Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР
1.66K subscribers
97 photos
5 videos
5 files
228 links
Download Telegram
Таңғы уақыттың берекесі туралы дінімізде де айтылады ғой. Таң намазынан кейін ұйықтамаған дұрыс екені, сүннет бойынша күн көтеріліп келе жатқанда ұйықтауға болмайтыны, ерте тұратын адамның ризығы көп болатыны. Бәрін білсек те, амалымыз сәйкес еместігі қандай жаман!
⠀
Ерте тұруды үйренгілеріңіз келсе, осы видеомды көріп шығыңыздар 😊

Сілтемесі мынау:

https://www.youtube.com/watch?v=vT3kyzqBuZA
Бүгін "Көшпенділер" секілді ғажап шығарманы дүниеге әкелген жазушы Ілияс Есенберлиннің туған күні.

Мен Есенберлинді алғаш "Махаббат мейрамы" кітабы арқылы таныдым. Үйде мұқабасы ескіріп кеткен, бір жақ шеті желінген қоңыр кітап болушы еді. Кезінде әкем оқыған. Бас кейіпкерін қатты ұнатып қалса керек, өзімнен кейінгі бауырымның атын сол кітаптан алып, "Еркебұлан" қойған еді. Кейін кітап оқымайтын Еркебұлан да ол кітапты оқыды.
"Көшпенділер" де бала күнімде үйде бар болатын. Үш томы бөлек-бөлек кітап. Әкем "Есенберлин бұл кітапты жазу барысында талай қиындықты бастан кешірген. Тіпті соңынан бастап жазған" дейтін. Маған ол ертегідей көрінеді. Адам аяғынан басына дейін қалай жазуы мүмкін? Сөйтсем, Кенесары ханға байланысты соңғы томды бірінші жазғанын айтқан екен ғой. Әкем "Кенесары" деген атты да жақсы көреді. Әзірге туысқандарымыздың балаларына өткізе алмай жүр)) Мүмкін кейін немересіне қойып қалатын шығар.

Сіздерге Есенберлиннің "Көшпенділерінің" 3 томын бірдей ұсынып отырмын. Әрі Есенберлиннің өлеңдері мен күнделіктері де бар екен. Барлығы телеграм каналымда, сол жақтан жүктеп алсаңыздар болады. Сілтемесі міне: https://t.me/marfugashapian

#Marfu_reads
#Марфуғадан_кітап📚
#МарфуғаШапиян
​ХАЛИЛ РАФАТИ. "Я ЗАБЫЛ УМЕРЕТЬ" 📚
⠀
Бұл кітапты оқығым келіп жүргеніне біраз болған. Осы инстаграмда да көз алдымнан көлбеңдеп қайта-қайта шыға берген. Ақыры шыдамай, Меломандағы жұма жеңілдігін пайдаланып, сатып алдым.
⠀
Америкалықтардың түкке тұрмайтын нәрсені айқайлап жарнамасын жасап, өткізіп жіберетін әдеті-ау. Бестселлер болғанына алданыппын, кітап қарапайым ғана оқиғаның арқауы екен.
⠀
🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Мұнда кітап авторы РАФАТИ өз басынан өткен өмірін әдемілеп баяндап береді. Рас, өлім хәліне жеткен нашақордан адам қатарына қосылу, жәй ғана қосылып қоймай, табысты кәсіпкерге айналу, сосын өмір жолың туралы кітап жазып, әлемге әйгілі болу екінің бірінің қолынан келмес. Бұған үлкен ерік-жігер керек.
⠀
Автордың өлермендігіне риза боласың. Тіпті сүйсінетін тұстарың да жоқ емес. Халилдің әкесі Америкаға тұрақтаған пәкістандық босқын, мұсылман. Алайда автордың Исламға деген негативті көзқарасын байқауға болады. Ал анасы поляк қызы. Ең қызығы, екінші дүниежүзілік соғыстағы кезінде Қазақстанға ауып келіп, кейін Америкаға кеткен. Сондықтан кітапта еліміздің аты бірнеше рет аталады.
⠀
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
6/10 Бұл кітапты темекі, ішімдік немесе басқа да жаман әдеттерден арыла алмай жүрген адамдар оқыса, оларға үлкен мотивация болар еді деп ойлаймын. Жәй ғана қызық оқиға оқығысы келетіндерге де азық болар кітап.
⠀
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Әдеттегідей электронды нұсқасын телеграм каналыма жіберіп қоямын. Каналымды телеграмнан marfugashapian деп жазып таба аласыздар.
⠀
#marfu_reads #marfu_bookblogger #марфуғадан_кітап📚 #кітап #книги #books #bookbloger #халилрафати #язабылумереть
​2014 жылдың күзінде орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстоймен таныстым. Осы кезге дейін қанша кітап оқып жүрмін, бірақ Толстойдікіндей ғажап әлемді бұған дейін кездестірген емеспін. Оның кітаптарын, өмірбаянын оқу арқылы жан дүниеме нұр құйылды, танымым өсті, айналама көзқарасым өзгерді. Оған дейін күзді жақсы көрмейтін басым, Толстой әлеміне бойлаған сол жылдан бастап күзді жақсы көріп кеттім. Өйткені, Толстой әлемі адамды тек жақсылыққа шақырады, мейірімділікке үндейді, адамзатты сүюге ұмтылдырады, Құдайға жақындатады.

