⠀
#Мен_оқыған_кітаптар хэштегімен оқыған кітаптарым туралы жаңа айдарымды бастаймын 😊
⠀
📚 ДЖОН КЕХО. "ПОДСОЗНАНИЕ МОЖЕТ ВСЕ"
⠀
Белгілі канадалық жазушы Джон Кехоның бұл кітабын бұрынырақ бір оқыған ем, былтыр қайталап оқып шықтым. Өзіме ерекше ұнайтын кітаптардың бірі.
⠀
🌺НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Адам миының, түйсігінің, не ойлайтынының барлығы адам өміріне әсер ететіндігі айтылады. Содан да болар, жақсы ой, жақсы пікір, жақсы көзқарас адамды жақсы өмірге алып келеді. Автор болашағын жақсылықпен елестеткен адамның өмірі сондай болатынына сендіреді. Айналасынан бірер мысалдар келтіреді.
⠀
🌺БЕРЕТІН БАҒАМ:
10/10 Осы салада алғаш оқыған кітабым болғаннан кейін бе, қатты ұнаған болатын. Әрі өзі қысқа, артық сөзі жоқ.
⠀
🌺ҰНАТҚАН ЦИТАТАМ:
"Всегда осознавайте то, о чем думаете. Сегодняшние мысли создают ваше будущее".
⠀
🌺КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Электронды нұсқасы төменде 👇 Ал қағаз нұсқасын іздесеңіздер, интернет дүкендер көмекке келер.
⠀
Ойымызға ой қосатын кітапты ғана оқиық! 🤗
⠀
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#Марфуғадан_кітап📚
#МарфуғаШапиян #кітап #книги #book #bookblogger #книгоман #ДжонКеxо #Подсознаниеможетвсе

#Кітаптан_қазына деген жаңа айдар 😊
⠀
Ислам дінінде сыртқы тазалық өте маңызды, ал ішкі тазалық, яғни жүрек тазалығы одан да маңыздырақ. Құдайберді Бағашардың мына кітабында төмендегі жағымсыз қасиеттерден арылсаң, жүрек тазалығына жетесің дейді. Ендеше, мына жаман қасиеттерден құтылып, жүрегімізді тазартып көрейік ☺
⠀
☘Қызғаныш - басқаға бұйырған жақсылықты көре алмау, іштарлық жасау.
☘Ызақорлық, дұшпандық, кекшілдікке салыну. Бұл мінез қызғаныш пен өкпешілдікті қоздырады.
☘Тәкаппарлық - адамның өзін басқалардан жоғары санауынан туындаған менменшілдік қасиеті.
☘Өз-өзіне тәнті болу, сүйсіну - кісінің өзіне көңіл тоқтығынан туындайтын өзін-өзі асқақ санау сезімі.
☘Сараңдық - ешкімге ештеңе бергісі келмейтін дүниеқоңыздық.
☘Екіжүзділік - сырты бүтін болғанмен іші түтін келетін жағымсыз мінез.
☘Атақ-даңқ, мансапқұмарлық. Бұл – Хақ жолында аяққа тұсау болатын жаман мінездің бірі. Әрине, Алла тағала өз дінінің кемелденуі үшін атақ пен даңққа бөлеген жандардың жөні басқа.
☘Мақтанқұмарлық - ата-бабасымен, тегімен көпіріп мақтану. Бұл тыйым салынған жаман қасиет болып табылады.
☘Өкпешілдік - түкке тұрмайтын ұсақ-түйекке бола өкпелеу.
☘Ғайбат - естіген сәтте ренжитіндей біреудің мінін сыртынан сөз ету. Мұсылман бауырыңның дене бітімі, сөз сөйлеуі, іс-әрекеттері, ғибадаттары, күнделікті өмірі, киім-киіс, жүріс-тұрысы туралы артынан жағымсыз сөз айту ғайбат болып табылады.
☘Іріткі салушылық - адамдар арасын бүлдіру мақсатымен олардың арасына сөз тасу.
