Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР
1.66K subscribers
97 photos
5 videos
5 files
228 links
Download Telegram
Балалардың Алла тағала, намаз, ораза туралы жауаптары қызық енді. "Әлемді кім жаратты?" деген сұраққа "Алла тағала мен Құдай жаратты" деген жауабына әбден күлдім енді 😄

https://www.youtube.com/watch?v=vEIPBdQK198
Қызықты тест екен. Өз білімдеріңізді тексеріп көріңіздер 😊 http://kurankarim.kz/quran-qarim-turaly-online-test/
​​​​#мен_оқыған_кітаптар айдары:

📚 АБДУРРАХМАН РАФӘТ ӘЛ-БӘШӘ. ТӘБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕН ӨНЕГЕЛЕР

Рамазан айы болған соң, діни кітаптар туралы жазуды ары қарай жалғастырамын. Бүгін сіздерге ұсынып отырған бұл кітапты да ерекше жақсы көремін. Өйткені осы секілді кітаптарды оқу арқылы біздің біліміміз артады, иманымыз күшейеді. Жалпы бізден бұрын өткен тақуа жандардың ғұмырын оқығанды ұнатамын. Ал мына кітап "Саңлақ сахабалардан" кейін міндетті түрде оқып шығуымыз тиіс кітап.

🌺НЕГІЗГІ ОЙЫ
"Тәбиғиндер өмірінен өнегелер" кезіндегі сахабалардың көзін көрген Ислам әлемінің ардақты жандары туралы жазылған аяулы кітап. Осы кітапты оқығаннан кейін бірнеше күн әсерінен айыға алмай жүрдім. "Адам Алланы осыншалық сүйе алады екен ғой", "Сенімнің осындай да күші болады екен ғой" деп толғаныста жүрдім. Білім арқылы дәрежесі көтерілген Ата ибн Рабахтың оқиғасы қандай?! Бір ұлы өмірден өтіп, бір аяғын кесуге тура келген тәбиғиннің сабыры қандай! "Жәннатқа менен бұрын денемнің бір мүшесі мен отбасымның бір мүшесі аттанды" деуі неткен тақуалық! Олардың сондай жанкешті өмірін көресің де, өз жасап жүргендеріңді ойлап, ұялып кетесің.


🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
8/10 Егeр иманыңыз әлсіреп жүрсе, бұл дәл сіз оқитын кітап.

🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Кітаптың электронды нұсқасы әдеттегідей төменде😊

#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#марфуғадан_кітап📚
#кітап #книги #bookblogger
#Тәбиғиндер
Алла қаласа, "Рамазан күнделігін" түсірмекшімін. Яғни, күнделікті оразадан алған әсерім қандай, қандай пайдалы нәрсе білдім, қайда барып ауыз аштым, барлығын видеоларымнан көріп отыра аласыздар. Мынау ауызашардың бірінші күні. Қалай өткені видеода:

