QR Energetıka mınıstrligi
✔
3.65K subscribers
6.93K photos
705 videos
2 files
2.44K links
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Пресс-служба Министерства энергетики РК


https://www.facebook.com/minenergork
https://www.instagram.com/ministry_of_energy/

https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press?lang=kk
Download Telegram
🔹Энергия нарығындағы ірі компаниялар қуат көздерін жаңғырту жоспарларын таныстырды

✔️Астана, 2026 жылғы 9 ақпан – Көмір генерациясын дамытуға арналған Ұлттық жоба аясында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға салалық министрліктердің басшылары, ірі энергия өндіруші компаниялар, жер қойнауын пайдаланушылар және қаржы институттарының өкілдері қатысып, энергетиканың базалық саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

✔️Дөңгелек үстелде электр стансаларын жаңғырту, көмір өндіру көлемін ұлғайту және өндірістегі көміртек шығарындыларын азайту мәселелері бойынша стратегиялық сессиялар өтті.

✔️Алдымен «ОАЭК» АҚ акционері Сергей Кан қолданыстағы көмір электр стансаларын жаңғырту жоспарларымен бөлісті. Жобалар өндірістік шығарындыларды азайтуға және экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған. Стансалардың қуатын ұлғайту қосымша эмиссиялардың алдын алу үшін заманауи технологияларды енгізуді талап етеді. Осы мақсатта тиімділігі 92 пайыздан жоғары селективті каталитикалық тазалау жүйелерін, 99,9 пайыз тиімділігі бар электрофильтрлерді және әктас негізіндегі күкіртсіздендіру жүйелерін қолдану болжанған. Ұзақмерзімді стратегияның негізгі бағыты көмірқышқыл газын ұстау және сақтау технологиясын енгізу болмақ. Бұл бағыттағы алғашқы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жоба KІNG компаниясы тарапынан технологиялық серіктес SLB-мен бірлесіп жүзеге асырылды.

✔️Өз кезегінде «Kazakhmys Energy» ЖШС бас директоры Темірлан Өтегенов 2032 жылға дейін көмір генерациясын дамытуға арналған стратегиялық жоспарлар туралы айтты. Аталған жоспар аясында жаңа қуат көздерін салуға және қолданыстағы нысандарды жаңғыртуға 1,2 трлн теңгеден астам инвестиция тарту көзделген. Негізгі жоба ретінде Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын көмір электр стансасын салу жоспарланып отыр. Қолданыстағы активтерді жаңғырту бағдарламасы электр энергиясын өндіру көлемін 390 МВт-қа арттыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында Топар МАЭС-інде жаңа блок салу, сондай-ақ Жезқазған және Балқаш жылу электр орталықтарын жаңғыртып, әр стансаның қуатын 65 МВт-қа ұлғайтатын жаңа турбоагрегаттар орнату ойластырылған.

✔️«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС акционері Дінмұхамед Ыдырысов даму стратегиясын таныстырып, көмір генерациясын Қазақстанның теңгерімді энергетикалық жүйесінің негізгі элементі ретінде қарастыратынын атап өтті. 2009-2015 жылдары «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында Қарағанды ЖЭО-3 кеңейтіліп, қуаты 670 МВт-қа жеткізілген және елдегі ең ірі жылу электр орталығына айналған. Осы табысты тәжірибеге сүйене отырып, топ қазіргі уақытта өз активтерін ауқымды жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі таңда Қарағанды қаласында ЖЭО-3-ті кеңейтудің келесі кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында №7 турбоагрегат пен №9 қазанагрегатын салу көзделген. Бұл шаралар энергияға деген өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге және экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға жағдай жасайды. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында Өскемен ЖЭО-сын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында турбоагрегат пен қазанагрегат орнату жоспарланып отыр. Бұл шара қаланың жылу тапшылығын жоюға және шығарындыларды азайтуға бағытталған.

✔️Басқосуда «Қаражыра» АҚ бас директоры Ильяр Низамов та көмір саласын дамытуға арналған кешенді жоспарын ұсынды. Жоспарға сәйкес, «Қаражыра» разрезінде көмір өндіру көлемі 2029 жылға қарай 73%-ға өсіп, жылына 14,2 млн тоннаға жетеді. Өндіріс көлемін арттыру Семей, Өскемен және Курчатов қалаларында салынып жатқан жаңа жылу электр орталықтарын отынмен қамтамасыз ету үшін қажет. Аталған стансалардың жалпы жылдық көмірге сұранысы шамамен 6 млн тоннаны құрайды. Жоспардың жүзеге асырылуы жаңа көмір генерациясы үшін сенімді негіз қалыптастырып, Шығыс Қазақстан мен Абай облысының энергетикалық қауіпсіздігін ұзақмерзімге қамтамасыз етеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
QR Energetıka mınıstrligi
🔹Энергия нарығындағы ірі компаниялар қуат көздерін жаңғырту жоспарларын таныстырды ✔️Астана, 2026 жылғы 9 ақпан – Көмір генерациясын дамытуға арналған Ұлттық жоба аясында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға салалық министрліктердің басшылары, ірі энергия өндіруші…
🔸Крупнейшие игроки энергорынка представили планы по модернизации мощностей

