Белгілі жазушы Раxымжан Отарбаев өмірден өтті дейді... Фейсбукты ашсаң, жүрек ауырады тура. Алла жанын жәннатта еткей! Күнәларын кешіргей! 😪
Моңғолияға барғаным естеріңізде ме? Содан біраз видеолар қалған болатын. Соларды каналыма салып тастайын деп отырмын. Кәдімгідей сағынып қалыппын. Небір қызықтар басымыздан өтіпті ғой. Әсіресе Уланбаторға 2 күн, 2 түн автобуспен жүріп барғанымыз ұмытылар емес.
Моңғолияда жол жоқтығы тағы бар. Ойлаңыздаршы, тау-тастың ішін автобуспен кездік қой. Жолдан Тұлба көлін, Қобда қаласын басып, Гоби шөлін кесіп өттік. Барлығы видеода. Өздеріңіз қарап көріңіздер:
https://www.youtube.com/watch?v=LScvX5SULkQ

YouTube
Баянөлгейден Уланбаторға 2 күнде әрең жеттік / Моңғолия саяхат // Марфуға ШАПИЯН
Моңғолияның астанасы Ұланбатор мен біз автобусқа отырған Баянөлгей қаласының арасы 1300 шақырымдай жер. Тәуекел етіп, Баянөлгейден шығып барамыз. Автобуспен ...
Әбіш Кекілбаевты өмірде көрген жоқпын. Бірақ "АҢЫЗ АДАМ" журналына бірер рет телефонмен сұхбат алғаным есімде. Мен Астанаға келген уақытта ол кісінің басынан ауыр жағдайлар өтіп жатты. Үлкен ұлы дүниеден қайтты. "Алтын жұлдыз" алып, анабір жағдай болып, журналистерге жабық болды. Сосын көп ұзамай дүниеден озды. Осындай ғаламат жазушымен бір заманда өмір сүріп, бір ауыз сұхбат ала алмағаным үшін қынжылыс болды, әрине.
Кейін Клара апайдан сұхбат алсам деп жүр ем. Өткен апталарда Бағашар, Алмастармен бірге барып, апаймен әңгімелестік, қолынан дәм таттық. Әбіш атамыздың кітапханасын көрдік.
Мені қатта таңғалдырғаны - Әбіш Кекілбаевтың тазалығы, адалдығы шығар. Басынан түрлі жағдайлар өтсе де, ешқашан ешкім туралы бір ауыз жаман сөз айтып көрмепті. Ешқашан! Тіпті әйеліне де. Неткен кесек тұлға!
Қысқасы, сұхбаттан Әбіш атамыздың анасы Айсәуле апамыз жайлы, Әбіштің жазу дағдылары, айналасындағы қаламгерлермен, оның ішінде Мағауинмен қарым-қатынасы, Мұқағалидың оны неліктен "ілімсоққан" атағаны, неліктен Маңғыстауға емес, Астанаға жерленгені жайлы оқи аласыздар :) http://adebiportal.kz/kz/news/view/19753

adebiportal.kz
Клара ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ: Әбіш тістеніп отырып жазатын | Әдебиет порталы
«Әдебиет порталы» әдебиет әлемі. Оқыңыз. Тыңдаңыз. Көріңіз. Қатысыңыз. Бірге болыңыз!
Биылғы жылы оқыған бесінші кітап Стивен Хокингтың "Моя краткая историясы" болды. Мен мұны танымал кітап блогері Марина Шарипованың hommes.kz-ке берген сұхбатынан оқып, болашақта оқитын кітаптардың қатарына қосып қойған ем. Сәті түсіп, оқып шықтым.
Шынын айтсам, физикаға онша жоқпын. Сондықтан физиктерді де танымаймын. Мысалы, Эйнштейннің физик екенін білемін, атақты екенін де білемін, бірақ сол танымалдыққа қандай еңбегімен жеткенін білмеймін. Тура сол секілді Стивен Хокингтың физикаға сіңірген еңбегінен хабарсызбын. Ал есімін жақсы танимын. Хокингтың өзі де жазғанындай, оны танымал еткен физикаға сіңірген еңбегі емес, 21 жасында тап болған ауруы шығар. Бұл кітапты бастамас бұрын мен Хокингты жазылмайтын дертіне, арбаға таңылып, сөйлеуден қалғанына қарамастан ғылыммен айналысып үлкен жетістікке жеткен қайсар адам ретінде білдім.
