Достар, мен "Ұлағатты ұрпақ" қорының ютубтегі каналында видеоконтент істеуді бастадым. Әсіресе, еліміздің аға буын өкілдерінің жастарға айтар кеңесі, бөлісер тәжірибесі туралы естігім келіп жүретін. Сол екі буынның ортасында көпір болсам деген ниетпен "Ұрпағым, саған айтамын..." атты жобамның алғашқы шығарылымы. Көріп, бағасын беріңіздер 😊
https://www.youtube.com/watch?v=dnx08HPgfkE

YouTube
Смағұл ЕЛУБАЙ / ҰРПАҒЫМ, САҒАН АЙТАМЫН...
"Біреулерге Құдай бәрін береді. Байлық та бар, алтын, гауһар, інжу-маржан – бәрі бар. Төрт құбыласы сай.
Бірақ Иман жоқ.
Ең сорлы адам - сол.
Бір кем дүние" деп жазған жазушының өзі еді. Кеңес кезінде тәрбиеленген өзге замандастарындай емес, Шерхан аға иманға да келді, намазға да жығылды. Алла тағала алдынан жарылқасын! Жұмақтан орын нәсіп етсін! http://islam.kz/kk/articles/sozsarasy/sherhan-murtaza-qudai-jolymen-jursen-jylamaisyn-1617/#gsc.tab=0

Islam.kz
Шерхан Мұртаза: "Құдай жолымен жүрсең, жыламайсың..." / Шерхан МҰРТАЗА
Жасаған Ием, Жаратушы Құдірет – Алла Тағаланың 99 аты бар. Таспих моншақтары – 99. *** Біреулерге Құдай бәрін береді. Байлық та бар, алтын, гауһар, інжу-маржан – бәрі бар. Төрт құбыласы сай. Бірақ Иман жоқ. Ең сорлы…
Ақиқатты таныған жазушы. Саналы ғұмырында шындықтан аттамаған жазушы. Өмірбойы Кеңестік идеологиямен ғұмыр кешіп, Құдайын жоғалтпаған жазушы. Кейінгі ұрпаққа өмірі үлгі жазушы.
Бір кезде намаз уақыты кірді. Шерхан атамыз құлшылық жасауға кетті. Соңынан біз де ұяла-ұяла намаз оқып алуға рұқсат сұрадық. Ақсақал кабинетіне қайта кіргізіп, алдымызға қызыл өрнектермен көмкерілген жасыл жайнамазды жайып, «намаздарын оқып алсын» деген ниетпен, шығып кетті. Құдайға құлшылығымызды жасап болып, жайнамазға қайта-қайта үңіле бердім.
Шерағаң өзінің бір естелігінде былай деп жазады: «Әкеміз Мұртаза марқұмның қызғылтым шырайлы, әдемі гүлдері жайнаған жап-жаңа жайнамазы бар еді. Алдымен мешіт бұзылды. Оның үйінді болып қалған кірпіштерінің үстінде байғыз дейтін құс сұңқылдап, зарлап отыратынды шығарды. Көп ұзамай Мұртаза рахметілік «халық жауы» ретінде ұсталды. Бұл 1937 жылдың, сірә, желтоқсан айы еді. НКВД үйге тінту жасады. Мен ол кезде бес жасар баламын. Бәрі есімде. Тінткенде бәлендей байлық табылған жоқ. Тек бір милиционер төрде ілулі тұрған жайнамазды жазып көрді де: «Е, мынау шұлғау болуға жақсы екен. Аяғым тоңып жүр еді», - деп Алланың аты жазылған жайнамазды бүктеп-бүктеп, қойнына тыға салды...
Арада алпыс жыл өткенде жолым түсіп, Кереку қаласына барып, мешітіне кіріп, дұға оқығанда, Тәңірі жарылқағыр бас имам маған Қағбадағы мешіттің суреті салынған сұлу жайнамазды сыйлады. Сонда баяғы милиционерге шұлғау болып, қорланған жайнамаз ғайыптан құс болып келіп, қолыма қонғандай ғажайып хал кештім. Бір кем дүние».
Мынау сол жайнамаз ба екен?! Жазушының өзінен сұрауға батпадым. Алайда күні бүгінге дейін Шерағаңның маңдайы сәждеге тиген жайнамазда намаз оқып оқығаным еске түссе, жүрегіме жылы нұр құйылады...
Бұл әлде, кезіндегі Мұртаза секілді ақиқаттан аттамаған ата-бабаларымыздан Шерағаңа өтіп, кейін біздерге жеткен иман атты тылсым дүниенің тәтті дәмі ме екен... Білмеймін... http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/jazushy-sherhan-murtazanyn-jainamazy-2006/.

