Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР
1.66K subscribers
97 photos
5 videos
5 files
228 links
Download Telegram
​Сіздерге Оралхан Бөкейдің өзімде бар кітаптарын жіберемін деп сөз берген едім. "Қамшыгер" мен "Тортай мінер ақ боз ат" қана бар екен. Қабыл алыңыздар 😊
"АҚШ-тың бір судьясы қырық жылдай сотта абыройлы қызмет атқарып зейнетке шыққанда оған жергілікті бір аурухана ерекше алғыс айтыпты. Әріптестері мүлдем басқа мекеменің мұндай ықыласын түсіне алмай мәнісін анықтауға тырысыпты. Сөйтсе, бұл судья күн сайын жұмыстан шыққан соң әлгі ауруханаға барып, қатерлі ісікке шалдыққан жас балаларды әлдилеп ұйықтатып жүрген екен. Сырқат балалардың күндіз-түні ауруханадан шықпайтын шаршаңқы ата-аналарының қолын босатып демалтып, әрі сәбилердің көңілін көтеретін еріктілер ұйымының мүшесі болыпты. Бұл ақпаратты өткен айда Вашингтонға барғанымда бір ресми мекеменің ішкі құжаттарынан оқып қалдым. Сол себепті аты-жөнін толық жаза алмай отырмын. Қайырлы ісін қырық жыл жарнама қылмай жасаған неткен тамаша жан һәм сирек судья деп таң қалдым" деп жазыпты @galym.bokash аға фейсбуктегі парақшасында.
⠀
Осыны оқып, жақында бір құрбымның айтқаны еске түсті. Ол біздерге сауапты істің барлығына ұмтыла бермей, нақты біреуімен тұрақты түрде айналысуды айтқан еді. Мысалы, жылдар бойы жасырын садақа беру немесе жылдар бойы тыныш қана тәһажудке тұру, тіпті болмаса әр сенбіде барып, мешіт тазалауға көмектесу, балалар үйіне барып, бір баланы қамқорлыққа алу, әйтеуір біреуі. Алла тағала біздің бір ай ұстап, сосын ұстамай кеткен оразамызды емес, жүйелі түрде аптасына бір ұстаған оразамызды ұнатады екен. Немесе бір апта жақсы амал істеп, кейін айлап ұмытып кеткенімізді емес, тұрақты айналысқанымызды жақсы көреді.
⠀
Жоғарыдағы оқиғаны оқып, судьяның амалына қатты қызықтым. Алла тағала біздерді де бос істермен айналысудан сақтап, жұртқа пайдалы, сауапты амалдармен айналысуды нәсіп қылғай! 😊
⠀
"Мен қалай орамал тақтым?" айдарының кезекті қонағы өзі есепші, модель, төрт баланың анасы, Мақсат Сәбитов сынды тамаша актердің жары, көркем мінезді, көрікті қыз Әйгерім Сәбитова. Әйгерім өз оқиғасын әдемілеп баяндап берді.

Видеоның толық нұсқасын көру үшін сілтемеге өтіңіздер:

https://youtu.be/vmqxRKwCdtE
Қар жауып тұрған сәтті керемет жақсы көремін. Ал Алматыда таңнан бері қар жауып тұр 😊
Ютубте каналым болғаннан кейін тура өзге әлеуметтік желілер секілді ютубте де отырамын. Онда да жазылып қойған адамдарым, тұрақты көретін каналдарым бар. Солардың ішінде қатты ұнайтыны мына Анастасия Кей деген қыздың каналы. Бәрін ғылыми негізге сүйене отырып, тамаша дүниелермен бөліседі. Тайм менеджмен, дұрыс тамақтану, спорт, білім, кітап барлығы бар. Сіздерге де пайдасы тиіп қалар деген оймен жіберіп отырмын. Қарай жүріңіздер. Алла қаласа, болашақта каналымды осы қыздікіндей етіп жасағым келеді. https://www.youtube.com/user/funastacia
Бүгінгі қонақ заңгер, екі ұлдың анасы, Нұржан Керменбаев сынды тамаша әншінің жары, сұлу да сымбатты Назерке Керменбаева @nazerke_kermenbayeva . Назерке өз оқиғасын жақсылап баяндап бергенімен қоймай, орамал тағуды енді бастап жүргенде сыртқа орамалсыз шығып кетіп, күйеуіне ұсталып қалғанын айтып, қызық оқиғасымен де бөліседі 😊 Видеоның толық нұсқасын ютуб каналымнан көре аласыздар.
⠀


