Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР
1.66K subscribers
97 photos
5 videos
5 files
228 links
Download Telegram
​М.КАНЪАН. "ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ 📚
⠀
Бұл кітапты бұрынырақ оқығанмын. Тұрмыс құрған соң қажеттілігін сезініп қайта оқып шықтым.
⠀
🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Кітапта отбасылық өмірдің қыр-сыры діни тұрғыда баяндалады. Мұнда қыз бен жігіттің алғашқы таныстығынан бастап шаңырақ көтеруі, алғашқы неке түні, жұбайлық қарым-қатынас пен ерлі-зайыптылардың өзара міндеттері, одан кейінгі жүктілік мерзім мен бала дүниеге келгеннен соң істелуі тиіс амалдар, тіпті ең соңында талақ мәселесіне дейін түсіндіріледі.
⠀
Кітаптан жан-жақты ақпарат алып, отбасы мәселесінде діни сауатыңызды арттыруға әбден болады.
⠀
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
8/10 Үйленгелі жүрген жастар мен шаңырақ көтерген ерлі-зайыптылардың барлығы кемінде бір рет оқып шығуы тиіс кітап.
⠀
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Әдеттегідей электронды нұсқасын телеграм каналыма жіберіп қоямын. Каналымның сілтемесін профилімнен таба аласыздар.
⠀
#аптасына1кітап #marfu_reads #marfu_bookblogger #марфуғадан_кітап📚 #кітап #книги #books #bookbloger #жұбайларшаттығы #отбасыбақыты
​ДАНИЯР СУГРАЛИНОВ. "КИРПИЧИ 2.0" 📚
⠀
Бұл кітап үйде біраздан бері тұр. Төремдің оқысам деп жинап қойған кітаптарының қатарында екен. #аптасына1әдет жобасы аясында ойда-жоқта, бір деммен оқылған кітап болды.

⠀
🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Кітап авторы Данияр Сугралинов - орыстілді қазақ. Орыс аудиториясына жақсы танымал қазақстандық автор, алғашқы блогерлердің бірі.

"Кирпичи 2.0" кітабы мені автормен жақынырақ таныстырды. Мұнда біздің замандасымыз, офис қызметкері Сергей Резвейдің өмірі баяндалады. Оның жасы 30-ға да жетпеген, айлығын бірден-бірге әрең жеткізіп жүр, қызы жоқ, жұмыстастарының арасында қадірі жоқ, өмірден түңілуге шақ қалған жігіттің басынан кешкендері оқырманды тартпай қоймайды. Өйткені айналамызда мұндай жағдайды бастан кешіріп жүргендер аз емес.

Д.Сугралинов осындай адамның қалай өзгергенін, өзін қолға алып, жұмыста, спортта, жеке өмірде жеткен жетістіктерін шебер әңгімелейді. Оқырманға өмірінің әр белесінде Сергейдің жанында бірге жүргендей әсер қалдырады. Қысқасы, егер шын қаласаң, адал ниетің болса, өміріңді өзгертуге болатынын дәлелдеп бағады.
⠀
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
7/10 Бұл кітап көптеген адамға мотивация берді деп ойлаймын. Әсіресе, ер-азаматтар оқуы тиіс кітап.
⠀
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Әдеттегідей электронды нұсқасын телеграм каналыма жіберіп қоямын. Каналымның сілтемесін профилімнен таба аласыздар.
⠀
#аптасына1кітап #marfu_reads #marfu_bookblogger #марфуғадан_кітап📚 #кітап #книги #books #bookbloger #даниярсугралинов #кирпичи2.0
Жаратушы Иеміз о бастан-ақ барша құлшылықты ұлы даналықтармен міндеттеген. Адамдарға қиындық келтіріп, еркіндіктерін шектеу Алланың хикметіне мүлде жат нәрсе. Құлшылықтың адам үшін пайдасы кейде көзге анық көрініп тұрса, кейде жасырын тұратыны белгілі. Сіздерге намаздың өзім байқаған 10 пайдасын айтып бергім келіп тұр :) Видео сілтемеде:

https://www.youtube.com/watch?v=eBv7yI3M17E


Намаздың өзге де пайдасын айтып, тізімді ары қарай жалғасаңыздар да болады 😊
​Marfu:
Айжан - менің кітапты көп оқитын замандастарымның бірі. Өзі журналист әрі видеоблогер. Яғни, қай жағынан алсаң да менің әріптесім. Айжан өзінің ең сүйікті 3 кітабы жөнінде айтып берді. Көптен бері не оқитыныңызды білмей жүрсеңіз, Айжан ұсынған кітаптарды оқыңыз.

