"Очарование женственности" - миллиондаған тиражбен таралған, әлі де үлкен сұранысқа ие кітап. Бұл - әйел затын бақытты, сүйікті болуға үйрететін кітап. Кітап авторы Хелен Анделин - күйеуімен бір шаңырақ астында 50 жылдан астам уақыт тұрып, 8 бала тәрбиелеген бақытты әйел.
⠀
Егер отбасыңыздың қандай да бір мәселелерін шеше алмай жүрсеңіз, осы кітапты оқыңыз. Егер күйеуіңізбен арада түсініспеушіліктер көбейіп кетсе, осы кітапты оқыңыз. Егер сізге бала тәрбиесіне қатысты кеңестер керек болса, тағы да осы кітапты оқыңыз. Күйеуіңіздің сізге деген сүйіспеншілігі азайып кеткендей көрінсе де, осы кітапқа иек артыңыз. Бүкіл мәселеңізді шешіп тастамаса да, біршама көмектеседі деген ойдамын. Тұрмысқа шықпаған, отбасын құруға дайындалып жүрген ару болсаңыз да осы кітапты оқып алсаңыз, айтарлықтай пайдасы тиер еді деп есептеймін ☺
⠀
Қазақ қыз-келіншектері маған қатты ұнаған осы кітаппен танысса деген ниетпен саммариін жасап жатырмын. Атауын мазмұнына сай етіп "Сүйікті әйел болудың құпиясы" деп қазақшаладым. Алла қаласа, бірер күнде дайын болады.
⠀
Сіздерге керемет жаңалық! Алдын-ала, яғни қазірден төлем жасаған алғашқы 150 адамға 20 % жеңілдік! 1500 теңгенің орнына қазір төлем жасап қойсаңыз 1200 теңгеге ала аласыз. Бұл кітапты оқыған әйел заты өкінбейтініне кепілдік беремін.
⠀
Төлем жасау үшін Kaspi gold: 5169 4931 7885 4793
ЖСН: 900730351488
Айбек Есілбайұлы

Алдыңғы жазбаларымның біріндегі комментте көптеген әйелдер отбасы құрғандарына бірнеше жыл болғанын, бірақ әлі де балалы бола алмай жүргендерін, соған қарамастан Аллаға шүкірлік айтатындарын жазыпты. Бұл пікірлер маған қатты әсер етті. Олардың осындай сабырына жүрегім тебіреніп кетті.
⠀
Кезінде Мұса пайғамбардың заманында оған бір әйел келіп: "Пайғамбарым, мен үшін Аллаға дұға етші. Сәбилі болғым келеді" деген екен. Алла тағала Пайғамбар дұғасына "Мен ол әйелге бедеулік жазғанмын" деп жауап береді. Арада бір жыл өткенде әйел өтініш айтып қайта келеді. Алақан жайып дұға еткен Мұсаға Алла тағаланың жауабы өзгермейді. Содан жыл өткенде жаңағы әйел тағы келеді. Құдайдың құдіреті, бұл жолы қолында құндақтаулы бала бар екен. Таңғалған Пайғамбар Алладан: "Сен ол әйелге бедеулікті жазған едің ғой. Мына бала қайдан келді?" деп сұрағанда Алла тағала: "Мен оған бедеулікті жазған сайын ол "Я, Рахиму" (Рахымды Алла) деп жалбарына берді. Осылайша менің құдіреттілігімнен рахымдылығым басым түсіп, оған перзент сыйладым" деген екен.
⠀
Сондықтан сәбилі болғысы келетін келіншектер, Алладан үміттеріңізді үзбеңіздерші. Өйткені Алланың мейірімі шексіз. Жоғарыдағы әйел айтқан мына дұғаны жатсаңыздар да, тұрсаңыздар да қайталай беріңіздер: "Я Рахиму! Урзуқнә әз-Зурриятәс Салиха әл-Муъафа. Уа, Рахымды Алла! Бізді сау-саламатты, салиқалы ұрпақпен ризықтандыр (нәсіп ет)!" Ал мен сіздердің шынайы дұғаларыңызға Алладан жауап боларына жүз пайыз сенемін 😊
⠀
Өзім болсам, бүгін қолымдағы кішкентай Ханшайымым үшін Аллаға шүкірлік айтамын. Бізге осындай перзент нәсіп болып жатса, ол басқадан емес, Алланың мейірімінен❤️
⠀
Ал сіз бүгін не нәрсеге шүкірлік айттыңыз?
⠀
#5 күн
#шүкірге_толы_365күн
#шүкірлік_күнделігі
#Marfu_muslima

