Бірде Алла тағала Мұса пайғамбарға: «Әй, Мұса! Мен үшін жасаған амалың бар ма?» – деп сұрайды. Мұса (а.с.): «Уа, Раббым! Сен үшін намаз оқыдым, ораза ұстадым, садақа бердім, сәжде жасадым. Саған мақтау айттым, кітабыңды оқыдым, сені еске алдым», – деп жауап берді. Бұны естігенде Алла тағала: «Әй, Мұса! Бұның бәрі өзің үшін: намаз – сенің жолкөрсетушің, ораза – қалқаның, садақа – өзіңе көлеңке, сәждедегі айтқан тәсбихтарың –жұмақта өзіңе саялы ағаш болады. Кітабымды оқуың сәнді сарай мен хор қызына қолыңды жеткізеді. Мені еске алуың өзіңе сәуле болып жарығын төгеді. Ал сонда таза Мен үшін не істедің?»
⠀
Бұны естігенде, Мұса пайғамбар сасқалақтап: «Уа, Алла тағалам! Сен үшін жасалатын амал болса, білдірші, мен соны жасайын?» – деп сұрайды. Сонда Ұлы Жаратушы: «Әй, Мұса! Мен үшін біреуді өзіңе дос тұтып, басқаны жек көре білдің бе?!» – деді.
Сонда барып Мұса пайғамбар (а.с.) Алла тағала жақсы көрген пендесін жақсы көріп, жек көрген пендесін жек көрудің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткізді.
⠀
Ал біз ше? Біреуді атақ-дәрежесі, байлығы үшін жақсы көріп, Алла тағала үшін жақсы көруді ұмытып кеткен жоқпыз ба?
⠀
Ғибратты әңгімелер жинақталған Құдайберді Бағашардың мына кітабының электронды нұсқасын телеграм каналыма жіберіп қойдым 😊
⠀
#кітаптан_қазына
#marfu_reads
#марфуғадан_кітап📚
#marfu_bookblogger
#ҚұдайбердіБағашар
#Тағлымтаразысы

"Мен қалай орамал тақтым?" атты жобамның алғашқы қонағы - Ару. Журналист, блогер Арудың орамал тағу хикаясын көргілеріңіз келсе, сілтемеге өтіңіздер 😊 Әбден күліп, бір жасап қалатындарыңызға сөз берем 😆 https://www.youtube.com/watch?v=4O_b76iiXQI
YouTube
Ару: "ОРАМАЛМЕН ШӨП АРАСЫНА ТЫҒЫЛДЫМ" / Мен қалай орамал тақтым? / Марфуға Шапиян
МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР:
*facebook: https://www.facebook.com/marfugashapian
*vk: https://vk.com/marfugashapian
*instagram: https://www.instagram.com/marfugasha...
*telegram: https://t.me/marfugashapian
*блог: http://marfugashap…

Басында оразаға қатысты күнде влог түсірем, күніміздің қалай өткенін, қандай әсерде болғанымызды, қалай ауызашарға барғанымызды, жаңадан не үйренгенімді, не оқығанымды түсірем деп ойлағам. Шетелдік небір мусульманкаларды қараймын. Олар Рамазанға деп бұрқыратып влогтар түсіріп жатыр. Ал біздің қазақи аудитория оның бәрін онша қабылдай алмайтын сияқты ма, қалай... "Неге тамақ саласың?", "кафеге барсаң, неге үйде ауыз ашпайсың?", одан қалса, жеке басыңа тиісіп, "қыз деген сөйтіп жүре ме, бүйтіп жүре ме деп..." Негативтен кәдімгідей жүрегім ауырып жүрді біраз. Сосын есімді жинадым да, қайта түсіруді бастадым 😊 Ешкімнің сөзіне қарамаймын деп шештім, қысқасы 😊 Мені қолдайтындардың көп екенін білем, өйткені 😘 Солай ғой?
https://www.youtube.com/watch?v=AqIjNCHUCZQ
https://www.youtube.com/watch?v=AqIjNCHUCZQ
YouTube
Сәресіге ұйықтап қалмау үшін не істеу керек? / Марфуға Шапиян
МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР:
*facebook: https://www.facebook.com/marfugashapian
*vk: https://vk.com/marfugashapian
*instagram: https://www.instagram.com/marfugasha...