Видеоны көру үшін сілтемеге өтіңіздер:

https://www.youtube.com/watch?v=or64_4SdHN8
#1жылда100кітап айдары:

БАҚҚОЖА МҰҚАИ. "ӨМІРЗАЯ" 📚

«Өмірзая» – ұзақ толғаныспен жазылған, жазушыға Мемлекеттік сыйлық әкелген роман. «Өмірзаяға» Мұхтар Мағауин: «Танымал жазушы Баққожа Мұқаидың «Өмірзая» романы осы құлдық сана, рухтың жаншылуы турасында. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа серпін, соны құбылыс дер едік. Әдетте, жадағай сын әлдебір шығарманы көтергісі келсе, қызғылықты, жеңіл оқылады, тартып әкетеді деп көрсетеді. Баққожа романының тартып әкететіні рас. Бірақ өте ауыр оқылады. Мен тура бір аптада әрең бітірдім», – деп баға береді.


🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Автор «Өмірзаяға» үлкен дайындықпен келген секілді. Ол «Өмірзая» арқылы халқының бір ғасырлық қасірет-мұңын көрсеткісі келді.
«Өмірзая» маған талай аласапыраннан өтіп, ардақтыларынан айырылған халықтың кеудесіне тығылған өксіктің сыртқа шығуы сияқты елестейді кейде. Енді бірде бас кейіпкер, тарих ғылымының кандидаты Аяғанның прототипі Кенесерыны жазамын деп 25 жыл арқалап, Сібірге айдалып кеткен аяулы тарихшымыз Ермұхан Бекмаханов секілді көрінеді. Өйткені, екеуі де тарихшы, екеуі де тарих беттеріне Кенесарының атын жазамыз деп аласұрды, сол үшін таяқ жеді, түрмеге отырды.


Бірақ белгілі сыншы Ә.Меңдеке Аяғанның тұлғасынан Алаш зиялыларының прототипін көреді. Меніңше де солай, «Өмірзаядағы» бас кейіпкер Аяған Қуатұлының прототипі бір адам ғана емес. Ол – қылышынан қан тамған Кеңес саясатының құрбанына айналған барлық боздақтарымыздың жиынтық образы. Сондықтан «Өмірзаяның» кейіпкерлерін алыстан іздеудің қажеті жоқ. Ол – біздің өткеніміз. Мүмкін, «Өмірзая» қасірет пен қайғыға толы трагедиялық роман шығар. Бірақ, Ж.Нұрғожаевтың тілімен айтсақ. «Өмірзая» – Кеңес қоғамының күйреуі. Тәуелсіздіктің жақын қалғанын сүйіншісі.


«Халық болашағы үшін құрбан болғандар үшін бәрібір кітап жазамын» деген Аяған кейіпкерінің сөзі Баққожа Мұқаидың өзіне берген уәдесіндей.


🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
10/10 Тәуелсіздік жылдары қазақ әдебиетіне қосылған теңдессіз туынды деп білемін.


🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Төменде жіберіп қоямын.


#marfu_reads #marfu_bookblogger #Марфуғадан_кітап📚
#кітап #книги #book #bookblogger #БаққожаМұқаи #Өмірзая
​Сүйінші! Өткеннен айтып жүрген Хэл Элродтың "Магия утра" кітабының саммариі дайын болды. Яғни, қысқаша мазмұны, былайша айтқанда қаймағы.

Әлі есімде, бұл кітапты құрбым @kazakkyzy "Сен ерте тұрасың ғой. Осы кітапты оқып көрші" деп ұсынғанда, оқып шығып, онша ұната қоймағанмын. Өйткені, өзім ерте тұратын болғаннан кейін кітапқа қажеттілік жоқтай көрінді. Әрі ішіндегі қайталаулары жынымды келтірді. Арада біраз уақыт өткенде бұл кітапқа қайта оралам деген ой түсіме кірмеген.