Бұл каналдың Сіз үшін пайдалы болары сөзсіз.
Ашық деректер, түрлі Заңнамаларға сілтемелер және олардың түсіндірмелері, кез-келген ақпаратты тексеру жолдары, түрлі пайдалы ресурстарға сілтемелер, статистикалық мәліметтер, фактчек және сараптамалық материалдар, түрлі аңыздар жайлы ақпарат және бұдан өзге де пайдалы мәліметтерді төмендегі сілтемеден оқи аласыздар:
https://t.me/birgeteksereik
Канал ұнаса достарыңызды да шақырыңыз...

Telegram
Бірге тексерейік!
Бәрі де тексеріледі!
Байланыс үшін: https://t.me/smaqov
Орыс тілінде: https://t.me/factcheckkz
Байланыс үшін: https://t.me/smaqov
Орыс тілінде: https://t.me/factcheckkz
КІТАП ОҚУҒА 10 СЕБЕП
⠀
📚 Кітап қиялыңды дамытады. Елестету қасиетіңіз артады. Өзімнен байқаймын. Біреу бірдеңе әңгімелеп берсе де көз алдыма елестетіп отырып тыңдаймын 😊
⠀
📚 Кітап интеллектіңді жоғарылатады. Адамдармен әңгімелесу оңай болады.
⠀
📚 Кітап өміріңді өзгертеді. Мен көптеген дүниені кітап арқылы жақсы көрдім. Өмірге көзқарасым да кітап арқылы өзгерді.
⠀
📚 Кітап адамның жан дүниесін түсінуіңе көмектеседі.
⠀
📚 Кітап даналыққа жетелейді.
⠀
📚 Кітап оқитындарға сәттілік жақын жүреді.
⠀
📚 Кітап оқысаңыз, идеялар өзінен-өзі келе береді.
⠀
📚 Кітап стрестен қорғайды, депрессияға түсірмейді. Бұған да көзім жетті. Әрі кітап ешқашан жалғызсыратпайды.
⠀
📚 Кітап сөздік қорыңды көбейтеді.
⠀
📚 Кітап үйден шықпай саяхаттауға көмектеседі.

Ютуб каналым көптен жаңармап еді, бүгін жаңа видео шықты 😊 Жаздағы саяхаттар легі басталды. https://www.youtube.com/watch?v=G8eI3TygHiE
YouTube
Алаша хан мен Шыңғыс хан бір адам ба? // Ұлытау // Марфуға Шапиян
Ұлытаудамыз. Қазақстанның ең көрікті әрі тарихи жерлерін аралау, бәрін көзбен көру мақсатым ақырындап орындалып келеді. Былтыр жазда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына Әйгерім екеуміз күшті саяхат жасап едік. Биыл осы облыстың Ұлытау ауданындағы тарихи…
Аяланың киімін шешіп отырғам. Қарасам, желке жақтары қып-қызыл боп бөртіп кетіпті. Алғашында үйдің ыстығынан шығар деп мән бермедім. Бір кезде Ханшайымды көтеріп жүрген қайным келіп "Жеңге, қараңызшы. Аяланың беті қызарып тұр" деді. Қараймын, шынымен беті де бөрте бастапты. Шошып кеттім. Оның алдында ыстығы көтеріліп, сәл ауырып алғаны бар еді.
⠀
Бірден дәрігерлікті оқып жатыр ғой деп сіңлім Назеркеге звондадым. Ол да видеозвонокпен қарап көріп, белгілерімен танысып "Мынау қызылшаға (корь) ұқсайтын сияқты. Жедел жәрдем шақырыңдар" деді. Жүрегім зырқ етті! Кәдімгідей қорқып кеттім. Төрем ол уақытта Ыстамбұлға кеткен. Тіпті жедел жәрдем шақыруға жүрегім дауаламады. Қараңғы баяғыда батып кеткен. Не де болса, таңертеңге дейін байқап көрейін деп ойладым. Ойыма бірден келгені тәһажуд намазы болды. Тәһажуд намазында Алла тағала дұғаңды сөзсіз қабыл етеді дейді. Одан да ертең тәһажудке тұрайын деп ойладым.
⠀
Әншейінде түн ұйқым төрт бөлініп, таң намазына қиналыспен әрең тұрып жүрген басым түнгі тәһажуд намазына жанталасып, ештеңеге қарамай тұрып алғансың ғой. Жанымды салып, жүрегімді байлап Алладан "Аяланың ауырмауын" сұрай бердім. Алланың құдіреті ғой, таңертең қарасам, қызырғаны басылып қалыпты. Қатты қуанып, шүкірлік еттім.
⠀
Сосын ойға қалдым. Біздің армандарымыз өте көп. Алайда түнгі намазға тұрып, Алладан сұрауға неге ерінеді екенбіз? Адамға көп сенім артып кеттік, бәрін беретін Алланы неге ұмытып кеттік?
⠀
Ел басына қысылтаяң жағдай туып, қақпамыздан коронавирус кіруі себепті Мүфтият мұсылман қауымын 19-нан 20-наурызға қараған түні тәһәжуд намазын оқуға, Алла тағаладан бұл індеттің емі табылуын сұрап, дұға етуге шақырып жатыр. Өте дұрыс бастама деп ойлаймын.
⠀
Кім біледі, арамыздағы біреуміздің ізгі амалымызға риза болған Алла дұғамызды қабыл етіп, індеттен құтқарар...
⠀
Кім біледі, арамыздағы біреуміздің салиқалы жүрегімізге риза болған Алла дұғамызды қабыл етіп, коронавирустың емі табылар...
⠀
Кім біледі, арамыздағы біреуміздің тақуалығымызға көңілі толған Алла дұғамызды қабыл етіп, соның себебінен ауырғандар айығар...
⠀
Кім біледі... бастысы тәһажудке тұрайықшы... дұға етейікші...

