#кітаптан_қазына айдары: Бұл әйелді бақытты болуға үндейтін кітап. Атауы да сәтті қойылған секілді. Өзім Каид аль-Кандаридің "Не грусти" деген кітабына ұқсаттым. Тілі жеңіл. Бақытты болғыңыз келсе деп мынандай кеңестер ұсынған екен:
⠀
🍀 Иманды болыңыз. Жүрек тыныштығына жетудің ең негізгі жолы - иман.
🍀 Өміріңізді ұлы мақсаттарға негіздеу арқылы жарқын болашаққа нық қадам басыңыз. Ол үшін бүгінгі күніңіз пайдалы істерге толы болсын.
🍀 Кітаппен дос болыңыз. Ол сізге тек қана пайда келтіреді.
🍀 Өзіңізге ұнайтын спорт түрін өміріңіздің бір бөлшегі етіп алыңыз. Өміріңізде бос уақыт болмасын.
🍀 Өміріңіз бірқалыпты болмасын. Демалыс күндерін, бос уақыттарды тиімді пайдалана біліңіз.
🍀 Ұқыптылыққа, тазалыққа қатты мән беріңіз.
🍀 Қандай да бар қателікке бой алдырсаңыз, Алланың өте кешірімді әрі мейірімді екенін ұмытпаңыз.
🍀 Адамдарға жақсылық жасаңыз. Басқаға шынайы ықыласпен жақсылық жасау адамның өмірге деген құлшынысын арттырып, Алла алдында мол сауапқа кенелтеді.
🍀 Ешкімді ренжітпеуге және өзіңіз де ешкімге ренжімеуге тырысыңыз.
🍀 Қол бар нығметтің қадірін біліп, Аллаға шүкір етуді үйреніңіз.
🍀 Жаман ойға берілуден аулақ болыңыз.
🍀 Күнә атаулыдан барышня сақтаныңыз.
🍀 Басқалар сізді түсінгенін қаласаңыз, сіз де оларды түсінуге тырысыңыз.
🍀 Тіліңізге сақ болыңыз. Адам баласының он қателігінің тоғызы тілден екенін ұмытпаңыз.
Жоғарыдағы кеңестердің қайсысын күнделікті өмірде орындап жүрсіз? :] Пікірге жазыңыз. Бұл сіздің толық бақытқа қанша қалғаныныңыздың айғағы болмақ.
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#марфуғадан_кітап📚
#кітап #книги #bookblogger
#Еңбақыттыәйел
#ДаниярСүлейменов

Соңғы күндері өзіме мүлде көңілім толып жүрген жоқ 😔 Жалқау боп кеткен сияқтымын. Сосын өз-өзімді дамытуға арналған кітаптар оқи бастағам. Жаңа ғана Эрик Бертран Ларссеннің "На пределе. Неделя без жалости к себе" деген кітабын бітірдім. Қысқасы, өз-өзімді қолға алмасам болмайтынын түсіндім. Бірақ күнделікке жазылып, бірақ жүзеге аспай қалған жоспарлар қаншама?! Өзіме беріліп, орындалмай қалған уеделер қаншама?! Сол себепті де телеграм каналымды күнделік есебінде қолданып, сіздердің алдарыңызда есеп беріп отырсам деп ойлап отырмын 😊 Мүмкін, жауапкершілікті сезініп, орындайтын шығармын)) Бастысы, әбден әдетке айналғанша, 21 күн, мүмкін одан да көп...
⠀
Сонымен, ертеңнен бастап күнде атқаруым тиіс тізім мынау:
⠀
✅ Сағат 4.30-да ояну:
✅ Он бет Құран түпнұсқа әрі аудармасын оқу (сонда екі ай сайын xатым жасауға болады);
✅ 100 рет истиғфар айту (Алладан кешірім сұрау);
✅ 100 рет Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айту;
✅ Спортқа кем дегенде жарты сағат арнау (жүгіру, велосипед, секіру, жүру, жаттығу);
✅ Кемінде 3 бет жазу жазу (мақала, сұxбат, ақпарат...);
✅ Ютубке видео салу (Каналыма көбірек көңіл бөлгім кеп жүр. Тұрақты видео салып дамытпасам болмайды);
✅ 100 бет кітап оқу (Оқитын кітаптар жиналып қалды әрі биылғы мақсатыма да жетуге тырысу керек);
✅ Ағылшын тілінен жаңа 10 сөз жаттау.