Жазушы Шерхан Мұртазаның жайнамазы / Марфуға ШАПИЯН
Бүгін Қазақстанның Халық жазушысы, "Қызыл жебе", "Ай мен Айша", "Интернат наны", "Қара маржан" секілді тамаша кітаптардың авторы - Шерхан Мұртазаның туған күні. Даңқты жазушы 85 жасқа келіп отыр. Қазақ елі тәуелсіздік алып, еркіндікке қол жеткізгеннен кейін…
Нәбік деген кедейдің бір тұлпары болады. Бір бай "осы атыңды маған сат" деп қанша дүние, мал ұсынса да Нәбік атты сатпайтынын айтады. Атты ақшаға сатып ала алмасын білген бай айлаға көшеді. Айласы Нәбік жолаушылап келе жатқанда, оның жолына қайыршы киімін киіп алып отырады. Оның қасына жеткен Нәбік «қайыршыдан» жөн сұрайды. «Қайыршы» қырдың астындағы ауылға жете алмай отырғанын айтады. Ойында ештеңе жоқ кедей: "Маған мінгесіңіз, апарып тастайын" дегенде, бай: «Шырағым, аттан түсіп мені мінгізіп жібермесең, міне алмаймын» - дейді. Нәбік атынан түсе салып, байды атқа сүйемелдеп мінгізгенде, арам бай атқа қамшыны басады ғой, келіп. Істің мән-жайын енді ғана аңдаған Нәбік:
- Байеке, тоқтаңыз айтатұғын бір сөзім бар, - депті. Бай "бұл пақыр не дер екен" деп, атын іркіп: - Ал бейбақ, не дейсің, айт айтарыңды, - депті.
- Осы жағдайды ешкімге айтпай-ақ қойыңыз. Бар өтінішім осы, - депті кедей.
Бай сонда:
- Мен бұл жағдайды айтқанда түсіп қалар дейтұғын беделің жоқ, несіне айтпа деп оған ерекше қам жей қалдың, сорлы? - дегенде, Нәбік:
- Мәселе онда емес, менің қорқып тұрғаным, бұл оқиға елге тарап кетсе, осы жаман сөздің әсерінен аты барлар жолда кездескен шын мұқтаждарды қояды ғой. Менің ойлап отырғаным сол ғана, сол үшін де бұны ешкімге айтпағаныңызды сұрап тұрмын, - депті... P.s. Рас, қазір жағымсыз ақпарат тез тарайды. Алдау-арбау көп. Сонда да нағыз мұқтаждар барын ұмытпайықшы... Жұма мүбәрак! 😊
#иманым_жиғаным💐 #marfu_muslima

Нұркен Өтеуіл ағам ютубтен канал ашып, небір әдемі өлеңдерді оқып, салып жүр. Дауысы сондай жағымды, жырлары жүрекке жетеді. Ағамның каналына жазылып, қолдау білдіріп қойыңыздар 😊
https://www.youtube.com/channel/UC7iAA5Kgn_B7RT0LR3DObjg