Сөйтсем, ерте тұра алмайтындарға бұл кітап таптырмас нұсқаулық екен. Әлемде бестселлерге айналып жүргені де содан екен ғой. Қазір мен де бұрынғыдай емес, онша ерте тұра алмаймын. Кітапты қайта оқығанда мұндағы кеңестердің құндылығын түсіндім.

Бір сөйлескенімізде @dzhigitbek Данияр Жігітбектің "Көп нәрсеге үлгеретініңіз, ерте тұратындығыңыздан деп ойлаймын" дегені есімде. Қазір ойлап қарасам, Даниярдың сөзінің жаны бар екен. Ерте тұратын кезімде біраз нәрсеге үлгеріппін.

Жалпы, таңғы уақыттың берекесі туралы дінімізде де айтылады ғой. Таң намазынан кейін ұйықтамаған дұрыс екені, сүннет бойынша күн көтеріліп келе жатқанда ұйықтауға болмайтыны, ерте тұратын адамның ризығы көп болатыны. Бәрін білсек те, амалымыз сәйкес еместігі қандай жаман!

Саммариді дәл осы кітаптан бастауым да, сондықтан. Ерте тұру әдетімді қайта жандандырғым келеді. Әрі пайдалы дүниені сіздермен бөлісуді ойладым. Өйткені, бұл кітапты толық оқып шығуға уақытыңыз жоқ болуы мүмкін. Ал мен сіздерге қысқа нұсқасын дайындадым. Кітаптан керегіңізді алыңыз да, өміріңізге енгізіп, пайдаға асыра беріңіз.

Саммари-кітап бағасы - 990 теңге. Жүктеп алу үшін сілтеме http://marfu.kz/ Айтпақшы, кітаптың толық нұсқасын да телеграм каналыма жіберіп қоямын. Қайсысын оқимын дейсіздер, таңдау өздеріңізде.

Ерте тұрайық! Жаңа жылдан жақсы әдеттер қалыптастырайық. Бірге дамып, бірге өзгерейік!

#marfu_reads #marfu_bookblogger #Марфуғадан_кітап📚 #МарфуғаШапиян #кітап #книги #book #bookblogger #қазақшасаммари #саммари #магияутра #хэлэлрод
❤1
Таңғы уақыттың берекесі туралы дінімізде де айтылады ғой. Таң намазынан кейін ұйықтамаған дұрыс екені, сүннет бойынша күн көтеріліп келе жатқанда ұйықтауға болмайтыны, ерте тұратын адамның ризығы көп болатыны. Бәрін білсек те, амалымыз сәйкес еместігі қандай жаман!
⠀
Ерте тұруды үйренгілеріңіз келсе, осы видеомды көріп шығыңыздар 😊

Сілтемесі мынау:

https://www.youtube.com/watch?v=vT3kyzqBuZA
Бүгін "Көшпенділер" секілді ғажап шығарманы дүниеге әкелген жазушы Ілияс Есенберлиннің туған күні.

Мен Есенберлинді алғаш "Махаббат мейрамы" кітабы арқылы таныдым. Үйде мұқабасы ескіріп кеткен, бір жақ шеті желінген қоңыр кітап болушы еді. Кезінде әкем оқыған. Бас кейіпкерін қатты ұнатып қалса керек, өзімнен кейінгі бауырымның атын сол кітаптан алып, "Еркебұлан" қойған еді. Кейін кітап оқымайтын Еркебұлан да ол кітапты оқыды.
"Көшпенділер" де бала күнімде үйде бар болатын. Үш томы бөлек-бөлек кітап. Әкем "Есенберлин бұл кітапты жазу барысында талай қиындықты бастан кешірген. Тіпті соңынан бастап жазған" дейтін. Маған ол ертегідей көрінеді. Адам аяғынан басына дейін қалай жазуы мүмкін? Сөйтсем, Кенесары ханға байланысты соңғы томды бірінші жазғанын айтқан екен ғой. Әкем "Кенесары" деген атты да жақсы көреді. Әзірге туысқандарымыздың балаларына өткізе алмай жүр)) Мүмкін кейін немересіне қойып қалатын шығар.