*telegram: https://t.me/marfugashapian
*блог: http://marfugashap…
*facebook: https://www.facebook.com/marfugashapian
*vk: https://vk.com/marfugashapian
*instagram: https://www.instagram.com/marfugasha...
*telegram: https://t.me/marfugashapian
*блог: http://marfugashap…
#1жылда100кітап Гайдары
РЭНДА АБДЕЛЬ-ФАТТАХ. "Я ЧТО ВЫГЛЯЖУ КАК С МАРСА" 📚
Бұрын мән бермеген шығармыз, ал қазір орамалда жүргеннен кейін орамалды қыздардың оқиғасы туралы оқығымыз келіп тұрады. Сондықтан болар, құрбымның үйінен мына кітапты көре сала оқуға құмарттым.
🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Бұл Амал атты австралиялық қыздың мектепте орамал тағу оқиғасын баяндайтын кітап. Амал қарапайым ғана 16 жасар жасөпірім қыз еді. Ата-анасының шыққан тегі Палестина, Мысыр арабтарынан болса керек. Өздері барынша Ислам дінін ұстанатын отбасы болатын. Бір күні Амал ойда жоқта орамал тағу туралы шешім қабылдайды. Мұндай шешімді тіпті одан ата-анасы да күтпеген еді.
Оқиға ары қарай мектепте өрбиді. Амалға алғашқы күні мектептің өзіне орамал тағып бару оңайға соқпаған еді. Ішінен бірнеше рет толғанып, тіпті қағазға "Мені кім қалай қабылдайды?" деп тізім жасап, "Олардың алдына орамалмен шығу тыржалаңаш шыққаным сияқты ғой деп қобалжып, қорқып барады. Амалдың осы толғаныстары туралы оқығанда өзімнің де алғаш орамал таққан кезім есіме келді. Жазушы мұсылман қыздың ішкі тебіреністерін жақсы суреттеген. Бір кездердегі өзіңді танып отырасың. Ары қарай кітапта Амалдың мектеп директорының орамалға қарсылығы, құрбыларының көзқарасы, өзі ұнатып жүрген жігіттің пікірі, бәрі бәрі шебер суреттеледі.
Маған автор кітабында Амал арқылы барлық орамалды қыздардың жай-күйін сипаттап отырғандай көрінді. Олардың ортаға сіңіп кетуінің өзі оңай еместігін көрсеткендей. Австралия секілді елде өмір сүріп, өзінің діни амалдарына барынша беріктік танытқан Амалдың әрекеті сүйсінтпей қоймайды. Бұл орамалға қатысты түрлі сынақтарды басынан кешіріп жүрген әпке-сіңлілерімізге мотивация беретін кітап десе де болады ☺
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
6/10 Тілі қатты жеңіл деуге келмес, іш пыстыратын да тұстары бар. Сондықтан осылай бағаладым.
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Электронды нұсқасын әдеттегідей менің телеграм каналыма жіберіп қоямын. Каналымның сілтемесі профильде.
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#Марфуғадан_кітап📚;
#МарфуғаШапиян
#кітап #книги #book
#bookblogger
#РэндаАбдельФаттах
#Ячтовыгляжукаксмарса

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Менен Құран туралы сұрап жүргендерге. Мынау расында күшті кітап 😊
Аида мектепті орамалмен бітірген. Және жәй бітіріп қоймай, алтын белгіні сол кездегі қала әкімі Ахметжан Есімовтың қолынан алған. Мектепте кездескен қиыншылықтары туралы видеодан көріңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=JjSyIzaVxzQ
YouTube
Аида: "МЕКТЕПТІ ОРАМАЛМЕН БІТІРДІМ / Мен қалай орамал тақтым? / Марфуға ШАПИЯН
МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР: *facebook: https://www.facebook.com/marfugashapian *vk: https://vk.com/marfugashapian *instagram: https://www...
Белгілі дін ғалымы имам Ғазали: «Оразаның үш деңгейі бар: көпшіліктің оразасы (умум), ерекше ораза (хусус) және арнайы ораза (хусус әл-хусус).
Көпшіліктің оразасы – асқазан мен құмарлықтан тыйылу.
Ерекше ораза – құлақ, көз, тіл, қол, аяқ және басқа да дене мүшелерін күнә атаулыдан тыю.
Ал, арнайы ораза – жүректің оразасы, яғни жаман ой мен пікірден тұтастай тыйылып, толығымен Аллаға берілу», - деген екен.