⠀
Шамам келе ме, келмей ме білмеймін. Бірақ байқап көргім келеді 😊 Есеп беріп отыруым сіздерге қызық бола ма?
👍 - қызық
👎 - қызық емес

Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР pinned «Соңғы күндері өзіме мүлде көңілім толып жүрген жоқ 😔 Жалқау боп кеткен сияқтымын. Сосын өз-өзімді дамытуға арналған кітаптар оқи бастағам. Жаңа ғана Эрик Бертран Ларссеннің "На пределе. Неделя без жалости к себе" деген кітабын бітірдім. Қысқасы, өз-өзімді…»
ЕСЕП. 1-КҮН
Бүгін жоспарды ұстану өте қиын болды. Орындалғанынан орындалмағаны көп. Режимді әбден бұзып алыппын. Бірақ барынша тырыстым. Тіпті инстаграмға пост жазуға уақытым болмады 😀 Ертең бұдан да жақсы нәтиже болады деген үміттемін ☺️
⠀
⠀
🚫 Сағат 4.30-да ояну (Рамазанда күнім мен түнім ауысып кеткен ғой. Бүгін еш тұра алмадым 😔 Қатты ұялып тұрмын бұл ісім үшін)
🚫 Он бет Құран түпнұсқа әрі аудармасын оқу (ерте тұрмаған соң оқылмады);
✅ 100 рет истиғфар айту (Алладан кешірім сұрау);
✅ 100 рет Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айту;
🚫 Спортқа кем дегенде жарты сағат арнау. Бұл да таңертеңгі уақыт есебінде болған. Таңда тұрмаған соң орындалмады 😔
✅ Кемінде 3 бет жазу жазу. "Әдебиет порталына" ақынның ертеңгі туған күніне орай Кенен Әзірбаев туралы материал дайындадым. Islam.kz-ке футболист Мұxаммед Салаx туралы мақала бастадым. Ертең бітіру керек, ин ша Аллаһ.
🚫 Ютубке видео салу. Негізі видеом дайын болған. "Замандасың ұсынған үш кітап" айдары бойынша. Бірақ салуға уақытым болмады. Бұл - ақталу, білем. Енді қайталамауға тырысам.
🚫 100 бет кітап оқу. "Ақырет туралы 100 сұрақ" деген шағын кітапты бастағам. 50 беттей ғана оқыдым.
🚫 Ағылшын тілінен жаңа 10 сөз жаттау.
⠀
Бүгін жоспарымның орындалуына "құрбақаны немесе пілді бірінші жеу" әдісін қолдандым. Сол себепті жазатын дүниелерім, яғни ең маңыздылары орындалды 😊 Аллаға шүкір!
🙋🏻♀️ - Марфуға, жарайсың! Осы бетіңнен тайма!
🤷♀️ - Марфуға, ұят қой! Жоспарды дұрыстап орындамайсың ба?!

