ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
7.01K photos
717 videos
2.18K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
📌 Азаматтарды қабылдау барысында жер қойнауын пайдалану және инвестициялар мәселелері қаралды

Бүгін Астанада Азаматтарды қабылдау орталығында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан азаматтарды жеке қабылдады.

Кездесуге отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы мәселелер бойынша жүгінген азаматтар қатысты.

Өтініштердің басым бөлігі геологиялық барлау жұмыстарына лицензия алу және олардың мерзімдерін ұзарту, сондай-ақ бұрын кері қайтарылған өтінімдерді қайта қарау мәселелеріне қатысты болды.

Кәсіпкерлер геологиялық барлау жұмыстарына арналған ең төменгі шығындар бойынша міндеттемелерді орындау, қолданыстағы лицензияларға өзгерістер енгізу мәселелерін де көтерді.

Сонымен қатар жер қойнауын пайдалану жобаларындағы үлесті беру рәсімдері мен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Кездесу барысында қосылған құны жоғары жобаларды іске асыру, геологиялық барлау жұмыстарын кеңейту және цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу сияқты заманауи технологияларды қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар мемлекеттік органдармен әріптестікті нығайтуға және салаға инвестиция тартуды арттыруға қызығушылық танытты.

📝 Қабылдау қорытындысы бойынша вице-министр тиісті құрылымдық бөлімшелерге көтерілген мәселелерді жан-жақты пысықтап, белгіленген тәртіпте шешімдер қабылдауды тапсырды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Азаматтарды қабылдау барысында жер қойнауын пайдалану және инвестициялар мәселелері қаралды Бүгін Астанада Азаматтарды қабылдау орталығында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан азаматтарды жеке қабылдады. Кездесуге отандық…
📌 Вопросы недропользования и инвестиций рассмотрены на приёме граждан

Вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Иран Шархан провёл приём граждан.

Встреча с участием представителей казахстанских и зарубежных компаний, жителей столицы и других регионов, обратившихся с вопросами в сфере недропользования, проходила в Центре приёма граждан.

Основная часть обращений касалась получения и продления лицензий на геологоразведку, а также пересмотра ранее отклонённых заявок.

Представители бизнеса поднимали вопросы, связанные с выполнением обязательств по минимальным затратам на геологоразведочные работы и внесением изменений в действующие лицензии.

Кроме того, обсуждались процедуры перехода долей в проектах недропользования и перспективы дальнейшего развития инвестиционного сотрудничества.

Отдельное внимание было уделено инициативам, направленным на реализацию проектов с высокой добавленной стоимостью, расширение геологоразведочных работ и внедрение современных технологий, включая цифровизацию и использование искусственного интеллекта.

Участники встречи также выразили заинтересованность в развитии партнёрства с государственными органами и расширении инвестиционной активности в отрасли.

📝 По итогам приёма вице-министр промышленности и строительства поручил профильным подразделениям детально проработать поднятые вопросы и принять в установленном порядке соответствующие решения.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
📌Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы:

🔹Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Үкімет отырысында сөз сөйледі
🔹Өнеркәсіп және құрылыс министрі Франция парламенттік делегациясының басшысымен кездесті
🔹Ерсайын Нағаспаев Jindal Group компаниясымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
🔹Ерсайын Нағаспаев Bureau Veritas өкілімен кездесті
🔹Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
🔹Азаматтарды қабылдау барысында құрылыс және ТКШ мәселелері талқыланды
🔹Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі DENA және GIZ өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді
🔹Шикізаттан өнімге: Қазақстан индустриялық трансформацияны арттыруда
🔹Азаматтарды қабылдау барысында жер қойнауын пайдалану және инвестициялар мәселелері қаралды
🔹Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану саласына ЖИ мен Big Data технологияларын белсенді түрде енгізуде
🔹Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі: өндіріс ауқымы кеңейіп, отандық өнім үлесі артып келеді
🔹 Сумен жабдықтауды есептегіш құралдармен қамту: су есебі не үшін қажет
🔹Бағыт ауыстырғыштардағы инновациялар – Қазақстанның транзиттік серпіні
🔹Техногендік ресурстарды экономикаға енгізу: магний мен кремний қосындыларын өндірудің заманауи мүмкіндіктері
🔹Қазақстандағы су есептегіш құралдарына қойылатын жаңа талаптар: сумен жабдықтау және су бұруды цифрландыру
🔹 Алматыда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарлануда
🔹 АЭА – даму қайнары: өндірісті кеңейту және экспорттық әлеуетті арттыру

