Вконтактедегі парақшамда кітапxанамдағы кітаптарымның біріне ұтыс ойынын ойнатқанмын ғой. Жақында жеңімпаз анықталып, жаңа поштаға барып Тұрысбек Сәукетаевтың " Мен жындымын" кітабын салып жібердім. Танымайтын адамыңа кітап сыйласаң күшті ғой, иә ☺️ Енді ойланып отырмын. Бәрібір кітапxанамда кітап көп. Өзім бітірген соң бостан-босқа тұрғанша жұрт оқыса жақсы емес пе? Инстаграмда да осылай бәйге ұйымдастырып, салып тұрсам, қатысар ма едіңіздер?
👍 - қатысамын, кітап ұтып алсам күшті болар еді!
👎 - қызық емес қой.

Достар! Ютуб каналымды жаңартуды қолға алатынымды алдында ғана айтып едім ғой. Міне, қыстың алғашқы күнінде 4 айдан астам уақыт үзіліп қалған видеоны салуды қайта бастадым.
Енді каналымды бұрынғыдай тек кітап емес, 3 бағытта дамытпақпын 😊 Олар: дін, саяxат, кітап. Өйткені, өзім орамалда болғаннан кейін бе, діни сұрақтар жиі қойылады. Ондай сұрақтарға өз тәжірибемнен жауап беріп көрмекпін. Негізінен қыз-келіншектерге арналады. Орамал, намаз, иман көтеру мәселелері сөз болады, Алла қаласа!
Сұрақтарыңыз бен каналымды жақсартуға ұсыныстарыңыз болса қабыл алуға әзірмін ☺
https://www.youtube.com/watch?v=v8NkKm30A6I

YouTube
Намазды қалай тез бастауға болады? / Намаз туралы // Марфуға ШАПИЯН
Намазды қалай тез үйренуге болады, намаз туралы, намаз үйрену үшін не керек, неден бастау керек, намаз жайында ойда жүрген мәселелер, намазға қатысты сұрақтарға жауапты осы видеодан ала аласыз.
Намаз, дұға оқу, аят жаттау, намаз үйрену, намаз бастау жөнінде…

ӨЗБЕКСТАНҒА 2000 ТЕҢГЕМЕН ҚАЛАЙ ЖЕТТІМ?
Өзбекстан - Орта Азиядағы туристер ең көп баратын мемлекет. Өйткені, мұнда Хиуа, Үргеніш, Самарқан секілді тарихи қалалар мен Ташкент сияқты көрікті шаһарлар, орта ғасырлардан қалған мешіттер мен қамалдар өте көп. Бір көруге әбден тұратын жер. Менен ол жаққа бару билеттерін, басқасын көп сұрайды.Видео арқылы сұрақтарыңызға жауап беруді бастадым.
Сіздер де бар болғаны 2000 теңгемен Өзбекстанға бара аласыздар. Қалай екенін төмендегі сілтемеге өтіп, видеодан қараңыздар 😊
https://www.youtube.com/watch?v=l3Tu7gkE-1I

Өзбекстанға 2000 теңгемен қалай жеттім? // Марфуға ШАПИЯН саяхаты
Менің жаңа каналым: https://goo.gl/1r5aSY
Өзбекстан - Орта Азиядағы туристер ең көп баратын мемлекет. Өйткені, мұнда Хиуа, Үргеніш, Самарқан секілді тарихи қалалар мен Ташкент сияқты көрікті шаһарлар, орта ғасырлардан қалған мешіттер мен қамалдар өте көп.…

Ұлт ұстазына айналған, өмірбойы ұйқыдағы халқын «Маса» боп ызыңдап оятуды көздеген, «қазаққа қазақты сүюді үйреткен» Ахмет Байтұрсынұлының халқы үшін еткен қызметі шаш етектен. Ол – ақын, ол – қоғам қайраткері, ол – қазақтың тұңғыш әдебиет теоретигі, лингвист, ағартушы-ғалым...
Ол – Алаш көшбасшыларының бірі. Ол қазақ үшін бес рет түрмеге түсіп: «Асықпаңдар! Артымызда қазы бар...» деп, соңында атылып кете барған асыл боздақ. Оның өмір жолын, жасаған қызметін білу, бағалау – біздер үшін парыз.
Мен қаншама Алаш қайраткерлері, ұлт үшін қызмет еткен боздақтардың өмірбаянын оқыдым, жақын таныстым ғой. Солардың бір де біреуісі Ахметтей мінсіз өмір сүрген жоқ. Ахметтің өмір жолына қараймын да сүйсінемін.
Бүгін сіздерге ұлт ұстазының үш кітабын ұсынбақпын 😊