Кеше Мұхамед Салах туралы мақала жазып жатырмын деп ем ғой. Бүгін соны бітіріп, жариялап қойдым. Оқи отырыңыздар 😊 Мына футболисті қатты ұнатып қалдым. Сіздерге ше, ұнай ма? Ұнаса лайк, ұнамаса дизлайк басыңыздар. Ұнатапасаңыздар, мақаламды оқып көріңіздерші. Ғашық боп қаласыздар тура 😊 http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/futboldagy-en-meiirimdi-adam-atangan-muhamed-salah-2374/#gsc.tab=0
Islam.kz
Футболдағы ең мейірімді адам атанған Мұхамед Салах / Марфуға ШАПИЯН
Төрткүл дүниенің назары футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатына ауғанына да бірнеше күн өтіпті. Мұншалық не құдірет бар екенін кім білсін, бірақ дәл футбол секілді жанкүйер жинайтын спорт түрі жоқ шығар. Баяғыда танымал Кеңес кино режиссері Сергей…
Бүгін қазақтың Халық ақыны, әнші және композитор Кенен Әзірбаевтың дүниеге келген күні. Маған ұнайтын тұлғалардың бірі. Әндері де әдемі. Қызының есімін "Төрт кемпір бір шал" деп қойған оқиғасына, бір күліп алдым 😊 Қызық сұхбат болған сияқты. Кеше дайындадым деген материалым ғой. Мәәә, мен күніне үш беттен жаза берсем, сіздерге тыныштық бермейтін сияқтымын ғой, қайта қайта материал жариялап 😆 http://adebiportal.kz/kz/news/view/bakitzhan_azirbaev_halik_bazarnazardan_son_kenennin_balalari_bolmagan_dep_oilaidi__20121
adebiportal.kz
Бақытжан Әзірбаев: Халық Базар-Назардан соң Кененнің балалары болмаған деп ойлайды | Әдебиет порталы
«Әдебиет порталы» әдебиет әлемі. Оқыңыз. Тыңдаңыз. Көріңіз. Қатысыңыз. Бірге болыңыз!
Ainel - кітапты көп оқитын замандастарымның бірі. Әрі ойы озық, саяхаттағанды жақсы көреді, спортпен айналысады. Сөйлессең танымың кеңейіп қалады. Алматыда болғанымда Айнельден ютубтегі каналыма арнайы сұхбат алып, замандастарымызға ұсынатын кітаптары туралы сұраған едім. Күштілеп айтып берді ☺
Сосын жастар кітап оқуды қиын нәрсе сияқты көреді ғой. "Оған уақытты қалай табасың?" деп қинала сұрап жатады. Осы Айнель секілді замандастарымыз арқылы кітап оқуды әдетке айналдырудың еш қиындығы жоқ екенін көрсеткім келіп бастағам осы жобаны ☺ Сондықтан кітап оқуды қалай әдетке айналдыруды білгіңіз келсе, Айнельдің әңгімесін тыңдаңыз 😉
Егер Айнель ұсынған кітаптардың электронды нұсқасын осында жіберуімді қаласаңыз, лайк басыңыз. Көбірек лайк жиналса, сіздерге қажет екенін ұғынып, жіберем ғой.
Сілтеме міне:
https://www.youtube.com/watch?v=YoAdetxSZOc

YouTube
Айнель ұсынған 3 кітап / Замандасың ұсынған 3 кітап // Марфуға Шапиян // Марфуға Шапиян
Айнель Әмірхан менің кітапты оқитын замандастарымның бірі. Өзі саяхатты жақсы көреді, үнемі өзін өзі дамытып жатады, спортпен айналысады. Күшті енді! Қатты қ...
ЕСЕП. 2-КҮН
Бүгінгі күн кешегіге қарағанда тәуірлеу өтті, Аллаға шүкір ☺️
⠀
✅ Сағат 4.30-да ояну. Көзімді тырнап ашып ояндым, шүкір. Сосын намаз, Құран оқып болған соң жазуға отырғам ғой. Ұйқы азғыра бастады. "Кішкене, бір сағат ұйықтап алсайшы" деп. Сосын мен өз миымды алдай бастадым "Бір бетті бітір, ұйықтайсың. Он болсын, ұйықтап алссың деп. Сөйтіп өзіммен алысып отырғанда түс бопты. Түстен кейін қайлула, яғни сүннет бойынша ұйықтап алам деп ойлағам. Алайда жұмыстарым бітпей, ол да қап қойды. Қазір көзім ашылмай, әрең жазып отырмын. Құптанның уақытын күтіп 😊
✅ Он бет Құран түпнұсқа әрі аудармасын оқу. Оқыдым, ерте тұрғанның арқасы. Ибраһим пайғамбардың күшті дұғаларын оқыдым. Әсер еткен аятты жазып тұруым керек-ау.