📍 Министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілуде.
❤3
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы: 🔹Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Үкімет отырысында сөз сөйледі 🔹Өнеркәсіп және құрылыс министрі Франция парламенттік делегациясының басшысымен кездесті 🔹Ерсайын Нағаспаев Jindal Group компаниясымен…
📌События Министерства за неделю:

🔹Министр промышленности и строительства Республики Казахстан выступил на заседании Правительства
🔹Ерсайын Нагаспаев встретился с главой парламентской делегации Франции
🔹Министр промышленности и строительства обсудил перспективы сотрудничества с Jindal Group
🔹Ерсайын Нагаспаев встретился с представителем Bureau Veritas
🔹Торжественное мероприятие в честь Дня работников ЖКХ прошло в Министерстве промышленности и строительства
🔹Вопросы строительства и ЖКХ обсудили на приёме граждан
🔹Вице-министр промышленности и строительства провёл рабочую встречу с представителями DENA и GIZ
🔹От сырья к продукту: Казахстан усиливает индустриальную трансформацию
🔹Вопросы недропользования и инвестиций рассмотрены на приёме граждан
🔹Казахстан активно внедряет ИИ и Big Data в сферу геологии и недропользования
🔹Развитие лёгкой промышленности Казахстана: расширение производства и повышение доли отечественной продукции
🔹Приборизация водоснабжения: зачем нужен учёт воды
🔹Инновации в стрелочных переводах - транзитный прорыв Казахстана
🔹Техногенные ресурсы в экономику: современные решения производства соединений магния и кремния     
🔹Новые требования к приборам учёта воды в Казахстане: цифровизация водоснабжения и водоотведения
🔹Строительство нового физкультурно-оздоровительного комплекса запланировано в Алматы
🔹СЭЗ как точки роста: масштабирование производства и экспортного потенциала

📍 Работа ведётся по всем направлениям деятельности Министерства.
❤4
📌 Қазақстан отандық өндірушілерді қолдаудың арқасында импортқа тәуелділікті азайтып келеді

Қазақстанда елішілік құндылық үлесін арттыру және өнеркәсіпті дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде депутат Бауыржан Смағұловтың төрағалығымен өткен тақырыптық отырыста мәлімдеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 32,7 трлн теңгені құрады. Соның ішінде елішілік құндылық үлесі 53,2%-ға жетті. Алдағы уақытта өсудің ең үлкен әлеуеті тауарлар сегментінде сақталады.

Мемлекеттік сатып алуларда отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында кейбір өнімдердіұлттық режимнен (шетелдік және жергілікті өнімдерге бірдей талап қою жүйесінен) алып тастау оң нәтиже берген. Ұлттық режимнен алып тастау тізіліміне 4,8 мыңнан астам тауар енгізілді. Соның арқасында қазақстандық өндірушілермен жасалған келісімшарттар көлемі 16%-ға артып, 456 млрд теңгеге жетті.

Бұл бағытта ұлттық компаниялардың да үлесі зор. Мәселен, «Самұрық-Қазына» қоры импортты алмастыру жұмыстарын белсенді жүргізіп, импортталатын өнім түрлерін анықтап, офтейк-келісімшарттар жасасуда. 2025 жылы Қор сатып алуында елішілік құндылық үлесі 63,6%-ды құрады.

Жер қойнауын пайдалану саласында да отандық кәсіпорындармен байланыс нығайып келеді. 2025 жылы 1200-ден астам ұзақ мерзімді келісімдер және офтейк-келісімшарттар жасалды.