✔️9 февраля в Астане прошел круглый стол, посвященный теме национального проекта по развитию угольной генерации. Встреча объединила руководителей профильных министерств, крупнейших энергопроизводящих предприятий, недропользователей и представителей финансовых институтов для совместной выработки стратегии развития этой базовой отрасли энергетики.

✔️В рамках круглого стола состоялись стратегические сессии по обсуждению актуальных вопросов по модернизации станций, наращиванию добычи угля и декарбонизации производства.

✔️Акционер АО «ЦАЭК» Сергей Кан поделился планами по модернизации существующих угольных станций, в части снижения выбросов. Масштабное расширение требует внедрения современных технологий для предотвращения дополнительных выбросов. Для достижения этих целей планируется использование селективной каталитической очистки с эффективностью более 92%, электрофильтров с эффективностью 99,9% и систем десульфуризации на основе известняка. Ключевым звеном долгосрочной стратегии станет технология улавливания и хранения углерода, первый НИОКР-проект по которой уже реализован КИНГ совместно с технологическим партнером SLB.

✔️Генеральный директор ТОО «Kazakhmys Energy» Темирлан Утегенов рассказал о стратегических планах по развитию угольной генерации до 2032 года, предусматривающие инвестиции в размере более 1,2 трлн тенге в строительство новых и модернизацию существующих мощностей. Ключевым проектом станет строительство КЭС в городе Курчатов мощностью 700 МВт. Программа модернизации действующих активов обеспечит прирост генерации на 390 МВт и включает строительство нового блока на ГРЭС Топар, а также обновление Жезказганской и Балхашской ТЭЦ с установкой новых турбоагрегатов, увеличивающих мощность каждой станции на 65 МВт.

✔️Акционер ТОО «Казахстанские коммунальные системы» Динмухамет Идрисов представил свою стратегию развития, в которой рассматривает угольную генерацию как базовый элемент сбалансированной энергосистемы Казахстана. Опираясь на успешный опыт 2009–2015 годов, когда в рамках программы «Тариф в обмен на инвестиции» Карагандинская ТЭЦ-3 была расширена до 670 МВт и стала крупнейшей теплоэлектроцентралью страны, группа продолжает масштабную модернизацию своих активов. В настоящее время в Караганде реализуется следующий этап расширения ТЭЦ-3, включающий строительство турбоагрегата №7 и котлоагрегата №9, что позволит покрыть растущий спрос и улучшить экологические параметры. Параллельно в ВКО ведется расширение Усть-Каменогорской ТЭЦ с установкой турбоагрегата и котлоагрегата, что направлено на ликвидацию теплового дефицита города и снижение удельных выбросов.

✔️Генеральный директор АО «Каражыра» Ильяр Низамов представил комплексный план развития угольной отрасли, предусматривающий масштабное увеличение добычи на разрезе «Каражыра» на 73% — до 14,2 млн тонн угля в год к 2029 году. Столь значительный рост производства необходим для обеспечения топливом новых генерирующих мощностей в регионах, включая строящиеся ТЭЦ в Семее, Усть-Каменогорске и Курчатове, суммарная годовая потребность которых составит около 6 млн тонн угля. Реализация этих мер позволит создать надежный фундамент для новой угольной генерации и гарантировать энергетическую безопасность Восточного Казахстана и области Абай в долгосрочной перспективе.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
⚜️Энергетика министрлігі мен халықаралық сарапшы Ли Кай-Фу ЖИ саласындағы ынтымақтастық туралы келісті

▪️Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жасанды интеллект саласындағы танымал халықаралық сарапшы, ғалым және кәсіпкер Ли Кай-Фумен жүздесті.

▪️Кездесу барысында тараптар отын-энергетика кешенін цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелерін, жасанды интеллектіні (ЖИ) дамытудың әлемдік үрдістерін, сондай-ақ энергетика саласы нысандарының тиімділігін, сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру үшін ЖИ технологияларын қолдану мүмкіндіктерін талқылады. Ли Кай-Фу қолданбалы ЖИ шешімдерін енгізудің халықаралық тәжірибесімен және ірі индустриялық жүйелерде жасанды интеллектіні пайдалану тәсілдерімен бөлісті.