Ал оның осы бір өмірбаяндық кітабын оқып, тіпті құрметім артты. Бұл аяқ-қолы икемге келмей, қимылдан, сөйлеуден қалып, тек миы ғана жұмыс істеп тұрған, сонысына қарамастан ғылымға қосқан үлесімен өзін әлемге танытқан адамның өмір тарихы. Кітап тілі юмормен жазылған.
С.Хокинг өзінің жазылмайтын дертке ұшырағанын білгенде мұңаймады дейсіз бе? Өзінің миынан басқа жерінің істемей қалатынын, мәңгілік креслоға таңылатынын білгенде қайғырмады дейсіз бе? Өзі де: "Өмір осымен бітті екен" деп ойладым дейді ғой.
Ал бірақ Құдай оны оңай беріле салатындардың емес, ерік-жігері мықты жандардың қатарынан етіпті. "Екі рет үйлендім, үш балам бар. Әлемнің көптеген елінде болдым. Ғылымда бар армандаған дүниеме жеттім. Енді Нобель ғана қалған шығар. Мен бақытты өмір сүрдім", - дейді өзі де.
Қысқасы, бұл - адамға мотивация беретін кітап. Өмірде қандай қиындықтар болса да, оны жеңіп шығуға болатынын көрсететін кітап. Оқимын десеңіздер, төменде:
5/100
#Marfureads
#Марфуғаданкітап📚
#МарфуғаШапиян
#1жылда100кітап
#кітап
#стивенхокинг
#моякраткаяистория

"Құдай адамға үш жолмен жауап береді; «Иә,» дейді, өзінің қалаған нәрсесін береді; «Жоқ», - дейді, жақсысын береді; «Күте тұр,» дейді, ең жақсысын береді..." (c) Мәулана.
Кітап туралы жиі жазатын болғаннан кейін бе, "қандай кітап оқысам болады?" деген сұрақтар жан-жақтан жауып жатады. Ондайда ұсынатын кітаптарым парақшамда тұр деп құтыламын 😬 Расымен де, ұнатқан кітаптарымды осында, телеграм каналыма жазып жүрмін. Бірақ сұрақ толастар емес. Әр адамның өз талғамы, басқаша көзқарасы болатындықтан, ұнататын кітаптары да әртүрлі болады. Сондықтан көркем әдебиетті ұнатпайтын досыңа Толстойды, нон фикшнді жақсы көрмейтін адамға псиxологиялық кітаптарды ұсына алмайсың ғой 😊 Сол себепті де әркім өз керегін табар деп парақшама сілтейтінмін.
⠀
Бірақ сұрақ қойыла берді ☺️ Бір жауап беріп тастамасам, болмайтын секілді. Түрлі жанрдағы мен қызық деп тапқан кітаптарды қабыл алыңыздар 🤗
⠀
📚Қазақ әдебиетінен:
⠀
1. М.Әуезов әңгімелері: "Жетім", "Қорғансыздың күні", "Қараш-қараш оқиғасы". 2. Ж.Аймауытов "Ақбілек", "Қартқожа".
3. Б.Майлин әгімелері, "Шұғаның белгісі".
4. Оралxан Бөкей "Қар қызы", "Сайтан көпір", "Атау кере", "Ауыл әңгімелері".
5. М.Мағауин "Шақан шері", "Сары қазақ".
6. Ә.Кекілбаев "Үркер", "Аңыздың ақыры".
⠀
📚Әлем әдебиетінен:
⠀
1. Л.Толстой "Крейцерова соната".
2. О.Памук "Менің атым Қырмызы".
3. Кобо Абэ "Құм құрсауындағы әйел".
4. Джек Лондон "Мартин Иден".
5. Э.Хемингуэй "Шал мен теңіз".
6. Ю.Мисима "Золотой xрам".
⠀
Егер тізімді жалғастыруымды қаласаңыздар, лайк басып, пікір қалдырыңыздар ☺️Онда келесі жазбаларымда мотивациялық, діни, псиxологиялық кітаптар тізімін ұсынамын, ин ша Алла 🤗 Жоғарыдағы тізімнен қай кітапты оқыдыңыздар?