Сонымен қатар Қазақстандық тауар өндірушілердің (ҚТӨ) тізілімі құрылды. 2026 жылдан бастап ол СТ-КZ және индустриалдық сертификаттардың орнын басты. Аталған тізілімге 6 мыңнан астам компания енген.

ℹ️ Жалпы, қолға алынған шаралар өндірісті тұрақты дамытуға, кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайтуға және ұлттық экономиканы күшейтуге бағытталған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2👏1🤩1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Қазақстан отандық өндірушілерді қолдаудың арқасында импортқа тәуелділікті азайтып келеді Қазақстанда елішілік құндылық үлесін арттыру және өнеркәсіпті дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі…
📌 Казахстан усиливает поддержку отечественных производителей и снижает импортозависимость

Казахстан последовательно наращивает долю внутристрановой ценности и усиливает промышленную политику. Об этом сообщил вице-министр промышленности и строительства Олжас Сапарбеков на тематическом заседании Комитета Мажилиса по вопросам экологии и природопользования, прошедшем под председательством Бауыржана Смагулова.

По итогам 2025 года общий объем закупок товаров, работ и услуг составил 32,7 трлн тенге, при этом доля внутристрановой ценности достигла 53,2%. Наибольший потенциал для дальнейшего роста сохраняется в сегменте товаров.

Существенный эффект дали изъятия из национального режима в государственных закупках — перечень охватывает более 4,8 тыс. товаров. Это позволило увеличить объем контрактов с казахстанскими производителями на 16%, до 456 млрд тенге.

Значительную роль играют национальные компании. Так, фонд Самрук-Казына активно развивает импортозамещение, формируя пул импортируемой продукции и заключая офтейк-контракты.

В 2025 году доля внутристрановой ценности в закупках товаров фонда достигла 63,6%.

В сфере недропользования усиливается кооперация с отечественными предприятиями: в 2025 году заключено более 1 200 долгосрочных контрактов и офтейк-соглашений.

Кроме того, запущен Реестр казахстанских товаропроизводителей. С 2026 года он заменил сертификаты СТ-КЗ и индустриальные сертификаты. В реестр уже включено более 6 тыс. компаний.

ℹ️ В целом принимаемые меры направлены на формирование устойчивых производств, развитие кооперации и укрепление национальной экономики.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍2👏1🤩1
📌 Кедергісіз орта: Қазақстанда мүгедек адамдар үшін ғимараттардың қолайлы болуын қамтамасыз ету талаптары күшейтілді

Елімізде Құрылыс кодексі арқылы кедергісіз, ыңғайлы ортаны қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға қойылатын талаптар күшейтілді. Бұл талаптардың орындалуы қала құрылысын жоспарлау мен жобалаудан бастап, құрылыс жүргізу, нысандарды пайдалануға беру кезеңдеріне дейінгі жұмыстарды жүзеге асыру барысында қатаң қадағаланады. Бұл туралы Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Кажкенов Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инклюзивті саясатты іске асыру шараларын талқылау барысында мәлімдеді.

Вице-министрдің мәліметінше, жаңа нормалар келесі нысандарға толық қолжетімділікті қамтамасыз ету талаптарын қамтиды:

🔹 автотұрақ;
🔹 жаяу жүргіншілер жолдары;
🔹 кіреберіс аймағы, соның ішінде пандустар мен баспалдақтар;
🔹 лифтілер және басқа да көтергіш құрылғылар;
🔹 ортақ пайдаланылатын орындар.

Сондай ақ қолжетімділік жағдайларын жасау үшін көршілердің келісімінсіз тұрғын үйді қайта жоспарлауды жүргізу тәртібі жеңілдетілді.