Міне, сол кезден бастап менде Толстой ерекше жақсы көрген, өзі 50 жылдан артық уақыт мекен еткен Ясная полянаны көру туралы арман пайда болды. Алла бұйыртып, екі жыл бұрын ол мекенге арнайы бардым. Сол сапарда жазушының Мәскеуде тұрған үйін көре алмап еді. Осы жолы олқылықтың орнын толтырып, биыл Мәскеудегі музей үйіне арнайы ат басын бұрдым. Және жәй бармай, аурасын сезіну үшін Толстой дәл осы үйде жазған «Иван Ильичтің өлімі» атты ғажап туындысын жол бойы оқып, дайындалып барған едім.

Толстойдың бұл үйінен де байлықтың иісі шығады. Екі қабатты үйдің іші шағын бөлмелер мен жиһаздарға толы. Әсіресе кабинеті назар аударарлық. Әдемі жабдықталған. Тіпті арасында тұрып жазу үшін биік үстел де қойылған екен. Жазушы бұл үйді балалары мектеп жасына жеткен соң, қалада білім алсын деп сатып алған екен. Қысты осында өткізіп, жазда Ясная полянасына тартып отырған.

Дәл осы үйде «Қажымұрат», «Сергий әкей», «Крейцер сонатасы» секілді небір мықты шығармалары жазылған.

Ал «Иван Ильичтің өлімі» туралы әңгіме бөлек. Мен әлі күнге жазушының адам жанын соншалық терең білетініне қайран қаламын. Адамның өлім алдындағы қорқынышы, өліммен бетпе-бет келгендегі әсер... бұл повесте тамаша суреттелген. Замандастары тарапынан жоғары баға берілген, әлем әдебиетіне қосылған теңдессіз шығарма саналатын бұл кітапты әр дәрігер оқуы тиіс деседі. Мен де бұл оймен келісемін. Дәрігер ғана емес, аурудың жанын түсінем деген жанның бәрі оқуы тиіс повесть, бұл.

#marfu_travels #marfu_traveller #жиһанкез_журналист #мәскеу #ресей #москва #толстой
Толстой туралы жазам деп, осыдан екі жыл бұрын жазушының Ясная полянасына барған сапарым есіме түсіп, ностальгия орын алып, монтаждалмай жатқан видеоны монтаждап жіберіп, ютубке салып тастағансың ғой)))

Толстой ерекше жақсы көрген, өзі 50 жылдан артық уақыт мекен еткен Ясная полянаны көрген бұл күн өте ерекше болған еді. "Без своей Ясной поляны я трудно могу представить Россию и мое отношение к ней" деп тебіренген Толстойдың мөп-мөлдір Ясная полянасы Мәскеуден 200 шақырымдай қашықтықта орналасқан Тула аймағына қарайды.