▪️Кездесу қорытындысы бойынша тараптар арасында Қазақстанның отын-энергетика кешенін цифрландыру және ЖИ технологияларын енгізу саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

▪️Меморандум аясында тараптар энергетикада қолданбалы ЖИ шешімдерін енгізу, соның ішінде салада қолдану үшін ЖИ-агентін құру бойынша пилоттық жобаны пысықтау және іске асыру бойынша ынтымақтастықты дамытуға ниетті.

▪️Бұған қоса, жоспарланған пилоттық жоба аясында ЖИ модельдерін оқыту және сынақтан өткізу әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің суперкомпьютерлік инфрақұрылымы негізінде жүзеге асырылатыны атап өтілді. Онда отын-энергетика кешені саласындағы салалық технологиялық құзыреттер орталығы құрылған. Бұл инфрақұрылымды пайдалану энергетика саласы үшін ЖИ шешімдерін әзірлеу және тестілеу кезінде қажетті есептеу қуаттылығын, киберқауіпсіздікті және технологиялық егемендікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6👏1
QR Energetıka mınıstrligi
⚜️Энергетика министрлігі мен халықаралық сарапшы Ли Кай-Фу ЖИ саласындағы ынтымақтастық туралы келісті ▪️Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жасанды интеллект саласындағы танымал халықаралық сарапшы, ғалым және кәсіпкер Ли Кай-Фумен жүздесті. ▪️Кездесу…
⚜️Минэнерго и международный эксперт Ли Кай-Фу договорились о сотрудничестве в сфере ИИ

▪️В Министерстве энергетики Республики Казахстан состоялась встреча Министра энергетики Ерлана Аккенженова с Ли Кай-Фу, одним из признанных международных экспертов в области искусственного интеллекта, учёным и предпринимателем.

▪️В ходе встречи стороны обсудили актуальные вопросы цифровой трансформации топливно-энергетического комплекса, мировые тенденции развития искусственного интеллекта, а также возможности применения ИИ-технологий для повышения эффективности, надёжности и безопасности объектов энергетической отрасли. Ли Кай-Фу поделился международным опытом внедрения прикладных ИИ-решений и подходами к использованию искусственного интеллекта в крупных индустриальных системах.

▪️По итогам встречи между сторонами был подписан Меморандум о сотрудничестве, направленный на развитие взаимодействия в сфере цифровизации и внедрения ИИ-технологий в топливно-энергетическом комплексе Республики Казахстан.

▪️В рамках меморандума стороны намерены развивать сотрудничество по внедрению прикладных ИИ-решений в энергетике, включая проработку и реализацию пилотного проекта по созданию ИИ-агента для применения в отрасли.

▪️Дополнительно отмечено, что обучение и апробация ИИ-моделей в рамках планируемых пилотного проекта будет осуществлен на базе суперкомпьютерной инфраструктуры Казахского национального университета им.аль-Фараби, где создан Отраслевой центр технологических компетенций в сфере топливно-энергетического комплекса. Использование данной инфраструктуры позволит обеспечить требуемый уровень вычислительных мощностей, кибербезопасности и технологического суверенитета при разработке и тестировании ИИ-решений для энергетической отрасли.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤3👏2
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов: өткен жылы Қазақстанда энергия тапшылығы 29%-ға төмендеді

📌 Биыл 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері іске қосылады. Бұл келесі жылдың бірінші тоқсанында энергия тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Мемлекет басшысына Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндады.

Олжас Бектенов елімізде электр энергиясының тапшылығы сақталып отырғанын, ол ең жоғары жүктеме кезеңдерінде импорттың есебінен жабылатынын атап өтті.

Өткен жылы тапшылық 29%-ға азайғанымен, ауқымы әлі де үлкен.

💬Жаңа тариф саясатының нәтижесінде реттеліп көрсетілетін қызметтердегі әділ нарықтық жағдайлар қалпына келуде. Қазіргі уақытта болжамды тарифтер ТКШ саласына жеке инвестицияларды қайта тартуға жол ашты. Мысалы, өткен жылы энергетика саласына 655 млрд теңге инвестиция тартылса, биыл бұл көрсеткіш шамамен 900 млрд теңге деңгейінде болады деп күтілуде. Жалпы алғанда, 2029 жылға қарай электр энергиясын өндіру көлемі 39 млрд киловатт-сағатқа ұлғаяды💬, — деді Олжаса Бектенов.


Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге және өсіп келе жатқан қуат тапшылығын жабуға арналған стратегиялық жұмысты жүзеге асыру шеңберінде Үкімет 2035 жылға дейін 26 ГВт-тан астам жаңа өндіруші қуаттарды енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізуде, оның ішінде атом және «таза» көмір генерациясын дамытуға баса мән беріледі.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов: за прошлый год энергодефицит в Казахстане снижен на 29%

📌 В текущем году в Казахстане будут введены 2,6 ГВт традиционной и возобновляемой энергии, что позволит в первом квартале следующего года решить вопрос энергодефицита. Об этом Главе государства доложил Премьер-министр Олжас Бектенов на расширенном заседании Правительства.

Олжас Бектенов отметил, что в пиковые часы в стране сохраняется дефицит электроэнергии, который покрывается за счет импорта.

За прошлый год дефицит снижен на 29%, но он остается значительным.

💬Новая тарифная политика восстанавливает справедливые рыночные условия в регулируемых услугах. Сейчас предсказуемость тарифов снова привлекает частные инвестиции в сферу ЖКХ. К примеру, в энергетику за прошлый год привлечено 655 млрд тенге, в текущем году ожидается привлечение уже порядка 900 млрд. В целом, объем выработки электрической энергии к 2029 году увеличится на 39 млрд киловатт-часов💬, — сказал Олжас Бектенов.


В рамках реализации стратегического курса на обеспечение энергетического суверенитета и покрытие растущего дефицита мощности Правительством в соответствии с поручением Президента ведется комплексная работа по вводу до 2035 года более 26 ГВт новых генерирующих мощностей, из которых ключевое значение отведено развитию атомной и «чистой» угольной генерации.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from UKIMET
❤1
🇰🇿🇷🇸Қазақстан мен Сербия энергетика саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуда

▪️Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Сербия Республикасының Халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі министрі Ненад Поповичпен кездесті. Келіссөздер екі ел басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтардың қисынды жалғасы болды.

▪️Ерлан Ақкенженов атап өткендей, Қазақстан мен Сербия арасындағы екіжақты қарым-қатынастар әрқашан өзара құрметпен және сындарлы ынтымақтастықпен ерекшеленеді.

«Энергетика — екі елдің экономикалық тұрақтылығы мен энергетикалық қауіпсіздігінің стратегиялық факторы. Бүгінгі таңда біз мұнай-газ саласында, электр энергетикасында, жаңартылатын энергия көздері бойынша өзара іс-қимылды нығайтудың, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудың зор мүмкіндіктерін көріп отырмыз. Мемлекеттеріміздің басшылары деңгейіндегі диалог практикалық ынтымақтастыққа қосымша серпін бергеніне сенімдімін. Бұл тәжірибе алмасуға және елдеріміз үшін пайдалы нақты жобалардың іске асырылуына ықпал етеді», — деді ҚР Энергетика министрі.


▪️Келіссөздер барысында Ерлан Ақкенженов энергетика саласындағы негізгі басымдықтар мен Қазақстанның мүмкіндіктерін таныстырды. Кездесуге қатысушылар белгіленген жоспарларды іске асыру экономикалық дамуды ынталандырып, Астана мен Белград арасындағы екіжақты байланыстарды нығайта түсетініне сенім білдірді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
QR Energetıka mınıstrligi
🇰🇿🇷🇸Қазақстан мен Сербия энергетика саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуда ▪️Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Сербия Республикасының Халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі министрі Ненад Поповичпен кездесті. Келіссөздер екі…
🇰🇿🇷🇸Казахстан и Сербия укрепляют стратегическое партнерство в энергетике

▪️Министр энергетики Ерлан Аккенженов провел встречу с Министром по развитию международного экономического сотрудничества Республики Сербия Ненадом Поповичем. Переговоры стали логическим продолжением договоренностей, достигнутых на уровне глав государств двух стран.

▪️Как отметил Ерлан Аккенженов, двусторонние отношения Казахстана и Сербии всегда отличались взаимным уважением и конструктивным сотрудничеством.

«Энергетика - стратегический фактор экономической стабильности и энергетической безопасности обеих стран. Сегодня мы видим большие возможности для укрепления взаимодействия в нефтегазовой отрасли, электроэнергетике, возобновляемых источниках энергии, а также в реализации совместных инвестпроектов. Уверен, что диалог на уровне Глав наших государств создал дополнительный импульс для практического сотрудничества, который позволит обменяться опытом и стимулировать реализацию конкретных проектов, полезных для наших стран», - сказал министр энергетики РК.