Біздікі қай ораза екен? Сіздікі қай ораза, қалай ойлайсыз? 😊

#мен_оқыған_кітаптар айдары:
📚 МҰХАММЕД ЮСУФ КАНДАХЛАУИ. "САХАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ"
Рамазан айы болған соң, діни кітаптар туралы жазуды ары қарай жалғастырамын.
🌺НЕГІЗГІ ОЙЫ
Пайғамбарымыздан с.а.у. кейін бізге үлгі болатын тұлғалар, әрине, сахабалар. Бұл кітап сахабалардың Пайғамбарымызбен с.а.у. танысқаны, алғаш Исламды қабылдағанынан бастап, күнделікті өмір тіршілігіне дін негіздерін қалай енгізгендігіне дейін баяндалады. Мұнда қалай әзілдесу керек, көршіңмен қандай қарым-қатынаста болу керек, иман мен күпірдің арпалысы, жалпы әр сахабаның Исламдағы орны көрсетілген.
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
7/10 Кітап қызық, тілі де ауыр емес. Шағын бөлімдерге бөлініп отыратындықтан жеңіл оқылады.
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Кітаптың электронды нұсқасын әдеттегідей төменнен жүктеп ала аласыздар.
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#марфуғадан_кітап📚
#кітап #книги #bookblogger
#Сахабаларсалғансаражол

Моңғолия сапарынан жарияланбаған екі видео қалған еді. Соның бірін бүгін шығарып отырмын 😊 Монтажын аман-есен аяқтасам, екіншісін де көріп қаларсыздар 😊 Мына видеода Уланбаторды аралағанымыз, Шыңғысханның атақты ескерткішін көргеніміз туралы https://www.youtube.com/watch?v=m1TbGviCoK0
YouTube
Шыңғысханның атақты ескерткішін көрдім / Моңғолия / Уланбатор / Марфуға ШАПИЯН
МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР: *facebook: https://www.facebook.com/marfugashapian *vk: https://vk.com/marfugashapian *instagram: https://www...
#мен_оқыған_кітаптар айдары:
📚 МҰХТАР ӘУЕЗОВ. "АБАЙ ЖОЛЫ"
"Абай жолын" 6-сыныптың қысында оқыдым. Онда да ауылда, маздап жанып жатқан пеш түбінде отыратын апама дауыстап оқып беретінмін. Кітаптың соңына келгенде Абайдың өмірден өтетін тұсы бар ғой, сонда апамның "Абай деген дана екен ғой" деп "ах" ұрғаны есте қалыпты. Сосын апам екеуміз Абайдың Әйгерімнен баласы бар ма, жоқ па, соны талқылағанбыз. Апам: "Анау бір тұсында Әйгерім бесік тербетіп отырды дейді ғой. Соған қарағанда" балалары болса керек" дейді. Мен де үнсіз мақұлдаймын. Өйткені біз кітаптағы Әйгерім образын қатты ұнатып, одан Абайдың баласы болғанын шын ниетімізбен тіледік. Құнанбайды ұнатыңқырамай қалғанымыз да жасырын емес. Кейін білдік қой, мұның бәрі көркем дүние екен. Ал нағыз Абай, Құнанбай бейнесі кітаптағыдан да биікте екен.
🌺НЕГІЗГІ ОЙЫ
Әуезовтің негізгі мақсаты осы кітап арқылы Абайды халқымен қауыштыру болғаны анық. Кітап жарық көру үшін көрмеген қиындығы қалмаған жазушының басты мақсаты орындалды. Абай туралы бұдан кейін де қанша жазылды. Бірақ "Абай жолына" жететіні жоқ. Бұдан кейін де қанша биографиялық романдар жазылды, бірақ "Абай жолынан" асқаны жоқ. Абайды танығысы келген адамға бұл шығармадан аттап кетуге болмайды.
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
10/10 Рас, тілі қиын, рас, оқу оңай емес. Бірақ өзін, яғни қазақты танығысы келетін адам осы кітапты әйтеуір бір оқу керек деп ойлаймын. "Абай жолын" оқудың қажеті шамалы" дейтіндер оқымай-ақ қойсын. Ал маған бұл кітап керек.
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Кітаптың электронды нұсқасы әдеттегідей төменде 👇
Кітапты қайталап оқып шығуды көптен ойлап жүрмін. Бір сәтін түсіру керек, бұйырса. Ал сіз "Абай жолының" бетін алғаш қашан аштыңыз? Толық оқып шыға алдыңыз ба?