Жаңа ғана бір досым "Мен оқыған кітаптар" деген айдармен барлық оқыған кітаптарың туралы пост жазып тұрсаңшы" деген ұсыныс айтты. Меніңше, тамаша идея сияқты. Сіздер қалай ойлайсыздар?
🌸 - Расымен жақсы идея!
☘️- Маған қызық болмас еді...
🌸 - Расымен жақсы идея!
☘️- Маған қызық болмас еді...
"12 недель в году" - биыл оқыған алтыншы кітабым. Брайан Моран мен Майкл Леннингтонның бұл кітабы туралы алғаш кітап жөнінде жазатын блогерлерден естідім. Әсіресе күнделікті уақытын жоспарлайтындардың көпшілігі осы кітапты басшылыққа алады екен. Жыл басында биылғы жылы орындауым тиіс дүниелерді жазып, оны жоспарлы орындауға барымды салып жүрген мені де кітаптың атауы қызықтырмай қоймады. Өйткені, бір жылда емес, жоспарлаған ісімді 12 аптада бітіруді мен де қалаймын.
Кітап адамның жылдық жоспарлардан шаршап қалатынын немесе бір жылға жоспарлаған дүниесін әлі уақыт көп деп істемей жүріп келіп, жыл бітуге жақындағанда ғана қолға алатынын, ақыры істеуге үлгермейтінін, сол себепті жылға жоспарлаудың тиімсіздігін айтады. Сондықтан жоспарды 12 аптаға, яғни 3 айға жасау керек дейді.
Кітапта көп жоспар жаза бермеу керектігі де айтылады. Ары кетсе, 2 мақсатты қатар алып жүруге болады, одан көбейсе, адам үлгере алмай кетеді дейді. Ал ол мақсат біреу болса, тіпті жақсы. Яғни, сіз осы үш айда тек бір, не екі бағытта дамуды көздейсіз. Сонда нәтиже болады. Мысалы, 3 айда 10 келіге арықтау мақсатыңыз бар. Онда мынандай жоспар істейсіз:
Аптасына 3 рет, 20 минуттан кардиотренировка.
Аптасына 3 рет силовые тренировки.
Күніне кем дегенде 6 стақан су ішу.
Күндік тамақ нормасын 1200 калорийден асырмау.
Басқа жоспарыңыз болса да, осылай құрып аласыз. Сосын оларды апталарға бөлесіз дегендей. Кітап дұрыс жоспар жасауға, оны дұрыс ұстануға үйретеді.
Алдағы 12 аптаға жоспар құрып қойып отырмын. Жүзеге асқан, аспағанын, кітаптың пайдасы тиген-тимегенін 3 айдан соң көрерміз
😊
Кітапты оқимын десеңіздер, төменде:
6/100
#Marfureads
#Марфуғаданкітап📚;
#МарфуғаШапиян
#1жылда100кітап
#кітап
#12недельвгоду

Ұсынатын кітаптар тізімін ары қарай жалғасырайын :)
📚Заманауи әдебиеттен:
1. Халед Хоссейни "Бегущий за ветром".
2. Грег Мортенсон "Три чашки чая".
3. Дженни Нордберг "Подпольные девочки Кабула".
4. Орхан Памук "Стамбул. Город воспоминаний"
📚Мотивациялық кітаптар:
1. Лес Хьюитт, Джек Кэнфилд, Марк Виктор Хансен. "Цельная жизнь".
2. Игорь Манн. №1.
3. Виктор Франкл "Сказать жизни да".
4. Брайан Моран, Майкл Леннингтон "12 недель в году. Как за 12 недель сделать больше, чем другие успевают за год".
📚Мидың жұмысы, түйсікке қатысты:
1. Даниэль Амен "Измени свой мозг, изменится и тело".
2. Джон Кехо "Подзсознание может все".
3. Венди Сузуки "Странная девочка котороя влюбилась в мозг".
📚Ақша басқаруға қатысты:
1. Шамиль Аляуитдинов "Финансы триллионера".
2. Джордж Клейсон "Самый богатый человек в Вавилоне".