Әбдіжәміл Нұрпейісов Әбіш Кекілбаевтың маңдайынан сүйіп жатыр. Қос жазушының бір-біріне құрметі. Осы сурет қатты ұнайды. Әдемі, иә?!
Әбіш Кекілбаевтың бүгінгі туған күнінің құрметіне өзімде бар кітаптарының электронды нұсқаларын құдды қағаз кітабын сыйлап жатқандай жан-жаққа таратып отырмын 😁
Тоғыз туындысы бар екен. Қабыл алыңыздар!

Бес уақыт намаздың құлды Жаратушысына жақындататын құлшылық қана емес, сондай-ақ, оның саулығын түзеп, сырқатынан сауықтыратын іс-әрекет екендігін сенімді түрде айта аламыз. Намаздың адам өміріне араша болғандығы жайлы әртүрлі жағдаяттарды да жиі естіп жатамыз. Бұл, сірә – Алланың құдіреті.
Осы видеомда бес уақыт намазын үзбей оқып жүрген адамның денсаулығына намаз қалай әсер ететініне тоқталдым. Расымен, намаз көптеген ауруға да ем. Оны видеодан қараңыздар ☺
https://www.youtube.com/watch?v=C-ePvGkSgwA

Намаз қандай аурулардан айықтырады? / Намаз пайдасы // Марфуға ШАПИЯН
Менің жаңа каналым: https://goo.gl/1r5aSY
Бес уақыт намаздың құлды Жаратушысына жақындататын құлшылық қана емес, сондай-ақ, оның саулығын түзеп, сырқатынан сауықтыратын іс-әрекет екендігін сенімді түрде айта аламыз. Намаздың адам өміріне араша болғандығы…

Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының атылған күні.
Ұлт ұстазына айналған, өмірбойы ұйқыдағы халқын «Маса» боп ызыңдап оятуды көздеген, «қазаққа қазақты сүюді үйреткен» Ахмет Байтұрсынұлының халқы үшін еткен қызметі шаш етектен. Ол – ақын, ол – қоғам қайраткері, ол – қазақтың тұңғыш әдебиет теоретигі, лингвист, ағартушы-ғалым...
Ол – Алаш көшбасшыларының бірі. Ол қазақ үшін бес рет түрмеге түсіп: «Асықпаңдар! Артымызда қазы бар...» деп, соңында атылып кете барған асыл боздақ. Оның өмір жолын, жасаған қызметін білу, бағалау – біздер үшін парыз. http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/qazaqqa-qazaqty-suyudin-ulgisin-korsetken-ahmet-baitursynuly-411/#gsc.tab=0