☘Өтірік - шындықты жасырып қалу не басқаша етіп жеткізу. Бұл – ең ауыр күнәлардың бірі.
☘Көп сөйлеу. Бұл да жағымсыз қасиеттердің бірі саналады. Себебі, күнәларды паш ету, өсек айту секілді көптеген харам немесе мәкрүхтердің жасалуына себепші болатын жағымсыз қасиет.
⠀
Егер сіз осы жағымсыз қасиеттерден ада болсаңыз, құттықтаймын, сіз жүрегі таза адамсыз! 🤗 Ал қалғандарымызға АЛЛА жүрек тазалығын нәсіп еткей!
Кітаптың электронды нұсқасы төменде 😊
⠀
#МарфуғаШапиян #Marfu_muslima #Marfu_reads #Marfu_bookblogger #Марфуғадан_кітап📚 #bookblogger #кітап #книги #book #исламдағытазалық #ҚүдайбердіБағашар #жүректазалығы

Қашайықшы барлық қиын сұрақтан,
қишы маған ұйқыңды.
Қарашы, анау балағынан кірі аққан
қала қандай сүйкімді!
⠀
Қашайықшы, айдалаға, адасып,
Ашайықшы басқа әлемнің есігін.
Ешкім бізді іздемесін жаны ашып,
Ешкім бізден сұрамасын кешірім...
⠀
Өтіп жатқан күніміздің көбі өлең –
Жылыстайық ақырын.
Ешкім бізге қарап тұрып төбеден,
Лақтырмасын ақылын.
⠀
Ешбір адам аямасын біздерді –
Сенгендері сатты деп.
Өшірейік бар азапты іздерді,
Басқаларға бақ тілеп.
⠀
Қашайықшы, Құдай үшін, ерінбе.
Жүріп тұр ма көлігің?
Әлде мені құтқаруға сенің де,
Шаппай тұр ма көңілің?! 😊
⠀
📖 - Керемет! Поэзияны жақсы көрем!
😏 - Өлеңге онша жоқпын енді)
#кітаптан_қазына
#marfu_reads #marfu_bookblogger #марфуғадан_кітап📚 #кітап #өлең #поэзия #ГүлнәрСалықбай #book #книга #bookblogger

#1жылда100кітап Гайдары
ХЕЛЕН АНДЕЛИН. ОЧАРОВАНИЕ ЖЕНСТВЕННОСТИ 📚
Кітаптың атауы бірден ұнады. Содан болар оқуға құмарттым. Үмітім алдамаған екен. Қыздар, егер бұрын оқымаған болсаңыздар, кітапты барлығыңызға оқуға кеңес беремін. Бұл бір тамаша кітап! Өзін сонау 1963 жылы америкалық үй шаруасындағы қарапайым әйел Хелен Анделин жазған. Жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, кітап маңызын жоғалтпаған, миллиондаған тиражбен таралған, әлі де үлкен сұранысқа ие.
🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Бұл - әйел затын бақытты, сүйікті болуға үйрететін кітап.
Хелен Анделиннің өзі - күйеуімен бір шаңырақ астында 50 жылдан астам уақыт тұрып, 8 бала тәрбиелеген бақытты әйел. Ол мансап қуған жоқ, бақытын сырттан іздеген жоқ, атақтың артынан да ұмтылмады. Жәй ғана күйеуінің жағдайын жасап, балаларын тәрбиеледі, айналасына мейірім шуағын шашты. Ал қалған дүние авторға өзі келді. Көп кітаптар оқып, өзін үнемі жетілдіріп отырған ана бір күні айналасындағыларға өз тәжірибесін, бастан өткергендерін айтып, кітап жазды. Ал ол бестселлерге айналды.