📚Діни кітаптардан:
1. Құран (түпнұсқа да, аударма да).
2. Қайрат Жолдыбайұлы "Иманигүл".
3. Құдайберді Бағашар. "Тағлым тамшылары".
4. Алау Әділбаев "Саңлақ сахабалар".
5. Имам Ғазали ""Возрождение религиозных наук".
⠀
#Marfu_reads
#Марфуғадан_кітап📚

90 жастағы апаммен ютубтағы каналыма видео түсіріп алуды көптен ойлап жүр едім. Мәңгілік өмір сүретін ешкім жоқ, естелік болсын деген ой ғой. Сәті енді ғана түсті 😊 Негізі менің кітапты көп оқуыма әсер еткен осы апам ғой. Екеуміздің "Абай жолын" қалай оқығанымыз туралы білгіңіз келсе, каналымдағы видеодан көріңіз ☺ Одан өзге апамның интернет, телефон, сотка, ұшақ, қазіргі заман туралы қызықты пікірі де видеода бар.
⠀
https://youtu.be/JB3X52redM4
⠀
#marfu_youtuber
#marfu_speaks
⠀
https://youtu.be/JB3X52redM4
⠀
#marfu_youtuber
#marfu_speaks
YouTube
90 жастағы апам интернет, телефон, ұшақ туралы не дейді? / Марфуға ШАПИЯН
90 жастағы апаммен ютубтағы каналыма видео түсіріп алуды көптен ойлап жүр едім. Мәңгілік өмір сүретін ешкім жоқ, естелік болсын деген ой ғой. Сәті енді ғана ...
Түсімде Алла тағаланы көрдім. Одан: "Уа, Раббым! Саған бізді не нәрсе жақындатады?" деп сұраған едім, Ол: "Менің Құранымды оқу" деп жауап берді. Мен қайтадан: "Түсініп оқу ма, жоқ әлде түсінбей оқу ма?" деген ем, Ол: "Түсініп оқу да, түсінбей оқу да" деп жауап берді. Бұл - Имам Ахмад ибн Ханбалдің түсі. Ма ша Аллаһ! Ізгі адамдар ізгі түстер көреді ғой. Бұл жазбаны қойын дәптеріме Ғазалидің "Ихия ғулумаддинінен" осыдан бірер жыл бұрын жазып қойыппын. Бүгін дәптерімді парақтап отырып, осы жолдарды оқып, Алла тағаланың бізге жасаған жеңілдігі мен шексіз мейіріміне тағы бір шүкіршілік еттім... Әлхамдулиллаһ!
⠀
Ал сіз Құран оқып жүрсіз бе?
😊 - иә
😐 - жоқ
⠀
#marfu_muslima
#құран #коран
#әлемдегіеңұлыкітап
⠀
Ал сіз Құран оқып жүрсіз бе?
😊 - иә
😐 - жоқ
⠀
#marfu_muslima
#құран #коран
#әлемдегіеңұлыкітап
⠀
#Мен_оқыған_кітаптар хэштегімен оқыған кітаптарым туралы жаңа айдарымды бастаймын 😊
⠀
📚 ДЖОН КЕХО. "ПОДСОЗНАНИЕ МОЖЕТ ВСЕ"
⠀
Белгілі канадалық жазушы Джон Кехоның бұл кітабын бұрынырақ бір оқыған ем, былтыр қайталап оқып шықтым. Өзіме ерекше ұнайтын кітаптардың бірі.
⠀
🌺НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Адам миының, түйсігінің, не ойлайтынының барлығы адам өміріне әсер ететіндігі айтылады. Содан да болар, жақсы ой, жақсы пікір, жақсы көзқарас адамды жақсы өмірге алып келеді. Автор болашағын жақсылықпен елестеткен адамның өмірі сондай болатынына сендіреді. Айналасынан бірер мысалдар келтіреді.
⠀
🌺БЕРЕТІН БАҒАМ:
10/10 Осы салада алғаш оқыған кітабым болғаннан кейін бе, қатты ұнаған болатын. Әрі өзі қысқа, артық сөзі жоқ.
⠀
🌺ҰНАТҚАН ЦИТАТАМ:
"Всегда осознавайте то, о чем думаете. Сегодняшние мысли создают ваше будущее".