✅ 100 рет истиғфар айту (Алладан кешірім сұрау);
✅ 100 рет Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айту;
🚫 Спортқа кем дегенде жарты сағат арнау. Физически шамам да, уақытым да жетпеді 😔 Әйтеуір велосипедімнің кілтін тауып қойдым. Енді Астанадан дөңгелегін тексертетін жер тапсам. Сіздер білмейсіздер ме, сондай жер?
✅ Кемінде 3 бет жазу жазу. Бұл пунктке мақтана алам. Артығымен екі бет жазып, Islam.kz-ке футболист Мұxаммед Салаx туралы мақаламды жариялап қойдым. Уже оқыған шығарсыздар, иә?
✅ Ютубке видео салу. "Замандасың ұсынған үш кітап" айдары бойынша Айнель Әмірxаннан сұxбат алғам, соны жарияладвм. Көріп қойған шығарсыздар, осында бөлістім ғой 😊
✅ 100 бет кітап оқу. "Ақырет туралы 100 сұрақ" деген шағын кітапты кеше бастап ем ғой. Бүгін соны біттім. Ертең инстаға пост жазу керек ол кітап туралы. Бүгін инстаға тағы уақыт болмады.
🚫 Ағылшын тілінен жаңа 10 сөз жаттау. Ағылшын ең әлсіз тұсым 😬
⠀
Бүгін жоспарымның орындалуына "қызанақ" әдісін қолдандым. Соның арқасында телефонымды ұмытып кетіп, жазуымды бітіріп алдым😊 Аллаға шүкір!
🙋🏻♀️ - Марфуға, жарайсың! Осы бетіңнен тайма!
🤷♀️ - Марфуға, ұят қой! Жоспардың қалған екі пунктын қашан орындайсың?

Бұрын мен қыздар алдымен намаз оқиды, сосын орамалға келеді деп ойлайтынмын. Сөйтсем, бірінші орамал тағып алып, сосын намаз оқитын қыздар да болады екен! Сенбесеңіздер Айжанның оқиғасын көріңіздер! 😊
https://youtu.be/KYCJPxJxd7I
https://youtu.be/KYCJPxJxd7I
YouTube
Айжан: "НАМАЗДАН БҰРЫН ОРАМАЛ ТАҒЫП АЛДЫМ" / Мен қалай орамал тақтым? / Марфуға Шапиян
МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР:
*facebook: https://www.facebook.com/marfugashapian
*vk: https://vk.com/marfugashapian
*instagram: https://www.instagram.com/marfugasha...
*telegram: https://t.me/marfugashapian
*блог: http://marfugashap…

ЕСЕП. 3-КҮН
Негізі жоспармен жүру деген оңай емес екен. Кәдімгідей шаршап қалдым бүгін. Алайда орындалмаған пункттер көп 😔
⠀
✅ Сағат 4.30-да ояну. Оянуын ояндым ғой, бірақ 06.00де шыдамай қайта ұйықтап қалғаным болмады енді ☹️
✅ Он бет Құран түпнұсқа әрі аудармасын оқу. Таң намазынан соң оқыдым. Күнімді Құраннан бастауды әдетке айналдыруым керек.
✅ 100 рет истиғфар айту (Алладан кешірім сұрау);
✅ 100 рет Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айту;
🚫 Спортқа кем дегенде жарты сағат арнау. Сөзім жоқ. Құраннан кейін далаға шығып кетуім керек еді.
🚫 Кешегі Салаx туралы мақаламның буы ма, бір бет жазбадым ғой, бір бет 😬
✅ Ютубке видео салу. "Мен қалай орамал тақтым?" айдарына Айжанмен сұxбатымды жарияладым.