Кітаптардың электронды нұсқасын төменде болады.

Видеомыздың сілтемесі: https://youtu.be/oa5AmGmIOZw
Наурыз көже - қазақтың ең керемет әрі дәмді ұлттық тағамдарының бірі. Осы жылы Наурызда Шымкентке жол түсіп, сондағы қазақтардың Наурыз көжені қалай пісіретінін түсіріп алдым. 80 жастағы Фатима әжеміздің үйінде қонақта болып, Наурыз көже пісіруді үйрендім. Бұл дәмді әр өңірде әртүрлі пісіретіні белгілі. Ал сіздер жақта қалай пісіреді? Міндетті түрде қосатын дәмдеріңіз бар ма?
⠀
Ал шымкенттіктер Наурыз көжені қалай пісіретінін ютубтағы мына видеомнан көріңіздер:
⠀
https://youtu.be/5vvnxcUXXyc

#наурыз #наурызкөже #ұлттықтағам
Түркиядан тағы бір тамаша видео. Атақты сұлтан Сүлеймен салдырған Сүлеймение мешіті, Хюррем сұлтан қабірі, Босфорға саяхат, балық жеу, Ортакөйде уафл мен кумпир жеу, Гранд базар бәрі-бәрі осы видеода. Көріңіздер, пікір жазыңыздар!

Видео сілтемесі төменде:

https://www.youtube.com/watch?v=OGzdXtwGrwY&lc=z22gixmipoykxz5o004t1aokgfsgawokxkhovsm302efbk0h00410
Өткендегі кіші қажылыққа дайындық туралы жазбама пікір қалдырғандар өте көп болды. Оқырмандарым арасында барғысы келетіндер, ақпарат алып тұрғысы келетіндер де баршылық екен. Мұндай ықылас, ниетті күтпеген ем, қуанып қалдым.

Сіздердің араларыңызда өздеріңіз ғана барып қоймай, ата-анасын жібергісі келетіндер де бар көрінеді. Сондықтан сол кісілерге ақпарат берейін деп, ата-ананы Мекке-Мәдинаға @qazaq_travel арқылы қалай жіберуге болатыны туралы видео түсіріп, өздеріңізге ұсынып отырмын: https://www.youtube.com/watch?v=XnjCybYIF1M

Алла тағала біздерге ата-анамызды да қажылыққа апарар мүмкіндік туғызғай! Айтпақшы, дүниеден өткен ата-аналарыңыз үшін де қажылық өтеу мүмкін екенін білесіздер ме?
:
Мен ешқандай да киносыншы емеспін. Дегенмен қарапайым көрермен ретінде отандық фильмдер туралы аз-маз пікірімді білдіріп отырсам деп, жаңа айдар #марфу_кино бастадым 😊 Бұл әрекетемді қолдасаңыздар, әдеттегідей сіздерден лайк пен пікір ғой 😉
⠀
Өткенде Мереке Мұқанның "Мама+папа" фильміне бардық. @ozhkentegi фильмді 6/10 бағаласа, менікі бір баллға жоғары, өзімше 7 бердім)) Ол мүмкін саундтрек үшін шығар. Ішіндегі ән қатты ұнады. Мирас пен Құралай ма деп ойладым. Бірақ әнді таба алмадым.
⠀
Фильмді көрген жеріміз: Алатау кинотеатры. Пікіріміздің сілтемесі төменде:
⠀
https://www.youtube.com/watch?v=60LiHsl5uSc
Ыстамбұлда жерленген атақты сахаба, дәрежесі жоғары сахаба, Пайғамбарымыз (с.а.у.) үйінде 7-8 ай тұрған сахаба Әбу Аюб әл-Ансаридің неліктен Түркияда, оның ішінде Ыстамбұлда қалай жерленгенін білгіңіз келсе, төмендегі видеомды көріңіз.