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#марфуғадан_кітап📚
#кітап #книги #bookblogger
#МұхтарӘуезов
#Абайжолы

Шымкенттік достарымды қалаларының мегаполиске айналуымен, түркістандықтарды облыс орталығы болуымен құттықтаймын.
Біраз уақыт бұрын Қожа Ахмет Ясауи туралы жазуды ойлап, Түркістанға арнайы ат басын бұрған едім. Мақаланың жазылу сәті дәл бүгін түскен екен. Ізденіс барысында өзім де көп нәрсе біліп қалдым. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірнеше рет қирай жаздауы, Тайқазанның Эрмитажда жарты ғасырдан астам уақыт тұрып, әрең қайтарылуы, тағы бір жәдігерлердің Луврда тұрғаны мен үшін біршама жаңалық болды.
Және осыдан 100 жылдан астам уақыт бұрын Түркістанға Алаш қайраткері Міржақып Дулатов келіп, кесенені толық аралай алмай: “Қожа Ахмет Ясауидің бірнеше бөлмелері бұзылып, құлағалы тұр деп қауіп айтып, үкімет осы күні жауып қойыпты. Абылай хан жатқан бөлме, ақ сарай деген бөлме, зияратхана һәм мешіттің құдығы – бәрі де жабулы. Енді біраз жылдарда бес-алты жүз жыл өмір сүрген Қожа Ахмет Ясауи мешітінің орнында үйіліп бір оба томпайып қалуы ғажап емес» деп көкірегі қарс айырылғаны есіме түсіп, Алаш арысы елестете де алмаған кесененің бүгінгі жай-күйі үшін Аллаға шүкіршілік айттым. Барлығы төмендегі мақалада. Оқи отырыңыздар!
http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/qoja-ahmet-yasaui-kesenesi-qalai-qiratyla-jazdady-2354/#gsc.tab=0

Islam.kz
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі қалай қиратыла жаздады? / Марфуға ШАПИЯН
Қазақстанның оңтүстік өңірінде аты аңызға айналған ерекше кесене бар. Ол – әйгілі қолбасшы Әмір Темір тұрғызған Қожа Ахмет Ясауидың кесенесі. Талай ғасырдың куәсі болған кесене Қазақ даласында бір кездері Ислам дінінің кең қанат жайғанының, Ислам мәдениетінің…
Рамазан зымырап өтіп жатыр. Көзді ашып-жұмғанша Қадір түні жасырылған соңғы он күндігіне де жеттік. Қадір түнін қалай өткізу, ол түні не істеуге болатынына қатысты видео түсірген едім. Қабыл алыңыздар 😊 Видео сілтемеде:
https://www.youtube.com/watch?v=rmDHqGulxek
https://www.youtube.com/watch?v=rmDHqGulxek
YouTube
ҚАДІР ТҮНІН ҚАЛАЙ ӨТКІЗУ КЕРЕК? / Рамазан күнделігі / Марфуға ШАПИЯН
Алла Тағала өзінің хикметіне сай кейбір нәрселердің анық уақытын жасырған. Айталық, Жұма күнінің қай мезгілінде жасалған дұғаның қабыл болатынын, бес уақыт намаздың ішіндегі ортаңғы намазды, дұғалар ішінде исми ағзамды, уақыттың ішінде қияметті әрі өмірдің…
#мен_оқыған_кітаптар айдары:
📚 АБДУЛЛА КУЛЬКИБАЕВ. АЛҒАШҚЫ МҰСЫЛМАН ХАЗІРЕТ ХАДИША [р.а.]