Егер сіз отбасыңыздың қандай да бір мәселелерін шеше алмай жүрсеңіз, осы кітапты оқыңыз. Егер сіздің күйеуіңізбен арада түсініспеушіліктер көбейіп кетсе, осы кітапты оқыңыз. Егер сізге бала тәрбиесіне қатысты кеңестер керек болса, тағы да осы кітапты оқыңыз. Күйеуіңіздің сізге деген сүйіспеншілігі азайып кеткендей көрінсе де, осы кітапқа иек артыңыз. Бүкіл мәселеңізді шешіп тастамаса да, біршама көмектеседі деген ойдамын. Тұрмысқа шықпаған, отбасын құруға дайындалып жүрген ару болсаңыз да осы кітапты оқып алсаңыз, айтарлықтай пайдасы тиер еді деп есептеймін :]
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
10/10 Ең жоғары бағаны бергеніме қарап ақ, кітаптың қаншалықты ұнағанын бағамдай беріңіз. Өйткені бітіре сала, қайта оқып шығуды тағы бір ойлап қойдым. Мұнда айтылған дүниелерді бойға сіңірмей болмайды. Интернеттен орыс әйелдерінің жазған пікірлерін оқып, бір күліп алдым. Олардың ішінде кітапты ұнатқандар да бар, керісінше "Бұл кітап әйелді ер адамға қызмет етуге шақырады, әйелдің бағасын түсіреді" деген секілді айқайлаған пікірлер де кездеседі екен. Ал маған кітап Ислам құндылықтарын насихаттай отырып жазылғандай көрінді. Өйткені біздің ер адамдарымыз ең үлкен құрметке лайық емес пе, иә, қыздар? ;] Оларға қызмет ете жүріп біз де өз бақытымызды, орнымызды табамыз ғой! Әсіресе, қазақ жігіттерін барлық мәртебеге лайық деп есептеймін.
🌺 ҰНАТҚАН ЦИТАТАМ:
🍀 Кого мы должны менять, так это самих себя.
🍀 Не нужно рассматривать никого под микроскопом.
🍀 Чтобы найти радость в работе, делайте ее хорошо.
🍀 Хорошие советчики - это люди, всегда мыслящие позитивно.
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Электронды нұсқасы әдеттегідей 👇 . Қағаз нұсқасын маған осы кітапты сыйлаған @nazerke_ghani парақшасынан тапсырыс беріп, сатып ала аласыздар. Бұл кітаптың әр қызда қайталап оқып тұру үшін қағаз нұсқасы тұруы керек деп ойлаймын.
Ойымызға ой қосатын кітапты ғана оқиық! Кітапқа байланысты #сіздергесұрақ: Әйел адам отбасында қайтсе бақытты болады? Қалай ойлайсыздар?
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#Марфуғадан_кітап📚
#МарфуғаШапиян
#кітап #книги #book
#bookblogger
#ХеленАнделин
#Очарованиеженственности

#мен_оқыған_кітаптар
КОБО АБЭ. "ЖЕНЩИНА В ПЕСКАХ" 📚
Жапоншасын қайдам, бірақ орысша «Женщина в песках» дегеннен гөрі «Құм құрсауындағы әйел» деген тақырып адамды өзіне ынтықтыра түседі екен. Кітапты бастамас бұрын ұзақ ойландым… Құмда жүрген бұл не әйел екен, адасып кетті ме екен… әлде… қысқасы түрлі ойлар келді. Ал шығарма біткеннен кейін сәтті қойылған тақырыпқа еріксіз риза болдым.
🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Өзім жаңадан танысқан Кобо Абэнің жазушылық шеберлігіне тәнтімін. «Құм құрсауындағы әйел» адамның ойына келмейтін сюжеттермен өріледі. Ники Дзюмпэй атты 31 жастағы мұғалім, этномолог, бір жұмбақ жәндікті іздеп жүріп, теңіз жағалауындағы құм ішінде орналасқан ауылға кез болады. Түнеп шығуға үй сұраған соң, бір шал оны үлкен шұңқыр түбіндегі үйге арқан саты арқылы түсіреді. Жалғыз үйдің тұрғыны күйеуі мен қызы құм көшкінінен қайтыс болған жалғызбасты әйел екен. Құм жөніндегі «әйелдің сауатсыздығына қорланған» Ники оған, оның тұрмысына жоғарыдан қарап, менсініңкіремей отырады. Бір түнеп шығып кетем деп ойлайды. Көкірекке орнаған қайран менмендік! Ертеңіне арқан сатының жоғаларын, өркениеттен ауылы алыс сол бір үйшікте, сол бір шұңқырда, өзі «сауатсыз» санаған әйелдің жанында мәңгілікке қалып қоятынын Ники байғұс сол сәтте білді дейсіздер ме?! Білген жоқ. Романды оқып отырған мен де білген жоқ едім, жоқ білдім ғой (роман басында Ники Дзюмпэй атты мұғалімнің із-түссіз жоғалғаны, арада 7 жыл өткеннен кейін табылмаған соң, өлдіге саналғаны айтылады), дұрысы сенген жоқ едім. Қалай сенемін?!
Таңертең ұйқысынан оянып, қайтуға жиналған Ники арқан сатынының жоғалғанын көргенде жанында мен де болдым ғой. Шұңқырдан шықпақ болып, қанша тыраштанса да, сусылдаған құмның сырғытып оны үйдің жанына әкеліп тастағанын оқығанда, оған тілекші болған едім ғой. Киімдерін қиып, арқан жасап, шұңқырдан қашып шығып, ауыл адамдары қайта ұстап әкелгенде, онымен бірге менің де жүрегім ауырған еді… Сөйткен адамның сол шұңқырда мәңгілікке қалып қоятынына қалай сенейін. Бірақ Ники қалып қойды… Күнде үнсіз, көнгіш әйелді құм ішіндегі өмірін тастауға үгіттеуші еді. Бірақ ол әйел басқа өмірге ұмтылмайтын да… Сөйткен әйелдің жанында қалды… Роман соңын жазушы тамаша аяқтаған.
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
10/10 Автор әлемдік мәселені көтереді. Адамның өмір сүрудегі мәні неде? Әйел сияқты көндігіп, өз шұңқырымызда өмір сүре береміз бе? Жоқ, Ники секілді күресіп көруіміз керек пе екен? Не істейміз достар, күрессек пе екен, көнсек пе екен?
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Электронды нұсқасы әдеттегідей төменде. Қағаз нұсқасын еліміздегі кез келген кітап дүкенінен табасыз деп ойлаймын.
Ойымызға ой қосатын кітапты ғана оқиық! Кітапқа байланысты #сіздергесұрақ: Адам қамауда бақытты бола ала ма?
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#Марфуғадан_кітап📚;;
#МарфуғаШапиян
#кітап #книги #book
#bookblogger
#КобоАбэ
#Женщинавпесках

РЭНДА АБДЕЛЬ-ФАТТАХ. "Я ЧТО ВЫГЛЯЖУ КАК С МАРСА" 📚
Бұрын мән бермеген шығармыз, ал қазір орамалда жүргеннен кейін орамалды қыздардың оқиғасы туралы оқығымыз келіп тұрады. Сондықтан болар, құрбымның үйінен мына кітапты көре сала оқуға құмарттым.
🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Бұл Амал атты австралиялық қыздың мектепте орамал тағу оқиғасын баяндайтын кітап. Амал қарапайым ғана 16 жасар жасөпірім қыз еді. Ата-анасының шыққан тегі Палестина, Мысыр арабтарынан болса керек. Өздері барынша Ислам дінін ұстанатын отбасы болатын. Бір күні Амал ойда жоқта орамал тағу туралы шешім қабылдайды. Мұндай шешімді тіпті одан ата-анасы да күтпеген еді.