▪️В ходе переговоров Ерлан Аккенженов обозначил ключевые приоритеты в энергетике и возможности Казахстана. Участники встречи выразили уверенность, что реализация намеченных планов стимулирует экономическое развитие и укрепит двусторонние связи между Астаной и Белградом.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤2
⚜️Екібастұз МАЭС-3 жылына шамамен 20 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндірмек

✔️Көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруда Павлодар облысы стратегиялық рөл атқарады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аймақ еліміздегі барлық электр энергиясы өндірісінің 42%-ын қамтамасыз етті.

✔️Энергетикалық қауіпсіздікті нығайтудың шешімді кезеңі — Екібастұз ГРЭС-2 станциясын кеңейту болмақ. Бұл нысанның белгіленген қуатын 1 ГВт-тан 2,1 ГВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «таза көмір» заманауи технологияларын қолдана отырып, қуаты 2,64 ГВт болатын жаңа Екібастұз ГРЭС-3 станциясын салу және Ақсу ГРЭС-ін жаңғырту жоспарланған.

✔️Генерацияның мұндай ауқымды дамуы шикізат базасын озық қарқынмен кеңейтуді талап етеді. Бұл бағытта Қазақстандағы бүкіл көмір өндірісінің 38%-ын қамтамасыз етіп отырған «Богатырь Көмір» ЖШС басты орынға ие.

✔️Теңгерімдік қоры 2,4 млрд тоннаны құрайтын кәсіпорын өндірістік көрсеткіштерді кезең-кезеңімен арттыруды көздеп отыр: өндіріс көлемі 2024 жылғы 42,7 млн тоннадан 2026 жылға қарай 45,2 млн тоннаға дейін өсіп, 2032 жылға қарай жыл сайынғы 56,5 млн тонналық ұзақ мерзімді межеге шығады деп жоспарлануда.

✔️Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін 2026–2032 жылдар аралығында көлемі 360 млрд теңгені құрайтын ауқымды инвестициялық бағдарлама қарастырылған. Қаражат күрделі құрылысқа, соның ішінде «Северный» қимасында жоғары тиімді циклдік-ағындық технологияны енгізуге және жаңа үйінділерді жабдықтауға бағытталады.

📌Сонымен қатар, қаражаттың едәуір бөлігі тау-кен көлік жабдықтары паркін жүйелі түрде жаңартуға, сондай-ақ қолданыстағы қуаттарды реконструкциялау мен күрделі жөндеуге жұмсалады. Бұл еліміздің энергетика секторының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін өтеу үшін көмір жеткізу тұрақтылығына кепілдік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
QR Energetıka mınıstrligi
⚜️Екібастұз МАЭС-3 жылына шамамен 20 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндірмек ✔️Көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруда Павлодар облысы стратегиялық рөл атқарады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аймақ еліміздегі барлық электр энергиясы…
⚜️Экибастузская ГРЭС-3 будет вырабатывать около 20 млрд кВт·ч в год

✔️Реализация национального проекта по развитию угольной генерации отводит стратегическую роль Павлодарской области, которая по итогам прошлого года обеспечила 42% всей выработки электроэнергии в стране.

✔️Ключевым этапом укрепления энергобезопасности станет расширение Экибастузской ГРЭС-2, что позволит увеличить её установленную мощность с 1 ГВт до 2,1 ГВт, а также строительство новой Экибастузской ГРЭС-3 мощностью 2,64 ГВт с применением современных технологий «чистого угля» и модернизация ГРЭС Аксу.

✔️Столь масштабное развитие генерации требует опережающего расширения сырьевой базы, где центральное место занимает ТОО «Богатырь Көмір», обеспечивающее 38% всей добычи угля в Казахстане.

✔️При балансовых запасах в 2,4 млрд тонн предприятие планирует последовательный рост производственных показателей: с 42,7 млн тонн в 2024 году до 45,2 млн тонн к 2026 году, с выходом на долгосрочный ориентир в 56,5 млн тонн ежегодно к 2032 году.

✔️Для достижения этих целей в период 2026–2032 годов предусмотрена масштабная инвестиционная программа объемом 360 млрд тенге, направленная на капитальное строительство, включая внедрение высокоэффективной циклично-поточной технологии на разрезе «Северный» и обустройство новых отвалов.

📌Кроме того, значительная часть средств будет направлена на системное обновление парка горнотранспортного оборудования, а также реконструкцию и капитальный ремонт действующих мощностей, что гарантирует стабильность поставок для обеспечения растущих потребностей энергетического сектора страны.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3