Otpannews.kz
1.03K subscribers
25K photos
2.4K videos
28 files
27.3K links
Download Telegram
Жаңаөзенде құқықтық-профилактикалық керуен өтеді

7 қазан күні сағат 12:00-де Жаңаөзен қаласында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықтық-профилактикалық керуеннің кездесуі өтеді.

Кездесудің негізгі мақсаты - тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері туралы ақпараттандыру.

Іс-шара барысында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, қоғамдық сектордың және тиісті сала мамандарының өкілдері тұрғындармен ашық форматта кездесіп, азаматтарды толғандырған мәселелер бойынша құқықтық кеңес пен нақты түсіндірмелер береді.

Жаңаөзен тұрғындары мамандарға өз сұрақтарын тікелей қойып, заң талаптарына қатысты ақпарат алуға, сондай-ақ жеке мәселелері бойынша консультация алуға мүмкіндік алады.

📍Өтетін орны: Мұнайшы мәдениет үйінің алды

Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын кездесуге белсенді қатысуға шақырады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Маңғыстауда биыл 83 іс тіркелді


Маңғыстау облысында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – мейірімді қоғам» атты тренинг өтті. Іс-шараны Маңғыстау облысының прокуратурасы мен облыс әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия ұйымдастырды.

otpannews.kz.
Қазақстан балуаны әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Бакуде дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде татамиге шыққан Қазақстан балуаны алғашқы айналымда есе жіберді.

otpannews.kz.
Уақыт сүзгісінен өткен стратегиялық шешім

Бүгінгі ауқымды саяси өзгерістердің түп негізі Парламенттік реформадан бастау алды. Ел Президентінің биліктің заң шығару жүйесін қайта құрылымдау туралы ұсынысы конституциялық реформаға ұласты. Яғни конституциялық реформалар бастапқыда парламенттік жүйені жетілдіру аясында қарастырылғанымен, қоғамнан түскен ұсыныстардың ауқымына байланысты кеңейтілді. Еліміздің түкпір-түкпірінен белсенді азаматтар, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар өкілдері өз талап-тілегі мен пікір-ұсыныстарын жолдады.

otpannews.kz.
Маңғыстауда бірнеше судья қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Маңғыстау облысының соттарында бірқатар өзгеріс болды. Президент тиісті Жарлыққа 1 қазанда қол қойған.

otpannews.kz.
Маңғыстау мен Малайзия ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохд Адли бин Абдулламен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, инвестиция тарту және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

otpannews.kz.
Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс 30-сессиясы өтті

5 қазан күні Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 30-сессиясы өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

otpannews.kz.
Жаңаөзенде қазақ күресінен облыс чемпионаты өтті

4 қазан күні Жаңаөзен қаласындағы «Энергетик» спорт кешенінде 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатына іріктеу бойынша Маңғыстау облысының чемпионаты өтті.

otpannews.kz.
Маңғыстауда Каспийді сақтауға бағытталған жаңа жоба таныстырылды

Маңғыстау облысында Каспий теңізінің экологиялық жағдайы мен оны сақтауға бағытталған халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланған жоғары деңгейдегі диалог өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

otpannews.kz.
Қарақия ауданында құқықтық-профилактикалық керуен өтеді

7 қазан күні сағат 16:00-де Қарақия ауданының Құрық ауылында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықтық-профилактикалық керуеннің кездесуі өтеді.

Кездесудің негізгі мақсаты - тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері туралы ақпараттандыру.

Іс-шара барысында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, қоғамдық сектордың және тиісті сала мамандарының өкілдері тұрғындармен ашық форматта кездесіп, азаматтарды толғандырған мәселелер бойынша құқықтық кеңес пен нақты түсіндірмелер береді.

Қарақия ауданының тұрғындары мамандарға өз сұрақтарын тікелей қойып, заң талаптарына қатысты ақпарат алуға, сондай-ақ жеке мәселелері бойынша консультация алуға мүмкіндік алады.