ℹ️ Сонымен қатар нысандарды пайдалануға беру кезінде олардың тиісті талаптарға сәйкестігін тексеруге әлеуметтік қорғау органдары өкілдерінің қатысуы қарастырылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Кедергісіз орта: Қазақстанда мүгедек адамдар үшін ғимараттардың қолайлы болуын қамтамасыз ету талаптары күшейтілді Елімізде Құрылыс кодексі арқылы кедергісіз, ыңғайлы ортаны қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға қойылатын талаптар күшейтілді. Бұл талаптардың…
📌 Безбарьерная среда: в Казахстане усилили требования к доступности зданий для людей с инвалидностью

В Казахстане для создания полноценного доступа лиц с инвалидностью к объектам и инфраструктуре в Строительном кодексе усилены требования по обеспечению безбарьерной среды на всех этапах - от проектирования и до ввода в эксплуатацию. Об этом сообщил вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Куандык Кажкенов на заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова, где обсуждались меры по реализации инклюзивной политики.

По данным вице-министра промышленности и строительства, нормы включают требования для полного доступа к:

🔹 парковочным местам;
🔹 пешеходным дорожкам;
🔹 входной группе, включая пандусы и лестницы;
🔹 лифтам и другим подъемным устройствам;
🔹 местам общего пользования.

Также упрощен порядок проведения перепланировки жилья для создания условий доступности без согласования с соседями.

ℹ️ Дополнительно при вводе объектов в эксплуатацию предусмотрено участие органов социальной защиты, которые подтверждают соответствие объектов требованиям доступности.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
📌 Мүгедек адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету: Қазақстанда қандай шаралар жүзеге асырылуда

Қазақстанда мүгедек жандардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін мемлекеттік қолдаудың бірқатар тетіктері жүзеге асырылуда. Бұл туралы Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Кажкенов Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инклюзивті саясатты іске асыру шараларын талқылау кезінде хабарлады.

Вице-министрдің мәліметінше, елімізде келесі қолдау шаралары жүзеге асырылуда:

🔹 коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру;
🔹 жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй несиелерін ұсыну;
🔹 жеке сектордағы жалға алынған тұрғын үй ақысының бір бөлігін субсидиялау;
🔹 ипотекалық несие бойынша бастапқы жарнаны төлеуге арналған тұрғын үй сертификаттарын беру.

ℹ️ Бұған қоса, бюджет қаражаты есебінен салынатын тұрғын үйлердегі пәтерлер санының кемінде 5%-ын мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бейімдеу.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Мүгедек адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету: Қазақстанда қандай шаралар жүзеге асырылуда Қазақстанда мүгедек жандардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін мемлекеттік қолдаудың бірқатар тетіктері жүзеге асырылуда. Бұл туралы Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс…
📌 Жилищная поддержка лиц с инвалидностью: какие меры реализуются в Казахстане

В Казахстане реализуется ряд механизмов государственной поддержки для решения жилищных вопросов людей с инвалидностью. Об этом сообщил вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Куандык Кажкенов на заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова, где обсуждались меры по реализации инклюзивной политики.

Так, по данным вице-министра промышленности и строительства, в стране выполняются следующие меры:

🔹 предоставление жилья из коммунального жилищного фонда;
🔹 предоставление льготных ипотечных жилищных займов;
🔹 субсидирование части арендной платы за найм жилья в частном секторе;
🔹 выдача жилищных сертификатов, на покрытие первоначального взноса по ипотечным займам.

ℹ️ Также при строительстве жилых домов за счет бюджетных средств предусматривается не менее 5% квартир, адаптированных для лиц с инвалидностью.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
📌 Ерсайын Нағаспаев РФ және ОА елдері өнеркәсіп министрлерінің бірінші отырысына қатысты

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барып, Ресей Федерациясы мен Орталық Азия елдері өнеркәсіп министрлерінің алғашқы отырысында, сонымен қатар «ИННОПРОМ. Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіп көрмесінің басты пленарлық сессиясында сөз сөйледі.

Министр өз сөзінде Қазақстанның Орталық Азия елдері және Ресеймен өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығы елеулі нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл жетістіктер өзара серіктестіктің жоғары әлеуетін көрсетіп, оны одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның 2025 жылы Орталық Азия елдерімен өнеркәсіп өнімдері бойынша өзара сауда көлемі $7,2 млрд-қа, ал Ресеймен $26,8 млрд-қа жеткен. Бұдан басқа, Орталық Азия елдерімен бірге жалпы құны шамамен $2,2 млрд болатын 85-тен астам жоба қолға алынған. Ал Ресей Федерациясымен арада $52,6 млрд сомасына жуық 177 бірлескен жоба жүзеге асырылуда.