Islam.kz
Қазаққа қазақты сүюдің үлгісін көрсеткен Ахмет Байтұрсынұлы / Марфуға ШАПИЯН
Ұлт ұстазына айналған, өмірбойы ұйқыдағы халқын «Маса» боп ызыңдап оятуды көздеген, «қазаққа қазақты сүюді үйреткен» Ахмет Байтұрсынұлының халқы үшін еткен қызметі шаш етектен. Ол – ақын, ол – қоғам қайраткері, ол – қазақтың тұңғыш әдебиет теоретигі, лингвист…
Құрбыларым Самарқандағы Регистанды аралауға кіріп кеткенде "Екі рет көрдім ғой. Қайта-қайта көре берем бе? Сыртта күте тұрайын" деп орындыққа жайғаса кеткенмін. Сөйтсем олар қайтып келе жатып, мынандай сурет түсіріп алыпты☺️ Кітапқа беріліп кеткен түр жасап отырмын, әйтеу)
Сөйтіп, жақында қайталап оқыған кітабым Аид Аль-Карнидің "Не грусти" атты туындысы. Онда БАҚЫТҚА ЖЕТУДІҢ мынадай жолдарын айтады. Қойын дәптеріме түртіп алған дүниелерді сіздермен де бөлісіп қояйын 😊
1. Құдайға деген сенім мен ізгі істер - бақыттың кілті. Соған қол жеткізуге тырыс.
2. Пайдалы ілім алып, көп оқы. Сонда қайғы-мұң саған жоламайды.
3. Алладан жиі кешірім сұра, Ол тыйған нәрселерден тыйыл.
4. Құранды жиі оқы, оның аяттарын ой-таразыңа сал, Алланы жиі есіңе ал.
5. Адамдарға көп жақсылық жаса, сонда өзіңді бақытты сезінесің.
6. Батылдық адамға қуаныш пен бақыт, сенімділік әкеледі. Батыл бол.
7. Жүрегіңді жеккөрушілік, қызғаныш секілді жаман қасиеттерден тазарт.
8. Артық дүние адамды жолынан тайдырады. Тамақтың да, сусынның да, адамдармен араласудың да шамадан тыс артық мөлшерінен сақтан.
9. Бүгінгі күнмен өмір сүр. Өткенің мен болашағыңды ойлап, көп уақытыңды жоғалтпа.
10. Өнімді де пайдалы еңбек саған қайғы-мұңды ұмыттырады.
11. Әдемілікте, байлықта, денсаулықта өзіңнен төмендегілерге қарап, ғибрат ал.
12. Жаман ойлар мен жауыз әрекеттерден аулақ бол.
13. Кектенбе, кешіріп үйрен.
14. Көңіліңе кірбің ұяласа, өзіңе, айналаңа қандай пайда тигізе алатының жайлы ойлан.
15. Кез-келген істі ерекше ерік-жігермен баста. Бүгін істеуге болатын істі ертеңге қалдырма.
16. Өзіңнің денсаулығыңа көңіл бөл. Сау денеде - сау рух!
Автор бақытқа жетудің жолдарын осындай қарапайым қағидаларды орындаумен жетуге болатынын көрсетеді. Ал сіздіңше БАҚЫТТЫ болу үшін тағы не керек? Айтуға ұмытып барады екем, кітап тамаша! Оқуға кеңес беремін)
#Marfureads #МарфуғаШапиян #Самарқан #Регистан

Маған Өзбекстаннан келгеннен кейін ең көп қойылған сұрақ "Өзбекстанға орамалмен кіргізе ме?" деген болды. Сондықтан арнайы видео түсіріп, жауапты бірақ бере салайын деп ойладым)) Өзбекстанға қалай кірдім? Қандай кедергілерге кездестім? Ол туралы жаңа видеомда :) Көріңіздер!
https://www.youtube.com/watch?v=XN8P1uxx67Q

Өзбекстанға орамалмен, сақалмен кіргізе ме? // Марфуға ШАПИЯН
Менің жаңа каналым: https://goo.gl/1r5aSY Өзбекстанда дінге қысым бар ма? Өзбекстан мемлекеті мұсылмандарға қалай қарайды? Өзбекстанда орамал тағып жүру мүмк...
Жан-жағымыздың бәрі Жаңа жыл болып кетті ғой. Қайда қарасаң да шырша, жылтыраған әлем. Ал мұсылмандар оларға қарап әрі-сәрі күйде жүр. Негізі дұрысы қандай? Тойлауға бола ма, болмай ма? Ол туралы жаңа видеомда! Қарай отырыңыздар)
Ал сіздер ше? Жаңа жылды қалай өткізесіздер?
https://www.youtube.com/watch?v=qdAusjPEydg

Мұсылмандарға жаңа жыл тойлауға бола ма? / Жаңа жыл туралы // Марфуға ШАПИЯН
Жаңа жыл туралы көпшілігіміз біле бермейміз. Ол мейрам қайдан шықты, кімдер тойлаған еді және жаңа жылмен христиан дінінің қатысы бар ма, жаңа жыл мұсылманда...
#Марфуғаданкітап📚
Бүгін "Адамзаттың Айтматов" атанған қырғыздың ғажап жазушысы Шыңғыс Айтматовтың туған күні. Оның жазғандарын сүйіп оқимын. Шахановпен достығын құрметтеймін. Олардың бірігіп жазған "Құз басындағы аңшының зары" атты кітаптары күшті нәрсе ғой, айтыңдаршы!
Ал Айтматовтың "Шынарым менің шырайлым меніңін" оқымасаңыздар оқыңыздар, оқығыларыңыз келмесе, ең болмаса Алматыдағы Ғ.Мүсірепов театрынан "Қызыл орамалды шынарым" деген қойылымды көріңіздер. Өкінбестеріңіз анық.
Сосын "Жәмиләсі" мен "Боранды бекетін" оқымай болмайды. Айтматовты мүлде оқымаған жандар ең болмаса осы екі туындысын оқыса деймін. Сосын Айтматовтың шеберлігіне сүйсінбесеңіздер маған келіңіздер))
Ал сіздерге бүгін жазушының өз мұрағатымда бар төрт туындысын ұсынамын 😊