Мына нашидтің айтқаны сондай ұнап қалды. Сіздер де тыңдап көріңіздерші. Аударып қойдым 😊
КОРОНАВИРУС КЕЗІНДЕ ДҰҒА КӨМЕКТЕСЕ МЕ?
Әдеттегі жыл болса, осы күні абыр-сабыр болып Наурызға дайындалып жатар ек...
Әдеттегі жыл болса, мына жаймашуақ күні үйде отырудың орнына, сыртта қыдырып жүрер ек...
Әдеттегі көктем болса, бұл күні мен де туған күнімді тойлап, кафеде жүрер ме едім...
Алайда биыл әдеттегі жыл емес. Осыған дейін мыңдаған адамның ғұмырын жалмаған коронавируспен ойнауға болмайды. Сақтану керек. Біздің елде ғана емес, жан-жағымыздың бәрі карантин. Медицинасы әлдеқайда дамыған елдердің өзі сансырап қалып жатыр. Бізге екі есе сақтану керек.
Алайда осының бәріне әлі де жеңіл-желпі қарап жүрген жандар бар екенін байқап отырмын. Көпшілігі "Алла басыңызға жазса, бәрібір құтылмайсыз" немесе "Дұғамды оқып алдым, Алланың қорғауындамын. Маған маскаң да керек емес, Алланың өзі қорғайды" деген уәж айтады. "Фәлақ, Нәс сүрелерін оқып алып", карантинге қарамай сыртта жүргендер де бар. Рас, тағдырымызға жазылғанын көреміз. Алайда көп дүние ниетімізге байланысты емес?
Пайғамбарымыз (с.а.у.) кезінде оба ауруы болған жоқ. Тек Омар ибн Хаттабтың халифалығы тұсында һижраның 18 жылы оба ауруы тарады. Оба шыққан кезде Омар (р.а.) мемлекет басшысы ретінде сол өңірге іссапарға аттанып бара жатыр еді. Мәдинадан шығып, Сарғ елді мекеніне жетіп қалған болатын. Сол кезде алдынан Шам қолбасшысы Әбу Убайда (р.а.) келіп, ол жақта оба тарап жатқанын жеткізеді. Омар (р.а.) бірден ат басын кері бұрып, Мәдинаға қайтпақ болады. Сонда Әбу Үбайда Омарға (р.а.): "Алланың тағдырынан қашып бара жатырсыз ба?" дегенде, Омар керемет даналық иесі ғой, былай деп жауап берген екен: "Алланың бір тағдырынан екіншісіне қашып барамын. Егер сен өз қалауыңмен түйеңді шөбі көп шүйгін жерге жайсаң, ол да Алланың тағдырынан, тақыр жерге жайсаң, ол да Алланың тағдырынан емес пе?".
Осы кезде Абдурахман ибн Ауф атты сахаба келіп қалып, Пайғамбарымыздан: «Бір жерден оба шықты деп естісеңдер, онда барушы болмаңдар. Ал егер сендер тұрған жерден шықса, обадан қашып ол жерден шықпаңдар», - деген хадис естігенін айтады. Мұны естіген халифа Омар (р.а.) қабылдаған шешімінің хадиске сай келгеніне шүкіршілік етті.
Омар (р.а.) "Мені Алланың өзі қорғайды" деп оба шыққан жерге барса не болар еді? Сондықтан сақтық шараларын жасап, үйден шықпай, зәру жағдайда шықсақ та, дұғамызды оқып, сосын маска киіп шығайық, достар!