https://www.youtube.com/watch?v=Q4EdpeIiR90
Нұр-Мүбәракта оқып жүрген кезімізден бір фото тауып алдым 😊 Керемет кездер еді. Ұстаздардың күніне иманыңды қуаттап жіберетіні өз алдына, Айжан құрбым да жиі-жиі өз білгенімен бөлісіп, оқығанын айтып отыратын. Ол айтып берген сондай оқиғалардың бірі есіме түсіп отыр. Енді соны сіздерге менің айтып берейін☺️
⠀
"Бір ауылда үйінен мейман үзілмейтін ерекше қонақжай адам болыпты. Оның қонақжайлылығы сондай, алыстан арып-ашып жеткен жолаушыны да, көшеде кетіп бара жатқан көлденең көк аттыны да, жасты да, кәріні де, естіні де, ессізді де қонақ ете береді екен. Оның сол қылығын ауыл жұрты есі ауыстыға балап, қонақжай байғұсты "жынды" атап кетіпті. Күндердің бір күнінде сол ауылдың маскүнем бір адамы арақ ішкен мас күйінде арықтың ішінде қайтыс болып кетіпті. Иісі маңайды алған өлікті қатты жиіркенген ауыл жұрты арулап көме алмапты. Ақыры "Ойымызды жындыға айтып көрсек қайтеді? Мүмкін сол көмер" деп ауыл адамдары қонақжай жігітке келіпті. Айтса айтқандай, қонақжай жігіт бір ауыз сөзге келместен маскүнемді жуындырып, жерлеу рәсімдерін ойдағыдай атқарған екен. Ең қызығы, өліктің денесі жер қойнына тапсырылған түні ауылдың барлық адамдары бір түс, яғни маскүнемнің жәннатта жүргенін көріп, таңертең тұра сала оны бір-біріне айтып, таң-тамаша болысады. Ақыры сұрақтарына жауап таба алмаған күйі "жындыға"келіп: "Біз осындай түс көрдік. Сен ана маскүнемге не істедің?" деп сұрайды. Ал қонақжай жігіт болса: "Ерекше ештеңе де істегенім жоқ. Тек оның денесін жер қойнына тапсырып тұрып: "Ей, Алла тағалам! Мен өзің жіберген қаншама қонақты еш ренжіместен күтіп алдым. Оларға лайық дәрежеде сый-құрмет көрсеттім. Ендігі жерде менің қолымнан аттанып бара жатқан мына бір пендеңді, мен жіберген алғашқы қонақты Сен де жақсылап күтіп алшы" деп дұға еттім" деген екен. Алла тағала ол жігіттің дұғасын қабыл етіпті...
⠀
Алла тағаланың мейірімділігіне шек бар ма?! Дүние Оның мейірімнің арқасында соншалық көркем екен ғой!!! Ал жоғарыдағы оқиға соның бір мысалы ғана...
⠀
#иманым_жиғаным💐
#marfu_muslima
#рамазанғажапайсың💕
#МарфуғаШапиян
​​Атақты ислам ғалымы Шейх Әдәб-Алидың бұл насихатты жазылғанына арада аттай 700 жыл өтсе де әлі күнге ескірмегендігі, құнын жоймағандығы, одан бергі заман ағымына қарамастан, өміршең қалпын сақтауы таңғаларлық жайт.

☘️Ашуланғанда өзіңді баса біл! Бойыңдағы күш-қуатпен пен ақылыңды қалай өз жөнімен қолдану керектігін, ауыздағы сөзді де қашан, қай жерде, қалай айту керектігін білгейсің. Әйтпесе, бір күні жел соққандағы қалтыраған қауқарсыз жапырақ кейпіне түсерің анық. Ешқашан ашуың мен нәпсің бір жақ боп ақылыңды жеңіп кетпесін. Ылғи да сабырлы, сөз бен ісіңе тұрақты бол, өз еркің өз қолыңда болсын.
☘️Сенің көзіңе басылғандай әлем соншалықты үлкен емес. Әлі де жасырын, әлі де жұмбақ дүниелер сенің парасаттылығың арқылы ашылатыны даусыз.
☘️Ата-анаңды құрметте! Үлкендер жүрген жерде берекеттің қатар жүретінін ұмытпа!
☘️Бұ дүниеде наным-сеніміңнен қол үзіп қалар болсаң, жап-жасыл болсаң да қурап, шөлге айналасың. Ақжарқын бол, ашық айт. Өзіңе қаратылған сөзді көңліңе ала берме. Көпбілемдікке салынба, әр көргеніңді айта берме.
☘️Өзіңді жақсы көретін жерге көп барма, өзіңе деген сый-құрметтен айрыларсың.
☘️Үш кісіге жаның ашысын:
Надандар арасындағы ғалымға,
Байлығынан қол үзген кедейге,
Құрметке ие болып жүріп абыройынан бір-ақ күнде айрылған пендеге.
☘️Жоғарыдан орынға ие болғандардың жердегілер секілді алаңсыз отыра алмайтындығын ұмытпа!
☘️Ақ екенің рас болса, күресуден қорықпа!