Сіздерге Есенберлиннің "Көшпенділерінің" 3 томын бірдей ұсынып отырмын. Әрі Есенберлиннің өлеңдері мен күнделіктері де бар екен. Барлығы телеграм каналымда, сол жақтан жүктеп алсаңыздар болады. Сілтемесі міне: https://t.me/marfugashapian

#Marfu_reads
#Марфуғадан_кітап📚
#МарфуғаШапиян
​ХАЛИЛ РАФАТИ. "Я ЗАБЫЛ УМЕРЕТЬ" 📚
⠀
Бұл кітапты оқығым келіп жүргеніне біраз болған. Осы инстаграмда да көз алдымнан көлбеңдеп қайта-қайта шыға берген. Ақыры шыдамай, Меломандағы жұма жеңілдігін пайдаланып, сатып алдым.
⠀
Америкалықтардың түкке тұрмайтын нәрсені айқайлап жарнамасын жасап, өткізіп жіберетін әдеті-ау. Бестселлер болғанына алданыппын, кітап қарапайым ғана оқиғаның арқауы екен.
⠀
🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Мұнда кітап авторы РАФАТИ өз басынан өткен өмірін әдемілеп баяндап береді. Рас, өлім хәліне жеткен нашақордан адам қатарына қосылу, жәй ғана қосылып қоймай, табысты кәсіпкерге айналу, сосын өмір жолың туралы кітап жазып, әлемге әйгілі болу екінің бірінің қолынан келмес. Бұған үлкен ерік-жігер керек.
⠀
Автордың өлермендігіне риза боласың. Тіпті сүйсінетін тұстарың да жоқ емес. Халилдің әкесі Америкаға тұрақтаған пәкістандық босқын, мұсылман. Алайда автордың Исламға деген негативті көзқарасын байқауға болады. Ал анасы поляк қызы. Ең қызығы, екінші дүниежүзілік соғыстағы кезінде Қазақстанға ауып келіп, кейін Америкаға кеткен. Сондықтан кітапта еліміздің аты бірнеше рет аталады.
⠀
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
6/10 Бұл кітапты темекі, ішімдік немесе басқа да жаман әдеттерден арыла алмай жүрген адамдар оқыса, оларға үлкен мотивация болар еді деп ойлаймын. Жәй ғана қызық оқиға оқығысы келетіндерге де азық болар кітап.
⠀
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Әдеттегідей электронды нұсқасын телеграм каналыма жіберіп қоямын. Каналымды телеграмнан marfugashapian деп жазып таба аласыздар.
⠀
#marfu_reads #marfu_bookblogger #марфуғадан_кітап📚 #кітап #книги #books #bookbloger #халилрафати #язабылумереть
​2014 жылдың күзінде орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстоймен таныстым. Осы кезге дейін қанша кітап оқып жүрмін, бірақ Толстойдікіндей ғажап әлемді бұған дейін кездестірген емеспін. Оның кітаптарын, өмірбаянын оқу арқылы жан дүниеме нұр құйылды, танымым өсті, айналама көзқарасым өзгерді. Оған дейін күзді жақсы көрмейтін басым, Толстой әлеміне бойлаған сол жылдан бастап күзді жақсы көріп кеттім. Өйткені, Толстой әлемі адамды тек жақсылыққа шақырады, мейірімділікке үндейді, адамзатты сүюге ұмтылдырады, Құдайға жақындатады.

Міне, сол кезден бастап менде Толстой ерекше жақсы көрген, өзі 50 жылдан артық уақыт мекен еткен Ясная полянаны көру туралы арман пайда болды. Алла бұйыртып, екі жыл бұрын ол мекенге арнайы бардым. Сол сапарда жазушының Мәскеуде тұрған үйін көре алмап еді. Осы жолы олқылықтың орнын толтырып, биыл Мәскеудегі музей үйіне арнайы ат басын бұрдым. Және жәй бармай, аурасын сезіну үшін Толстой дәл осы үйде жазған «Иван Ильичтің өлімі» атты ғажап туындысын жол бойы оқып, дайындалып барған едім.