Алла қаласа, ертең мұсылмандар үшін қасиетті саналатын үш айдың бірі - Шағбан кіреді. Бұл - Рамазанның жақындағанын сүйіншілейтін ай. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): «Шағбан айы кіргенде, өздеріңізді тазалаңыздар және ниеттеріңізді дұрыстаңыздар», – деген болатын. Рамазанға дайындық жасаудың қаншалықты маңызды екенін осы бір хадистен де көруге болады. Сондықтан Шағбан айында алдағы Рамазанға жақсылап дайындық жасап алыңыздар (Қалай дайындалуды білмесеңіз, жақында болатын курсымызға шақырамын).
⠀
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Шағбан айында өте көп ораза ұстаған. Одан бұл туралы сұрағанда «Уа, Алланың елшісі, дәл Шағбан айында жиі ораза ұстағаныңыздай басқа айда мұншалықты ораза ұстағаныңызды көрмедім», – дегенде: «Шағбан – адамдардың басым көпшілігінің Рамазан мен Ережеп айларының ортасында мән бермей кететін айы. Бұл айда амалдар Алла Тағаланың құзырына көтеріледі. Мен де амалдарымның ораза ұстаған кезімде Алланың құзырына көтерілгенін қалаймын», - деп жауап берген. Сондықтан бұл айда өткен жылдан қалған қарыз оразаларыңызды өтеп, олардан бөлек келе жатқан Рамазанға құрмет ретінде де ораза ұстасаңыз сауапты.
⠀
Шағбанда көбірек салауат айтқан да сауапты амалға жатады. Себебі, хадисте: «Ережеп – Алланың айы, Шағбан – менің айым, Рамазан – үмбетімнің айы», – деп, Ережеп айында кәлиманы, Шағбанда салауатты, Рамазанда Құранды көп оқу керектігі жөнінде ескерткен еді.
⠀
Ендеше, Алла тағала біздер үшін Шағбанды берекелі етіп, Рамазанға аман-есен жеткізсін!