P.s. Кітаптың электронды нұсқасы телеграм каналымда тұр ☺️

#кітаптан_қазына
#марфуғадан_кітап📚
#marfu_reads
Орамалды қыздардың әрқайсысының орамалға келу, орамал тағу тарихы бар. Осыны ескеріп, құрбым екеуміз "Мен қалай орамал тақтым?" деген жобаны қолға алып жатырмыз. Орамалды қыздармен сұхбаттасамыз. Олардың оқиғаларын тыңдаймыз. Әрі видеолар түсіреміз, бұйыртса. Мұның барлығын қоғамның орамалға деген көзқарасын өзгерту үшін, орамалға ниеттеніп жүрген құрбыларымызды ынталандыра түсу үшін қолға алып отырмыз. Әрине, ең бастысы Алла разылығы үшін! Егер сіз де өз оқиғаңызбен бөліскіңіз келсе, маған немесе құрбыма хабарласыңыз! Әзірге Қарлығаш екеуміз өзімізден бастадық 😊

Менің оқиғамды көргілеріңіз келсе, сілтемеде:
https://www.youtube.com/watch?v=OxIyhWQh9WM
​​Бірде Алла тағала Мұса пайғамбарға: «Әй, Мұса! Мен үшін жасаған амалың бар ма?» – деп сұрайды. Мұса (а.с.): «Уа, Раббым! Сен үшін намаз оқыдым, ораза ұстадым, садақа бердім, сәжде жасадым. Саған мақтау айттым, кітабыңды оқыдым, сені еске алдым», – деп жауап берді. Бұны естігенде Алла тағала: «Әй, Мұса! Бұның бәрі өзің үшін: намаз – сенің жолкөрсетушің, ораза – қалқаның, садақа – өзіңе көлеңке, сәждедегі айтқан тәсбихтарың –жұмақта өзіңе саялы ағаш болады. Кітабымды оқуың сәнді сарай мен хор қызына қолыңды жеткізеді. Мені еске алуың өзіңе сәуле болып жарығын төгеді. Ал сонда таза Мен үшін не істедің?»
⠀
Бұны естігенде, Мұса пайғамбар сасқалақтап: «Уа, Алла тағалам! Сен үшін жасалатын амал болса, білдірші, мен соны жасайын?» – деп сұрайды. Сонда Ұлы Жаратушы: «Әй, Мұса! Мен үшін біреуді өзіңе дос тұтып, басқаны жек көре білдің бе?!» – деді.
Сонда барып Мұса пайғамбар (а.с.) Алла тағала жақсы көрген пендесін жақсы көріп, жек көрген пендесін жек көрудің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткізді.
⠀
Ал біз ше? Біреуді атақ-дәрежесі, байлығы үшін жақсы көріп, Алла тағала үшін жақсы көруді ұмытып кеткен жоқпыз ба?
⠀
Ғибратты әңгімелер жинақталған Құдайберді Бағашардың мына кітабының электронды нұсқасын телеграм каналыма жіберіп қойдым 😊
⠀
#кітаптан_қазына
#marfu_reads
#марфуғадан_кітап📚
#marfu_bookblogger
#ҚұдайбердіБағашар
#Тағлымтаразысы
"Мен қалай орамал тақтым?" атты жобамның алғашқы қонағы - Ару. Журналист, блогер Арудың орамал тағу хикаясын көргілеріңіз келсе, сілтемеге өтіңіздер 😊 Әбден күліп, бір жасап қалатындарыңызға сөз берем 😆 https://www.youtube.com/watch?v=4O_b76iiXQI
Басында оразаға қатысты күнде влог түсірем, күніміздің қалай өткенін, қандай әсерде болғанымызды, қалай ауызашарға барғанымызды, жаңадан не үйренгенімді, не оқығанымды түсірем деп ойлағам. Шетелдік небір мусульманкаларды қараймын. Олар Рамазанға деп бұрқыратып влогтар түсіріп жатыр. Ал біздің қазақи аудитория оның бәрін онша қабылдай алмайтын сияқты ма, қалай... "Неге тамақ саласың?", "кафеге барсаң, неге үйде ауыз ашпайсың?", одан қалса, жеке басыңа тиісіп, "қыз деген сөйтіп жүре ме, бүйтіп жүре ме деп..." Негативтен кәдімгідей жүрегім ауырып жүрді біраз. Сосын есімді жинадым да, қайта түсіруді бастадым 😊 Ешкімнің сөзіне қарамаймын деп шештім, қысқасы 😊 Мені қолдайтындардың көп екенін білем, өйткені 😘 Солай ғой?