Хадиша анамыз - мүмін әйелдердің ішіндегі мен ұқсағым келетін, қатты құрмет тұтатын тұлғам. Оның өмір жолын оқимын да, тек сүйсінемін. Және кей мақалаларыма осы Хадиша анамыздың есімін псевдоним ретінде қолданып жүргеніме біраз жыл болды 😊
🌺НЕГІЗГІ ОЙЫ
Бұл шағын ғана кітапшада Хадиша анамыздың ғибратқа толы ғұмыры баяндалады. Жоғарыда бұл ғажап тұлғаны қатты жақсы көретінімді айтып кеттім ғой. Енді неліктен екендігіне тоқталайын. Шыны керек, “махаббаттың символы кім?” десе, бүкіл әлем бірауыздан Шекспирдің кейіпкерлері Ромео мен Джульеттаны айтады. Ал қазақ Қозысы мен Баяны, Төлегені мен Жібегі, Еңлігі мен Кебегінің қиссасын баяндайды. Бірақ аңызға сенсек, олар – қосыла алмаған ғашықтар. Қосылған күнде олардың бір шаңырақ астында бақытты өмір сүрер, сүрместерін бір Алла ғана білер еді. Ал бір-бірін ұнатып үйленіп, бір-біріне ерекше сүйіспеншілік көрсеткен, бірі өмірден өтсе де екіншісі есінен, жүрегінен еш шығармаған, бір-бірімен өмірлерінде ренжісіп көрмеген Мұхаммед (с.а.у.) пен Хадишаның оқиғасын халық біле ме екен?! Әй, білмейді-ау! Білген болса, Ромео мен Джульеттаны ысырып қойып, “нағыз махаббат Мұхаммед (с.а.у.) пен Хадишаныкіндей болсашы” деп жырға қосар еді...
Бұл - талай жігіттің арманына айналған парасатты Хадиша туралы кітап. Бұл - мінезі жібектей, өзі дана, сұлу Хадиша туралы кітап. Бұл - күйеуіне ешқашан сөз қайтармаған, сәл де болса ауырлық түсірмеген, ешқашан реніш білдірмеген Хадиша туралы кітап. Бұл - нәзік иығымен талай ауыртпалықты көтеріп, Жәннаттан үй сыйға алған Хадиша туралы кітап. Бұл Пайғамбардың ерекше махаббатына бөленіп, дүниеден өтсе де еш естен шықпаған Хадиша туралы кітап.
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
7/10 Хадиша анамызға арналып том том кітаптар жазылуы керек деп ойлаймын. Мына кітап анамыз туралы жалпы ақпарат қана береді.
P.s. Қырықтан кейін дүниеге алты бала әкеліп, оларды тәбиелеп, арасында таудағы күйеуіне тамақ тасыған Хадиша! Саған Алла разы болсын! Егер әлемдегі әйелдер сенің даналығың, сенің жүрегіңдегі махаббат туралы білер болса өздеріне өзіңді үлгі етіп алар еді ғой! Алла тағаладан саған аз да болса ұқсауды бар жан тәніммен тілеймін! Әмин!
Ал сіздердің үлгі тұтатын тұлғаларыңыз кім?
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#марфуғадан_кітап:books:
#кітап #книги #bookblogger
#ХазіретХадиша
#АбдуллаКулькибаев

Рамазанның соңғы күні... Аллаға лайық құлшылық жасай алдық па? Жеткілікті дұға ете алдық па? Келесі оразаға аман жетер ме екенбіз? Бәрі бір Аллаға аян. Алла тағала оразамызды, құлшылықтарымызды қабыл еткей! Келесі Рамазанға аман жеткізгей!
⠀
Ал ертеңгі айт мерекесімен баршаңызды құттықтаймын! 😊 Алла сіздерді жақсылыққа кенелтсін! Пайғамбарымызбен көрші болуды нәсіп етсін! 🤗
⠀
Ораза айтта әр мұсылман істеуі абзал деп танылған амалдарға тоқталайын:
⠀
🌸Айтты үлкен мереке етіп тойлау;
🌸Ораза айт күні әдемі киіну;
🌸Айт намазына жуынып, xош иіс себініп, үйден дәм татып шығу (сәресі ішпейміз, аузымыздың ашық екенін білдіріп, айт намазына дәм татып қана шығамыз);
🌸Айт намазынан бұрын пітір садақасын беру;
🌸Айт намазына барар жолжа іштей тәкбір тәшриқ (Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар. Лә иләһә иллә Аллаһ уа Аллаһу әкбар. Аллаһу әкбару уа ли Лләһил xамд) айту;
🌸Айт намазына қатысу;
🌸Айналамызға жылы шырай таныту, мерекемен құттықтау;
🌸Айттау;
🌸Жақсылық жасау (ата-ана, туған-туыстың қалын білу);
⠀
Мереке тағы да құтты болсын! ☺️
⠀
#иманым_жиғаным💐
#рамазанғажапайсың💕
#marfu_muslima

#кітаптан_қазына айдары: Бұл әйелді бақытты болуға үндейтін кітап. Атауы да сәтті қойылған секілді. Өзім Каид аль-Кандаридің "Не грусти" деген кітабына ұқсаттым. Тілі жеңіл. Бақытты болғыңыз келсе деп мынандай кеңестер ұсынған екен:
⠀
🍀 Иманды болыңыз. Жүрек тыныштығына жетудің ең негізгі жолы - иман.