Бір қалаға келген имам Ахмад ибн Ханбал (р.а.) бір түнін мешітте өткізуін қалайды да, мешітке бет алады. Алайда, күзетші оны танымағандықтан мешітке түнеуге рұқсат етпейді.
Барып түнейтін жері болмаған соң имам Ахмад мешіттің жанында түнеп шыққысы келеді. Сол кезде мешіттің жанынан өтіп бара жатқан бір наубайшы имам Ахмадты (р.а.) байқап қалып, оған наубайханада түнеп шығуды ұсынады.
Наубайханаға келген соң наубайшы қамыр илеуге кіріседі. Сонда төсегінде жатқан имам Ахмад оның ұзақ уақыт бойы истиғфар айтқанын естіп, ертесіне көп истиғфар айтуының себебін сұрайды. Сонда наубайшы: «Түн болса ұзақ, жұмыс көп. Сондықтан да истиғфар айтпағанда не істеймін» – деп қоя салады. Бұл істің бір сыры бар екенін сезген имам Ахмад "Истиғфардың пайдасы бар ма?" – деп сұрайды. "Әрине! Көп истиғфар айтудың нәтижесінде дұға-тілектерім қабыл. Не тілесем де, Алла Тағала тілегенімді беріп жатыр. Тек қабыл болмай жүрген бір ғана тілегім бар. Ол Имам Ахмад ибн Ханбалды көру" дейді.
Сол кезде имам Ахмад көзіне жас алып: «Ендеше, көп истиғфар айтқаның зая кетпепті. Алла тағала Имам Ахмадты есігіңнің алдына алып келді. Ол менмін», – деген екен.
Шыны керек, атағы әлемге жайылған бүркітші қыз Айшолпанның Астанаға келгенін естігенде қатты көргім келді. Алайда Алматыда жүр едім. Құдайдың құдіретін көрмейсіздер ме, алыстағы Шардараға барсам, Моңғолияда тұратын Айшолпаным алдымнан шығып тұр. Аңыз қызды көргеніме, фотоға түскеніме қатты қуандым. Бірден есіме жоғарыдағы Имам Малик оқиға түсті. Алайда өзімді жиі истиғфар айтатындардың қатарына жатқызбаймын. Десе де аппақ ниетім бар еді. Бастысы ниет екен достар, қалғаны Алланың құзырында. Ниет еткізіп үлгертпей, тілегімізді қабыл етіп жатқан Аллаға мақтау болсын! Сізде де сондай оқиғалар жиі болып тұратын шығар?

Ютубте "Суперкеліншек" атымен танылған Құралай Орынбасарованың орамал тағу хикаясын естігеліріңіз келсе, төмендегі сілтемеге қарай өтіңіздер. Құралай мұнда күйеуімен қалай танысқанын, отбасының орамалды қалай қабылдағанын әдемілеп әңгімелеп береді 😊
https://www.youtube.com/watch?v=GvMn2Wmyf0s
https://www.youtube.com/watch?v=GvMn2Wmyf0s
YouTube
Суперкеліншек: "ОРАМАЛ ТАҒУЫМА КҮЙЕУІМ СЕБЕПШІ БОЛДЫ" / Мен қалай орамал тақтым? // Марфуға ШАПИЯН
Суперкеліншектің каналының сілтемесі:
https://www.youtube.com/channel/UC8OnXga9tv84v07GoW2j6Zg
МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР:
*facebook: https://www.facebook.com/marfugashapian
*vk: https://vk.com/marfugashapian
*instagram: https:/…