🚫 100 бет кітап оқу. Сіздердің инстаграмда берген дауыстарыңызғс орай "Марсты" емес, "Ислам тариxы" деген кітапты бастағам. Бар-жоғы 30-ақ бет оқыдым(
🚫 Ағылшын тілінен жаңа 10 сөз жаттау. Бастадым бастысы, онға жетпедім-ау бірақ.
Смайликтерді басып, қолдау білдіріп қойыңыздаршы. Сол жақтан біліп жүрейін сіздерге қызық екенін 😊
🙋🏻♀️ - Марфуға, жарайсың! Жалғастыра бер!
🤷♀️ - Марфуға, сөзіңде тұра алмайды екенсің.
#онлайнкүнделік
#Марфуданесеп
3/100

Бүгін есеп болмайды. Жаңа ғана Марғұлан Сейсембайдың жоспарлау туралы 2 сағаттық лекциясын тыңдап біттім. Обшым жоспарды дұрыс құрмаған екенмін 😔 Алла қаласа, алдағы бірер күнде ол кісі үйреткен тәсілмен құрып, қайта жариялаймын. Осы бір лекцияға кезіккенім жақсы болды. Әйтпесе қате бағытқа кетіп бара жатыр екем 😊
Айтпақшы, достар! Сіздердің көпшілігіңіз Марғұлан Сейсембайдың сол жоспарлау туралы лекциясын сұраған едіңіздер. мінекей, пайдалы ілім болсын! https://www.youtube.com/watch?v=hOe7V1qcdrc&t=4481s
Жоспармен жүресіз бе?
▪️ 23% (212) Иә
🔸🔸
▫️ 76% (675) Жоқ
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸
👥 887 - всего голосов
▪️ 23% (212) Иә
🔸🔸
▫️ 76% (675) Жоқ
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸
👥 887 - всего голосов
Бүгін қазақ поэзиясының дүлдүлі, Алаш үкіметінің көрнекі қайраткері, ұлт мақтанышы Мағжан Жұмабаевтың туған күні. “Өзі – от, өзі – жалын” ақынның поэзиясы нәзік, сыршыл лирикаға ғана емес, үлкен рухқа да толы. Және “Алла”, “Тәңір”, “Жаратқан” деген сөздер өзгелеріндей емес, Мағжан ақында жиі кездеседі. Соған қарамастан, өзін “пайғамбарға” балап өлең жазған да осы – Мағжан. Ақын өзін расымен пайғамбар сезінді ме, жоқ әлде бұл әдеби көркемдеуден туған дүние ме? Міне, кезекті мақаламыздың зерттеуін осы төңіректе жүргізіп көрген едік. http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/magjan-aqyn-ozin-nege-paigambar-atady-1467/#gsc.tab=0
Islam.kz
МАҒЖАН АҚЫН ӨЗІН НЕГЕ “ПАЙҒАМБАР” АТАДЫ? / Марфуға Шапиян
Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясының дүлдүлі, Алаш үкіметінің көрнекі қайраткері, ұлт мақтанышы. “Өзі – от, өзі – жалын” ақынның поэзиясы нәзік, сыршыл лирикаға ғана емес, үлкен рухқа да толы. Және “Алла”, “Тәңір”, “Жаратқан” деген сөздер өзгелеріндей емес…
#1жылда100кітап айдары
Эрик Бертран Ларссен "НА ПРЕДЕЛЕ. НЕДЕЛЯ БЕЗ ЖАЛОСТИ К СЕБЕ"📚
Кейде босаңсып кеткенде осындай кітаптар оқитыным бар. Сонда кәдімгідей бір жиналып алуға көмектеседі. Яғни, келесі босаңсығанға дейін 😉
🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Эрик Бертран Ларссон - норвегиялық белгілі тренер. Өзі кезінде әуе-десанттық әскерінде қызмет еткен. Бестселлер кітаптардың авторы. Ал дәл осы кітаптың негізгі ойы "тозақ апта" өткізіп, өз мүмкіндігің мен күшіңді байқап көр" дегенге саяды. Яғни бір апта бойы әлеуметтік желіден, зиянды тамақтан, бос уақыт өткізуден, бәрінен тыйылып, тек темірдей жоспармен өмір сүресің. Ерте тұрып, ерте жатасың. Сонда нағыз шамаңның мүмкіндігін көресің дейді. Тіпті күшіңнің өзің ойлағаннан да көп нәрсеге жететінін білесің деп сендіреді.