⠀
🌺КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Электронды нұсқасы төменде 👇 Ал қағаз нұсқасын іздесеңіздер, интернет дүкендер көмекке келер.
⠀
Ойымызға ой қосатын кітапты ғана оқиық! 🤗
⠀
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#Марфуғадан_кітап📚
#МарфуғаШапиян #кітап #книги #book #bookblogger #книгоман #ДжонКеxо #Подсознаниеможетвсе

#Иманым_жиғаным💐
Намазды қалай оқитыны жөнінде Хатами ас Самнан (р.а.) сұрағанда ол: "Намаз уақыты таянғанда жақсылап дәрет аламын. Намаз оқитын жерге барып, сәл кідіріп ойланамын. Сонан соң намазға тұрамын. Қағба - дәл алдымда, сират (қыл көпір) аяғымның астында, жәннат - оң жағымда, тозақ - сол жағымда, Әзірейіл - төбемде қарап тұрғандай үрей арасында әлемдердің Раббысы болған Алла тағаланың құзырында тұрғанымды ойлаймын. Тәкбір алып, мағыналарына зер сала отырып Құран аяттарын оқимын. Кішіпейілдікпен рукуғ жасаймын. Өз тереңдігіне сай сәждеге барамын. Оң аяғымның ұшын тіреп, сол аяғымды төсеніп отырамын. Осылайша намазымды ықыласпен, шынайылықпен оқуға тырысамын" - деп жауап берген екен.
⠀
Ал біз ше, біз қалай оқып жүрміз? Сіз қалай оқып жүрсіз?
⠀
Жұма мүбәрак болсын! Алла тағала қабыл болатын намаз нәсіп еткей! 🤗
⠀
#МарфуғаШапиян
#Marfu_muslima
#жұмамүбәракболсын

Осыдан 5 жылдай бұрын фейсбуктағы парақшамда "Бүгінгі дұға" деген айдарды бастап, ол біраз уақыт хит болған еді. Енді алдағы 99 күн бойы, бұйыртса, Алланың көркем 99 есімін мағынасымен жазып отырмақшымын 🙂
Өйткені, ең көркем есімдер Жаратушымызға тән. Ағраф сүресінің 180-аятында кімде-кімнің Алла тағалаға оның көркем есімдерімен жалбарынып, қалағанын шын ықыласымен сұрайтын болса, Алла тағаланың оған жауап беретіні айтылады.
Ал Пайғамбар (с.а.у.) хадисінде: "Алла тағаланың 99, бірі кем жүз есімі бар. Кімде-кім соларды жаттаса, жәннатқа кіреді" деген сөз келеді. Ендеше күніне біреуден бірге жаттасақ қайтеді? 😊
Біріншісі - АЛЛА. Ең ұлы есімі. Құранда 2697 жерде кездеседі. Дұғаңызды айтпастан бұрын осы есімін мүмкіндігінше көбірек қайталап барып, дұғаға көшсеңіз, ин ша Алла, қабыл болады ☺️
#Алланың_көркем_есімдері
🌸 Алла разы болсын!
☘️ Руxани тақырыпта жиі жазып тұрыңыз.

#Кітаптан_қазына деген жаңа айдар 😊
⠀
Ислам дінінде сыртқы тазалық өте маңызды, ал ішкі тазалық, яғни жүрек тазалығы одан да маңыздырақ. Құдайберді Бағашардың мына кітабында төмендегі жағымсыз қасиеттерден арылсаң, жүрек тазалығына жетесің дейді. Ендеше, мына жаман қасиеттерден құтылып, жүрегімізді тазартып көрейік ☺
⠀
☘Қызғаныш - басқаға бұйырған жақсылықты көре алмау, іштарлық жасау.
☘Ызақорлық, дұшпандық, кекшілдікке салыну. Бұл мінез қызғаныш пен өкпешілдікті қоздырады.
☘Тәкаппарлық - адамның өзін басқалардан жоғары санауынан туындаған менменшілдік қасиеті.
☘Өз-өзіне тәнті болу, сүйсіну - кісінің өзіне көңіл тоқтығынан туындайтын өзін-өзі асқақ санау сезімі.