Оқиға ары қарай мектепте өрбиді. Амалға алғашқы күні мектептің өзіне орамал тағып бару оңайға соқпаған еді. Ішінен бірнеше рет толғанып, тіпті қағазға "Мені кім қалай қабылдайды?" деп тізім жасап, "Олардың алдына орамалмен шығу тыржалаңаш шыққаным сияқты ғой деп қобалжып, қорқып барады. Амалдың осы толғаныстары туралы оқығанда өзімнің де алғаш орамал таққан кезім есіме келді. Жазушы мұсылман қыздың ішкі тебіреністерін жақсы суреттеген. Бір кездердегі өзіңді танып отырасың. Ары қарай кітапта Амалдың мектеп директорының орамалға қарсылығы, құрбыларының көзқарасы, өзі ұнатып жүрген жігіттің пікірі, бәрі бәрі шебер суреттеледі.
Маған автор кітабында Амал арқылы барлық орамалды қыздардың жай-күйін сипаттап отырғандай көрінді. Олардың ортаға сіңіп кетуінің өзі оңай еместігін көрсеткендей. Австралия секілді елде өмір сүріп, өзінің діни амалдарына барынша беріктік танытқан Амалдың әрекеті сүйсінтпей қоймайды. Бұл орамалға қатысты түрлі сынақтарды басынан кешіріп жүрген әпке-сіңлілерімізге мотивация беретін кітап десе де болады ☺
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
6/10 Тілі қатты жеңіл деуге келмес, іш пыстыратын да тұстары бар. Сондықтан осылай бағаладым.
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Электронды нұсқасын әдеттегідей менің телеграм каналыма жіберіп қоямын. Каналымның сілтемесі профильде.
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#Марфуғадан_кітап📚;
#МарфуғаШапиян
#кітап #книги #book
#bookblogger
#РэндаАбдельФаттах
#Ячтовыгляжукаксмарса

#1жылда100кітап айдары
Эрик Бертран Ларссен "НА ПРЕДЕЛЕ. НЕДЕЛЯ БЕЗ ЖАЛОСТИ К СЕБЕ"📚
Кейде босаңсып кеткенде осындай кітаптар оқитыным бар. Сонда кәдімгідей бір жиналып алуға көмектеседі. Яғни, келесі босаңсығанға дейін 😉
🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Эрик Бертран Ларссон - норвегиялық белгілі тренер. Өзі кезінде әуе-десанттық әскерінде қызмет еткен. Бестселлер кітаптардың авторы. Ал дәл осы кітаптың негізгі ойы "тозақ апта" өткізіп, өз мүмкіндігің мен күшіңді байқап көр" дегенге саяды. Яғни бір апта бойы әлеуметтік желіден, зиянды тамақтан, бос уақыт өткізуден, бәрінен тыйылып, тек темірдей жоспармен өмір сүресің. Ерте тұрып, ерте жатасың. Сонда нағыз шамаңның мүмкіндігін көресің дейді. Тіпті күшіңнің өзің ойлағаннан да көп нәрсеге жететінін білесің деп сендіреді.
Аптаның әр күнінде не істеу туралы кеңес береді. Кови, Трейси секілді мотивация гуруларына сілтеме жасайды. Алуға болатын біраз нәрсе бар енді.
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
6/10 Ютубтан қарасам, осы "тозақ аптаны" өткізіп, оны видеоға түсіріп, бір бірін осы бастамаға шақырып жатқан қауым баршылық екен. Маған оқыған сәтте белгілі бір деңгейде әсер еткенімен, ондай апта өткізуді қажет деп таппадым. Mүмкін сіздер өткізіп көрерсіздер? 😆
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Электронды нұсқасын әдеттегідей төменде 😊
Ойымызға ой қосатын кітапты ғана оқиық! Кітапқа байланысты #сіздергесұрақ: Сіздер мотивацияны қайдан аласыздар?