Пәкістандық дәрігер Ишан Хусейни медицина саласында жасаған ерен еңбегі үшін марапат алуға халықаралық бір конференцияға бара жатқан еді. Ұшаққа отырады. Бірақ ауа райы күрт өзгеріп, найзағай ойнағандықтан ұшақ ең жақын жердегі әуежайға қонуға мәжбүр болады. Бұдан кейінгі ұшақ 16 сағаттан соң ұшатын еді. Ызалы түрде: «Ол конференцияға міндетті түрде үлгеруім керек. 16 сағат күте алмаймын» дейді ашуға мінген дәрігер. Әуежай қызметкерлері баратын қаласы 6 сағаттық жерде екенін, қаласа машина жалдап бара алатынын айтты. Хусейни асығыс жолға шығады, бірақ қатты жаңбыр жолды көрсетпей, ақыры соңында селдің салдарынан көлік жолда жүре алмайтын жағдайға жетті. Дәрігер жолдың шетіндегі ескі бір үйдің есігін қағып, жылдам ішке кірді. Үйде картаң бір әйел отыр еді. Дәрігер асығыс түрде оған: «Телефоныңды бере тұршы, қоңырау шалуым керек», деген кезде әйел: «Балам-ау, көрмей тұрмысың? Бұл жерде телефон түгілі электр қуаты да жоқ. Келе ғой біраз демал, тамақ іш, шәй іш содан кейін ол жұмыстарыңды көре жатарсың», - дейді. Жігіт шарасыз түрде қартаң кісінің айтқандарына келісіп, біраз жылынып, тамақтанып болып шәй ішіп отырған уақытта әйел кісі намаз оқып, ұзаааақ дұға етіп, Аллаға жалбарынды. Хусейни назар салып қарап әйелдің бір бесікті тербетіп жатқанын және бесікте қимылсыз кішкентай нәрестенің жатқанын көрді. «Мұншалық жылап дұға қылардай не жағдай болды? Мынау кімнің баласы, апатай?" – деп сұрайды. Қартаң әйел: "Бұл – анасынан да, әкесінен де жетім қалған немерем. Ауыр дерті бар. Жақын маңайдағы ешбір дәрігер емін таба алмады. Ишан Хусейни деген дәрігер бар екен, емін тек сол біледі дейді. Бірақ ол өте алыста, оған жету үшін бірнеше күн жол жүру керек. Шарасыздан «Алла бұл сәбидің дертін жеңілдетіп, шипасын берсін» деп Аллаға дұға қылудамын. Сол сәттер дәрігер Хусейни көз жасына ерік берген еді, екі бетін жас жуған күйі: «Тұр апатайым. Алла сенің дұғаңды қабыл қылды. Сенің дұғаң көкте найзағай ойнатып, ұшақты жерге қондырды, аспаннан жаңбыр жауғызып, жер жүзін селге айналдырып, мені сізге алып келді» деген екен.
Алла құлдарына қалағанын осылайша береді. Бүкіл жолдар жабылып қалған болса да көктерді жаратқан Аллаға сыйын! Әр нәрсенің шешуі - дұға!
Жұма мүбәрак болсын! 😊

Тарихта ештеңе ұмытылмайды. Барлығы да халықтың есінде. Ұлт азаттығы жолындағы ерліктер де, ел алдындағы сатқындықтар да...
1986 жылдың Желтоқсан оқиғасы талай ел алдында жүрген ұлт зиялыларының сыналған тұсы болды. Сын сағатта ұлттың сөзінен гөрі қарақан бастың қамын ойлап, бұғып қалғандар да кездесті. Іш қайнап жатқанымен күресуге дәрмен таныта алмай, үнсіз қалғандар да болды. Қуантарлығы, аз да болса «Тұрысатын жеріңді айт» деп, позициясын ісімен де, сөзімен де ашық танытқандар бар еді. Міне, сондай жалынды ақынның бірі, Желтоқсанның қанды қырғынында Колбиннің алдында жастарды қорғап сөйлеп қана қоймай, «Мен – қазақпын!» деп ұран тастап, қаймықпай жыр жазған қазақ Жұбан Молдағалиев болатын.
Ақынның "Мен - қазақпыннан" басталатын жыр жинағын ұсынамын.

