Марфуға Шапиян 📚 КІТАПҚҰМАР
1.66K subscribers
97 photos
5 videos
5 files
228 links
Download Telegram
Алла бұйыртып, көптен күткен Рамазан айына да келіп жеттік. Аллаға сансыз шүкіршілік! Құтты болсын!
⠀
Бұл ұзақ күткізетін, бірақ қас-қағым сәтте өте шығатын ай. Сондықтан мұны бос, мән-мағынасыз өткізіп алсақ, үлкен өкініш сол болмақ. Немесе аузымызды тамақтан тыйғанымызға мәз болып, «ораза ұстадық» деп шаттансақ, ол да қателік болар еді.
⠀
Рамазан – жақсы жаққа өзгеруге талпындыратын ай. Сол себепті де ғұламаларымыз көп жағдайда Рамазанға жоспар құрып, кесте сызуға кеңес береді. Сонда көзді ашып-жұмғанша өте шығатын Рамазанды бос өткізіп алудан сақ боламыз.
⠀
Мынау менің бір досымның осы бір қасиетті айға жасаған жоспары. Осыдан үлгі алып, біздер де өзімізге ыңғайлы жоспарымызды жасап, кестемізді сызып алайық! 😊
⠀
🌺Құран хатым ету (Құранды түпнұсқадан оқу, яғни күніне бір парадан. Cонда 30 күнде 30 пара бітеді, иншАлла);
⠀
🌺Ясин сүресін жаттау;
⠀
🌺Құран оқу білмейтін достарыма тәжуид оқып үйрету әрі қысқа сүрелерден жаттату (Кем дегенде үш досыма);
⠀
🌺Қаза намаздардың орнын толтыру;
⠀
🌺Тәхажуд намазын (түнгі намаз) үзбей оқу, Рамазаннан кейін әдетке айналдыру;
⠀
🌺Духа намазын күнделікті оқу, Рамазаннан кейін де әдетке айналдыру;
⠀
🌺Күніне аз дегенде 100 салауат айту;
⠀
🌺Күніне аз дегенде 100 истиғфар айту;
⠀
🌺Күніне көптен хабарласпай кеткен бір туысыма хабарласып, жағдайын сұрау; (Сонда 30 күнде 30 жақынымды қуантуға мүмкіндік алады екенмін, Алла қаласа!)
⠀
🌺Бойымдағы үш үлкен кемшілігімді анықтап алып, қағазға жазып, Рамазан бойы содан арылуға жұмыс істеу;
⠀
🌺Өзім сондай болсам деген үш жақсы қасиетті таңдап алып, қағазға жазып, сондай болуға ұмтылу;
⠀
🌺Айлық табысымның 10 пайызын садақа ету, Рамазаннан кейін де осы істі жалғастыруға талпыну;
⠀
🌺Ауызашар жасау;
⠀
🌺Рамазан айы қарсаңында бір діни кітап оқып бітіру;
⠀
🌺Рамазан дұғалар қабыл болатын ай болғаны себепті, дұға-тілектерімнің барлығын қағазға жазып алып, күнде шын ниетпен Алладан сұрау.
⠀
#иманым_жиғаным💐 #marfu_muslima #рамазан #ораза
Рамазанға арналған тағы бір тамаша күнделік 👆
Рамазанда қандай кітап оқырыңызды білмей жүрсіз бе? Онда мына видеомды қарап көріңіз 😊
⠀
Құран хатым ету өз алдына, бұл айда иманыңызды көтеру үшін бір діни кітап оқу да артық болмайды. Өзім Имам Ғазалидің кітабын оқып жатырмын. "Кемелдікке қадам" атты тобымыздағы қыздар да бір-бір діни кітап бастап кетті 😊
⠀
Ал сіздер қандай кітап оқып жатырсыздар?
⠀
https://youtu.be/rDhocv8VF2c
Егер мені жақынырақ танығыларыңыз келсе, жақында ғана @narikbi -ге берген подкастымды тыңдаңыздар 😊