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#Марфуғадан_кітап📚;;
#МарфуғаШапиян
#кітап #книги #book
#bookblogger
#ЭрикБертранЛарссен
#Напределенеделябезжалостиксебе:

📚 ПОЛ КАЛАНИТИ. "КОГДА ДЫХАНИЕ РАССТВОРЯЕТСЯ В ВОЗДУХЕ"
⠀
Бұл менің есіме өлімді түсірген кітап. Әдетте өлім туралы ойласақ, неге екенін бойды қорқыныш, үрей билейді ғой. Ал бұл кітапты оқығаннан кейін Полдың өлімге деген көзқарасынан ба, өлім маған соншалықты қорқынышты көрінбеді. Өлім тым жақын, жақын да болса алыс секілді...
⠀
🌺НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Бұл белгілі нейроxирург Пол Каланитидің өмірбаянына арқау болған кітап. Әдетте дәрігерлерді ауырмайтындай көреміз ғой. Ал дәрігерлердің өздері ауырса ше? Кітапта дәрігердің ішкі толғаныстары, жаман ауруды қалай қарсы алғаны, онымен қалай күрескені, өзін дәрігердің емес, пациенттің орнында қалай сезінгені суреттеледі. Бұл кітап маған өмірді қадірлеуді үйреткендей... Соңында ағыл-тегіл жылағаным бөлек әңгіме.
⠀
🌺БЕРЕТІН БАҒАМ:
9/10 Кітаптың тілі жеңіл. Бір деммен оқылады. Әсерлі. Оқыған адамның өкінбесі анық.
⠀
🌺КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Электронды нұсқасын менің телеграм каналымнан табасыздар. Ал қағаз нұсқасын іздесеңіздер, интернет дүкендер көмекке келер.
⠀
Ойымызға ой қосатын кітапты ғана оқиық! 🤗
⠀
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#Марфуғадан_кітап📚
#1жылда100кітап
#МарфуғаШапиян #кітап #книги #book #bookblogger #книгоман #полкаланити #когдадыханиерастворяетсяввоздухе

#1жылда100кітап айдары:
БАҚҚОЖА МҰҚАИ. "ӨМІРЗАЯ" 📚
«Өмірзая» – ұзақ толғаныспен жазылған, жазушыға Мемлекеттік сыйлық әкелген роман. «Өмірзаяға» Мұхтар Мағауин: «Танымал жазушы Баққожа Мұқаидың «Өмірзая» романы осы құлдық сана, рухтың жаншылуы турасында. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа серпін, соны құбылыс дер едік. Әдетте, жадағай сын әлдебір шығарманы көтергісі келсе, қызғылықты, жеңіл оқылады, тартып әкетеді деп көрсетеді. Баққожа романының тартып әкететіні рас. Бірақ өте ауыр оқылады. Мен тура бір аптада әрең бітірдім», – деп баға береді.
🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Автор «Өмірзаяға» үлкен дайындықпен келген секілді. Ол «Өмірзая» арқылы халқының бір ғасырлық қасірет-мұңын көрсеткісі келді.
«Өмірзая» маған талай аласапыраннан өтіп, ардақтыларынан айырылған халықтың кеудесіне тығылған өксіктің сыртқа шығуы сияқты елестейді кейде. Енді бірде бас кейіпкер, тарих ғылымының кандидаты Аяғанның прототипі Кенесерыны жазамын деп 25 жыл арқалап, Сібірге айдалып кеткен аяулы тарихшымыз Ермұхан Бекмаханов секілді көрінеді. Өйткені, екеуі де тарихшы, екеуі де тарих беттеріне Кенесарының атын жазамыз деп аласұрды, сол үшін таяқ жеді, түрмеге отырды.