Сіздерге Оралхан Бөкейдің өзімде бар кітаптарын жіберемін деп сөз берген едім. "Қамшыгер" мен "Тортай мінер ақ боз ат" қана бар екен. Қабыл алыңыздар 😊
Бүгін Ыбырай Алтынсариннің туған күні. Ұлт ұстазының маңайындағы алып қашпа сөздердің төркінін білгіңіз келсе, мақаланы оқыңыз. http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/bir-allaga-syiynyp-oquga-shaqyrgan-ybyrai-altynsarin-nege-shoqyndy-atandy-1582/#gsc.tab=0
Islam.kz
«Бір Аллаға сыйынып» оқуға шақырған Ыбырай Алтынсарин неге «шоқынды» атанды? / Марфуға ШАПИЯН
Қазақ Ыбырай Алтынсаринді ағартушы-педагог, ақын, жазушы, этнограф ретінде таниды. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан адам ретінде біледі. Оның “Кел, балалар, оқылық!” атты өлеңімен білімге құштарлығымыз артқан біздер “Бір Аллаға сыйынып” деген алғашқы жолдарының…
"АҚШ-тың бір судьясы қырық жылдай сотта абыройлы қызмет атқарып зейнетке шыққанда оған жергілікті бір аурухана ерекше алғыс айтыпты. Әріптестері мүлдем басқа мекеменің мұндай ықыласын түсіне алмай мәнісін анықтауға тырысыпты. Сөйтсе, бұл судья күн сайын жұмыстан шыққан соң әлгі ауруханаға барып, қатерлі ісікке шалдыққан жас балаларды әлдилеп ұйықтатып жүрген екен. Сырқат балалардың күндіз-түні ауруханадан шықпайтын шаршаңқы ата-аналарының қолын босатып демалтып, әрі сәбилердің көңілін көтеретін еріктілер ұйымының мүшесі болыпты. Бұл ақпаратты өткен айда Вашингтонға барғанымда бір ресми мекеменің ішкі құжаттарынан оқып қалдым. Сол себепті аты-жөнін толық жаза алмай отырмын. Қайырлы ісін қырық жыл жарнама қылмай жасаған неткен тамаша жан һәм сирек судья деп таң қалдым" деп жазыпты @galym.bokash аға фейсбуктегі парақшасында.
⠀
Осыны оқып, жақында бір құрбымның айтқаны еске түсті. Ол біздерге сауапты істің барлығына ұмтыла бермей, нақты біреуімен тұрақты түрде айналысуды айтқан еді. Мысалы, жылдар бойы жасырын садақа беру немесе жылдар бойы тыныш қана тәһажудке тұру, тіпті болмаса әр сенбіде барып, мешіт тазалауға көмектесу, балалар үйіне барып, бір баланы қамқорлыққа алу, әйтеуір біреуі. Алла тағала біздің бір ай ұстап, сосын ұстамай кеткен оразамызды емес, жүйелі түрде аптасына бір ұстаған оразамызды ұнатады екен. Немесе бір апта жақсы амал істеп, кейін айлап ұмытып кеткенімізді емес, тұрақты айналысқанымызды жақсы көреді.
⠀
Жоғарыдағы оқиғаны оқып, судьяның амалына қатты қызықтым. Алла тағала біздерді де бос істермен айналысудан сақтап, жұртқа пайдалы, сауапты амалдармен айналысуды нәсіп қылғай! 😊

"Мен қалай орамал тақтым?" айдарының кезекті қонағы өзі есепші, модель, төрт баланың анасы, Мақсат Сәбитов сынды тамаша актердің жары, көркем мінезді, көрікті қыз Әйгерім Сәбитова. Әйгерім өз оқиғасын әдемілеп баяндап берді.
Видеоның толық нұсқасын көру үшін сілтемеге өтіңіздер:
https://youtu.be/vmqxRKwCdtE

Әйгерім: "ӘКЕМНІҢ СӨЗІНЕ ЖЫЛАП ҚАЛАТЫНМЫН" / Мен қалай орамал тақтым? // Марфуға ШАПИЯН
YouTube каналымдағы "Мен қалай орамал тақтым?" атты айдарымды жаңа деңгейге шығарып жатырмыз. Ол осыдан былай @qazaq_travel-мен бірлескен жобаға айналып отыр. Енді менің каналыма қонақ болған әр қызға умра сапарына 100 долларлық жеңілдікпен сертификат сыйлаймыз.…
Ютубте каналым болғаннан кейін тура өзге әлеуметтік желілер секілді ютубте де отырамын. Онда да жазылып қойған адамдарым, тұрақты көретін каналдарым бар. Солардың ішінде қатты ұнайтыны мына Анастасия Кей деген қыздың каналы. Бәрін ғылыми негізге сүйене отырып, тамаша дүниелермен бөліседі. Тайм менеджмен, дұрыс тамақтану, спорт, білім, кітап барлығы бар. Сіздерге де пайдасы тиіп қалар деген оймен жіберіп отырмын. Қарай жүріңіздер. Алла қаласа, болашақта каналымды осы қыздікіндей етіп жасағым келеді. https://www.youtube.com/user/funastacia
YouTube
Good Music
Subscribe to our new channel: https://www.youtube.com/channel/UCNoyWfQ0NHZwS4izIX7nNVg
Бүгінгі қонақ заңгер, екі ұлдың анасы, Нұржан Керменбаев сынды тамаша әншінің жары, сұлу да сымбатты Назерке Керменбаева @nazerke_kermenbayeva . Назерке өз оқиғасын жақсылап баяндап бергенімен қоймай, орамал тағуды енді бастап жүргенде сыртқа орамалсыз шығып кетіп, күйеуіне ұсталып қалғанын айтып, қызық оқиғасымен де бөліседі 😊 Видеоның толық нұсқасын ютуб каналымнан көре аласыздар.
⠀
Видеоны көру үшін сілтемеге өтіңіздер:
https://www.youtube.com/watch?v=or64_4SdHN8