Бұдан бөлек, министр Ресей мен Орталық Азия елдері өнеркәсіп министрлерін 2026 жылғы 29 мамырда Астанада болатын, Еуразиялық экономикалық форум және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер басшылары қатысатын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында өтетін ТМД елдерінің Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің отырысына шақырды.

Ресей және Орталық Азия елдері өнеркәсіп министрлерінің отырысы қорытындысы бойынша коммюнике қабылданды.

Сапар барысында Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ресей Федерациясы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Денис Мантуров, Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев және Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Виктор Каранкевичпен бірге «Технологиялық хабтар – Еуразияның жаңа өнеркәсіптік ландшафты» атты негізгі пленарлық сессияға қатысып, сөз сөйледі.

Көрме алаңында Татарстан Раисы Рустам Миннихановпен, Башқұртстан Басшысы Радий Хабировпен және Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі Андрей Кузнецовпен кездесулер өткізді.

🤝 Екіжақты кездесулер барысында өзбекстандық әріптестермен Мемлекет басшысының 2026 жылғы 11 сәуірде Өзбекстанның Бұхара қаласына жасаған сапары барысында берілген тапсырмалары талқыланды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Ерсайын Нағаспаев РФ және ОА елдері өнеркәсіп министрлерінің бірінші отырысына қатысты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барып, Ресей Федерациясы мен Орталық Азия елдері өнеркәсіп министрлерінің…
📌 Ерсайын Нагаспаев принял участие в Первом заседании министров промышленности стран ЦА и РФ

Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев посетил с рабочим визитом Узбекистан и выступил спикером на Первом заседании министров промышленности стран Центральной Азии и Российской Федерации, а также на главной пленарной сессии международной промышленной выставки «ИННОПРОМ. Центральная Азия».

В ходе выступления министр отметил значительные результаты сотрудничества Республики Казахстан со странами Центральной Азии и Россией, которые подтверждают высокий потенциал взаимодействия и создают основу для его дальнейшего расширения.

Так, объём взаимной торговли промышленной продукцией Республики Казахстан со странами Центральной Азии в 2025 году достиг 7,2 млрд долларов, с Россией — 26,8 млрд долларов. При этом со странами Центральной Азии реализуется более 85 инициатив на сумму около 2,2 млрд долларов, с Российской Федерацией — порядка 177 совместных проектов на 52,6 млрд долларов.

Кроме того, Ерсайын Нагаспаев пригласил министров промышленности стран Центральной Азии и России принять участие в заседании Совета по промышленной политике государств — участников СНГ, которое состоится 29 мая 2026 года в Астане во время проведения Евразийского экономического форума и заседания Высшего Евразийского экономического совета с участием глав государств — членов ЕАЭС. По итогам заседания министров промышленности стран Центральной Азии и России было подписано коммюнике.

В рамках визита министр промышленности и строительства Республики Казахстан совместно с первым заместителем председателя Правительства Российской Федерации Денисом Мантуровым, заместителем Премьер-министра Республики Узбекистан Жамшидом Ходжаевым и заместителем Премьер-министра Республики Беларусь Виктором Каранкевич выступил на главной пленарной сессии «Технологические хабы — новый промышленный ландшафт Евразии».

На полях выставки также были проведены встречи с раисом Татарстана Рустамом Миннихановым и главой Башкортостана Радием Хабировым, министром промышленности Республики Беларусь Андреем Кузнецовым.

🤝 В ходе двусторонних встреч с узбекскими коллегами были обсуждены поручения, данные в ходе визита Главы государства в Бухару 11 апреля 2026 года.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍1
📌 Қазақстанның климаттық жағдайына бейімделген темірбетон брустар: қауіпсіздік және сапа

Қазақстанның қатал континенттік климаты жағдайында теміржол инфрақұрылымының беріктігі ерекше маңызды. Бұл тұрғыда темірбетон брустар мен шпалдар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі элементтердің бірі.