Аптаның әр күнінде не істеу туралы кеңес береді. Кови, Трейси секілді мотивация гуруларына сілтеме жасайды. Алуға болатын біраз нәрсе бар енді.
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
6/10 Ютубтан қарасам, осы "тозақ аптаны" өткізіп, оны видеоға түсіріп, бір бірін осы бастамаға шақырып жатқан қауым баршылық екен. Маған оқыған сәтте белгілі бір деңгейде әсер еткенімен, ондай апта өткізуді қажет деп таппадым. Mүмкін сіздер өткізіп көрерсіздер? 😆
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Электронды нұсқасын әдеттегідей төменде 😊
Ойымызға ой қосатын кітапты ғана оқиық! Кітапқа байланысты #сіздергесұрақ: Сіздер мотивацияны қайдан аласыздар?
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#Марфуғадан_кітап📚;;
#МарфуғаШапиян
#кітап #книги #book
#bookblogger
#ЭрикБертранЛарссен
#Напределенеделябезжалостиксебе:

#мен_оқыған_кітаптар айдары:
📚 ХАРУКИ МУРАКАМИ. "НОРВЕЖСКИЙ ЛЕС"
🌺НЕГІЗГІ ОЙЫ
Маған жапондардан бір нәрсе ұнамайды. Ол жасөспірімдерінің өз-өзін еш себепсіз, оп-оңай өлтіре салатындығы. Фильмдерінде де осындай оқиға жиі кездеседі. Кітаптарында да сол бар екен. Мысалы, мектеп оқушысы, 17 жасар, бас кейіпкеріміз Ватанабэнің жан досы, Наоконың жігіті Кидзуки еш себепсіз суицидке бара салады. Наоконың әпкесі, мектептегі үлгілі оқушы, спорттан да алда, өміріне де риза қыз, біреуге ләм деместен үйіне келіп, асылып қала салады. Ақыры соңында Ватанабэге «Мені ешқашан ұмытпа, өмір сүргенімді, бар болғанымды ұмытпа» деген күйі жүйке ауруына ұшыраған Наоко да өле салды. Осы жерге келгенде Харукиге жыным келді. Оқырманын да, кейіпкерін де аямайтын жазушы екен. Жан досының, сүйген қызының өлімін көтерген байғұс Ватанабэ! Бас кейіпкермен бірге қайғырған байғұс Марфуға))) Бірақ біз ертегіні қанша жақсы көргенімізбен, өмірде олай болмайды ғой. Яғни, Мураками өмірдің өзін жазған жазушы...
Ватанабэ Наоконы ұмытпады... Арада қаншама жылдар өткенде «Битлздің» «Nowegian Wood» әнін тыңдап отырып, Наоконың осы әнді ессіз жақсы көргенін есіне алды. Ұзақ жылдар бойы жүректе сақтай алу!!! Кез келгеннің қолынан келе бермесі анық. Бұл романда музыка бар... Кітапты оқып отырып, мұңды, қайғылы, әуезді әуен құлағыма келе берді. Оқырманына кітабынан музыка тыңдата білген жазушыны шебер демей көр! Қазір де кітап туралы рецензиямды «Битлздің» «Nowegian Wood» әнін тыңдап, жазып отырмын...