🍀 Өміріңізді ұлы мақсаттарға негіздеу арқылы жарқын болашаққа нық қадам басыңыз. Ол үшін бүгінгі күніңіз пайдалы істерге толы болсын.
🍀 Кітаппен дос болыңыз. Ол сізге тек қана пайда келтіреді.
🍀 Өзіңізге ұнайтын спорт түрін өміріңіздің бір бөлшегі етіп алыңыз. Өміріңізде бос уақыт болмасын.
🍀 Өміріңіз бірқалыпты болмасын. Демалыс күндерін, бос уақыттарды тиімді пайдалана біліңіз.
🍀 Ұқыптылыққа, тазалыққа қатты мән беріңіз.
🍀 Қандай да бар қателікке бой алдырсаңыз, Алланың өте кешірімді әрі мейірімді екенін ұмытпаңыз.
🍀 Адамдарға жақсылық жасаңыз. Басқаға шынайы ықыласпен жақсылық жасау адамның өмірге деген құлшынысын арттырып, Алла алдында мол сауапқа кенелтеді.
🍀 Ешкімді ренжітпеуге және өзіңіз де ешкімге ренжімеуге тырысыңыз.
🍀 Қол бар нығметтің қадірін біліп, Аллаға шүкір етуді үйреніңіз.
🍀 Жаман ойға берілуден аулақ болыңыз.
🍀 Күнә атаулыдан барышня сақтаныңыз.
🍀 Басқалар сізді түсінгенін қаласаңыз, сіз де оларды түсінуге тырысыңыз.
🍀 Тіліңізге сақ болыңыз. Адам баласының он қателігінің тоғызы тілден екенін ұмытпаңыз.
Жоғарыдағы кеңестердің қайсысын күнделікті өмірде орындап жүрсіз? :] Пікірге жазыңыз. Бұл сіздің толық бақытқа қанша қалғаныныңыздың айғағы болмақ.
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#марфуғадан_кітап📚
#кітап #книги #bookblogger
#Еңбақыттыәйел
#ДаниярСүлейменов

Соңғы күндері өзіме мүлде көңілім толып жүрген жоқ 😔 Жалқау боп кеткен сияқтымын. Сосын өз-өзімді дамытуға арналған кітаптар оқи бастағам. Жаңа ғана Эрик Бертран Ларссеннің "На пределе. Неделя без жалости к себе" деген кітабын бітірдім. Қысқасы, өз-өзімді қолға алмасам болмайтынын түсіндім. Бірақ күнделікке жазылып, бірақ жүзеге аспай қалған жоспарлар қаншама?! Өзіме беріліп, орындалмай қалған уеделер қаншама?! Сол себепті де телеграм каналымды күнделік есебінде қолданып, сіздердің алдарыңызда есеп беріп отырсам деп ойлап отырмын 😊 Мүмкін, жауапкершілікті сезініп, орындайтын шығармын)) Бастысы, әбден әдетке айналғанша, 21 күн, мүмкін одан да көп...
⠀
Сонымен, ертеңнен бастап күнде атқаруым тиіс тізім мынау:
⠀
✅ Сағат 4.30-да ояну:
✅ Он бет Құран түпнұсқа әрі аудармасын оқу (сонда екі ай сайын xатым жасауға болады);
✅ 100 рет истиғфар айту (Алладан кешірім сұрау);
✅ 100 рет Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айту;
✅ Спортқа кем дегенде жарты сағат арнау (жүгіру, велосипед, секіру, жүру, жаттығу);
✅ Кемінде 3 бет жазу жазу (мақала, сұxбат, ақпарат...);
✅ Ютубке видео салу (Каналыма көбірек көңіл бөлгім кеп жүр. Тұрақты видео салып дамытпасам болмайды);
✅ 100 бет кітап оқу (Оқитын кітаптар жиналып қалды әрі биылғы мақсатыма да жетуге тырысу керек);
✅ Ағылшын тілінен жаңа 10 сөз жаттау.
⠀
Шамам келе ме, келмей ме білмеймін. Бірақ байқап көргім келеді 😊 Есеп беріп отыруым сіздерге қызық бола ма?
👍 - қызық
👎 - қызық емес