Екібастұзда өндірілетін алдын ала керілген темірбетон брустар 1520 мм және 1435 мм табанды жолдарға арналған және қазіргі таңда отандық қана емес, экспорттық нарықта да сұранысқа ие.

Бұл өнімдер жоғары статикалық және динамикалық жүктемелерге төтеп беріп, температураның күрт ауытқуына, ылғал мен табиғи әсерлерге берік келеді.

Алдын ала керу технологиясы олардың қызмет ету мерзімін 50 жылға дейін ұзартады.

🔗 Толық ақпарат
❤3
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Қазақстанның климаттық жағдайына бейімделген темірбетон брустар: қауіпсіздік және сапа Қазақстанның қатал континенттік климаты жағдайында теміржол инфрақұрылымының беріктігі ерекше маңызды. Бұл тұрғыда темірбетон брустар мен шпалдар қозғалыс қауіпсіздігін…
📌 Устойчивость к климату Казахстана железобетонных брусьев:
безопасность и качество


В условиях сурового континентального климата Казахстана прочность железнодорожной инфраструктуры имеет особое значение. В этом контексте железобетонные брусья и шпалы являются одним из ключевых элементов обеспечения безопасности движения.

Предварительно напряжённые железобетонные брусья, производимые в Экибастузе, предназначены для железных дорог с колеёй 1520 мм и 1435 мм и сегодня востребованы не только на внутреннем рынке, но и на экспорт.

Эти изделия выдерживают высокие статические и динамические нагрузки, устойчивы к резким перепадам температуры, влаге и другим природным воздействиям.

Благодаря технологии предварительного напряжения срок их службы достигает 50 лет.

🔗 Подробная информация
❤3👍2👏1
📌 ТКШ-ны цифрландыру – ресурстарды ұқыпты тұтынудың тиімді жолы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова RES 2026 өңірлік экологиялық саммиті аясында өткен «Қазақстанда ресурстарды есепке алуды цифрландыру: ұқыпты тұтынуға көшуге арналған жаңа технологиялар» атты панельдік сессияға қатысты.

Өз сөзінде Жәннат Дүбірова министрліктің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторын цифрландыру стратегиясын таныстырды. Бұл стратегияның негізгі өзегі – есептеудің нормативтік әдісінен нақты тұтыну бойынша есеп айырысуға көшу.

Оның мәліметінше, 2026-2028 жылдарға арналған ұлттық бастамалар аясында коммуналдық ресурстарды есепке алуды жаппай құралдармен жабдықтау және автоматтандыру жоспарланған.

ТКШ-ны цифрландырудың негізгі мақсаттары:
🔹 әділ есептеу (азаматтар тек нақты тұтынған су, жылу және электр энергиясы үшін төлеуі тиіс);
🔹 тарифтерді тұрақтандыру (желілердегі технологиялық және коммерциялық шығындарды анықтау және азайту);
🔹 энергияны тиімді пайдалану (ресурстардың тиімсіз пайдаланылуын жедел анықтау үшін қашықтан бақылау және деректерді талдау жүйелерін енгізу).

Министрлік сондай-ақ табиғи монополия субъектілеріне (су арналары мен энергетикалық кәсіпорындарға) арналған цифрландырудың ең төменгі талаптарын енгізуде. Міндетті элементтерге енді ЭЭКЕАЖ/СКЕААЖ жүйелері, желілерді паспорттауға арналған геоақпараттық жүйелер (ГАЖ), сондай-ақ гидравликалық модельдер мен диспетчерлік басқару жүйелері (SCADA) кіреді.

ℹ️ Сессия барысында цифрландыру тек есептегіш құралдарды орнату ғана емес, бұл – азаматтардың өмір сапасын арттыру үшін бүкіл ел бойынша ресурстардың ашық теңгерімін қалыптастыру екені атап өтілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 ТКШ-ны цифрландыру – ресурстарды ұқыпты тұтынудың тиімді жолы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова RES 2026 өңірлік экологиялық саммиті аясында өткен «Қазақстанда ресурстарды есепке алуды цифрландыру: ұқыпты тұтынуға…
📌 Цифровизация ЖКХ как драйвер бережного потребления ресурсов
 
Вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Жаннат Дубирова приняла участие в панельной сессии «Цифровизация учета ресурсов в Казахстане: новые технологии для перехода к бережному потреблению» в рамках Регионального экологического саммита RES 2026.