Ең ұзақ оқыған кітабым осы шығар... Біз оқуға қиналып жүрген романды жазуға Толстой 6 жылын арнаған, аноу екі мыңға жуық бетін жеті рет көшіріп жазған екен. Өлшеусіз төгілген соншама терге қарамастан жазушы 1908 жылы күнделігінде: "Адамдар мені "Соғыс және бейбітшілік" секілді ұсақ-түйекке бола жақсы көреді" деген ой айтқан. Бұл не сонда? Шектен тыс қарапайымдылық па? Жоқ әлде күллі әлем "теңдессіз туынды" деп мойындаған шығарманы автордың ортанқол романға балағаны ма? Меніңше соңғысы...
Қалай айтсақ та, қай қырынан келсек те "Война и мир" заманының ұлы кітабы. Мұндай баға маған дейін беріліп қойылған ғой, менікі соларды қайталау ғана :)
Алғашқы 200 беті... Кейіпкерлердің көптігі бар, оқиғалардың түрлі сипатта өрбуі бар, одан қалса француз тілінің араласып кете беретіні бар миым әбден айналды. Бірақ ақсүйектер қоғамының мән-мағынасыз өмірін мысқылмен шебер жеткізе білген жазушыға әбден сүйсіндім. Осыған дейін қанша кітап оқып жүрсем де кейіпкерлердің жанына дәл Толстойдай үңіліп, олардың қимыл-әрекетін, жан дүниесіндегі арпалысын дәлдікпен суреттеген суреткерді көрген емеспін.
Толстой кейіпкерлерін сүйгізеді, жек көргізеді, бір кезде қайтадан ақтап алады да кешірткізеді. Ол ұсақ, өздерін зиялы қауымнан санай тұра төмен әрекеттерге баратын ортадан Пьер секілді жаны таза жігітті шығарып, мені оған ғашық етті. Немесе мейірімді, кешірімшіл княжна Марьяны жақсы көрмеу мүмкін бе? Уәдеме берік болам деп Соняға үйленбек болған Ростовқа риза болмау мүмкін бе? Өлім аузында жатып, Наташаға қосыла алмай кеткен Андрейге қалай жаның ашымас?! Бородино шайқасы алдында ата жауы Курагиннің жаралы сәтін көріп жылаған Болконский ше? Наполеонға Мәскеуді қолдан беріп кері шегінген Кутузовтың жан арпалысы ше?
Бұл кітапты тек оқу керек екен. Жай кітап оқығандай емес, оқиғалары мен кейіпкерлері көз алдымнан елес секілді ары-бері өтіп, фильм көргендей әсерде болдым. Режиссері өзім болғаннан кейін бе, "Война и мир" аталатын бұл фильм ғажап еді...
Ал сіз бұл кітапты оқыдыңыз ба? Немесе Толстойдың қай туындысымен таныссыз?
#карантинде_кітап_оқы
https://www.youtube.com/watch?v=O6Y-mnQ9T_c

Лев Толстойдың "Война и мир" кітабына шолу // Марфуға Шапиян
Ең ұзақ оқыған кітабым осы шығар. Екі томын екі ай оқып, қалған екі томы мына демалыстың арқасында бітті, әйтпесе тағы екі ай жүрер ме ем?!)
Біз оқуға қиналып жүрген романды жазуға Толстой алты жылын арнаған, аноу екі мыңға жуық бетін жеті рет көшіріп жазған…

Өткен сенбідегі сұрақ-жауапта "Әр қазақ оқуы тиіс кітаптарды айтасыз ба?" деген сұрақ келіпті. Оған видеомен жауап берейін деп кейінге қалдырып едім. Бүгін соның сәті түсті.
⠀
Менің ойымша, әр қазақ оқуы тиіс 3 кітап осы. Ал сіздер қалай ойлайсыздар? Мына кітаптардың қайсысын оқыдыңыздар? 😊
⠀
#абайжолы #әуезов #көшпенділер #сәбитмұқанов #өмірмектебі. https://www.youtube.com/watch?v=JUhSu8k9BQg

Әр қазақ оқуы тиіс ТОП 3 кітап // Марфуға Шапиян
Өткен сенбідегі сұрақ-жауапта "Әр қазақ оқуы тиіс кітаптарды айтасыз ба?" деген сұрақ келіпті. Оған видеомен жауап берейін деп кейінге қалдырып едім. Бүгін соның сәті түсті.
⠀
Менің ойымша, әр қазақ оқуы тиіс 3 кітап осы. Ал сіздер қалай ойлайсыздар? Мына…

Таң намазына ұйықтап қалып жүрсеңіз, осы видеоны көріңіз https://www.youtube.com/watch?v=_PjKph4UTik&lc=UgyNXoLcLl8F-SCYaAl4AaABAg
YouTube
Таң намазына ұйықтап қалмаудың 7 әдісі // Марфуға Шапиян
Кейде таң намазына ұйықтап қалып жүргендер мен «ұйықтап қалмаймын ба?» деп қорқатындар үшін бірер кеңес.
Ұйықтар алдында кем дегенде 1.5-2 сағат бұрын тамақтаныңыз. Кешкі астан соң мүмкіндігінше таза ауада 15-20 минуттай жүруге тырысыңыз.
Құптан намазынан…