Балалық шағымнан бастап бүгініме дейін біраз дүниені ақтарылып айтыппын 🤭
Forwarded from Narikbi LIVE
Episode #7: Марфуға Шапиян: «Әйел адамының қоғамдағы мәртебесін қайта көтеру қажет»

Марфуға Шапиян @marfugashapian - кәсіби журналист-блогер-саяхатшы. Көбімізге танымал "Аңыз адам" журналында 7 жыл қызмет еткен. Islam.kz сайтының редакторлық қызметін атқарған. Саммари кітаптардың авторы. Сүйікті жар және аяулы ана.

Эпизод барысында біз келесі тақырыптарды қозғадық:
- Журналистикада тәжірибе алу
- "Аңыз адамның" кейіпкерлері
- Діни білім алу жолдары
- Рамазандағы лайфхактар
- Балаларға кітапты қалай үйретеміз?
- Қазақстанды саяхаттау
Forwarded from Narikbi LIVE
Тайм-кодтар:

02:45 Журналистикаға келу
07:00 "Аңыз адам" журналы қалай басталды?
15:30 Лев Толстойды тану
25:30 Толстойды мұсылман болды ма?
32:00 Қоғамдағы әйел адамының бүгінгі проблемалары
36:00 Марфуға Исламға қалай келді?
44:00 Дінге келген қыздарға кеңестер
48:00 Діни білімді қайдан аламыз?
54:00 Қазақ неге орамалға қарсы?
01:04:00 Рамазанды қалай өткізу керек?
01:07:00 Рамазандағы лайфхактар
01:11:00 Кітапқа құмарлық қайдан келді?
01:18:00 Балаларды кітапқа қалай баулимыз?
01:23:00 Марфуға оқитын кітаптар
01:33:00 Саммари кітаптарды неге оқу керек?
01:39:00 Саяхаттағы алғашқы қадамдар
01:50:00 Қазақстанда көруге міндетті жерлер
01:54:00 Марфуғаның тілегі
Аузымызды неліктен құрмамен ашамыз? Білесіз бе? https://www.youtube.com/watch?v=eRV6b_GOa68
Ауызашарға санаулы минуттар қалды. Каналымнан мына видеоны көріп алыңыз 😊. https://youtu.be/sT8SQWCn_nk
Ютубе каналымдағы көрермендерімнің саны 100 мың болып, мәз болғаным сондай, бүгінгі видеоны салуды ұмытып кете жаздаппын 😁 Әлгінде ғана есіме түсті 😊 Қарап көріп, бағасын беріңіздер 😘 https://www.youtube.com/watch?v=4GUE78YZLJI&t=7s
Жақында осы "Платформа" фильмін көрдік. Адамдардың соншалық ашкөздігін көрсеткенде, жүрек ауырады 😔
Рамазан кеше басталған сияқты еді, ортасына келіп қалыппыз ғой...
Баяғыда бір тақуа адам Алладан қатты қорқып, күнара ораза ұстайды екен. Аузы берік күндері "Ораза ұстадың ба?" деп сұрағандарға "Шынымды айтсам, ұстадым да дей алмаймын, ұстамадым деуге де келмейді" деп жауап береді екен. Ұстағандықтан "ұстадым" деп өтірік айта алмайды, ал "ұстадым" дейін десе, амалы Алланың алдында қабыл болатын кәміл оразаға жата ма, жатпай ма деген күдік жеңіп кете беретін көрінеді. Оның рухани тереңдігін сезбейтіндер "Өзінің ораза ұстаған, ұстамағанын білмейтін не деген есуас адам" дейді екен ол туралы...
⠀
Сол секілді азаннан қас қарайғанша қарныңыз аш болса, аш шығар, бірақ шын мәніндегі оразаны ұстай алып жүрсіз бе?..
⠀
Ютуб каналыма жаңа видео салып қойдым 😊 Қарап көріңіздкр. https://youtu.be/aE9qC7LDMEE