өтті. Жиынға Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш, қалалық мәслихаттың төрағасы Сембіғали Зәкенов, қала әкімдігінің бөлім басшылары мен қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

otpannews.kz
Форт-Шевченкода «Адал қоғам» жобасы аясында құқықтық-профилактикалық керуен өтті.

OTPANNEWS.KZ. - Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Адал қоғам» жобасы бойынша құқықтық-профилактикалық керуен өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

otpannews.kz
Маңғыстауда ата-аналар мен жас отбасыларға арналған семинар өтті

АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ - Іс-шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облыстық өкілдігі мен облыстық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен өткізілді.

otpannews.kz
Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

OTPANNEWS.KZ. - Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

otpannews.kz
Әлем чемпионаты: Қазақстан дзюдошылары іріктеу кезеңдерін сәтті бастады

БАКУ. OTPANNEWS.KZ. - Дзюдодан Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қос балуаны 1/8 финалға шықты.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🏔️ Алматының таулы инфрақұрылымы: алғашқы көтергіштерден заманауи шешімдерге дейін

Бұтақты мен Кімасар аумақтарында Кеңес дәуірінің өзінде тау спортының әуесқойлары орнатқан алғашқы сүйретпе көтергіштер жұмыс істеген.

Бүгінде Алматы тау кластері аясында бұл жұмыс жаңа технологиялар мен қауіпсіздік талаптарының жоғары деңгейіне сай заманауи форматта жалғасуда.

Заманауи аспалы жолдар, қауіпсіздік жүйелері және жыл бойы демалуға арналған инфрақұрылым Алматының таулы аумақтарының әлеуетін жаңа қырынан пайдалануға мүмкіндік береді.

🎥 Толығырақ — видеода.
Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының құрылысы қалай жүріп жатыр

OTPANNEWS.KZ. - Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Жаңаөзен қаласында салынып жатқан газ өңдеу зауытының құрылыс алаңында болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтауда жүгіруден марафон өтеді

АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ – 11 қазан күні Ақтауда ауқымды спорттық шара – Caspian Marathon өтеді. Жарысқа қатысушылар бірнеше қашықтық бойынша бақ сынайды. Атап айтқанда, 5 км, 10 км, 21,1 км және 42,2 км.
Жаңа Конституция: халық сенімін нығайтатын құқықтық жаңғыру құжаты

Конституция – мемлекеттің саяси және құқықтық бағытын айқындайтын негізгі құжат қана емес, әр азаматтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін құқықтық кепілдік. Заң үстемдігі, адам құқықтарының қорғалуы, мемлекеттік институттардың жауапкершілігі мен халықтың билікке деген сенімі – мұның барлығы Ата заңның мазмұнымен тығыз байланысты. Осы орайда Yessenov University құқық және халықаралық қатынастар факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор дина бұғыбайқызы «Маңғыстау» газетіне сұхбат беріп, жаңа Конституцияның мәні, оның қоғамдағы рөлі және құқықтық реформалардың маңызы туралы сауалдарға жауап берген еді.

otpannews.kz
Қазақстанда күріш экспорты ұлғайды

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында өндіріс көлемі 122,3 мың тоннаны құрады.

otpannews.kz
312 жаңа мәдениет нысаны: Қазақстанның мәдениет саласындағы жеті жылдағы өзгерістер

Кейінгі жеті жылда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде мәдениет саласын дамыту, ұлттық мұраны сақтау, отандық өнерді қолдау және мәдени инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.

otpannews.kz
Ақтау қаласының әкімі көпбалалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттады

AҚТАУ. OTPANNEWS - Барлығы 8 ана марапатталып, оның ішінде 3 анаға «Алтын алқа», 5 анаға «Күміс алқа» төсбелгісі табысталды.
Аббат Өрісбаев: Мұнай өнімдерін жеткізудің балама бағыттарын алдын ала қамтамасыз ету қажет

OTPANNEWS.KZ – Бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Тұралы Жолышов Ақжігіт ауылына әкім болып сайланды

OTPANNEWS.KZ. - Бүгін аудан әкімі Рахымжан Шалбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ардақ Бораш, аудан әкімі аппаратының басшысы Амангелді Майлан және аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Сәуірбаев Ақжігіт ауылына арнайы барып, ауыл тұрғындарына жаңа әкімді таныстырды. Бұл туралы Бейнеу ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бейнеу ауданында құқықтық-профилактикалық керуен өтеді

OTPANNEWS.KZ. - 8 қазан күні сағат 14:00-де Бейнеу ауылында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықтық-профилактикалық керуеннің кездесуі өтеді.

Кездесудің негізгі мақсаты - тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері туралы ақпараттандыру.

Іс-шара барысында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, қоғамдық сектордың және тиісті сала мамандарының өкілдері тұрғындармен ашық форматта кездесіп, азаматтарды толғандырған мәселелер бойынша құқықтық кеңес пен нақты түсіндірмелер береді.

Бейнеу ауданының тұрғындары мамандарға өз сұрақтарын тікелей қойып, заң талаптарына қатысты ақпарат алуға, сондай-ақ жеке мәселелері бойынша консультация алуға мүмкіндік алады.

📍Өтетін орны: Д.Тәжіұлы көшесіндегі ашық алаң

Ұйымдастырушылар аудан тұрғындарын кездесуге белсенді қатысуға шақырады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
2020 жылы жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қабылданып, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен «e-Otinish жүйесі іске қосылды. Бұрын әр мекемеге бөлек жолданатын арыз-шағымдар бір платформада жинақталды.

Азамат өтінішінің қай мекемеге, нақты қай маманға түскенін, оның қалай қаралып жатқанын онлайн бақылай алады. Жауаппен келіспесе, шешімге сол жерде-ақ шағым түсіруге мүмкіндік бар. Осылайша азамат пен мемлекеттік орган арасындағы хат алмасу ашық әрі біртұтас диалог алаңына айналды.

https://youtu.be/7EJbRCZ8LUQ?si=8RykbSpOTXuShAtS
Ақтаулық морж: Өз қорқынышымды жеңгім келді

OTPANNEWS.KZ - Ақтаулық тұрғын Айгерім Бекова үш жылдан бері таңғы 5:00–7:00 аралығында теңізге түседі. Бұл әдет оның бойына күш беріп, жаңа күнді жақсы көңіл күймен бастауға көмектеседі.
Қоғамның қазіргі заманғы сұраныстарына жауап береді

Жаңартылған Конституциядағы ең маңызды өзгерістердің бірі – билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейту.

otpannews.kz
Қазақстан дзюдошысы әлем чемпионатының жүлдесі үшін белдеседі

БАКУ. OTPANNEWS.KZ. - Дзюдодан Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін күресетін болды. Бұл туралы Otpannews.kz тілшісі Бакуден хабарлайды.