☘Сараңдық - ешкімге ештеңе бергісі келмейтін дүниеқоңыздық.
☘Екіжүзділік - сырты бүтін болғанмен іші түтін келетін жағымсыз мінез.
☘Атақ-даңқ, мансапқұмарлық. Бұл – Хақ жолында аяққа тұсау болатын жаман мінездің бірі. Әрине, Алла тағала өз дінінің кемелденуі үшін атақ пен даңққа бөлеген жандардың жөні басқа.
☘Мақтанқұмарлық - ата-бабасымен, тегімен көпіріп мақтану. Бұл тыйым салынған жаман қасиет болып табылады.
☘Өкпешілдік - түкке тұрмайтын ұсақ-түйекке бола өкпелеу.
☘Ғайбат - естіген сәтте ренжитіндей біреудің мінін сыртынан сөз ету. Мұсылман бауырыңның дене бітімі, сөз сөйлеуі, іс-әрекеттері, ғибадаттары, күнделікті өмірі, киім-киіс, жүріс-тұрысы туралы артынан жағымсыз сөз айту ғайбат болып табылады.
☘Іріткі салушылық - адамдар арасын бүлдіру мақсатымен олардың арасына сөз тасу.
☘Өтірік - шындықты жасырып қалу не басқаша етіп жеткізу. Бұл – ең ауыр күнәлардың бірі.
☘Көп сөйлеу. Бұл да жағымсыз қасиеттердің бірі саналады. Себебі, күнәларды паш ету, өсек айту секілді көптеген харам немесе мәкрүхтердің жасалуына себепші болатын жағымсыз қасиет.
⠀
Егер сіз осы жағымсыз қасиеттерден ада болсаңыз, құттықтаймын, сіз жүрегі таза адамсыз! 🤗 Ал қалғандарымызға АЛЛА жүрек тазалығын нәсіп еткей!
Кітаптың электронды нұсқасы төменде 😊
⠀
#МарфуғаШапиян #Marfu_muslima #Marfu_reads #Marfu_bookblogger #Марфуғадан_кітап📚 #bookblogger #кітап #книги #book #исламдағытазалық #ҚүдайбердіБағашар #жүректазалығы

РАХИМ - Алланың мүмін құлдарына деген мейірімін білдіреді. Құранда 114 жерде кездеседі. Жаратушымыздың осы есімін жиі қайталап, мына бір дұғаны айтып жүрсеңіз көп шаруаңыз реттелер еді 😊
"Уа, Раббым! Бір Өзің жарылқап, кешіре гөр! Мейіріміңе бөлей көр! Сен мейірім етушілердің ең қайырлысы әрі ең мейірімдісісің!"
#Алланың_көркем_есімдері #дұғамызғақосайық

Қашайықшы барлық қиын сұрақтан,
қишы маған ұйқыңды.
Қарашы, анау балағынан кірі аққан
қала қандай сүйкімді!
⠀
Қашайықшы, айдалаға, адасып,
Ашайықшы басқа әлемнің есігін.
Ешкім бізді іздемесін жаны ашып,
Ешкім бізден сұрамасын кешірім...
⠀
Өтіп жатқан күніміздің көбі өлең –
Жылыстайық ақырын.
Ешкім бізге қарап тұрып төбеден,
Лақтырмасын ақылын.
⠀
Ешбір адам аямасын біздерді –
Сенгендері сатты деп.
Өшірейік бар азапты іздерді,
Басқаларға бақ тілеп.
⠀
Қашайықшы, Құдай үшін, ерінбе.
Жүріп тұр ма көлігің?
Әлде мені құтқаруға сенің де,
Шаппай тұр ма көңілің?! 😊
⠀
📖 - Керемет! Поэзияны жақсы көрем!