Назерке: "ОРАМАЛСЫЗ ШЫҚҚАНЫМДА КҮЙЕУІМ ҰСТАП АЛҒАН" // Марфуға Шапиян
МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР:
*facebook: https://www.facebook.com/marfugashapian
*vk: https://vk.com/marfugashapian
*instagram: https://www.instagram.com/marfugasha...
*telegram: https://t.me/marfugashapian
*блог: http://marfugashap…

"Меломан" тобындағы Ролан Хазіретовтың әйелі Таңшолпанның қалай орамал таққаны туралы білгілеріңіз келсе, каналымдағы жаңа видеоны көріңіздер. Сілтемесі мінекей:
https://youtu.be/uRiJ4tcvrUQ
https://youtu.be/uRiJ4tcvrUQ
YouTube
Таңшолпан: КҮЙЕУІМ ОРАМАЛДЫ ҚЫЗ АЛҒЫСЫ КЕЛГЕН / Марфуға Шапиян
МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР:
*facebook: https://www.facebook.com/marfugashapian
*vk: https://vk.com/marfugashapian
*instagram: https://www.instagram.com/marfugasha...
*telegram: https://t.me/marfugashapian
*блог: http://marfugashap…
*facebook: https://www.facebook.com/marfugashapian
*vk: https://vk.com/marfugashapian
*instagram: https://www.instagram.com/marfugasha...
*telegram: https://t.me/marfugashapian
*блог: http://marfugashap…
#1жылда100кітап айдары:
БАҚҚОЖА МҰҚАИ. "ӨМІРЗАЯ" 📚
«Өмірзая» – ұзақ толғаныспен жазылған, жазушыға Мемлекеттік сыйлық әкелген роман. «Өмірзаяға» Мұхтар Мағауин: «Танымал жазушы Баққожа Мұқаидың «Өмірзая» романы осы құлдық сана, рухтың жаншылуы турасында. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа серпін, соны құбылыс дер едік. Әдетте, жадағай сын әлдебір шығарманы көтергісі келсе, қызғылықты, жеңіл оқылады, тартып әкетеді деп көрсетеді. Баққожа романының тартып әкететіні рас. Бірақ өте ауыр оқылады. Мен тура бір аптада әрең бітірдім», – деп баға береді.
🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Автор «Өмірзаяға» үлкен дайындықпен келген секілді. Ол «Өмірзая» арқылы халқының бір ғасырлық қасірет-мұңын көрсеткісі келді.
«Өмірзая» маған талай аласапыраннан өтіп, ардақтыларынан айырылған халықтың кеудесіне тығылған өксіктің сыртқа шығуы сияқты елестейді кейде. Енді бірде бас кейіпкер, тарих ғылымының кандидаты Аяғанның прототипі Кенесерыны жазамын деп 25 жыл арқалап, Сібірге айдалып кеткен аяулы тарихшымыз Ермұхан Бекмаханов секілді көрінеді. Өйткені, екеуі де тарихшы, екеуі де тарих беттеріне Кенесарының атын жазамыз деп аласұрды, сол үшін таяқ жеді, түрмеге отырды.
Бірақ белгілі сыншы Ә.Меңдеке Аяғанның тұлғасынан Алаш зиялыларының прототипін көреді. Меніңше де солай, «Өмірзаядағы» бас кейіпкер Аяған Қуатұлының прототипі бір адам ғана емес. Ол – қылышынан қан тамған Кеңес саясатының құрбанына айналған барлық боздақтарымыздың жиынтық образы. Сондықтан «Өмірзаяның» кейіпкерлерін алыстан іздеудің қажеті жоқ. Ол – біздің өткеніміз. Мүмкін, «Өмірзая» қасірет пен қайғыға толы трагедиялық роман шығар. Бірақ, Ж.Нұрғожаевтың тілімен айтсақ. «Өмірзая» – Кеңес қоғамының күйреуі. Тәуелсіздіктің жақын қалғанын сүйіншісі.
«Халық болашағы үшін құрбан болғандар үшін бәрібір кітап жазамын» деген Аяған кейіпкерінің сөзі Баққожа Мұқаидың өзіне берген уәдесіндей.
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
10/10 Тәуелсіздік жылдары қазақ әдебиетіне қосылған теңдессіз туынды деп білемін.
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Төменде жіберіп қоямын.
#marfu_reads #marfu_bookblogger #Марфуғадан_кітап📚
#кітап #книги #book #bookblogger #БаққожаМұқаи #Өмірзая