https://www.youtube.com/watch?v=AqIjNCHUCZQ
​​#1жылда100кітап Гайдары

РЭНДА АБДЕЛЬ-ФАТТАХ. "Я ЧТО ВЫГЛЯЖУ КАК С МАРСА" 📚

Бұрын мән бермеген шығармыз, ал қазір орамалда жүргеннен кейін орамалды қыздардың оқиғасы туралы оқығымыз келіп тұрады. Сондықтан болар, құрбымның үйінен мына кітапты көре сала оқуға құмарттым.

🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:

Бұл Амал атты австралиялық қыздың мектепте орамал тағу оқиғасын баяндайтын кітап. Амал қарапайым ғана 16 жасар жасөпірім қыз еді. Ата-анасының шыққан тегі Палестина, Мысыр арабтарынан болса керек. Өздері барынша Ислам дінін ұстанатын отбасы болатын. Бір күні Амал ойда жоқта орамал тағу туралы шешім қабылдайды. Мұндай шешімді тіпті одан ата-анасы да күтпеген еді.

Оқиға ары қарай мектепте өрбиді. Амалға алғашқы күні мектептің өзіне орамал тағып бару оңайға соқпаған еді. Ішінен бірнеше рет толғанып, тіпті қағазға "Мені кім қалай қабылдайды?" деп тізім жасап, "Олардың алдына орамалмен шығу тыржалаңаш шыққаным сияқты ғой деп қобалжып, қорқып барады. Амалдың осы толғаныстары туралы оқығанда өзімнің де алғаш орамал таққан кезім есіме келді. Жазушы мұсылман қыздың ішкі тебіреністерін жақсы суреттеген. Бір кездердегі өзіңді танып отырасың. Ары қарай кітапта Амалдың мектеп директорының орамалға қарсылығы, құрбыларының көзқарасы, өзі ұнатып жүрген жігіттің пікірі, бәрі бәрі шебер суреттеледі.

Маған автор кітабында Амал арқылы барлық орамалды қыздардың жай-күйін сипаттап отырғандай көрінді. Олардың ортаға сіңіп кетуінің өзі оңай еместігін көрсеткендей. Австралия секілді елде өмір сүріп, өзінің діни амалдарына барынша беріктік танытқан Амалдың әрекеті сүйсінтпей қоймайды. Бұл орамалға қатысты түрлі сынақтарды басынан кешіріп жүрген әпке-сіңлілерімізге мотивация беретін кітап десе де болады ☺

🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
6/10 Тілі қатты жеңіл деуге келмес, іш пыстыратын да тұстары бар. Сондықтан осылай бағаладым.

🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Электронды нұсқасын әдеттегідей менің телеграм каналыма жіберіп қоямын. Каналымның сілтемесі профильде.



#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#Марфуғадан_кітап📚;
#МарфуғаШапиян
#кітап #книги #book
#bookblogger
#РэндаАбдельФаттах
#Ячтовыгляжукаксмарса
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Менен Құран туралы сұрап жүргендерге. Мынау расында күшті кітап 😊
Аида мектепті орамалмен бітірген. Және жәй бітіріп қоймай, алтын белгіні сол кездегі қала әкімі Ахметжан Есімовтың қолынан алған. Мектепте кездескен қиыншылықтары туралы видеодан көріңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=JjSyIzaVxzQ