😏 - Өлеңге онша жоқпын енді)
#кітаптан_қазына
#marfu_reads #marfu_bookblogger #марфуғадан_кітап📚 #кітап #өлең #поэзия #ГүлнәрСалықбай #book #книга #bookblogger

#1жылда100кітап Гайдары
ХЕЛЕН АНДЕЛИН. ОЧАРОВАНИЕ ЖЕНСТВЕННОСТИ 📚
Кітаптың атауы бірден ұнады. Содан болар оқуға құмарттым. Үмітім алдамаған екен. Қыздар, егер бұрын оқымаған болсаңыздар, кітапты барлығыңызға оқуға кеңес беремін. Бұл бір тамаша кітап! Өзін сонау 1963 жылы америкалық үй шаруасындағы қарапайым әйел Хелен Анделин жазған. Жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, кітап маңызын жоғалтпаған, миллиондаған тиражбен таралған, әлі де үлкен сұранысқа ие.
🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Бұл - әйел затын бақытты, сүйікті болуға үйрететін кітап.
Хелен Анделиннің өзі - күйеуімен бір шаңырақ астында 50 жылдан астам уақыт тұрып, 8 бала тәрбиелеген бақытты әйел. Ол мансап қуған жоқ, бақытын сырттан іздеген жоқ, атақтың артынан да ұмтылмады. Жәй ғана күйеуінің жағдайын жасап, балаларын тәрбиеледі, айналасына мейірім шуағын шашты. Ал қалған дүние авторға өзі келді. Көп кітаптар оқып, өзін үнемі жетілдіріп отырған ана бір күні айналасындағыларға өз тәжірибесін, бастан өткергендерін айтып, кітап жазды. Ал ол бестселлерге айналды.
Егер сіз отбасыңыздың қандай да бір мәселелерін шеше алмай жүрсеңіз, осы кітапты оқыңыз. Егер сіздің күйеуіңізбен арада түсініспеушіліктер көбейіп кетсе, осы кітапты оқыңыз. Егер сізге бала тәрбиесіне қатысты кеңестер керек болса, тағы да осы кітапты оқыңыз. Күйеуіңіздің сізге деген сүйіспеншілігі азайып кеткендей көрінсе де, осы кітапқа иек артыңыз. Бүкіл мәселеңізді шешіп тастамаса да, біршама көмектеседі деген ойдамын. Тұрмысқа шықпаған, отбасын құруға дайындалып жүрген ару болсаңыз да осы кітапты оқып алсаңыз, айтарлықтай пайдасы тиер еді деп есептеймін :]
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
10/10 Ең жоғары бағаны бергеніме қарап ақ, кітаптың қаншалықты ұнағанын бағамдай беріңіз. Өйткені бітіре сала, қайта оқып шығуды тағы бір ойлап қойдым. Мұнда айтылған дүниелерді бойға сіңірмей болмайды. Интернеттен орыс әйелдерінің жазған пікірлерін оқып, бір күліп алдым. Олардың ішінде кітапты ұнатқандар да бар, керісінше "Бұл кітап әйелді ер адамға қызмет етуге шақырады, әйелдің бағасын түсіреді" деген секілді айқайлаған пікірлер де кездеседі екен. Ал маған кітап Ислам құндылықтарын насихаттай отырып жазылғандай көрінді. Өйткені біздің ер адамдарымыз ең үлкен құрметке лайық емес пе, иә, қыздар? ;] Оларға қызмет ете жүріп біз де өз бақытымызды, орнымызды табамыз ғой! Әсіресе, қазақ жігіттерін барлық мәртебеге лайық деп есептеймін.
🌺 ҰНАТҚАН ЦИТАТАМ:
🍀 Кого мы должны менять, так это самих себя.
🍀 Не нужно рассматривать никого под микроскопом.
🍀 Чтобы найти радость в работе, делайте ее хорошо.
🍀 Хорошие советчики - это люди, всегда мыслящие позитивно.
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Электронды нұсқасы әдеттегідей 👇 . Қағаз нұсқасын маған осы кітапты сыйлаған @nazerke_ghani парақшасынан тапсырыс беріп, сатып ала аласыздар. Бұл кітаптың әр қызда қайталап оқып тұру үшін қағаз нұсқасы тұруы керек деп ойлаймын.
Ойымызға ой қосатын кітапты ғана оқиық! Кітапқа байланысты #сіздергесұрақ: Әйел адам отбасында қайтсе бақытты болады? Қалай ойлайсыздар?
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#Марфуғадан_кітап📚
#МарфуғаШапиян
#кітап #книги #book
#bookblogger
#ХеленАнделин
#Очарованиеженственности