Біз Ясная полянаға 12-лерде жетсек те, музей ішіндегі экскурсия кезегі тек сағат төртке қарай бірақ тиді. Оған дейін Толстойдың нағашы атасы князь Волконскийдан мұраға қалған 40 гектар жерді армансыз араладық.

Бәрін жазушының көзі тірісіндегісіндей сақтап қойған. Ең аяғы атқорасында атқа дейін, пәуескесіне дейін тұр. Алған әсер - телегей теңіз.

Ал қабірінің басына барғанда әлем ұлықтайтын Толстойдың бір уыс төмпешік боп жатқанын көргендееее... Кей адамдар осылай өлімімен де үлгі болады екен ғой. Басында крест те жоқ, көтерілген тас та жоқ, қоршалған қабір де жоқ. Топырақтан жаралып, топыраққа қайтқан адам ғана. Өзінің өсиетімен осылай жерленген. Кезінде ағасы Николай екеуі адамзатты бақытты ететін жасыл таяқша іздеген бақ ішінде мәңгілік тыныштық тауыпты...

Ал музей-үйінің ішін көргенде, Толстойдың адами тұлғасына тәнті болмай көр. Құдай оған бақты аямай үйіп-төгіп берген. Өзі граф, мынандай жер жәннатында тұрады, байлық шаш етектен, Софиядай әйел, ол туып берген 13 бала-шаға бар. Оған "Война и мир" мен "Анна Каренина" әкелген әлемдік атақты қосыңыз. Сөйткен адам азап шегіп, адамзаттың игілігін ойлап көз ілмейді. Бәрінен бас тартып, Құдайға жақындауды мақсат тұтады. Бұлар Абай айтқан "кемел адам" дәрежесіне жеткендер ғой.

Үйінің ішінен 22 мың кітап қоры бар кітапханасын көрдік. Ондағы 5 мыңнан астам кітап орысша емес, әлемнің өзге 13 тілінде екен. Бұл кітапхананың құндылығы сондай, ЮНЕСКО-ның қорғауына еніпті. Оған Толстойдың 30-ға жуық тіл білгенін қосыңыз. Осыдан кейін тіл үйренуге талпынбай көр!

Көрген-білгеніміздің барлығын ютубтегі каналымнан көре аласыздар. Сілтемесі міне: https://www.youtube.com/watch?v=3rKwJoXF2As
​М.КАНЪАН. "ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ 📚
⠀
Бұл кітапты бұрынырақ оқығанмын. Тұрмыс құрған соң қажеттілігін сезініп қайта оқып шықтым.
⠀
🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Кітапта отбасылық өмірдің қыр-сыры діни тұрғыда баяндалады. Мұнда қыз бен жігіттің алғашқы таныстығынан бастап шаңырақ көтеруі, алғашқы неке түні, жұбайлық қарым-қатынас пен ерлі-зайыптылардың өзара міндеттері, одан кейінгі жүктілік мерзім мен бала дүниеге келгеннен соң істелуі тиіс амалдар, тіпті ең соңында талақ мәселесіне дейін түсіндіріледі.
⠀
Кітаптан жан-жақты ақпарат алып, отбасы мәселесінде діни сауатыңызды арттыруға әбден болады.
⠀
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
8/10 Үйленгелі жүрген жастар мен шаңырақ көтерген ерлі-зайыптылардың барлығы кемінде бір рет оқып шығуы тиіс кітап.
⠀
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Әдеттегідей электронды нұсқасын телеграм каналыма жіберіп қоямын. Каналымның сілтемесін профилімнен таба аласыздар.
⠀
#аптасына1кітап #marfu_reads #marfu_bookblogger #марфуғадан_кітап📚 #кітап #книги #books #bookbloger #жұбайларшаттығы #отбасыбақыты
​ДАНИЯР СУГРАЛИНОВ. "КИРПИЧИ 2.0" 📚
⠀
Бұл кітап үйде біраздан бері тұр. Төремдің оқысам деп жинап қойған кітаптарының қатарында екен. #аптасына1әдет жобасы аясында ойда-жоқта, бір деммен оқылған кітап болды.