Бүгін Бауыржан Момышұлының туған күні... http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/uyadan-dini-tarbie-algan-bauyrjan-momyshuly-1199/#gsc.tab=0
Islam.kz
Ұядан діни тәрбие алған Бауыржан Момышұлы / Марфуға Шапиян
Бүгін, яғни желтоқсанның 24-ші жұлдызы көзі тірісінде аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлының туған күні. Баукең ержүректігі тұрғысынан кешегі ел қорғаған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек сынды батырлардың заңды жалғасы секілді.…
Бүгін ерекше белсенді боп кеттім бе?) Ютубке шыққан жаңа видеомды қабыл алыңыздар 😊 Ақмешіт үңгірінде жасаған саяхатым ☺️ https://youtu.be/vhwDkRo5LPM
YouTube
Ақмешіт үңгіріне саяхат / Шымкент // Марфуға Шапиян
Ақмешіт үңгіріне саяхат / Шымкент // Марфуға Шапиян
МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР:
*facebook: https://www.facebook.com/marfugashapian
*vk: https://vk.com/marfugashapian
*instagram: https://www.instagram.com/marfugasha...
*telegram: h…

Сүйінші! Өткеннен айтып жүрген Хэл Элродтың "Магия утра" кітабының саммариі дайын болды. Яғни, қысқаша мазмұны, былайша айтқанда қаймағы.
Әлі есімде, бұл кітапты құрбым @kazakkyzy "Сен ерте тұрасың ғой. Осы кітапты оқып көрші" деп ұсынғанда, оқып шығып, онша ұната қоймағанмын. Өйткені, өзім ерте тұратын болғаннан кейін кітапқа қажеттілік жоқтай көрінді. Әрі ішіндегі қайталаулары жынымды келтірді. Арада біраз уақыт өткенде бұл кітапқа қайта оралам деген ой түсіме кірмеген.
Сөйтсем, ерте тұра алмайтындарға бұл кітап таптырмас нұсқаулық екен. Әлемде бестселлерге айналып жүргені де содан екен ғой. Қазір мен де бұрынғыдай емес, онша ерте тұра алмаймын. Кітапты қайта оқығанда мұндағы кеңестердің құндылығын түсіндім.
Бір сөйлескенімізде @dzhigitbek Данияр Жігітбектің "Көп нәрсеге үлгеретініңіз, ерте тұратындығыңыздан деп ойлаймын" дегені есімде. Қазір ойлап қарасам, Даниярдың сөзінің жаны бар екен. Ерте тұратын кезімде біраз нәрсеге үлгеріппін.
Жалпы, таңғы уақыттың берекесі туралы дінімізде де айтылады ғой. Таң намазынан кейін ұйықтамаған дұрыс екені, сүннет бойынша күн көтеріліп келе жатқанда ұйықтауға болмайтыны, ерте тұратын адамның ризығы көп болатыны. Бәрін білсек те, амалымыз сәйкес еместігі қандай жаман!
Саммариді дәл осы кітаптан бастауым да, сондықтан. Ерте тұру әдетімді қайта жандандырғым келеді. Әрі пайдалы дүниені сіздермен бөлісуді ойладым. Өйткені, бұл кітапты толық оқып шығуға уақытыңыз жоқ болуы мүмкін. Ал мен сіздерге қысқа нұсқасын дайындадым. Кітаптан керегіңізді алыңыз да, өміріңізге енгізіп, пайдаға асыра беріңіз.
Саммари-кітап бағасы - 990 теңге. Жүктеп алу үшін сілтеме http://marfu.kz/ Айтпақшы, кітаптың толық нұсқасын да телеграм каналыма жіберіп қоямын. Қайсысын оқимын дейсіздер, таңдау өздеріңізде.
Ерте тұрайық! Жаңа жылдан жақсы әдеттер қалыптастырайық. Бірге дамып, бірге өзгерейік!
#marfu_reads #marfu_bookblogger #Марфуғадан_кітап📚 #МарфуғаШапиян #кітап #книги #book #bookblogger #қазақшасаммари #саммари #магияутра #хэлэлрод

❤1