Түркиядағы ең үлкен, 60 000 адам сиятын мешітті көргіңіз келсе де осы видеоның көріңіз.

Видео сілтемесі:

https://youtu.be/VaDm-JlN_ao
Дүниеден өткен ізгі адамдардың қабірін зиярат ету, олардың музейлеріне бару, жүрген жолымен жүріп өту маған ерекше ләззат сыйлайды әрі иманымды көтереді. Ыстамбұлға табаным тисе, ең алдымен баруым керек дейтін жер – Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) сүйікті сахабасы, Мәдинадағы көршісі, өмірінің соңына дейін Алла жолындағы ешбір соғыстан қалмаған, Түркиядан топырақ бұйырған Әбу Аюб әл-Ансаридің қабірі, мешіті болатын. Алла нәсіп етіп, ол күн де бұйырды.

Ыстамбұлда бір аудан түгелдей осы Әбу Аюб сахабаның есімімен аталады. Сонау орта ғасырда салынған мешітін де табу оңай. Өйткені мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен ағылып келіп жатқан мұсылмандар саны ешқашан азайған емес. Біз де сол қалың нөпірдің ішінде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сахабасына деген жүрегіміздегі сүйіспеншілігімізді аялап келе жатыр едік. Көңіліміз Пайғамбар (с.а.у.) заманында, ал көзіміз Әбу Аюбтың күллі мұсылман қызығатын ғажап өмірінің парақтарын ойша оқып келеді... http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/sahaba-ayub-al-ansari-nelikten-ystambulda-jerlengen-2754/#gsc.tab=0
​Ерекше қуанып отырмын 😊 Өйткені көптен қолға алып, бітіре алмай жүрген екінші саммариымды біттім. Осыған дейін Хэл Элродтың “Магия утра” кітабының саммариін жылы қабылдап, ерекше қызығушылықпен оқыған едіңіздер. Оны әлі күнге дейін сұрайтындар көп. Өздеріңіз де білесіздер, қазіргі ақпарат көп заманда толық кітапты оқығаннан саммариін оқыған әлдеқайда тиімді әрі қайталап оқып, еске түсіріп отыруға да қолайлы. Бұл кітап та көңілдеріңізден шығар деген үміттемін.

Ресейдің белгілі коуч-тренері, психолог, көптеген бестселлер кітаптардың авторы Лариса Ренардың дәл осы “Күйеуіңді миллионер қыл” кітабына қызығушылығым бір құрбымның рецензиясынан кейін туды. Ол құрбым өз тәжірибесінде осы кітаптағы жаттығуларды қолдану арқылы отбасындағы финанстық жағдайын ретке келтіріп жатқанын, оң өзгерістердің көп екенін айтты. Бұл жағдай мені бей-жай қалдырмады. Күйеуінің жақсы табыс тапқанын қаламайтын әйел бар ма?! Тек соған апаратын жолды білмей жүр емеспіз бе? Ал бұл кітап сол бағыттағы шамшырақ іспетті.

Кітапты өзім ғана оқып қоймай, сіздерге де пайдасы тисін деп ойланбай таңдадым. Әрине, кітаптағы ақпаратпен келісетін тұстар өте көп. Жаңадан білген дүнием де аз емес. Сонымен қатар, менің діни ұстанымым мен көзқарасыма қарама-қайшы тұстары да жоқ емес. Бірақ кітап авторы мен емес, Лариса Ренар әрі мен тек мазмұндаушы болғаннан кейін кітапқа өз қөзқарасымды таңбағаным жөн шығар деген оймен сол қалпында беруге тырыстым. Кітапта 500-ге жуық бет бар. Мен соның ең қажет тұсын алып, 40 бетке сыйғыздым.

Бұл тұрмыстағы әйелдерге де, тұрмысқа шыққалы жүрген қыздарға да өте пайдалы кітап. Тіпті әйелдерінің әрекетіне қарап отырмай, түрлі жаттығуларды меңгеріп алуға ерлердің өзі де оқитын кітап. Ал, қабыл алыңыздар! Игіліктеріңізге жаратыңыздар! Бай-бақуатты болыңыздар!

Кітапты marfu.kz сайтына төлем жасап, алуларыңызға болады. Каспи голд арқылы алғыларыңыз келсе, жекеге жазыңыздар 😉