Бірақ белгілі сыншы Ә.Меңдеке Аяғанның тұлғасынан Алаш зиялыларының прототипін көреді. Меніңше де солай, «Өмірзаядағы» бас кейіпкер Аяған Қуатұлының прототипі бір адам ғана емес. Ол – қылышынан қан тамған Кеңес саясатының құрбанына айналған барлық боздақтарымыздың жиынтық образы. Сондықтан «Өмірзаяның» кейіпкерлерін алыстан іздеудің қажеті жоқ. Ол – біздің өткеніміз. Мүмкін, «Өмірзая» қасірет пен қайғыға толы трагедиялық роман шығар. Бірақ, Ж.Нұрғожаевтың тілімен айтсақ. «Өмірзая» – Кеңес қоғамының күйреуі. Тәуелсіздіктің жақын қалғанын сүйіншісі.
«Халық болашағы үшін құрбан болғандар үшін бәрібір кітап жазамын» деген Аяған кейіпкерінің сөзі Баққожа Мұқаидың өзіне берген уәдесіндей.
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
10/10 Тәуелсіздік жылдары қазақ әдебиетіне қосылған теңдессіз туынды деп білемін.
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Төменде жіберіп қоямын.
#marfu_reads #marfu_bookblogger #Марфуғадан_кітап📚
#кітап #книги #book #bookblogger #БаққожаМұқаи #Өмірзая

Сүйінші! Өткеннен айтып жүрген Хэл Элродтың "Магия утра" кітабының саммариі дайын болды. Яғни, қысқаша мазмұны, былайша айтқанда қаймағы.
Әлі есімде, бұл кітапты құрбым @kazakkyzy "Сен ерте тұрасың ғой. Осы кітапты оқып көрші" деп ұсынғанда, оқып шығып, онша ұната қоймағанмын. Өйткені, өзім ерте тұратын болғаннан кейін кітапқа қажеттілік жоқтай көрінді. Әрі ішіндегі қайталаулары жынымды келтірді. Арада біраз уақыт өткенде бұл кітапқа қайта оралам деген ой түсіме кірмеген.
Сөйтсем, ерте тұра алмайтындарға бұл кітап таптырмас нұсқаулық екен. Әлемде бестселлерге айналып жүргені де содан екен ғой. Қазір мен де бұрынғыдай емес, онша ерте тұра алмаймын. Кітапты қайта оқығанда мұндағы кеңестердің құндылығын түсіндім.
Бір сөйлескенімізде @dzhigitbek Данияр Жігітбектің "Көп нәрсеге үлгеретініңіз, ерте тұратындығыңыздан деп ойлаймын" дегені есімде. Қазір ойлап қарасам, Даниярдың сөзінің жаны бар екен. Ерте тұратын кезімде біраз нәрсеге үлгеріппін.
Жалпы, таңғы уақыттың берекесі туралы дінімізде де айтылады ғой. Таң намазынан кейін ұйықтамаған дұрыс екені, сүннет бойынша күн көтеріліп келе жатқанда ұйықтауға болмайтыны, ерте тұратын адамның ризығы көп болатыны. Бәрін білсек те, амалымыз сәйкес еместігі қандай жаман!
Саммариді дәл осы кітаптан бастауым да, сондықтан. Ерте тұру әдетімді қайта жандандырғым келеді. Әрі пайдалы дүниені сіздермен бөлісуді ойладым. Өйткені, бұл кітапты толық оқып шығуға уақытыңыз жоқ болуы мүмкін. Ал мен сіздерге қысқа нұсқасын дайындадым. Кітаптан керегіңізді алыңыз да, өміріңізге енгізіп, пайдаға асыра беріңіз.
Саммари-кітап бағасы - 990 теңге. Жүктеп алу үшін сілтеме http://marfu.kz/ Айтпақшы, кітаптың толық нұсқасын да телеграм каналыма жіберіп қоямын. Қайсысын оқимын дейсіздер, таңдау өздеріңізде.
Ерте тұрайық! Жаңа жылдан жақсы әдеттер қалыптастырайық. Бірге дамып, бірге өзгерейік!
#marfu_reads #marfu_bookblogger #Марфуғадан_кітап📚 #МарфуғаШапиян #кітап #книги #book #bookblogger #қазақшасаммари #саммари #магияутра #хэлэлрод

❤1