В ходе выступления Жаннат Дубирова представила стратегию Министерства по цифровизации жилищно-коммунального сектора, ключевым элементом которой является переход от нормативного метода начислений к фактическому потреблению.

По ее данным, в рамках реализации национальных инициатив на 2026-2028 годы запланирована масштабная приборизация и автоматизация учета коммунальных ресурсов.

Основными целями цифровизации ЖКХ являются:
🔹 справедливые начисления (граждане должны оплачивать только за реально потребленные воду, тепло и электроэнергию);
🔹 стабилизация тарифов (выявление и снижение технологических и коммерческих потерь в сетях);
🔹 энергоэффективность (внедрение систем удаленного контроля и анализа данных для оперативного выявления неэффективного использования ресурсов).

Министерство также внедряет минимальные требования к цифровизации субъектов естественных монополий (водоканалов и энергопредприятий). К обязательным элементам теперь относятся системы АСКУЭ/АСКУВ, геоинформационные системы (ГИС) для паспортизации сетей, а также гидравлические модели и диспетчерское управление (SCADA).

ℹ️ В рамках сессии было отмечено, что цифровизация – это не просто установка счетчиков, это создание прозрачного баланса ресурсов в масштабе всей страны для повышения качества жизни граждан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
📌 Геология комитетінде ашық есік күні өтті

Астанада оқушылар үшін Қаныш Сәтбаевтың туған күні мен Геологтар күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шараны Геология комитеті өткізді. Бағдарлама аясында оқушылар алдымен Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне барып, оның рухына тағзым етті. Одан кейін олар минералогия мұражайына барды. Мұнда 2300-ден астам экспонат қойылған: минералдар, асыл тастар және палеонтологиялық олжалар, соның ішінде мамонт пен динозавр қалдықтары бар. Мұражай 2010 жылдан бері жұмыс істейді және өңірдегі ірі жеке коллекциялардың бірі саналады.

Одан кейін оқушылар Геология комитетіне барып, ведомство басшылығымен кездесті. Комитет төрағасының м.а. Қанат Ерубаев ведомствоның жұмысы, саланың міндеттері және геолог мамандығы туралы айтып берді.

🕊 Кездесу барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, геология саласы жөнінде жалпы ақпарат алды. Іс-шара соңында оқушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Геология комитетінде ашық есік күні өтті Астанада оқушылар үшін Қаныш Сәтбаевтың туған күні мен Геологтар күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараны Геология комитеті өткізді. Бағдарлама аясында оқушылар алдымен Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне…
📌 День открытых дверей для школьников организовал Комитет геологии Министерства промышленности и строительства

День открытых дверей для школьников, приуроченный ко дню рождения выдающего казахстанского учёного Каныша Сатпаева и Дню геолога, прошёл в Астане.

Организатором мероприятия выступил Комитет геологии Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан.

В начале программы учащиеся посетили памятник Канышу Сатпаеву и почтили его память. Затем они направились в Минералогический музей, где представлены более 2300 уникальных экспонатов — редкие минералы с разных уголков мира, драгоценные камни и палеонтологические находки, включая останки мамонтов и динозавров. Минералогический музей в столице основан с 2020 года заслуженным геологом Республики Казахстан, академиком Олжабаем Исмаиловым. Он входит в число крупных частных коллекций региона.

Далее гости посетили Комитет геологии и встретились с руководством Министерства промышленности и строительства. И. о. председателя Канат Ерубаев рассказал о работе ведомства, задачах отрасли геологии и недропользования и профессии геолога.

🕊 В ходе встречи участники Дня открытых дверей также получили актуальную информацию на их вопросы о геологической сфере Республики Казахстан. В завершение школьникам вручили памятные подарки.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4