«Өмірзая» – Баққожа Мұқаидың ұзақ толғаныспен жазған романы. Жазушыға Мемлекеттік сыйлық әкелген роман.
⠀
Автор «Өмірзаяға» үлкен дайындықпен келген секілді. Ол «Өмірзая» арқылы халқының бір ғасырлық қасірет-мұңын көрсеткісі келді.
⠀
«Өмірзая» маған талай аласапыраннан өтіп, ардақтыларынан айырылған халықтың кеудесіне тығылған өксіктің сыртқа шығуы сияқты елестейді кейде. Енді бірде бас кейіпкер, тарих ғылымының кандидаты Аяғанның прототипі Кенесерыны жазамын деп 25 жыл арқалап, Сібірге айдалып кеткен аяулы тарихшымыз Ермұхан Бекмаханов секілді көрінеді. Өйткені, екеуі де тарихшы, екеуі де тарих беттеріне Кенесарының атын жазамыз деп аласұрды, сол үшін таяқ жеді, түрмеге отырды.
⠀
Бірақ белгілі сыншы Әмірхан Меңдеке Аяғанның тұлғасынан Алаш зиялыларының прототипін көреді. Бұл да шындыққа жанасады. «Өмірзаядағы» бас кейіпкер Аяған Қуатұлының прототипі бір адам ғана емес. Ол – қылышынан қан тамған Кеңес саясатының құрбанына айналған барлық боздақтарымыздың жиынтық образы. Сондықтан «Өмірзаяның» кейіпкерлерін алыстан іздеудің қажеті жоқ. Ол – біздің өткеніміз. Мүмкін, «Өмірзая» қасірет пен қайғыға толы трагедиялық роман шығар. Бірақ, Жақыпжан Нұрғожаевтың тілімен айтсақ. «Өмірзая» – Кеңес қоғамының күйреуі емес пе? Роман соңында мен Аяғанның трагедиялық өліміне бір мұңайсам, бір қуандым. Өйткені кітап тәуелсіздіктің жақын қалғанын сүйіншілеп тұр еді... Ал тәуелсіздік – ұлтқа қызмет еткен тұлғалардың ешбірінің өмірінің зая кетпегенінің көрінісі болатын.
⠀
«Халық болашағы үшін құрбан болғандар үшін бәрібір кітап жазамын» деген Аяған кейіпкерінің сөзі Баққожа Мұқаидың өзіне берген уәдесіндей. https://www.youtube.com/watch?v=uakIpoSaWII&lc=UgzBpWRFgoB7CVe8vgB4AaABAg

Баққожа Мұқаидың "Өмірзая" романына шолу // Марфуға Шапиян
«Өмірзая» – Баққожа Мұқаидың ұзақ толғаныспен жазған романы. Жазушыға Мемлекеттік сыйлық әкелген роман.
Автор «Өмірзаяға» үлкен дайындықпен келген секілді. Ол «Өмірзая» арқылы халқының бір ғасырлық қасірет-мұңын көрсеткісі келді.
«Өмірзая» маған талай аласапыраннан…

Мен де апамды сағынып жүрмін. Жақында өмірден қайтқанына жыл болады 😔
Сіңлім де өз каналына сағынышын жазыпты 😢
https://t.me/c/1131628136/15

Абай туралы #бізге_беймәлім_Абай хэштегі аясында жазып отырам дегенмін. Карантин киіп кетіп, қалып қойған еді. Қайта бастап отырмын. Тек жазып қоймай, ютубке де видео түсіре берейін дедім. Қажет деп тапқан адам көрер.
Төмендегі видеомда Абайды ұрған адам туралы айттым. Және сол оқиғаға байланысты Шәкәрімнің бір айтыста жер боп жеңілгенін баяндадым.
Ал сіз Абайдың таяқ жегенін білетін бе едіңіз?
2/175 жазба
#Абай
#Abai175
https://www.youtube.com/watch?v=mlhIdHuWXIs&t=36s

Абайды ұрған кім? Ұрғызған кім? Бізге беймәлім Абай // Марфуға ШАПИЯН
«Абай жолы» романының өн бойында Абай әдiлеттiк етер жиын топ iшiнде, оның қарсысында жарып сөйлер сөзiмен, ықты-жарды тыңдамас кесек iсiмен «жалғыз көздi, ұзын селдiр қара сақалды, жал тұмсық, жар қабақ, ер жүздi Оразбай» отырады. Оразбай «Абай жолы» эпопеясының…
Рамазанға жасаған мына жоспарым кезінде хит болып еді. Биыл да пайдаларыңызға жарасын 😊 Жүктеп алып, пайдаланыңыздар.