Тәуелсіздік мерекесін тойлаймыз деп, сіздерге видео салмай бірнеше күнді өткізіп алыппын ғой. Өздеріңіз орамал тағудың оңай жолдары жөнінде видео сұраған едіңіздер. Міне, сондықтан да, орамал тағуда өзім қолданатын ең оңай үш үлгіні ұсынып отырмын. Қабыл алыңыздар 😊
https://www.youtube.com/watch?v=FesbM9jhvsg
https://www.youtube.com/watch?v=FesbM9jhvsg
YouTube
Орамал тағудың ең оңай 3 тәсілі / Hijab tutorial // Марфуға ШАПИЯН
Менің жаңа каналым: https://goo.gl/1r5aSY
Орамал тарту – парыз. Әйел адамдардың орамал тартуы – ер кісілердің сақал өсіруінен де үлкен парыз. Орамал – мұсылман әйелдерге Жаратқанның сыйға тартқан ең қымбат сыйлығы. Оған қатысты қасиетті Құран Кәрімде бірнеше…

Бүгін, яғни желтоқсанның 24-ші жұлдызы көзі тірісінде аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлының туған күні.
Баукең ержүректігі тұрғысынан кешегі ел қорғаған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек сынды батырлардың заңды жалғасы секілді. Ал шыншылдығы мен ақиқатты ту еткен адалдығы, әділдігі тұрғысынан мұсылмандардың екінші халифі әділетті Омар ибн Хаттабқа (р.а.) ұқсайды.
“Өтіріктің балын жеп тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық” деген қанатты сөздерді айтып қана кетпей, оны өз өмірінің қағидасына айналдырған батыр бала кезімнен менің сүйікті тұлғам болды. Оған деген махаббатым Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңызынан" басталып, Александр Бектің "Волоколамское шоссесімен" жалғасын тапты. Ары қарай Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұясынан" бастап, "Москва үшін шайқасына" дейін бір кітабын қалдырмай оқыдым десем де болады.
Баукеңнің кітаптарын әр қазақ әсіресе жігіттер қауымы оқуы тиіс деп ойлаймын. Сондықтан сіздерге өз мұрағатымдағы 14 кітабын бірақ ұсынып отырмын. Және islam.kz порталындағы мына бір мақаламды да оқи отырыңыздар!
http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/uyadan-dini-tarbie-algan-bauyrjan-momyshuly-1199/#gsc.tab=0

Ұядан діни тәрбие алған Бауыржан Момышұлы / Марфуға Шапиян
Бүгін, яғни желтоқсанның 24-ші жұлдызы көзі тірісінде аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлының туған күні. Баукең ержүректігі тұрғысынан кешегі ел қорғаған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек сынды батырлардың заңды жалғасы секілді.…
Жаңа жылдағы демалыста кітап оқисыз ба?
anonymous poll
Иә, оқуға дайындап қойған кітаптарым бар 😊 – 193
👍👍👍👍👍👍👍 81%
Жоқ, бір уақыт демалу керек қой 😎 – 29
👍 12%
Демалысын кітап оқумен өткізетіндерді түсінбеймін 😏 – 15
👍 6%
👥 237 people voted so far.

Тимур Бектұр замандастарынан үш кітап ұсынуды сұраған екен. 2018 жылғы тізімдеріңізді осы кітаптармен де толтырып қойсаңыздар болады екен 😊
https://m.facebook.com/notes/timur-bektur/%D0%B7%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%81%D2%9B%D0%B0-2018-%D0%B6%D1%8B%D0%BB%D1%8B-%D0%BE%D2%9B%D1%83%D2%93%D0%B0-%D2%B1%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD-3-%D0%BA%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%BF/1984565131559992/