⠀
🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Кітап авторы Данияр Сугралинов - орыстілді қазақ. Орыс аудиториясына жақсы танымал қазақстандық автор, алғашқы блогерлердің бірі.

"Кирпичи 2.0" кітабы мені автормен жақынырақ таныстырды. Мұнда біздің замандасымыз, офис қызметкері Сергей Резвейдің өмірі баяндалады. Оның жасы 30-ға да жетпеген, айлығын бірден-бірге әрең жеткізіп жүр, қызы жоқ, жұмыстастарының арасында қадірі жоқ, өмірден түңілуге шақ қалған жігіттің басынан кешкендері оқырманды тартпай қоймайды. Өйткені айналамызда мұндай жағдайды бастан кешіріп жүргендер аз емес.

Д.Сугралинов осындай адамның қалай өзгергенін, өзін қолға алып, жұмыста, спортта, жеке өмірде жеткен жетістіктерін шебер әңгімелейді. Оқырманға өмірінің әр белесінде Сергейдің жанында бірге жүргендей әсер қалдырады. Қысқасы, егер шын қаласаң, адал ниетің болса, өміріңді өзгертуге болатынын дәлелдеп бағады.
⠀
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
7/10 Бұл кітап көптеген адамға мотивация берді деп ойлаймын. Әсіресе, ер-азаматтар оқуы тиіс кітап.
⠀
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Әдеттегідей электронды нұсқасын телеграм каналыма жіберіп қоямын. Каналымның сілтемесін профилімнен таба аласыздар.
⠀
#аптасына1кітап #marfu_reads #marfu_bookblogger #марфуғадан_кітап📚 #кітап #книги #books #bookbloger #даниярсугралинов #кирпичи2.0
Жаратушы Иеміз о бастан-ақ барша құлшылықты ұлы даналықтармен міндеттеген. Адамдарға қиындық келтіріп, еркіндіктерін шектеу Алланың хикметіне мүлде жат нәрсе. Құлшылықтың адам үшін пайдасы кейде көзге анық көрініп тұрса, кейде жасырын тұратыны белгілі. Сіздерге намаздың өзім байқаған 10 пайдасын айтып бергім келіп тұр :) Видео сілтемеде:

https://www.youtube.com/watch?v=eBv7yI3M17E


Намаздың өзге де пайдасын айтып, тізімді ары қарай жалғасаңыздар да болады 😊
​Marfu:
Айжан - менің кітапты көп оқитын замандастарымның бірі. Өзі журналист әрі видеоблогер. Яғни, қай жағынан алсаң да менің әріптесім. Айжан өзінің ең сүйікті 3 кітабы жөнінде айтып берді. Көптен бері не оқитыныңызды білмей жүрсеңіз, Айжан ұсынған кітаптарды оқыңыз.

Кітаптардың электронды нұсқасын төменде болады.

Видеомыздың сілтемесі: https://youtu.be/oa5AmGmIOZw
Наурыз көже - қазақтың ең керемет әрі дәмді ұлттық тағамдарының бірі. Осы жылы Наурызда Шымкентке жол түсіп, сондағы қазақтардың Наурыз көжені қалай пісіретінін түсіріп алдым. 80 жастағы Фатима әжеміздің үйінде қонақта болып, Наурыз көже пісіруді үйрендім. Бұл дәмді әр өңірде әртүрлі пісіретіні белгілі. Ал сіздер жақта қалай пісіреді? Міндетті түрде қосатын дәмдеріңіз бар ма?
⠀
Ал шымкенттіктер Наурыз көжені қалай пісіретінін ютубтағы мына видеомнан көріңіздер:
⠀
https://youtu.be/5vvnxcUXXyc

#наурыз #наурызкөже #ұлттықтағам