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
7/10 Қазіргі романдарда кездесетін төсек қатынасы туралы дүниелер ұнамайды ақ. Сосын көп кейіпкерлердің кейінгі өмірі туралы білгім келді. Ал олар туралы Мураками жақ ашпайды. Басымда сансыз сұрақ қалды. Сосын кітап кейіпкерлері тым әлсіз, жігерсіз бе, бірдеңе... Кітапты аяқтағанда «Мураками менің жазушым емес, роман маған ұнамады» деген ойда болдым. Бірақ кітап біткеннен соң біраз күн ішкі әлемім алай-дүлей боп, роман кейіпкерлері әлсін-әлсін ойыма келіп, жүрді.
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Электронды нұсқасы әдеттегідей төменде.
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#марфуғадан_кітап:books:
#кітап #книги #bookblogger
#ХарукиМураками
#Норвежскийлес

Ауылда демалып жатырмын. Бұйыртса, бірер күннен соң жайлауға. Қандай жайлау екенін мына видеодан көріңіз: https://www.youtube.com/watch?v=E5OL8K8eSm8
YouTube
Мен қалай жайлауға барып, далаға қондым? // Марфуға ШАПИЯН
МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР:
*facebook: https://www.facebook.com/marfugashapian
*vk: https://vk.com/marfugashapian
*instagram: https://www.instagram.com/marfugasha...
*telegram: https://t.me/marfugashapian
*блог: http://marfugashap…
*facebook: https://www.facebook.com/marfugashapian
*vk: https://vk.com/marfugashapian
*instagram: https://www.instagram.com/marfugasha...
*telegram: https://t.me/marfugashapian
*блог: http://marfugashap…
#мен_оқыған_кітаптар айдары:
📚 БАРША МҰСЫЛМАННЫҢ АРДАҚТЫ АНАСЫ ХАЗІРЕТ АЙША [р.а]
Айша анамыздың өмірі таңғаларлық. Ол Пайғамбарымыздың [с.а.у] шаңырағына келін боп түскенде, үлбіреген жап-жас бойжеткен еді. Алайда сол қаршадай қыздың артынан кейінгі үмбеттің барлық қыз-келіншегіне үлгі боларлық үлкен даналық қалды.
🌺НЕГІЗГІ ОЙЫ
Кітапта Айша анамыздың өмірбаяны жан-жақты баяндалады. Оның Пайғамбарымыз [с.а.у.] дүниеден қайтқаннан кейінгі өміріне де аз-кем тоқталады. Жалпы аналарымыз туралы кітаптардың барлығын құрбыларыма оқуға кеңес берер едім. Өйткені олардың өмірінен біздің аларымыз көп.
Пайғамбарымыздың үйдегі жай күйі, қыздарға қатысты кей мәселелер бәрі бәрі бізге осы Айша анамыз арқылы жеткен ғой. Тіпті сахабалардың білімін таразының бір басына қойып, Айша анамыздікін екінші басына қойғанда анамыздікі артығырақ түседі деседі. Маған кейде Айша анамызда жалпы әйелдерге тән барлық қасиет бардай көрінеді. Оның Пайғамбарымызға [с.а.у.] өзінің артықшылықтарын айтып мақтанатыны бар еді ғой. Кейде Пайғамбарымызды қызғанып қалатыны бар. Осындай қылықтары оны бізге тіпті жақындата түсетіндей. Қысқасы, кітапты оқу керек, көп нәрсені үйрену керек.
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
9/10 Кітап қызық, тілі де ауыр емес. Өмірі толық қамтылмағаннан кейін осылай бағаладым.
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Кітаптың электронды нұсқасы өкінішке қарай менде жоқ. Қағаз нұсқасын @sevenbooks парақшасынан арзан бағаға сатып ала аласыздар.
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#марфуғадан_кітап📚
#кітап #книги #bookblogger
#ХазіретАйша

Жоғалтып алдыңыздар ма? 😊 Енді байланыста боламын, бұйырса ☺️
Менің #1жылда100кітап деген бастамамды Назым сіңліміз жалғастырып жатыр екен. Қандай күшті! Қазір кітап оқылмайды деп жүрген кім ол?)
http://zhasorken.kz/1-zhylda-100-kitap-zhospary-%D2%9Balaj-oj%D2%93a-keldi/