Әр қазақ оқуы тиіс 50 кітап
1. Мұхтар Әуезов. «Абай жолы»
2. Сәбит Мұқанов. «Аққан жұлдыз»
3. Әбдіжәміл Нұрпейісов. «Қан мен тер»
4. Шерхан Мұртаза. «Қызыл жебе»
5. Мұхтар Мағауин. «Алдаспан»
6. Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер»
7. Әлжаппар Әбішев. «Найзағай»
8. Зейін Шашкин. «Тоқаш Бокин»
9. Әнуар Әлімжанов. «Ұстаздың оралуы»
10. Тахауи Ахтанов. «Боран»
11. Төлен Әбдіков. «Ақиқат»
12. Дулат Исабеков. «Қарғын»
13. Оралхан Бөкеев. «Қайдасың, қасқа құлыным?»
14. Мұхтар Мағауин. «Көк мұнар»
15. Шоқан Әлімбаев. «Даналық субстанциясы»
16. Марат Қабанбаев. «Қазақ қайда барасың?»
17. Бердібек Соқпақбаев. «Өлгендер қайтып келмейді»
18. Бауыржан Момышұлы. «Ұшқан ұя»
19. Ғабит Мүсірепов. «Ұлпан»
20. Жүсіпбек Аймаутов. «Ақбілек»
21. Смағұл Елубаев. «Ақбоз үй»
22. Қалихан Ысқақов. «Қара орман»
23. Рамазан Тоқтаров. «Бақыт»
24. Дүкенбай Досжанов. «100 әңгіме»
25. Шерхан Мұртаза. «Ай мен Айша»
26. Сәкен Жүнісов. «Ақан сері»
27. Ақан Нұрманов. «Құланның ажалы»
28. Ғабит Мүсірепов. «Кездеспей кеткен бір бейне»
29. Тұтқабай Иманбеков. «Құт ағашының көлеңкесі»
30. Тынымбай Нұрмағанбетов. «Қауын иісі»
31. Мұхтар Әуезов. «Қараш-қараш»
32. Әбіш Кекілбаев. «Үркер»
33. Әнуар Әлімжанов. «Махамбеттің жебесі»
34. Олжас Сүлейменов. «Аз и Я»
35. Әзілхан Нұршайықов. «Ақиқат пен аңыз»
36. Марат Қабанбаев. «Бақбақ басы толған гүл»
37. Оспанхан Әубәкіров. «Ымды білесің бе?»
38. Әнуар Әлімжанов. «Жаушы»
39. Баққожа Мұқай. «Өмір зая»
40. «Бес ғасыр жырлайды»
41. Асқар Сүлейменов. «Бесін»
42. Ілияс Есенберлин. «Алтын орда»
43. Софы Сматаев. «Елім-ай»
44. Қабдеш Жұмаділов. «Соңғы көш»
45. Сейдахмет Бердіқұлов. «Пердесіз көңіл»
46. Шәрбану Құмарова. «Әйел бақыты»
47. Марат Қабанбаев. «Сурет салғым келмейді»
48. Әбдіжәміл Нұрпейісов. «Сен»
49. Зейін Шашкин. «Сенім»
50. Бердібек Соқпақбаев. «Балалық шаққа саяхат»
Нешеуін оқығансыз? 😊

Жаңа жыл басталысымен жаңа жоспарлар құрып, өзімізді жақсы жаққа өзгерткіміз келіп, өткен жылы істей алмаған дүниелерімізді істегіміз келіп тұрады ғой))
Бүгін мына "Одна привычка в неделю" деген кітапты бастадым. Әр аптада жаңа жақсы әдетті үйретіп, 52 аптада басқа адам етіп шығарады екен, қысқасы 😀
Әзіл ғой, әрине. Жаңа адам жасап шығармаса да, жыл соңында интеллектіңді жоғарылататын, өмір сүру салтыңды жақсартатын, адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға үндейтін, жұмыс істеу қабілетіңді көтеретін тамаша әдеттерді үйреніп шығады екенсің. Сонысы ұнап қалды. Бірінші аптадағы тапсырма, яғни бір апта бойы қалыптастыруың тиіс нәрсе - күнделік жазу. Мұны сіңлім екеуміз жақсылап орындап жатырмыз енді) Қаласаңыздар, әр аптада осында есеп жазып тұрайын ☺️ Сіздер де қосылыңыздар 😊 Марафоннан марафон боп кетті ме?) Жақсы нәрсені бөліспей тұра алмаймын енді)) Қосылам дейтіндер болса, апта соңына дейін, яғни бүгіннен бастап күнделік жазыңыздар. Ал жексенбі күні келесі аптаның тапсырмасын айтамын 😊
Кітаптың электронды нұсқасы төменде 👇