📍Өтетін орны: Орталық әлеуметтік базар жаны, Құрық ауылы

Ұйымдастырушылар аудан тұрғындарын кездесуге белсенді қатысуға шақырады.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
У Алматы есть то, чего нет у большинства мегаполисов мира 🫶 большие горы буквально за городской чертой! И в этом видео мы явно гордимся, ведь горы всегда в прайме!!!
Ақтауда сабақ үстінде төбелескен оқушылардың ата-аналары айыппұл арқалады

Ақтаудағы №1 жалпы білім беретін мектепте жоғары сынып оқушылары дене шынықтыру сабағы кезінде төбелесіп қалған. Жанжалға қатысқан жасөспірімдер анықталып, ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілген.

otpannews.kz.
Маңғыстаулық дизайнер Париж сән апталығында екі топтамасын таныстырды

Маңғыстаулық дизайнер Меруерт Балманова Париж сән апталығы аясында «Шашақ» және «Бозжыра» коллекциясын таныстырды. Екі топтамада да қазақтың ұлттық киім үлгілері заманауи сәнмен үйлестірілген.

otpannews.kz.
Ақтауда «Үздік радиотелефонист» байқауы өтті

Байқау барысында қатысушылар жеделдік, дәлдік, кәсіби білім және жауапкершілік бағыттары бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

otpannews.kz.
Кендірлі әуежайында ұшу-қону жолағының үшінші кезеңі басталды

МАҢҒЫСТАУ. OTPANNEWS.KZ — Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазір нысанда ұшу-қону жолағын салудың үшінші кезеңі басталды. Бұл туралы Ұлттық арнаның "Қарқынды құрылыс" жобасында жарияланды.

otpannews.kz
Кендірлі әуежайы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

МАҢҒЫСТАУ. OTPANNEWS.KZ – Әуежай құрылысында 350-ге жуық адам мен 100-ден астам техника жұмылдырылған. Әуе айлағын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы «Qazaqstan» телеарнасындағы «Қарқынды құрылыс» жобасында айтылды.

otpannews.kz
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру белгіленген талаптардың сақталуын бақылауға, ықтимал ауытқуларды уақтылы анықтауға және жобаны іске асыру барысында қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте бақылаудың мәні тиісті кезеңде орындалатын жұмыстар мен қабылданатын шешімдердің сипатына қарай өзгеріп отырады.

otpannews.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Маңғыстаудан шамамен 40 миллион жыл бұрын өмір сүрген макрельдің қалдықтары табылды

МАҢҒЫСТАУ. OTPANNEWS.KZ — Маңғыстау аумағынан шамамен 40 миллион жыл бұрын өмір сүрген макрель балығының қазба қалдықтары табылды. Ғалымдар оны «Scomberomorus saevus» түріне жатқызады. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісінде @hedgehog_1979 жариялады.

Қазба қалдықтары орта палеоген кезеңіне тиесілі. Бұл – шамамен 40 миллион жыл бұрын Маңғыстау аумағында тіршілік еткен теңіз жануарларының бірі.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан балықтың омыртқа бөліктері мен қаңқасына тиесілі сүйек қалдықтарын көруге болады.

Scomberomorus saevus – қазіргі макрельдер тұқымдасына жақын ежелгі балық түрі.

Маңғыстау аумағы миллиондаған жыл бұрын теңізбен жабылған. Сондықтан өңірде ежелгі теңіз жануарлары мен өсімдіктерінің көптеген қазба қалдықтары кездеседі.
The World Financial Review: Қазақстан шикізатқа негізделген экономикадан арылып келеді

Жаһандық экономика, қаржы және инвестиция мәселелеріне маманданған британдық іскерлік басылым The World Financial Review Қазақстанның шикізаттық сектордан тыс инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтіп жатқаны туралы мақала жариялады. Онда Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері посткеңестік экономикадан Орталық Азиядағы ең ірі экономикаға дейінгі жолдан өткені атап көрсетіледі. Бұл ретте елдің табиғи ресурстарға бай болуы оның дамуында маңызды рөл атқарды: мұнай-газ секторы шетелдік капитал тартуға, экспорттық кірістер көлемін арттыруға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік берді. Дегенмен, шикізатқа негізделген модельдің кемшін тұсы да болды, ондаған жыл бойы ел экономикасының көрсеткіштері әлемдік шикізат бағасына тығыз байланысты болып, ал мұнайдан түсетін табысқа тәуелділік экономиканы әртараптандыру мүмкіндігін шектеді.

otpannews.kz
Жаңаөзенде еліміздің үздік садақшылары бас қосты

OTPANNEWS.KZ. - Жаңаөзен қаласында дәстүрлі садақ атудан жастар арасындағы ел чемпионаты өтіп жатыр. Ұлттық спортты дәріптеп, жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға бағытталған дүбірлі додаға еліміздің өңірлерінен келген 70-ке жуық спортшы қатысады.

otpannews.kz