Толстойдың бұл үйінен де байлықтың иісі шығады. Екі қабатты үйдің іші шағын бөлмелер мен жиһаздарға толы. Әсіресе кабинеті назар аударарлық. Әдемі жабдықталған. Тіпті арасында тұрып жазу үшін биік үстел де қойылған екен. Жазушы бұл үйді балалары мектеп жасына жеткен соң, қалада білім алсын деп сатып алған екен. Қысты осында өткізіп, жазда Ясная полянасына тартып отырған.

Дәл осы үйде «Қажымұрат», «Сергий әкей», «Крейцер сонатасы» секілді небір мықты шығармалары жазылған.

Ал «Иван Ильичтің өлімі» туралы әңгіме бөлек. Мен әлі күнге жазушының адам жанын соншалық терең білетініне қайран қаламын. Адамның өлім алдындағы қорқынышы, өліммен бетпе-бет келгендегі әсер... бұл повесте тамаша суреттелген. Замандастары тарапынан жоғары баға берілген, әлем әдебиетіне қосылған теңдессіз шығарма саналатын бұл кітапты әр дәрігер оқуы тиіс деседі. Мен де бұл оймен келісемін. Дәрігер ғана емес, аурудың жанын түсінем деген жанның бәрі оқуы тиіс повесть, бұл.

#marfu_travels #marfu_traveller #жиһанкез_журналист #мәскеу #ресей #москва #толстой
Толстой туралы жазам деп, осыдан екі жыл бұрын жазушының Ясная полянасына барған сапарым есіме түсіп, ностальгия орын алып, монтаждалмай жатқан видеоны монтаждап жіберіп, ютубке салып тастағансың ғой)))

Толстой ерекше жақсы көрген, өзі 50 жылдан артық уақыт мекен еткен Ясная полянаны көрген бұл күн өте ерекше болған еді. "Без своей Ясной поляны я трудно могу представить Россию и мое отношение к ней" деп тебіренген Толстойдың мөп-мөлдір Ясная полянасы Мәскеуден 200 шақырымдай қашықтықта орналасқан Тула аймағына қарайды.

Біз Ясная полянаға 12-лерде жетсек те, музей ішіндегі экскурсия кезегі тек сағат төртке қарай бірақ тиді. Оған дейін Толстойдың нағашы атасы князь Волконскийдан мұраға қалған 40 гектар жерді армансыз араладық.

Бәрін жазушының көзі тірісіндегісіндей сақтап қойған. Ең аяғы атқорасында атқа дейін, пәуескесіне дейін тұр. Алған әсер - телегей теңіз.

Ал қабірінің басына барғанда әлем ұлықтайтын Толстойдың бір уыс төмпешік боп жатқанын көргендееее... Кей адамдар осылай өлімімен де үлгі болады екен ғой. Басында крест те жоқ, көтерілген тас та жоқ, қоршалған қабір де жоқ. Топырақтан жаралып, топыраққа қайтқан адам ғана. Өзінің өсиетімен осылай жерленген. Кезінде ағасы Николай екеуі адамзатты бақытты ететін жасыл таяқша іздеген бақ ішінде мәңгілік тыныштық тауыпты...

Ал музей-үйінің ішін көргенде, Толстойдың адами тұлғасына тәнті болмай көр. Құдай оған бақты аямай үйіп-төгіп берген. Өзі граф, мынандай жер жәннатында тұрады, байлық шаш етектен, Софиядай әйел, ол туып берген 13 бала-шаға бар. Оған "Война и мир" мен "Анна Каренина" әкелген әлемдік атақты қосыңыз. Сөйткен адам азап шегіп, адамзаттың игілігін ойлап көз ілмейді. Бәрінен бас тартып, Құдайға жақындауды мақсат тұтады. Бұлар Абай айтқан "кемел адам" дәрежесіне жеткендер ғой.

Үйінің ішінен 22 мың кітап қоры бар кітапханасын көрдік. Ондағы 5 мыңнан астам кітап орысша емес, әлемнің өзге 13 тілінде екен. Бұл кітапхананың құндылығы сондай, ЮНЕСКО-ның қорғауына еніпті. Оған Толстойдың 30-ға жуық тіл білгенін қосыңыз. Осыдан кейін тіл үйренуге талпынбай көр!

Көрген-білгеніміздің барлығын ютубтегі каналымнан көре аласыздар. Сілтемесі міне: https://www.youtube.com/watch?v=3rKwJoXF2As